УЛТАНБАЕВ АРНАТ БЕГДАЛИЕВИЧ.pptx
- Количество слайдов: 14
13 тақырып. Қабілеттің психологиялық ерекшеліктері
Қабілет адамнан әрекеттің бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Бейімділік пен қабілет көп жағдайларда бірге болады. Өйткені адамның бір нәрсеге қабілеттілігі оның бейімділігіне орай қалыптасады. Б е й і м д і л і к- адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұрысы оған көңілі аууы, оянып келе жаткан қабілеттің алғашқы белгісі. Сонымен қатар бейімділік әрекеттің бір саласына (сурет, музыка т. б. ) әуестенушілікті көрсетеді. Бейімділікті балада қандай да бір нышанның барлығын хабарлайтын белгі деуге де болады.
Ерекше жаратылыс иесі адамдардың ақыл-ой өрісі, қабілеті мен бейімділігі, мінезі мен түр әлпеті әрқилы. Әйтеуір, бұл мәселеде бір-біріне жүз пайызға ұқсасы жоқ. Бұл өзі жаратылыстың, адам табиғатының тағы бір құпия сыры. Соған қарамастан, әркім өз ерік күшіне сәйкес өз қабілетін танып-білуге, оны дамытуға талпынады. Керісінше, өз қабілетін тектен-текке құртып (бізге сырттай солай көрінуі мүмкін), оны басқаға жұмсайтындары да аз емес.
Ол – адамның бір іс-әре-кетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін жеке қасиеті. Оны данышпандар асыл мұраға да теңейді. Өйткені, кез келген адамда ерекше бір көзге түсетін қасиет болады. Егерде сол адам оны қастерлеп, өмірмен біте қайнасып жүруіне үнемі жағдай жасап отырса, иесінің қолынан келмейтін нәрсе жоқ. Мұндай жан бәрібір өзінің алдына қойған мақсатына жетіп, еңбегінің жемісін татады. Олардың өз отбасына да, туған-туыс, қоғамына да тигізетін пайдасы зор. Яғни, адам неғұрлым қабілетті болса, ол соғұ-рлым қай істі де табысты орындап, сый-құрметке бөленеді. Иә, адамдар үшін өз қабілетін жақсы істерге, ел игілігіне жұм-сағаннан артық бақыт жоқ. Тек есте болатын бір жағдай, кейбір адамдарда ерекше бір көзге түсетін бірнеше де қабілет кездеседі. Бұл – Жаратқан Иеміздің сол адамға берген несібесі. Бірақта біз оны күндемей, өз бойымыздағы қабілетті танып-біліп, оны бағалай, баптай білуге тиістіміз. Өмірде кездесетін бір сәтсіздіктен соң: «Менің бойымда еш қабілет жоқ, бәрібір мен бұл істі атқара алмаймын» , — деген сары уайымға салынып, түңілмегеніміз, өз қабілетімізді одан әрі жетілдіре түскеніміз жөн.
Ұлы ойшыл Кіші Сенека: «Адам өз қабілетінің қандай екенін бір іске кіріскенде ғана біледі» , — депті. Ол рас. Сол себепті әрдәйім өз ісіңе сын тұрғысынан қарап, одан қорытынды шығара білуің қажет. Сірә, сондықтан да шығар, Дельфий храмында: «Өз бойыңа өзің үңіл» деп жазылып қойыпты. Мұны психологтар көпке дейін айтып та, жазып та жүрді. Мұнан туатын қорытынды: әрбір адамның өмірдегі бағыт, бағдары да, іс-әрекеті де, бәрі-бәрі өзінің бойына үңілуден басталады.
Бейімділік пен қабілет ересек адамдардан да қосақтаса көрініп отырады. Адамда күшті, әсерлі, тиянақты бейімділіктің болуы одан зор қабілеттің бар екенін жақсы аңғартады. Бұл екеуінің бір-бірімен қабыспай жататын кездері болады. Біреу тек өзін көрсету үшін ғана ісәрекетке бағыт алатын болса, мысалы, тек жұрттың көзіне түсу үшін театрдың оқуына түсетіндер де болады. Мұны оның бейімділігіне қарай туып отырған қабілеттің көрінісі деуге болмайды.
Қабілет саласындағы дара айырмашылықтар «Алуан-алуан жүйрік бар әліне қарай шабатын» дегендей адамдардың қабілет саласындағы дара айырмашылықтары да сан алуан болып келеді. Мәселен, біреу іске күшті жігермен, қатты мейірмен кіріседі. Мұндай адам жұмысты сапалы да орындай алады. Енді біреу, керісінше, сол істі баяу, сапасын төмен етіп орындайбы. Қабілетті адамдардың бірізеректілігімен, екіншілері байқағыштығымен, үшіншілері материалды еске сақтағыштығымен ерекше көзге түседі. Бұл айтылған қасиеттер кейде бір адамның басында да тоғыса береді.
Адам қабілетін аз, көп деп сан жағынан өлшеудің ғылымға қажеттілігі шамалы. Өйткені алғашқы кезде түрлі себептермен көріне алмаған қабілеттің оның есейген шағында көрінуі ғажап емес. Жас шақта сөзге олақ адамдардың есейе келе ірі ақын, жазушы болғандары; көрген нәрсесінде жөнді сақтай алмайтын адамдардың кейіннен суретші болып шыққандары да бар. Мәселен, ескі заманның аса көрнекті ораторы (шешені) Демосфен бала кезінде тұттықпа кекеш бола тұрса да өзін ерекше жаттықтырудың арқасында Қабілетінің кемістігін жойып, аты-шулы шешен деген атаққа ие болған
Қабілеттілік – адамның мінез-құлқын реттеп, оның тіршілік етуіне қызмет етеді, психикалық әрекеттің негізіне, шартына айналады. Қабілет-тілікті анықтайтын қаси-еттер: сезімталдық, байқағыштық, аңғарымпаз-дық, зеректік, ойлампаз-дық, көрегендік, зерделі-лік, идеяларды оңай туындата алушылық, сөз саптау еркіндігі, тұтас қабылдауға, ұғымдарды салыстыруға (алыстату, жақындату, қиыстыру, т. б. ), топшылауға бей-імділік және тағы да басқалар. Тек есіңізде болсын, өз қабілетің өз ырқыңа көнеді. Саллюстий айтпақшы: «Әр адам өз тағдырын өзі шешуге тиіс» . Ал адам қабілетінің қайнар көзі ешқашанда таусылмайды.
Адам қабілеттілігінің артуына байланысты оның дарындылығы мен данышпандылығы да айқындала түседі. Осыған орай психолог-мамандар былай деген: «Адам өз қабілетінің қандай екенін бір іске кіріскенде ғана біледі» , — деген сөз оның ісәрекететінің өлшемі. Әрине, ауыз ашпай тұрып ән сала аласың ба, дауысың келе ме – жоқ па, білу қиын. Өмірден өз орныңды табу жөнінде де тап солай. Сіз қабілетіңізді, талантыңызды дәл индикатордай өлшейтін, сізді адам қатарына қосатын қолайлы жағдайға тек еңбегіңіз арқылы, еңбек-кер ұжымның ішінде жүріп сарыла істеген шығармашылық қызметіңіз арқылы ғана жете аласыз» .
Қабілеттілікті жіктеу 1. Адамның кәсіби қызметінің түрлеріне қарай: инженерлік қабілеттілік, ғылыми қабілеттілік, көркемдік қабілеттілік. 2. Адам психикасының үш түрлі қызметіне қарай: коммуникативтік қабілеттілік, регулятивтік қабілеттілік, танымдық (когнитивтік) қабілеттілік. Іштей сарапталуына қарай танымдық қабілет-тіліктің өзі мынандай түрлерге бөлінеді: білімді жинақтау (оқыпүйрену), білімді түрлендіру, жадта сақтау (шығармашылық, яғни креативтік), білім-ді қолдануға қажет интеллектуалдық қабілет-тілік.
Қабілеттің дамуындағы нышандар Қандай бір қабілеттің дамуында нышандар белгілі орын алады. Мамандар оны – адамның туыстан берілетін анатомиялық-физиологиялық белгісі деп есептейді де, «нышан – қабілеттің бастапқы табиғи негізі ретінде берілетін жүйке саласының ерек-шелігі» , — деп тұжырым жасайды. Ұл мен қыздың бәрі бірдей әке- шешесіне, ата-әжесіне тартып, солардай қабілетті болмағанымен, ата-тегіне тартатын да жақтары болады. Мұны тұқым қуалау дейді. Жалпы, тұқымға тарту-ағзаның белгілері мен қасиеттерін ауыстырып отыратын өзіндік тұқым қуалаушылық өлшемі болып табылатын гендер арқылы өтетін құбылыс. Белгілер мен қасиеттер тура атадан балаға өтпегенімен, тұқым қуалаушылық бүкіл үрім-бұтаққа жайылып кетеді. Ал ол байланыссыз ұласу заңына сәйкес ауысып отырады.
УЛТАНБАЕВ АРНАТ БЕГДАЛИЕВИЧ.pptx