Lektsia_13_OT_kaz.ppt
- Количество слайдов: 8
13 Дәріс Тақырыбы: ЦИФРЛЫҚ ТЕЛЕФОН АППАРАТТАРЫ Мазмұны: Цифрлық телефон аппаратарының құрылысы, элементтерінің тағайындалуы
Цифрлық телефон аппаратының сұлбасы
Цифрлық телефон аппаратының құрамына кіреді: МТ – микротелефон СТА (ПРТ) - сөйлесу тракттың аспаптары MX - мультиплексор ИГ (ГИ) - импульстер генераторы ШГ (ГВ) - шақыру генераторы ВА 1, ВА 2 – дыбысзорайтқыш СҚ (УС) - сигнализация құрылғысы МП - микропроцессор ТЕҚ (ПЗУ) – тұрақты есте сақтау құрылғы ОЕҚ (ОЗУ) – оперативті есте сақтау құрылғы ОШ - ортақ шина Д - дисплей
ПРТ сөйлесу тракттың аспаптарына жатады: кодек, ол бір уақытта аналогтысанды және санды-аналогты түрлендіргіш болып табылады (сөз сигналдарын ИКМ сигналдарын түрлендірілуі және керісінше); күшейткіштер және төменгі жиілікті сүзгіш; сөзді қабылдау кезінде абоненттің таңдауынша қолданылатын ВА 1 қатты дабылды қосатын SB 1 түймесі
МХ мультиплексоры сандық ағынды өңдеу үшін қызмет етеді. Сөзді қабылдау кезінде мультиплексор жылдамдығы 194 кбит/с жалпы ағыннан 64 кбит/с (В арнасы) және 16 кбит/с (Д арнасы) ағындарын бөліп шығарады. Сөзді тарату режимінде мультиплексор 64 кбит/с (В арнасы) және 16 кбит/с (Д арнасы) ағындарын біріктіреді, содан соң қалыптастырып, желіге жылдамдығы 192 кбит/с жалпы ағынды таратады
Д арнасымен коммутациялық станциямен ақпарат алмасу үшін сандық телефон аппаратында УС сигнализация құрылғысы болады. УС-та станция жағынан сандық ағыннан бөлінеді: абонентті шақыру сигналы (бұл сигнал сөйлесу кезінде де келіп түсуі мүмкін); шақырылатын абоненттің нөмірі туралы деректер; басқа абоненттен үзіліс сигналы және басқа деректер. УС-та станцияның жағына тарату үшін станцияны шақыру сигналдары, берілген абоненттен үзіліс сигналы, нөмір сандары және де қосымша қызметтерге деген талаптар туралы деректер қалыптастырылады
Цифрлық ТА коммутациялық станциядан немесе ТА енгізілген түзеткіш арқылы айнымалы тоқ жергілікті желіден электрқорегін алады
Бақылау сұрақтары: 1. Цифрлық телефон аппараттын құрамына қандай элементтер кіреді? 2. Телефон трубкасындағы дауысты реттеу функциясын келтіріңіз. 3. Нөмірді автоматты түрде анықтау АНА (АОН) деген не? 4. АТС аппаратының құрылымдық сұлбасын келтіріңіз. 5. Аналогты телефондар мен цифрлық телефон аппаратының айырмашылығын келтіріңіз. 6. Станция жағынан шақыруды қабылдауға арналған құрылғы келтіріңіз. 7. ТА микропроцессордың қызметін айтыныз. 8. ТА мультиплексордың қызметін айтыныз.
Lektsia_13_OT_kaz.ppt