12_zhyld.t-zh..ppt
- Количество слайдов: 23
12 жылдық мектеп Тұжырымдамасында бiлiм мазмұнын жаңартудың мынадай бағыттары айқындалған: • бiлiм мазмұнын қоғамның әлеуметтiк – экономикалық даму тапсырыстарына сәйкестендiру; • бiлiм мазмұнының iзгiлiктiлiгiн және вариативтiлiгiн қамтамасыз ету; • бiлiмдi өз бетiмен iзденiп, тәжiрибеде пайдалана алуға және соған қажеттiлiктi тәрбиелеуге бағытталған түпкiлiктi бiлiм мазмұнын iрiктеу; • оқушыларды өз бетiмен бiлiм алуға, iздене отырып, зерттеу тәсiлдерiн игеруге бағдарлау; • бiлiм мазмұнын ұлттық құндылықтарға негiздеу, өзге ұлт мәдениетiне құрметпен қарауға тәрбиелеу;
Оқыту мен тәрбиелеудiң мынадай тәсiлдерi анықталған: • * iс-әрекеттiк * құзыреттiлiк *тұлғалық-бағдарлық * денсаулық сақтаушы • Басты нәтиже оқушылардың бiлiм, бiлiк, дағдыларын қалыптастырып қана қоймай, олардың интеллектуалдық, азаматтық, құқықтық, коммуникациялық, ақпараттық және басқа да салалар бойынша құзiреттерiнiң жиынтығы болмақ
12 жылдық жалпы орта бiлiм беру жүйесіненң негізгі құзыреттіліктері • проблемаларды шешу құзыреттілігі мен өзіндік менеджменттігі; • ақпараттық құзыреттілік; • қатысымдық (коммуникативтiк) құзыреттілік;
Проблемаларды шешу құзыреттілігі мен өзіндік менеджменттігі • • Өз іс-әрекетіне мақсат қоя отырып түрлі жағдайдағы проблемаларды анықтай алады, жауапты шешім қабылдайды, өз шешімінің нәтижесін бағалай алады; оны жүзеге асыруға қажетті жағдайларды анықтайды, ондағы жетістіктерге жету процестерін жоспарлайды және ұйымдастырады, өзінің әрекеті мен нәтижелерін бағалауды жүзеге асыра алады. Нәтижеге жету үшін технологиялар таңдап, нақты қолдана алады.
Ақпараттық құзыреттілік; • Өз бетінше ақпараттар жинақтайды, мақсат қойып оларға жеткізетін танымдық әрекеттерді жүзеге асыра алады; Алынған материалдарды талдауды, таңдау жасайды, өзгерте алады, сақтайды және қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға мүмкіндігі болады. Логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, құрылымын жасау, тура және қосымша дәлелдеу, салыстыра дәлелдеу, моделдеу, ойлау эксперименті, материалдарды жүйелеу) қолдана отырып, ақпараттарды өңдей алады;
Қатысымдық (коммуникативтiк) құзыреттілік; • Ауызша және жазбаша түрлі қатынас құралдарын өмірдегі нақты жағдайларға өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа тілдерде қолдана алады. • Өзіндік пікірін әдеп нормасына сәйкес жеткізуге, оның ішінде түрліше көзқарас пен бағыттарды ұстанатын ұлт өкілдерімен екеуара қарым-қатынасқа түсе отырып, өзара келісімде бола алуы, түрлі позициядағы адамдармен топта, ұжымда қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік туғыза алады.
Білім берудің мазмұндық және процессуалдық жақтарын жаңартудың аса маңызды бағыттары: • білім беру мазмұнын қоғам қызметінің серпінді құрылымына сәйкестендіру; • өз бетінше білім алуға баулу, өз мүмкіндіктері мен даралықтарын тануға көмектесу; • әр жас кезеңінде негізгі психикалық жаңа құрылымдарды қалыптастыру; • оқушыларды танымның ғылыми тәсілдерін мақсатты және жүйелі түрде тарту;
Қазіргі мектептің білім мазмұнын ізгілендіру мен даралауға айқын бетбұрысы мынадай міндеттер жүктейді: • оқушының жеке тұлға ретінде және іс-әрекет субъектісі ретінде мақсатты, тұрақты және дәйекті дамуына жағдай жасау; • оқушылардың белгілі бір білімді таңдауы мен меңгеруін, мүмкіндіктері мен құқықтарын қамтамасыз ету; • оқу-тәрбие процесі субъектілерінің арасындағы пайдалы диалогты “тең дәрежеде” жүргізуге негізделген ынтымақтастық педагогикасының қатынастарын орнықтыру; • білім мазмұнын барынша ізгелендіруді қамтамасыз ету; • психологиялық білім берудің бастапқы негіздерін қалыптастыру; • білім мазмұнының инварианттық және вариативтік компоненттер арасындағы гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми білімдердің диалектикалық бірлігін қамтамасыз ету; • оқушылардың оқу жүктемесін тұрақтандыру
Білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұны төмендегідей сипаттарда және бағыттарда дамытылуда: • тұлғаның рухани-мәдени үйлесімділік құндылықтары мен жеке тұлғаның өзіндік дамуына бағдарланған дүниетанымдық-білімдік парадигманы басшылыққа алу; • біріншіден, оқушылардың репродуктивтік, есте сақтау, қайталап айту қабілеттерін емес, олардың шығармашылық, теоретикалық, дивергенттік, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту; • -екіншіден, тұлғаның ішкі мүмкіндіктерін және табиғи шығармашылық қабілеттерін дамыту, білімін тиімді қолдануға үйренуіне лайықты педагогикалықпсихологиялық жағдай жасау мақсаттарын қою;
• білім мен тәрбиенің жеке тұлғаның, адамзат қоғамының қазіргі күрделі мазмұнды, көп бағдарлы, полимәденитті сипаты мен қарым-қатынас жүйелеріне, қоршаған табиғи ортаның, сонымен қатар бүгінгі және келешек ұрпақтың мүдделері мен қажеттіліктеріне үйлесімді болуы, мазмұнының антропологиялық, мәдени және экологиялық бағыттылығы, рухани және мәдени қаныққандығы, ашықтығы, демократиялылығы, интеграциялануға бейімділігі; • адамзаттың рухани қауіпсіздігінің кепілі ретінде қарастыра отырып, білімнің гуманитарлық мазмұндылығын дамыту, оқу мен тәрбиенің тұтастығы мен үйлесімділігінің жүзеге асыру, тұлғаның жоғары адамгершілік пен рухани тазалық, шынайы отаншылдық пен ұлтжандылық, салауаттылық пен мәдениеттілік, коммуникативтілік пен толеранттық қасиеттерін, рухани-адамгершілік құндылықтарын берік қалыптастыру; • білім жүйесін басқаруда синергетикалық көзқарасты, яғни білім жүйесін ашық күрделі әлеуметтік-педагогикалық жүйе деп қарастыра отырып, сырттан жасалынатын әсерлерді оның ішкі даму заңдылықтарына үйлестіру, өзін-өзі жетілдіру тетіктерін пайдалану, білім мекемелерінің дербестігі мен еркіндігін арттыру, педагог мамандардың мәртебесін көтеру
Білім беру деңгейлерін, оқытудың мазмұндық және процессуалдық жақтарының үйлесімділігін ескерген тұлғаның даму құндылықтарына бағытталған білім мазмұнын жасақтаудың төмендегідей жолдары белгіленген • ғылыми-іргелі көзқарас • әдіснамалық көзқарас • концептуалдық көзқарас • іс-әрекеттік көзқарас
Ғылыми-іргелі көзқарас • Ғылыми-іргелі көзқарас бойынша білім мазмұны ғылымитеориялық тұрғыдан қарастырылады, дидактикалық мақсат есебінде ғылым негіздерінің мақсатын іргелі түсініктер дәрежесінде оқыту қойылады.
Әдіснамалық көзқарас • Әдіснамалық көзқарас белгілі бір ғылым, пән саласында ғылымитанымдық іс-әрекеттер мен ғылыми -зерттеу дағдыларын, талдау мен жинақтаудың бастапқы әдістері мен негіздерін үйретуге бағытталады
Концептуалдық көзқарас • Концептуалдық көзқарас оқу материалдарын аса маңызды ұғымдар мен түсініктер төңірегінде топтастыра отырып беруге негізделген. Білім мазмұны пәнаралық байланыс деңгейінде беріледі.
Іс-әрекеттік прагматикалық көзқарас • Іс-әрекеттік прагматикалық көзқарас оқушыларға қолданбалы білім мен дағдыларды, мәденидүниетанымдық деңгейді қалыптастыра отырып белгілі бір кәсіп аумағында өзін-өзі жүзеге асыруға бағытталады.
Орта мектеп аясында қазіргі талаптарға сай берілетін білімнің мазмұны бірін-бірі толықтыратын төмендегідей үш негізгі тұғырда жасақталуы тиіс: • біртұтас ашық жүйе есебінде қарастырылатын табиғи ортаның даму заңдылықтары мен үрдістері; • адамзаттың жасампаз еңбегін, кәсіби қызметін, шығармашылығын, ғылыми және мәдени жетістіктерін ұйымдастыруға лайықталған қоғамның даму заңдылықтары мен үрдістері; • адамзат руханиятының жоғары жетістіктері болып табылатын әдебиет, өнер, мәдениет, ғылым, идеологиядан құралған рухани дүниенің даму заңдылықтары мен үрдістері;
Осының негізінде берілетін білім өзара үндестіктегі үш түрлі топқа жүйеленеді: • • • Табиғаттың, қоғамның, адамның және рухани әлемінің даму заңдылықтары мен үрдістері туралы үнемі қажетті, инвариантты, адам дүниетанымының негізін құрайтын іргелі білімдер; Адамның практикалық іс-әрекетінің негізгі бағыттары мен проблемаларын шешуге қажетті қолданбалы білімдер; Өмірлік таңдауларды, үздіксіз өзіндік дамуды сәтті жүзеге асыруға қажетті, адамның жанжақтылығын, кең хабардарлылығын қамтамасыз ететін, ғылым мен мәдениеттің әртүрлі білім көздерінен алуға болатын ақпараттық, мағлұматтық білімдер.
Осы білім түрлерін игертуге бағытталған білімнің жаңа құрылымы төмендегідей міндеттерді атқаратын болады: • оқушыларға табиғаттың, қоғамның, жеке адамның дамуын және тығыз байланыстылығын, өзара тәуелділігін көрсету, адамның табиғаттың және қоғамның біртұтас мүшесі екенін ұғындыру; • ғылыми және өмірлік шындық негізінде жүйеленген, өзара байланыстырылған, ірі блоктарға жинақталған білім мазмұнын құру арқылы қазіргі білімдегі орынсыз қайталаулармен оқушы жүктемесін шамадан тыс көбейтетін артық дүниелерден арылту; • білімнің шашыраңқылығын, жүйесіздігін жойып, оның өзара сабақтастығын, үйлесімділігін, үздіксіздігін, үндестігін, өзгерістерге бейімділігін қамтамасыз ету; • әр тұлғаның жеке ерекшеліктері мен сұраныстарына, қабілеттеріне, өзіндік даму траекториясына лайықталған әрдеңгейлі, көпбағдарлы оқу бағдарламаларын ендіру, білім мазмұнын білім, білік, дағдымен қатар өмірлік қажетті қабілеттілік пен білікті қалыптастыратын практикалық бағыттылықпен, кәсіптік бағдарлылықпен, мектеп түлегінің жаңа моделін қалаыптастыруға ықпалын тигізеді;
12 жылдық орта білім беру мазмұны мен құрылымын жетілдірудегі өзекті мәселелер • Әлемдегі білім беру ісінің даму жағдайларымен таныса отырып, ерекше үміт күттіретін тенденциясын көрсетуге болады: • мектеп жүйесіндегі демократияландыру • мектепте оқытудағы дифференциациялау • мектепте оқытудағы диверсификациялау • мектеп тәрбиесінің ізгілендіру бағыттары • жаңа техникалық құралдарды пайдалану • мектептегі және мектептен тыс уақыттағы оқыту мен тәрбиелеуді
психологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып оқыту мен тәрбиеленудің төмендегідей сатыларын көрсетуге болады: • Бірінші саты- бастапқы білім беру-1 -5 сыныптар, оқыту ұзақтығы -5 жыл. Бастауыш білім беру сатысында оқушылардың жеке тұлғасының қалыптасуы, біліктері мен қабілеттерін дамыту, оқуға ынтасы мен мотивтері қалыптасуы жүзеге асады. Сондай-ақ оқу әрекетіне қажетті біліктер мен дағдыларын игереді, жазуға, оқуға, санауға үйренеді, теориялық ой-өрісі, сөйлеу мәнері мен ісқимылы, жеке гигиенасы, салауатты өмір салты негіздері қалыптаса бастайды. • Мұнымен бірге бұл сатыда балалардың икемділіктері мен қабілеттіліктерін ескеріп, саралап және даралап оқыту элементтері енгізіледі, баланың өзін іс жұзінде көрсету, мінез-құлық мәдениеті элементтерін меңгеру дағдыларын қалыптастырады.
Екінші саты • Екінші саты негізгі орта білім беру- 6 -10 сыныптар, оқыту ұзақтығы-5 жыл. • ІІ сатының басым мақсаты- негізгі жалпы білім алуға жағдай жасалуы, оқушының әлеуметтік дамуы, еңбекке және болашаққа ұмтылысы, ғылыми жаратылыс және имандылық көзқарас қалыптасуы, таңдау бойынша білімін өздігінен жетілдіре алуы, жалпы мәдени даму деңгейі, жеке қасиеттері мен қоғамда әлеуметтік-психологиялық бейімділігі қалыптасады. • Мектеп оқушыларының осы сатыдағы бейімділіктері мен қабілеттіліктері дамыту таңдау бойынша оқу курстарын ашумен қамтамасыз етіледі. . • Сондықтан 12 жылдық мектептің ІІ сатысында бейіндік саралап оқыту белсенді түрде енгізіледі. Ол оқушыларды колледждерде оқуды жалғастыруды дайындау мақсатымен негізгі мектептегі оқудың екі жылын қамтиды. • Бұл сатының басты ерекшелігі оқытуды жүйелі түрде жекешелендіру, бағдаралды дайындықтың енгізілуі, білім берудің ІІІ сатысында саналы түрде бағдар таңдау, кәсіби әрекеттер сферасын саралаудың педагогикалық, ақпараттық, психологиялық, ұйымдастырушылық әрекеттер жүйесін құру.
Үшінші саты • Үшінші саты жалпы орта білім беру-11 -12 сыныптар, оқыту ұзақтығы 2 жыл. Бұл сатының негізгі мақсатыжоғары сынып оқушыларының икемділіктері мен қызығушылықтарын, жеке даралық қабілеттерін жоғары деңгейде ашылуына, жеке тұлғаның құзырлығын қалыптастыруына, болашақ кәсіби әрекеттерін саналы да жауапты түрде таңдап, өзін-өзі анықтай алуын қамтамасыз ететін жағдай жасау. Оқушылар кәсіптік мектептерде немесе колледждерде оқиды, оқуды әрі жалғастырады. Мұндағы білім берудің маңызды компоненті ретінде мектеп түлегінің үздіксіз білім алуға, әсіресе жоғары оқу орында кәсіби білім алуға дайындау. • Сонымен қатар, оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттіліктерін ескере отырып, оқытудың көпвариантты және икемді болуы қажет және негізгі, орта және жоғары мектептің, өндірістің т. б. өзара сабақтастығы проблемасы ескерілген жөн.
Нәтижеге бағытталған оқытудың негізгі принциптері • Оқушылардың дайындық деңгейі мен жас ерекшеліктерін сақтай отырып оқыту принципі. • Оқыту материалдарын ретімен және жүйелі түрде жүргізу заңдылығын сақтай отырып оқыту принципі. • Оқыту, тәрбиелеу және дамытудың біріккен әрекетін қамтамасыз ету принципі. • Көрнекі-бейнелі оқыту принципі. • Теория мен практиканы байланыстыра оқыту принципі. • Оқытудағы саналылық және белсенділік арқылы өздігінен даму әрекетіне енгізу принципі. • Сабақтастық принципі • Оқу процесін жекешелендіру принципі • Оқушыларды эмоционалды қолдау принципі.
12_zhyld.t-zh..ppt