12-лек Курдели инвест жобалар.pptx
- Количество слайдов: 11
12 ЛЕКЦИЯ Күрделі инвестициялық жобалар және оларға қаржы тарту жоспары Дәулетбақов Б. Д. E-mail: dauletbakovb@mail. ru Кафедра «Бухгалтерлік есеп және қаржы» 2013
Инвестициялық бағдарламаның негізгі мақсаты Сұрақтар: • Инвестициялық бағдарламаның негізгі мақсаты • Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың көздері
Инвестициялық бағдарламаның негізгі мақсаты • «Қаз. Мұнай. Газ» ҰК 2004 -2010 жылдары мұнай-химия өнеркәсібін дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мен мұнай өңдеу активтерін жаңартуға белсенді түрде қатысып келеді. • Алға қойылған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізудегі негізгі кұралы - белсенді инвестициялық саясат болып табылады. Инвестициялық бағдарламаның негізгі мақсаты мұнай мен газды өндіру бойынша қуаттарды өсірудің, тасымалдау инфракұрылымының техникалық деңгейінің, дамуы мен диверсификациясының негізінде көмірсутегіні барлауды, өндіруді, өңдеуді, тасымалдау мен іске асыруды қоса алғанда, өндірістік циклдің барлық буындарынын тұрақты жұмыс істеуі мақсатында Қоғам мен оның еншілес ұйымдарының инвестициялык қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Инвестициялық бағдарламаның негізгі мақсаты • Компанияның инвестициялық саясатына сәйкес инвестициялық саясат мынадай жоспарлау кезеңдеріне арналған Компанияның стратегиялық мақсаттарына сәйкес қалыптастырылатын болады: – Шикізат базасын дамыту басымдығы мен шикізат өндіруді өсірудің жоғары қарқынын ұстауға сәйкес Өзен кен орнын оңалту және Амангелді газ кен орындарының тобын игеру секілді жобалар аяқталатын болады. – Каспий теңізінің қазақстандык секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Каспий теңізінің жағалауы аймағындағы және шельфіндегі Құрманғазы, Оңтүстік Жамбай-Оңтүстік Забурунье, Түпқараған, Ағаш, С 1 Жағалау блогы, С 2 Жағалау блогы, Арал жоғары перспективалық кұрылымдары бойынша барлау жұмыстарын аяқтап, бағалау жұмыстарын орындауға кірісу жоспарланып отыр.
Инвестициялық бағдарламаның негізгі мақсаты – Мұнай өңдеу саласын дамытудың стратегиялық басымдылығына сәйкес «Атырау МӨЗ» АҚ қайта жаңарту жобасы аяқталатын болады. Жаңажол кен орнында ілеспе газды өңдеу жөніндегі зауыт кұрылысының жобасын іске асыруды қамтамасыз ету жоспарланып отыр. – Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасын мұнай операцияларын қолдау инфра-құрылымы объектілерін дамыту бөлігінде жүзеге асыру мақсатында Атырау қаласы халықаралық әуежайының жасанды ұшып-қону алаңын кайта жаңарту жобасы бойынша жұмыс жалғастырылатын болады. – Сервистік инфракұрылым саласында мұнай мен газды өңдеу өнімдерін бөлшектеп сату желісін кеңейту жобалары, Батыс Қазақстандағы байланыстың мультисериялық желісін салудың және Атырау-Теңіз-Ақтау, Шымкент-Құмкөл учаскелерінде ТОБЖ салуды қаржыландыруға үлестік қатысудың шоғырландырылған жобасы аяқталады.
Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың көздері • Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың көздері стратегиялық инвестордың қаражатын және қарыз қаражатын (қаржы ұйымдарының кредиттері, оның ішінде Қазақстан Даму Банкінің несиелері) қоса алғанда өзінің және тартылған қаражат, сондай-ақ 1993 жылғы 2 сәуірдегі Займ туралы шарт бойынша, бастапқы активтерді сатып алу үшін өтеуді төлеуге жататын және 1993 жылғы 2 сәуірдегі Займ туралы шарт бойынша, ақша қаражатын беру туралы сұрау салуды төлеуге жататын, ТШОдан түсетін қаражат, жекелеген жағдайларда Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінің қаражаты болып табылады. Мұнай, газ өндіретін, мұнай, газ құбыр желілері компанияларынның, сервистік компаниялардың басын қосып отырған «Қаз. Мүнай. Газ» ҰК АҚ кұру тек өндірістік қызметті ғана емес, сондай-ақ инвестициялық жобаларды қаржыландырудың негізгі принциптері мен көздерін анықтайды.
Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың көздері • Инвестициялық жобаларды қаржыландыру құрылымы келесі суретте келтірілген. 1 -сурет. Инвестициялық жобаларды қаржыландыру құрылымы (қызмет бағыты бойынша)* * Ескертпе: 20 X 1 -20 X 3 жж. «Қаз. Мұнай. Газ» ҰК АҚ-ның қаржылық есептілігі мәліметтері бойынша құрастырылған
Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың көздері • Осы қарыз алу және «Қаз. Мүнай. Газ» ҰК АҚ мен оның еншілес ұйымдарының инвестициялық жобаларды қаржыландыру тұжырымдамасы Қоғам мен оның еншілес компанияларының инвестициялық жобаларды қаржыландырудың негізгі принциптері мен көздерін анықтайды. Қарыз алудың мақсаты - инвестициялық жобаларды қаржыландыру, сондай-ақ бейімді активтер пайда болған кезде топты дамыту үшін стратегиялық мүддені білдіретін мүмкін стратегиялық инвестицияларды жүзеге асыру. • Қоғам стратегиясын іске асыру мынадай принциптердің сақталуын талап етеді: • 1. Қоғам мен оның еншілес ұйымдарының ақша ағынын орталықсыздандыру принципі. Айқындылықты қамтамасыз ету мақсатында Қоғам қарыз алуды дербес жүзеге асырмай-ды, бірақ еншілес ұйымдар үшін мейлінше жайлы талаптарда қаржыны тарту және ақша нарығына және капиталдар нарығына мейлінше жеңіл қол жеткізу үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың көздері • 2. Еншілес ұйымдардың инвестициялық жобаларын басқарудың бірыңғайлығы. Еншілес ұйымдардың инвестициялық жобаларын қаржыланлыру туралы шешімді орталықтандырылған негізде Қоғамның инвестициялық комиссиясы қабылдайды, бұл ретте еншілес ұйымдар мен холдингтік ақша ағыны орталықсыздандырылған. • 3. Инвестициялық жобаларды іске асырудың жоспарлылығы, жобаны іске асырудың еншілес ұйымның және Қоғамның құнына ықпалы. • 4. Басым инвестициялық жобаны айқындау принципі. Басымдылықты айқындау қажет болған кезде тәуелсіз кеңесшілер (консультанттар) мен сарапшыларды тарта отырып әрбір инвестициялық жобаны ішкі корпоративтік сараптау негізінде жүзеге асырылады. • 5. Тек өміршеңді инвестициялық жобаларды қаржыландыру. • 6. Инвестициялық жобалар мен қарыз алуды іске асыруды бақылау және мониторингі. • 7. Капиталдың оңтайлы кұрылымдарын таңдау принципі. • 8. Конкурстық негізде қаржы ресурстарын сатып алу принципі.
Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың көздері • Қарыздар бойынша төлемдердің негізі, 150 млн АҚШ доллары мөлшерінде 5 жыл мерзімге шығарылған еурооблигациялардың өтелуіне байланысты 20 X 2 жылы келді. • Дамыту жоспарын іске асыру кезінде Қоғам компаниялары топтары өлшемдер шеңберінде каржы тұрақтылығы коэффициенттерін ұстанады. • Ол кестеде көрсетілген. Қарыз алу ішкі және сыртқы қаржы нарықтарында жүзеге асырылады. Ішкі нарықта еншілес кәсіпорындар қарыз алуды борыштық бағалы кағаздар эмиссиялары жолымен, коммерциялық вексельдер эмиссилары жолымен, не екінші деңгейдегі банктердің кредиттерін тарту жолымен жүзеге асырылады. • Сыртқы нарықта қарыз алу еншілес ұйымдардың бағалы қағаздары, еншілес ұйымдардың бағалы кағаздарына туындылар шығаруы, халықаралық қаржы институттарынан займдар тарту, жобалық қаржыландыру, басқа да кепілдік берілмеген сыртқы карыз алу жолымен жүзеге асырылады.
Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың көздері Дамыту жоспары бойынша негізгі мақсатты көрсеткіштер* 20 X 1 1. Болжанып отырған өз капиталы, млн тг 20 X 2 20 X 3 20 X 4 138, 30 132, 80 131, 20 228695, 4 228919, 1 229158, 50 229408, 2 1653618 мың 1723788 мың 1746634 мың 1748538 мың долл. 2. Болжанып отырған ұзақ мерзімді борыш, мын АҚШ долл. 1203504, 4 1013165, 8 717283, 3 488632, 6 3. Ұзақ мерзімді борыштың банктердің алдындағы өз калиталына қатынасы 72% 58% 41% 27% * Ескертпе: 20 X 1 -20 X 3 жж. «Қаз. Мұнай. Газ» ҰК АҚ-ның қаржылық есептілігі мәліметтері бойынша құрастырылған
12-лек Курдели инвест жобалар.pptx