
ЭТ т.11 каз.pptx
- Количество слайдов: 43
• 11 тақырып. Жалпы экономикалық тепетеңдiк • 1. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің түсінігі «AD-AS» үлгісіндегі макроэкономикалық тепетеңдік • 2. Тұтыну мен қор жинауды ұлттық экономика деңгейінде талдау • 3. Инвестициялар және қор жинау: тепе-теңдік мәселесі • 4. Мультипликатор нәтижесі.
• 11. 1. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің түсінігі. «AD-AS» үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік • Жалпы экономикалық тепе-теңдіктің негізгі моделі жиынтық сұраныс (AD) және жиынтық ұсыныс (AS) тепе-теңдігі арқылы беріледі.
• Жиынтық сұраныс – бұл тұтынушылар кез келген мүмкін болатын бағамен сатып алуға даяр ұлттық өндірістің нақты көлеміне тең экономикалық агрегат. Жиынтық сұраныстың моделін графикте көрсететін болсақ, онда ол баға деңгейі мен нақты ЖҰӨ көлемі арасындағы байланысты сипаттайтын кері ылдыйы бар қисық ретінде көрсетілген
P AD Q
• Тұтынылатын (сатып алынатын) ЖҰӨ динамикасына бағалық және бағалық емес факторлар әсер етеді. Тауарлар мен қызметтерге деген жиынтық сұраныстың көлемінің өзгеруі арқылы бағалық факторлардың қозғалысы анықталады. Ал бұл жоғарыда көрсетілген графиктегі AD қисығының бойымен қозғала отырып өзгереді.
• Бағалық емес факторлар жиынтық сұранысқа әсер ету арқылы AD қисығын солға немесе оңға жылжытады. Жеке тауарларға (тұтынушылар табысы, талғамы, алмастырушы тауарлар бағасы) деген сұранысты анықтайтын бағалық емес факторлар агрегатты деңгейде де ықпалын тигізеді.
• Жиынтық ұсыныс – әрбір бағаның мүмкін болатын деңгейінде өндірістің нақты, яғни қолдағы бар көлеміне тең экономикалық агрегат. • Жиынтық ұсыныстың үлгісі графикте бағамен ұлттық өнім көлемінің арасындағы тура байланысты көрсететін қисық түрінде берілуі мүмкін
P AS Q
• Мұндағы AS-қа, жеке тауар нарығындағы ұсынысқа әсер ететін факторлар (өндірістік технология, шығындар және т. б. ) ықпалын тигізеді. • Бағаның тепе-тең деңгейі мен өндіріс көлемінің тепе-теңдігі жиынтық ұсыныс пен жиынтық сұраныстың теңдігін анықтайды. Бұл тепе-теңдік графикте AD мен AS қисықтарының қиылысу нүктесімен суреттеледі
P AD AS Q
• Жиынтық сұранысты экономиканың секторларына сәйкес бөлу бойынша мына құрылымы анықталады: • 1. Үй шаруашылықтарының жиынтық сұранысы (немесе тұтыну (С)); • 2. Кәсіпкерлердің капиталды құралжабдықтарына деген сұранысы (немесе инвестициялар (I));
• 3. Мемлекеттің тауарлар мен қызметтерге деген сұранысы (немесе мемлекеттік сатып алу (G)); • 4. Шетел азаматтарының отандық тауарларға деген сұранысы мен отандық азаматтардың шетел тауарларына деген сұраныстың арасындағы айырмашылығы (немесе таза экспорт (Х)); • Басқаша айтқанда, AD = соңғы өнімге деген сұраныстың жалпы сомасы = C + I + G + X = ЖҰӨ.
• Жиынтық ұсыныс деп кәсіпкерлік және мемлекеттік секторларының сатуға дайындаған соңғы тауар мен қызметтерінің жалпы сомасының ақшалай түрдегі көлемің түсінеміз. Олай болса, жиынтық ұсыныс ЖҰӨ-ге тең болады (AS = ЖҰӨ), немесе, есептеген кездегі байқалмайтын айырмашылықтарды ескермегенде, жалпы ұлттық табысқа тең болады.
• 11. 2. Тұтыну мен қор жинауды ұлттық экономика деңгейінде талдау • • Кейнс теориясында барлық табыс тұтыну мен жинақтауға таратылыды. • Тұтыну - адамдардың материалдық және рухани қажеттіліктерің қанағаттандыруға пайдаланатын анықталған игіліктер мен қызметтерді сатып алуға жұмсалатын ақша сомасы.
• Тұтынушылық басымдылық әр мемлекетте әр түрлі. Бір отбасы үшін талап ететін дәрежесіне қарай шығындардың жалпы топтарын бөлуге болады. Олар: тамақтану, киім-кешек, тұрғын үй, көлік, медицина, білім алу.
• Әр елдің тұтыну басымдылығы бірнеше факторларға байланысты: • 1. жанұяның табыс деңгейіне; • 2. тұтынылган заттардың тегін немесе тегін емес болуы; • З. нарықтың тауарлармен қамтамасыз етілуі; • 4. „мәртебелі тауарларды" ұлттық түсінуі және т. б.
• Тұтыну мен табыстың байланыстылығы тұтыну функциясы арқылы көрсетілген. Тұтыну функциясы жеке қолдағы табыстың әрбір деңгейіндегі тұтыну шығындардың ықыластайтын немесе жоспарланатын деңгейін анықтайды.
тұтыну Тұтыну функциясы координаталар басы арқылы өте отырып, нөлдік табыста нөлдік тұтыну болатынын көрсетеді табыстар
• Тұтыну функциясы бұрышының еңкеюі - бұл тұтынуға деген шекті бейімділік (МРС). Тұтынуға шекті бейімділік – бұл тұтынудың (С) өсу мөлшеріне себеп болатын табыстын (У) өсу үлесі. Тұтыну функциясы былай өрнектеледі: • • С = МРС × У
• Мысалы, С = 0, 75 × У, яғни бұл тұтыну табысты4 75 %-на тең екендігін білдіреді. Бұл жағдайда МРС былай бейнеленеді: егер тұтынушының табысы 1 теңгеге артса, онда олардың тұтынуы 75 тиынға өседі.
• Табыстың өсуіне байланысты халықтың жинаған жинақтары да өседі. • Жинақтау - бұл тұтынбайтын, тек қана жиналатын табыстың бөлігі. Ол - табыс пен тұтынудың айырмашылығы. Жинақтау функциясының түрі мынадай: • • S = МРС × У, • Бұл жерде S - жинақтау болып таблады. МРS – жинақтауға шекті бейімділік.
• Біздің мысалда табыстың 25 %-зы жинақталады, ал жинақтау функциясы мынандай түрде болады: • • S = 0, 25 × Ү
• Тұтыну мен жинаққа мына факторлар әсер етеді: • І. Экономикалық жағдайдың тұрақты болмауы және инфлияцияның болуы. Бұлар тұтынуды арттырады, жинақтарды азайтады; • 2. Салық өсуінің негізінде тұтыну мен жинақтаудың қысқаруы мүмкін; • З. Бағаның өсуі тұтыну мен жинақтаудың кысқаруына әкеледі.
• 4. Әлеуметтік сақтандырудағы бөлектеудің өсуі жинақтың қысқаруына ықпал етеді; • 5. Тұтынудың өсуіне ажиотаждық сұраныстың туындауы үлкен әсер етеді; • б. Нарықта ұсыныстардың көбеюі жинақтаудың қысқаруына әкеледі; • 7. Табыстардың өсуі тұтыну мен жинақтаудың өсуіне әкеледі.
• 11. 3. Инвестициялар және жинақтау • • Жинақтау дегеніміз ағымдағы өндірістік және тұтынушылық мұқтаждықтарға жұмсалмаған қолданымдағы табыстың бір бөлігі. Экономистер жинақтауды инвестициялаумен байланысты экономикалық үрдіс ретінде қарастырады. Жинақтау фирмалар мен де, үй шаруашылығы мен де жасалады. Фирмалар өндірісті кеңейту және табысты ұлғайту үшін, инвестиция салу үшін жинақтайды.
• Инвестициялар дегеніміз жаңа технологияларды, материалдарды және басқа да еңбек құралдары мен заттарды енгізуге байланысты өндірісті кеңейу және жаңарту мақсатында жасалатын шығындар. • Инвестиция көздері: • Кәспорын құралдары (өзіндік және қарызға алынған). • Мемлекеттік капиталдық салымдар.
• Инвестициялар мөлшері мен динамикасы үш факторға байланысты: кәсіпорын табыстары, шығындары және күту факторы. • Көптеген жылдар бойы өтелетін құрлдарды инвестициялау мәселені шешкенде келесі шарттарды есепке алу керек: • 1. Жаңа инвестициялар есебінен алынған жаңа өнімдерге сұраныстың өзгеруі;
• 2. Инвестициялар шығындарына әсер ететін пайыздық ставкалар мен салықтар мөлшерлері; • 3. Сұраныс ауытқуларын анықтайтын саяси, технологиялық және құрылымдық өзгерістер. • 4. Қоғамдағы инфляциялық үрдістер.
• Инвестициялар ЖҰӨ-нің аса маңызды және өзгермелі құрамды бөлігі болып табылады. Құлдырау кезінде тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын құралдар қысқарғанда, осы қысқарудың көптеген бөлігі инвестициялық шығындардың көлемінің түсуімен байланысты болады.
• Инвестициялық шығындардың үш түрі анықталады: • 1. Кәсіпорынның негізгі қорларына жасалатын инвестициялар. Ол кәсіпорындардың өзінің өндірістік әрекетінің аясында қолдану мақсатында сатып алынатын ғимараттар, үйлер және жабдықтар.
• 2. Тұрғын үй құрлысына жасалатын инвестициялар. Олар ол үйде тұру мақсатында сатып алынатын үй, сонымен қатар үй иелерінің жалға беру мақсатында сатып алатын үйлер шығындарын қамтиды. • 3. Қорға алынатын инвестициялар. Ол дегеніміз фирмалардың сақтауға алынатын тауарлары, шикізат пен материалдары, аяқталмаған өндіріс пен дайын заттарды білдіреді.
• Жалпы және таза инвестициялар түрі болады. Жалпы инвестиция – арнайы кәсіпорынға салынатын барлық ақша құралдары. Жалпы инвестициядан өтелімді (амортизацияны) алып тастаса – таза инвестиция қалады.
• 11. 4. Мультипликатор нәтижесі • • Макроэкономиканың қызмет ету туралы Кейнстік түсінігі «мультипликациялық» эффект теориясында орын алды. Кейнс теориясында мультипликатор дегеніміз инвестиция өзгерісінен табыстар өзгерісінің тәуелділігін көрсететін коэффициент.
• Экономика тепе-теңдік жағдайына жететін ЖІӨ-нің оңтайлы көлемін анықтайтын Кейнстік теория инвестиция өскенде, ЖҰӨ бастапқы қосымша инвестицияға қарағанда әлде қайда үлкен көлемде өсетіндігін көрсетеді. Ол инвестициялардың мультипликациялық (өспелі) эффектке жеткізетіндігінен шығады.
• Алғашқы эффекттен басқа, екінші, үшінші және т. б. эффектілер құбылысы пайда болады. Бір саладағы шығындар басқаларындағы өндірісті кеңейтіп, жұмысбастылықты көбейтеді. ЖҰӨ көлеміндегі осындай өспелі көбейткіш эффект мультипликациялық эффект деп аталады. Мультипликатор - инвестиция көлемі ұлғайғандағы ЖҰӨ-ның өсу шамасын көрсететін сандық коэффициенті. Ол ЖҰӨ өсімшесінің инвестиция өсімшесіне қатынасы арқылы анықталады.
• 11. 5. Туынды инвестициялар және акселератор. «Ұқыптылық парадоксы» • • Классикалық мектеп логикасы бойынша жинақтауға деген үлкен бейімділік ұлттың гүлденуіне алып келеді. Оларға қарағанда Кейнс мектебінің көзқарастарынан айрмашылығы үлкен. Кейнске жүгінсек, дамудың жоғары деңгейіне жеткен елдерде үнемі жинақтауға деген талпыныс инвестиция салуға деген талпыныстан асып түседі.
• Оның екі жақты себептері болады: • 1. Капиталды жинақтауы өскен сайын, оның қызмет етуінің шекті тиімділігі төмендейді, өйткені тиімділігі жоғары капитал салымдарының альтернативті мүмкіндіктерінің шеңбері қысқарады. • 1. Табыстың өсуіне байланысты жинақтау мөлшері арта түседі.
• Осыған байланысты Кейнс автономды және туынды инвестициялар категорияларын қарастырады. • Автономды инвестициялар – ұлттық табыс көлемі мен динамикасынан тәуелсіз капиталдық салымдар. Олар бастапқы «инъекциялар» ретінде жүзеге асырылып және мультипликатор эффектінің әсерінен ұлттық табыстың өсуіне алып келеді.
• Іскерлік әрекеттің жандануы, жұмысбастылықтың өсуі түрлі кәсіпкерлер топтарының инвестиция жасауларына алып келеді. Бұл инвестициялар туынды деп аталады. Олар ұлттық табыс динамикасынан тәуелді.
• Акселератор. Тұтыну заттарына деген сұраныстың өсуі машиналар мен жабдықтарға деген сұраныстың бірнеше мәртеге өсуіне алып келетін жалғаспалы реакцияны туғызады. Бұл заңдылық акселератор эффекті деп сипатталады (акселертор - жылдамдаушы).
• Тұтыну заттарын өндірудің қажетті деңгейіне жету үшін экономикада өндіріс жабдықтарын дайындауда алдын ала шығындар жасалады. Тұтыну заттарына сұраныстың әрбір өсуі өндіріс жабдықтарын өндіруді одан аса кеңейтуге алып келеді де, нәтижесінде олардың арнайы бөлігі нарықта артық болып қалады.
• Акселераторды инвестициялар мен тұтынушылық сұраныстың (дайын өнім) немесе ұлттық табыстың өсуінің арасындағы қатынас ретінде қарастыруға болады: • • v = I t / (Yt-1 - Yt-2) • • Бұл жерде v - акселератор, І – инвестициялар, Y – табыс (немесе тұтынушылық cұраныс), t – инвестиция жасалған жыл.
• «Ұқыптылық парадоксы» . Егер экономика толық емес жұмысбастылық күйінде болса, онда жинақтауға ұмтылыс міндетті түрде нарықта тұтыну бейіділікті төмендетеді. Ал тұтынушылық сұраныстың төмендеуі өз кезегінде тауар өндірушілердің өз өнімдерін сатуға мүмкіндіктерің азайтады. Өндіріс қысқарып, үнемшілдік парадоксы пайда болады.
ЭТ т.11 каз.pptx