
11 -лек Касипорыннын каржылык стратегиясы.pptx
- Количество слайдов: 14
11 ЛЕКЦИЯ Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы Дәулетбақов Б. Д. E-mail: dauletbakovb@mail. ru Кафедра «Бухгалтерлік есеп және қаржы» 2015
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы • Қаржылык стратегия бұл кәсіпорынды ақша каражаттарымен қамтамасыз етудегі іс-қимылдың бас жоспары. • Ол нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметті жүргізуде қаржылық тұрақтылық пен қамтамасыз ететін мақсаттарды шешу, каржының құрылуының және жоспарлауының теориялық сұрақтары мен практикасын қамтиды. • Қаржылық стратегия шаруашылық жүргізудің объективті заңдылыктарын зерттейді, жаңа жағдайда қиындықтан шығудың әдістері мен түрлерін өңдейді. • Қаржылық стратегия кәсіпорынның қаржылық мүмкіншілігін, ішкі және сыртқы факторлардың обьективті мінездемесін барлық жағынан қамтиды. Егер қаржылық стратегия кәсіпорынның қаржы-экономикалық мүмкіндігіне жауап бермейтін болса, онда кәсіпорын банкротқа ұшырайды.
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы • 20 X 3 -20 X 4 жылдар кезеңінде «Қаз. Мұнай. Газ» компаниясының мұнай өндіруші кәсіпорындарының өндірістік қуаттарын дамыту жер үсті объектілерін салу, қайта жаңарту және жаңғырту, мұнай мен газдың жаңа кен орындарын жайластыру және игеруге қосу, сенімді және жоғары өндіргішті жерасты жабдығын қолдану, игеру жүйесін қалпына келтіру және оңтайландыру, озық компьютерлік технологиялар базасында мұнай өндіруді бақылаудың автоматтандырылған жүйесін қолдану, компьютерлік динамикалық геологиялық модельдер негізінде кен орындарын игеруді бақылаудың жоғары тиімді жүйесін құру болып табылады. • 2015 жылға қарай өнеркәсіптің барлық салаларын теңгерімді дамытуға қол жеткізуге үміт артылады. Атап айтқанда, мүнайгаз секторын дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылатын мұнай-химия саласын дамытуға. Екінші проблема көлік проблемасы, оны шешу КҚК кеңейтумен, экспорттық екінші Батыс Қазақстан - Қытай мұнай құбырын іске қосумен байланысты. Перспективада - Ақтау - Баку - Тбилиси - Жейхан жобасын іске асыру.
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы Жыл сайынғы мұнай өндіру көлемі 20 X 3 жылы 8335 мың тоннаны, 20 X 3 жылы 8700 мың тоннаны, 20 X 4 жылы 8850 мың тоннаны кұрайды. Компания өзінің 20 X 4 жылға дейінгі жоспарлау кезеңіне арналған даму стратегиясын айқындай отырып мынадай стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді ұсынатын болады: §шикізат базасын дамыту және шикізат өндіруді өсірудің жоғары қарқынын ұстану; §шикізат ресурстарының пайдалану тиімділігін арттыру; §мұнай операцияларын қолдау үшін мұнай саласын, мұнай-газ тасымалдау жүйесін және инфрақұрылымын дамыту; §Солтүстік Каспий жобасын іске асыру шеңберінде Компания қатысатын жобаларды кеңейтуді қамтамасыз ету;
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы – Каспий теңізінің казақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасына сәйкес функциялар мен іс-шараларды жүзеге асыру; – мүнай-газ саласы үшін ұлттық кадрларды дамыту; – өндірісте қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау; – ҚР индустриялық-инновациялық дамыту стратегиясына сәйкес іс-шараларды жүзеге асыру. • Аталған мақсаттарға сәйкес 20 X 3 -20 X 4 жылдары Компания өз басымдықтары мен міндеттерін іске асыру үшін мынадай жаңа межелерге шығуды жоспарлап отыр: – Компания қызметінің бағыттары бойынша өндірістік көрсеткіштер 20 X 3 жылы - 8, 3 млн тонна, 20 X 3 жылы 8, 7 млн тонна, 20 X 4 жылы 8, 85 млн тонна мұнай өндіру жоспарларына негізделген; – Мұнай тасымалдау арналары мұнай құбырларымен де, сондайақ флотпен де жүзеге асырылатын болады, 20 X 3 жылы - 43208 млн тонна, 20 X 3 жылы - 43605 млн тоннаға жетіп, 20 X 4 жылы 46604 млн тоннаға дейін өсетін болады; – Компания мұнай бағасының тұрақты болжамы жағдайында жыл сайын бюджетке салықтар мен төлемдерді ұлғайтуды жоспарлай отырып, Қазақстан Республикасының аса ірі салық төлеушісі болып қала береді.
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы • Кесте мәліметтері бойынша табыстылықтың абсолюттік көрсеткіштері жоғары қарқынмен өсіп отыр. • Кәсіпорынның жалпы пайдасы 20 X 2 жылы 87732682 мың теңгеге немесе 33, 22%-ға, 20 X 3 жылы 11038288 мың теңгеге не 3, 14%-ға, қорытынды пайда 20 X 2 жылы 5643368 мыңтеңгеге не 0, 66%-ға, 20 X 3 жылы 35395841 мың теңгеге жоғарылаған. • Бірақ табыстылықтың салыстырмалы көрссткіштері мұндай карқынмен өсіп отырған жоқ, активтердің табыстылығы 20 X 2 жылы 0, 022 пунктке төмендесе, 20 X 3 жылы 0, 026 пунктке жоғарылаған, меншікті капиталдың табыстылығы 20 X 2 жылы 0, 016 пунктке төмендесе, 20 X 3 жылы 0, 021 пунктке өсіп отыр. • Мұның себебі табыстың абсолюттік сомада өсуі капитал сомасының да өсуімен қатар жүруінде.
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы • Мұнай мен газ өндіру көлемін ұлгайту казіргі бар жерасты және жер үстіндегі жабдықтарды жұмыс жағдайында ұстауға, ұңғылар қорының жұмыс режимін оңтайландыруға бағытталған ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын (ұТІ) орындау есебінен қамтамасыз етілетін болады. • Пайдалану ұңғыларын бұрғылау. Алдағы үш жыл аралығында бұрғылаудан 500 жаңа ұңғыны, оның ішінде 340 өндіруші 160 айдау ұңғыларын шығару жоспарланып отыр. • Мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын күрделі жөндеу. Жыл сайын құбыр желілерін күрделі жөндеу жоспарланады. • Өзен кен орнынан өндірілетін өнімді жинау мен ішкі кәсіпшілік тасымалдаудың сенімді жүйесін қамтамасыз ету үшін арналган перспективалық бағдарламада мыналар көзделеді:
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы • Болат мұнай кәсіпшілігі қорларын тасымалданатын ортаның тым агрессияшыл жағдайында пайдаланудың сенімділігін қамтамасыз ететін шыны талшықты құбырларға алмастыру: • Ішкі кәсіпшілік жинау жүйесінде қолданылуы өндірілген өнімді алыс қашықтықтарға бөлек тасымалдаудың мүмкіншілігін қамтамасыз ететін үш фазалы сепараторы бар жинау пункттерінің (ЖП) кұрылысы. • Барлау және бағалау жұмыстары. «Қаз. Мұнай. Газ» ҰК» АҚ-ның қаржы және техникалық мүмкіншіліктері шектеулі және осы жұмыстарды толық өз қаражаты есебінен жүргізуге мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты игерудің бірінші жоспары бекітілгенге дейін жер қойнауын пайдаланушылар барлаудың барлық тәуекелдерін толық қабылдауы шарттарында теңіз жобаларын іске асыру үшін стратегиялық әріптестерді тарту жоспарланып отыр. Коммерциялык қорлар айқындалған жағдайда жер қойнауын пайдалану келісімшарттарының ережелері ескеріле отырып және ҚР заңдарының нормаларына сәйкес инвестицияларды пайдалану үшін есептелген пайыздарды қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушылар кен орнын барлау және бағалау барысында шеккен шығысгарының тиісті бөлігін өтеу жүргізіледі.
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы • Өндірілген өнімнің өзіндік құны. 20 X 3 -20 X 4 жылдар кезеңі ішінде мұнай өндірудің өзіндік құнының деңгейіне мынадай факторлар әсер ететін болады: – мұнай кен орындарын пайдалану мерзімінің ұзақтығы және тиісінше мұнай өндірудің деңгейін сақтау мен қарқынды әдістерін қолдану бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларын жүргізу қажеттілігіне байланысты мұнай өндірудің геологиялықтехнологиялық жағдайының нашарлауы; – жоспарланған көлемдерде мұнай өндіруді қолдау үшін қосымша энергия шығыстарын қажет ететін кен орындарының сулануының артуы; – негізгі кұралдардың ағымдағы және күрделі жөнделуінің өсіп келе жатқан көлемдерін жүргізуге себеп болатын мұнай-газ жабдықтары мен басқа да мұнай-газ активтерінің тозуы; – жоспарланған кезеңнің нарықтық бағалары бойынша жаңа жабдықтарды сатып алуды қажет ететін техникалық парктің толық тозуы; – пайдаланушылық бұрғылау көлемдерін ұлғайтуды қажет ететін кен орындағы дебиті төмен ұңғыларды уақытша тоқтатып қою және ұңғылар қорын жаңалау қажеттілігі (1 -сурет).
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы 1 -сурет. 1 тонна мұнан өндірудің өзіндік құны, теңге*. * Ескертпе: 20 X 1 -20 X 3 жж. «Қаз. Мұнай. Газ» ҰК АҚ-ның қаржылық есептілігі мәліметтері бойынша құрастырылған
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы «Қаз. Мұнай. Теңіз» ТМК» АҚ шығыстары ескеріле отырып, көмірсутегі өндіру секторы бойынша жиынтық шығыстар 20 X 3 жылы 139, 2 млрд теңгеден 20 X 4 жылы 148 млрд теңгеге дейін өседі. «Қаз. Мұнай. Газ» ҰК» АҚ бойынша сатылған өнімнің, тауарлар мен қызмет көрсетулердің өндірістік өзіндік құны 20 X 3 жылы 72, 8 млрд теңгеден 20 X 4 жылы 76, 9 млрд теңгеге дейін немесе 5, 6%-га өсетін болады. 20 X 4 жылы өндірістік өзіндік кұнның өсуі 20 X 3 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемінің 6, 2%-ға өсуіне байланысты болып отыр. Кірістер. «Қаз. Мұнай. Газ» ҰК» АҚ-ның өнімді сатудан түсетін кірістері 20 X 3 жылы 170, 7 млрдтеңгені құрайды. «Қаз. Мұнай. Теңіз» ТМК» АҚ бойынша стратегиялық әріптестің теңіз жобаларына қатысу үлесін сату есебінен 20 X 3 жылы кіріс алу жоспарланып отыр. Мұнай сату баға тәуекелдерін түрлендіру есебінен пайданы мейлінше көбейту принциптеріне негізделген. Мұнай беру алыс және таяу шетел нарықтарына, ішкі нарықта жүзеге асырылатын болады. Ішкі нарыққа беру шеңберінде «АМӨЗ» АҚ-на мұнай беру жыл сайын 1700 мың тонна құрайды.
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы Мұнай-химия өнімдеріне деген халыкаралық нарықтың қажеттіліктерін талдау негізінде Қазакстан үшін экономикалық тұрғыдан барынша тиімдісі базалық мұнай-химия өндірісі болып табылатын полиэтилен, полипропилен, стирол және полистирол, этиленгликоль, бензол, метанолды шығару бойынша мұнай-химия өндірісін кұру дұрыс деп танылады. Базалық өнімдерді өндіру үшін негізгі шикізат көзі әр түрлі кеніштерден шығатын ілеспелі және табиғи газдар болады. Сала мамандарының есептеріне сәйкес, 1 тонна мұнай-химиялық шикі өнімдер мен дайын өнімдерді өндіруге 1, 5 -нан 4 тоннаға дейін шикізат жұмсалады. Мәселен, Теңіз кенішінен шығатын 1 млн текше метр ілеспе газдан 200 тонна этанды алуға болады. Этанның осы көлемінен 85 тонна полиэтилен мен 60 тонна полистирол алуға болады. Жобаның мақсаты әлемдік ауқымдағы (масштабтағы) қазақстандық тұңғыш мұнай-химиялық кешенін құру болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы • • Кәсіпорындар кешені Теңіз кешенінен шығатын «құрғақ» газ түрінде, 6 млрд текше метр көлеміндегі шикізатпен қамтамасыз етіледі деп шамаланады. 2010 жылы кәсіпорын 800 мың тонна полиэтилен мен 400 мың тонна полипропилен шығаратын болады. Жобаның экономикалық тиімділігі шикізаттың төмен құны мен полиэтилен, полипропилен өнімдерінің жоғары бағамен сатылуына негізделеді. Компанияның негізгі стратегиясы - іскерліктің тұрақты және ұзақ мерзімді өсімін қамтамасыз ету, «Қаз. Мұнай. Газды» -ды халықаралық энергетикалық нарыққа мұнай өнімдерін сенімді түрде қойып отыратын әлемдік деңгейдегі көшбасшы мұнай өңдеуші компанияға айналдыру. «Қаз. Мұнай. Газ» ҰК АҚ бұл кызмет бағыты «Қаз. Мұнай. Газ» Сауда үйі» АҚ арқылы жүзеге асуда. 20 Х 1 жылы мұнай мен мұнай өнімдерін сатудан түскен «Қаз. Мұнай. Газ» Сауда үйі» АҚ кірісі 22 млрд 885 млн теңгені, таза пайдасы 4 млрд 781 млн теңгені кұрады. Келісімшарттық табыстауға сәйкес, экспортқа шығарылатын мұнай, Қара теңіз аймақтарындағы рыноктар, атап айтқанда Каспий Құбыр желісінің Консорциумы жүйесі бойынша - Одесса аймағы арқылы, «Атырау. Самара» магистральды мұнай кұбыры бойынша және Новороссийск аймағы арқылы, СРС-blend қоспасы түрінде жөнелтіледі. Бұл аймақтар, дүниежүзілік сату рыноктарына мейлінше жақын орналасқандықтан, өндірушілер үшін барынша колайлы және пайдалы бағыттар болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы • « 20 X 2 -20 X 5 жылдары «Қаз. Мұнай. Газ» сауда маркасының бөлшек сауда желісін кеңейту» инвестициялық жобасына сәйкес, 20 X 5 жылдың соңына қарай АБЖ санын 500 данаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл республикадағы барлық АБЖ нарығы мөлшерінің шамамен 12%-ын құрайды. • Әйтсе де бәсекелестік күресте Ұлттық комиания бар күшін АБЖ сандарына емес, өздері көрсететін қызметтің сапасына және ең басытысы мұнай өнімдерінің сапасын жақсартуға жұмсайтын болады. • Осыған байланысты, Атырау мұнай өңдеу зауытының аяқталған қайта кұрылысы болашақтың даңғыл жолын ашады. Зауыттың өндірістік желісін жетілдіру, өндірілетін бензин мен дизельдік отынның сапасын мейлінше жақсартып, оның сапасын еуропалық стандарттарға дейін көтеруге мүмкіндік жасайды.
11 -лек Касипорыннын каржылык стратегиясы.pptx