Lektsia_11_OT_kaz.ppt
- Количество слайдов: 10
11 Дәріс КЕРІ ЖЕРГІЛІКТІ СҰЛБАЛАР Жергілікті эффект. Көпірлі және компенсациялық кері жергілікті сұлбалар
Жергілікті эффект Телефон аппаратындағы микрофон және телефон арасындағы акустико-электрлік байланыс
Телефон аппараттары кері жергілікті сұлбалар бойынша құрылады, олар жергілікті эффектіні төмендетеді, бұл кезде сөйлесуші өз телефонында өзіндік сөзін естиді. Жергілікті эффект жағымсыз, өйткені ол абонент естуін қиындатады және есту табалдырығын жоғарылатады, бұл қабылданатын сөздің түсуін қиындатады, байланыс алыстығын және сапасын төмендетеді.
Жергілікті эффектіні төмендету үшін кері жергілікті сұлбалар кең қолданыс тапты көпірлік компенсациялық
Телефон аппаратының көпірлік сұлбасы Көпірлік сұлбадағы ВМ микрофонымен BF телфоны 2 -4 диагоналына және 1 -3 көпірге қосылады, ол кері жергілікті алу үшін балансталған болу керек, яғни.
ОБ мен ЖБ жүйелі телефон аппараттарының көпірлік сұлбалары ОБ ЖБ Көпір иықтары болып Л мен Б орамалары, Л желімен БК балансты контур табылады. БК кедергісін таңдай отырып көпірді теңдестіреді.
Телефон аппараттың компенсациялық сұлбасы ОБ жүйесінің телефон аппаратының сөйлесуші аспаптарын қосудың компенсациялық жергілікке қарсы сұлбасының элементтері – М микрофоны, Т телефоны, Т трансформаторы, компенсациялаушы кедергісі және С конденсаторы болып табылады.
Телефон аппараттың компенсациялық сұлбасы Автотрансформатордың Л, Т мен Б орамдары келістіріліп қосылады. Яғни, орамдардың біреуімен өтетін тоқпен тудырылған магнитті ағын сол бағыттағы басқа орамымен өтетін тоқпен қоздырылатын ағынмен күшейтіледі
Мүлде кері жергілікті жағдайы тек қана белгілі бір жиілікте ғана мүмкін болады (300 -3400 Гц). Берілген диапазонда жақсы кері жергіліктіні алу үшін балансты контурлар күрделі болу керек. Беру кезінде микрофоннан пайда болатын қуат Wм, екі бөлікке бөлінеді: біреуі - Wл- байланыс жолына түседі , екіншісі - Wбк - балансты контурға. Сонымен қатар, микрофоннан пайда болатын қуаттын бір бөлігі хабарды жіберу үшін, ал екінші бөлігі жергілікті эффектіні басу үшін таралады
Бақылау сұрақтар: 1. Жергілікті эффект деген не? 2. Жергілікті эффектіні азайтылуын қамтамасыз ететің сұлбаларды келтірініз. 3. Телефон аппаратының көпірлік сұлбасын сызып көрсетіңіз және түсіндіріңіз. 4. Компенсациялық кері жергілікті сұлбаларды келтірініз. 5. ОБ телефон аппаратының эквивалетті сұлбасын көрсетіңіз. 6. Микрофонмен тудырылатын қуаттың шығындалуы неге тең?
Lektsia_11_OT_kaz.ppt