
ЭТ т.10 каз.pptx
- Количество слайдов: 35
• 10 тақырып. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі жалпы экономикалық көрсеткіштер • 1. Ұлттық экономика түсінігі. Ұлттық байлық • 2. Макроэкономикалық мақсаттар мен көрсеткіштер • 3. Ұлттық шоттар жүйесінің жалпы сипаттамасы
• 10. 1. Ұлттық экономика түсінігі. Ұлттық байлық • • Ұлттық шаруашылық – бұл әр түрлі экономикалық байланыстармен біртұтас бүтінділікке біріккен барлық салалар мен мемлекет аймақтарының жиынтығы. Осындай халық шаруашылық кешеннің құрылуына ұлттық нарықтың маңызы зор. Ол рынок субъектілері арасындағы шаруашылық міндеттемелерді бекітіп, кәсіпорындар, салалар және аймақтар арасындағы горизантальді қатынастарды дамытады.
• Ұлттық байлық – бұл мемелекеттегі еңбек күшімен жасалған және жинақталған материалдық игіліктердің бірігуі. Оның ішінде: • а) өндірістік (ғимараттар, машиналар мен құрал жабдықтар) және өндірістік емес (тұрғын үй, білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау мекемелерінің ғимараттары мен құрал-жабдықтары) негізгі қорлар; • б) материалдық айналмалы құралдар; • в) азаматтардың жеке мүліктері қамтылған.
• Макроэкономикалық жағынан қарағанда ұлттық экономиканың құрылысы келесі нақты құрастырылған қатынастар жүйесімен сипатталады: • - елдегі өндіріс ресурстары арасындағы; • - қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделу арқылы бөлінген экономикалық агенттер арасындағы ресурстардың бөлінуі; • - осы агенттердің өндіріс көлемі арасындағы; • - өнімнің өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процессінде қалыптасқан ұлттық өнімнің құрылымдық бөлемдері арасындағы.
• Экономикалық құрылысының қалыптасуына көптүрлі факторлар әсерін тигізеді: • - қалыптасқан рынок конъюнктурасы. Сұранысы бар тауарларды өндіретін салалар дамыйды; • - ұлттық экономиканың дүние жүзілік байланыстар жүйесіне қатысу дәрежесі. Сыртқы рынокта сұранысы бар тауарларды өндіретін салалар дамыйды; • - өндіргіш күштердің даму деңгейі; • - ҒТП-тің масштабы, сипаты және даму темпы, • - өндіріс ресурстардың сапасы; • -территорияның көлемі және инфрақұрылымдық қамтамасыздығы.
• Экономикадағы құрылымдық байланыстарды сипаттайтын макроэкономикалық көрсеткіштердің арасындағы сандық қатынастар пропорциялар деп аталады. Біріктіру дәрежесі бойынша олар келесідей бөлінеді:
• 1) жалпы пропорциялар, яғни қоғамдық еңбек бөлінісінің құрылымының есебінсіз қалыптасатын агрегаттар арасындағы пропорциялар (ЖҰӨ-мен ұлттық табыс арасында, тұтыну мен жинақтау арасында, инвестициялық және тұтыну сұранысы арасында және т. б. ); • 2) қоғамдық еңбек бөлінісінің құрылымын көрсететін пропорциялар.
• Екінші топтың құрамында мыналар бөлінеді: • - салааралық пропорциялар, яғни өндірістің жалпы көлеміндегі жеке салалардың үлесін және өндіріс пен қаржы ресурстарының салалық бөлуінің құрылысың сипаттайтын ұлттық өндірістің әртүрлі салалары арасындағы пропорциялар. Мысалы, өнеркәсіб пен ауылшаруашылығы;
• - ішкі салалық пропорциялар, яғни сала ішіндегі өндірістер арасындағы сандық қатынастар (мысалы, мақта мен жүн, мұнай мен мұнай өнімдері өндірісі),
• - аймақтар арасындағы пропорциялар, яғни елдегі өндірілген және пайдаланған ұлттық табыстың құрамындағы жеке аймақтардың салыстырмалы салмағың, мемлекеттік инвестицияларды ел территориясына бөлу құрылысың және басқаларды сипаттатын пропорциялар;
• - мемлекеттер арасындағы пропорциялар, яғни экспорт пен импорт арасындағы, әртүрлі елдердің жеке өндіріс салалары арасындағы, әртүрлі елдердің еңбек өнімділігі деңгейі және т. б. арасындағы сандық қатынастар.
• 10. 2. Макроэкономикалық мақсаттар мен көрсеткіштер • • Қоғамның макроэкономикалық аспектіде жетуге тиісті ұмтылатын басты төрт мақсаты бар: • 1. Өндірістін әр түрлі объективті және субъективті факторлардың әсерінен болатын оқыс тоқтаусыз және өзгеріссіз ұлттық масштабтағы тұрақты өсуі.
• 2. Бағаның тұрақты деңгейі. Баға еркін нарықтық бәсекелестік негізінде қалыптасады және өте тез қарқынмен өспейді деп болжанады. • 3. Жұмыс бастылықтың жоғары деңгейі. Мамандық алып және осы мамандық бойынша жұмыс іздеген адамның мақсатына жетуі. • 4. Сыртқы сауда балансының тепе-теңдігін қолдау. Яғни импорт және экспорт арасындағы салыстырмалы тепе-теңдіктің болуы.
• Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді негізгі үш топқа бөлуге болады: – Ұлттық өнім көлемі. – Бағаның жалпы деңгейі. – Жұмыс бастылығы.
• Ұлттық өнім көлемінің көрсеткіштеріне мыналар жатады: • Жалпы ұлттық өнім – ЖҰӨ. • Жалпы ішкі өнім – ЖІӨ. • Ұлттық табыс (ҰТ).
• ЖҰӨ – бұл қай жерде орналасқанына тәуелсіз белгілі бір елдің азаматтарына тиісті өндіріс факторлары арқылы өндірген барлық тауарлары мен қызметтердің жылдық нарықтық құны. Мысалы, Қытай азаматы Қазақстанда өнім өндірсе, онын өнімі Қазақстаннын емес - Қытайдын жалпы ұлттық өніміне жатады.
• ЖІӨ – бұл иелігіне байланыссыз ұлттық экономика шекарасында орналасқан барлық өндіріс факторлары арқылы өндірілген жиынтық өнім көлемі. • Мысалы, Қытай азаматы Қазақстанда өнім өндірсе, онын өнімі Қазақстаннын жалпы ішкі өніміне жатады.
• Номиналды ЖҰӨ - бұл ағымды бағамен көрсетілген тауарлар мен қызмет өндірісінің көлемі. • Өндірілген өнім көлемің баға деңгейінен байланыссыз бағалау үшін нақты ЖҰӨ түсінігі пайдаланды. Ол базистық деп аталатын уақыт кезенінде қалыптасатын тұрақты бағалармен есептелетін жасалған тауарлар мен қызметтердің құнын көрсетеді. Нақты ЖҰӨ бұл өзгермейтін бағалармен көрсетілген тауарлар мен қызметтердің өндіру көлемі.
• Сонымен бірге фактылық және потенциалды ЖҰӨ-ді ажыратады. Фактылық ЖҰӨ - бұл анықталған уақыт кезенінде шынында өндірілген өнім көлемі. Потенциалды ЖҰӨ барлық қолдағы өндіріс факторларды максималды пайдаланған кезде өндіруге мүмкін өнім көлемің көрсетеді.
• Ұлттық табыс барлық факторлық табыстардың сомасын көрсетеді (еңбек ақы, пайыз, рента, пайда). • ЖҰӨ (ЖІӨ) – амортизация = ТҰӨ (таза ұлттық өнім). • ТҰӨ - жанама салықтар = Ұлттық табыс. • Ұлттық табыс - корпорация табысына салық әлеуметтік сақтандыру аударылымы - бөлінбеген пайда + тұрғындарға трансферттік төлемдер = Жеке табыс. • Жеке табыс - салықтар және төлемдер = Қолдағы табыс.
• ЖҰӨ-ді есептеудің негізгі үш әдісі бар: • 1. ЖҰӨ-ді табыс бойынша есептеу әдісі – қоғамда жасалған барлық табыстар сомасы. Ол факторлық табыстар (еңбек ақы, пайыз, рента, пайда), жанама салықтар және амортизация сомасы.
• 2. ЖҰӨ-ді шығындар бойынша есептеу әдісі қоғамның соңғы тұтыну шығындарының сомасы: тұрғындардың жеке тұтыну шығындары (С), тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу (G), кәсіпкерлердің инвестициялық шығындары (I) және таза экспорт (X) (таза экспорт = экспорт – импорт), яғни • C + G + I + X.
• 3. ЖҰӨ-ді өндіріс бойынша есептеу әдісі – ЖҰӨ елдегі барлық кәсіпорындармен өндірілген өнімнің қосымша құндарын қосу арқылы анықталады. Бұл өнім бөліктерінің құның бірнеше рет есептейтің қайталанатың есепті жояды.
• Бағалардың жалпы деңгейі – бағалардың тауарлар мен қызметтердің кең тобы бойынша орташа деңгейі, ол келесі көрсеткіштер арқылы анықталады: • 1. Ағымдағы жылдағы баға индексі – пайызбен көрсетілген ағымдағы жылдағы бағаның базалық жылдағы бағаға қатынасы.
• 2. Инфляция деңгейі – пайызбен көрсетілген ағымдағы жылдағы баға мен өткен жылдағы баға айырмасының өткен жылдағы бағаға қатынасы. • 3. ЖҰӨ дефляторы – номиналды ЖҰӨ-нің нақты ЖҰӨ-ге қатынасы. Ол жыл бойы соңғы тауарлар мен қызметтердің баға бойынша өзгерісін көрсететін баға индексі.
• Жұмыс бастылықтың көрсеткіштері: • 1. Жұмыс күші (жұмыспен қамтылған халық пен жұмыссыз халықтың қосындысына тең). • 2. Жұмыссыздық мөлшері (пайыз бойынша көрсетілген жалпы жұмыссыздардың еңбек күші санына қатынасына тең).
• 10. 3. Ұлттық шоттар жүйесінің жалпы сипаттамасы • • Ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ) ұлттық табыс пен соңғы өнімді өндіру, бөлу, қайта бөлу және пайдалануды сипаттайтын өзара байланыстағы көрсеткіштерді білдіреді. Ұлттық шоттың негізін ішкі өнім, ұлттық табыс, инвестициялар, үй шаруашылығының және мемлекеттік мекемелерінің табыстары мен шығыстары, сыртқы экономикалық операциялар жиынтық есептері құрайды. Сонымен қатар, ҰШЖ-не жиынтық көрсеткіштерді ашып беретін немесе өз бетінше мағанасы бар баланстық кестелер кіреді.
• Нарықтық экономикаға көшу алдында Қазақстанда, барлық Совет Одағындай, халық шаруашылығының моделі ретінде халық шаруашалығының балансы (ХШБ) пайдаланған
ХШБ ҰШЖ 1. Халық шаруашылығының материалдық және материалдық емес сферасын бөлу. 2. Мемлекеттік меншіктің максималды басым болуы. 3. Әкімшілік-басқару бөлу жүйесі. 4. Экономикалық қызметтін нәтижелерің халықаралық салыстыруға болмайды. 5. «Өнім» түсінігі материалдық өндіріс сферасындағы еңбек нәтижесі ретінде. 6. Мемлекетпен реттелетін бағалар 1. Экономиканың барлық сфераларының теңдігі. Табыс әкелетін кез келген қызметті есепке алады. 2. Меншіктін барлық нысандарын қосу. 3. Еркін рынок қатынастары (қаржы-ақша қатынастары). 4. Халықаралық салыстырудың сәйкестігі. 5. Өнім – кез келген экономикалық қызметтің нәтижесі. 6. Өнім рынокта бағаланады
• ҰШЖ-нің одан айырмашылығы – ол материалдық және материалдық емес өндірістің тең құқықтық идеологиясына, тікелей мемлекеттік басқарудың шаруашылық қызметінен бөліну жағдайында дербес шаруашылық субъектілердің нақты экономикалық байланыстарына негізделген.
• Сонымен қатар, нарықтық экономиканың өзің реттеу құралы ретінде сұраныс пен ұсыныс механизмі, бәсеке, капиталдың бір саладан басқа салаға табиғи көшуі саналады. ҰШЖ экономикалық айналымның дамыған моделі болып саналады. Өйткені ол бұл айналымның өнім мен қызметті өндіру, табыстың қалыптасу, қайта бөлу және пайдаланудан бастап соңғы қаржы нәтижелерің алғанға дейің жолың көруге мүмкіндік береді.
• ҰШЖ-сің дұрыс түсіну үшін нарық шаруашылық субъектілердің (агенттер номенклатурасы) және нарық операциялардың (операциялардың номенклатурасы) классификацисын білу керек.
• Шаруашылық агенттердің классификациясы: • 1. Қаржылық емес кәсіпорындар, немесе өндірістік фирмалар. • 2. Үй шаруашылығы. • 3. Мемлекеттік әкімшілік мекемелер. • 4. Қаржы мекемелер мен ұйымдар. • 5. Шетел (шетелдегі шаруашылық агенттер).
• Нарықтық шаруашылықта операциялар деп игіліктерді, қызметтерді, құқықтарды көшіру, құру немесе бұзуын атайды. • Операциялар номенклатурасы үш ірі топқа бөлінеді: • 1. Тауарлар мен қызметтермен операциялар (өндіру, инвестициялар, тұтыну, импорт және т. б. бойынша операциялар); • 2. Бөлу операциялары (жалақы, дивидендтер, әлеуметтік сақтандыру және т. б. ); • 3. Қаржы операциялар (ақшаға қатысты активтер мен пассивтердің өзгеруі, құнды қағаздар, валютамен операциялар, несие операциялары және т. б. ).
• ҰШЖ екі деңгейден тұрады: • 1) жыйнақ шоттар (ЖІӨ-нің, ұлттық табыстың өзгеруің, капитал салымдардың қаржылануың, басқа елдермен операцияларды және т. б. көрсетеді); • 2) детальдалған шоттар (салааралық қатынастарды, табыс қозғалысың, оны бөлуді және тұтынуды көрсетеді).
ЭТ т.10 каз.pptx