шпор.pptx
- Количество слайдов: 7
10. Сәбилер өлімі халықтың әлеуметтік салауаттылығығын, медициналық-әлеуметтік көмектің деңгейі мен сапасын, акушерлік -гинекологиялық және педиатриялық көмектің тиімділігін бағалайтын оперативті критерий және индикатор болып саналады. Сәбилер өлім көрсеткіші осы календарлық жылдағы 1 жасқа толмай өлгендер санын осы жылдағы тірі туылғандар санына бөліп, 1000 көбейту арқылы есептейді. Туу көрсеткішінің айқын тербелісі кезінде былтырғы туылғандар санына нақты есептеу жүргізіледі – 1 жасқа толмай өлгендер санын биыл туылғандардың 2/3 мен былтыр туылғандардың 1/3 қосындысына бөліп, 1000 көбейту арқылы есептейді. • Қазақстан Республикасындағы сәбилер өлімінің себептері: перинатальды кезеңде туындайтын жағдайлар; туа пайда болған ақаулар; тыны салу жүйесінің аурулары; қайғылы жағдайлар; улану және жарақаттар, инфекциялық және паразитарлық аурулар. Сәбилер өлімі деңгейін бағалау үшін бала өмірінің әр түрлі кезеңіне сай көрсеткіштер есептеледі: перинатальды, неонатальды, ерте неонатальды, кеш неонатальды, постнеонатальды өлім көрсеткіштері.
9. Табиғи өсім- 1000 тұрғынға есептегендегі туу және өлім көрсеткіштерінің айырмашылығы. Егер туу көрсеткіші өлім көрсеткішінен басым болса оң деп бағаланады; теріс, егер өлім туу деңгейінен жоғары және нольдік. Егер туу көрсеткішінің төмендеуі фонында өлім көрсеткішінің деңгейі артса, онда депопуляция процесі немесе «демографиялық қиылысу» деп атайды. • Бәр жылдағы халықтың орташа санытуудың жас коэффициенттері әрбір жас • топтарындағы әйелдердің бала тууының бір жылдағы орташа деңгейін сипаттайды. Олар осы жас топтарындағыәйелдердің бір жылда босанғандар санын ағымдағы бағалау нәтижелері бойынша алынған осы жастағы әйелдердің орташа жылдық санына бөліндісі ретінде есептелген. 20 жасқа дейінгі жас топтарының коэффициентін есептеу кезінде бөлгіш ретінде 15 -19 жастағы әйелдер саны алынды. 15 -49 жастағы жас топтарының коэффициентін есептеу кезінде алымында 15 жасқа • дейінгі, сонымен бірге 50 жастағы және одан асқан ана-лардан туылғандардың барлығы есепке алынды.
11. Демография(грек тілінен аударғанда demos – халық) – халық туралы және оның қоғамдық дамуы туралы ғылым • Медициналық демография – бұл халықтың механикалық және табиғи қозғалысы процесіне медициналық-әлеуметтік факторлардың әсерін зерттейтін және тұрғындар денсаулығының көрсеткіштерін жақсартуға арналған ұсыныстарды өңдейтін ғылым. Демографиялық статистика көрсеткіштері тұрғындар денсаулығын бағалауда; көбею заңдылықтарын; тұрғындар саны мен құрылымы негізінде денсаулық сақтау кадрлары мен ұйымдарын жоспарлау, орналастыру және болжауда; медициналық-әлеуметтік шаралардың тиімділігін бағалауда кеңінен қолданылады. • Демография статика (халықтың сандық және сапалық құрамын), динамика –халықтың қозғалысын : механикалық (миграция) және табиғи (көбею) зерттейді.
• 15. Аурулық – халық арасында аурудың таралуы. • • • Алғашқы аурулық (ауру сырқаулық) халық арасындағы жаңа, бұрын еш жерде тіркелмеген және биылғы календарлық жылда алғаш рет анықталған аурулардың жиынтығы. Жалпы аурулық (таралуы) – бұл биылғы жылы бірінші рет анықталған аурулар мен өткен жылы анықталып, биылғы жылы сол аурудың салдарынан бірінші рет қаралған халық арасындағы барлық аурулардың жиынтығы. Аурулар диагнозы мен өлім себептерін унификациялау, оларды статистикалық тіркеу, аурулардың ішкі және халықаралық таралу деңгейлерін салыстыру, ақпараттық база құрастыру мақсатында Халықаралық жіктелу ұсынылды, ол қайта қаралып және толықтырылып отырады. 1996 ж. БДҰ 43 -ші халықаралық конференциясында аурулар мен денсаулыққа байланысты мәселелердің Халықаралық статистикалық жіктелуінің (қысқаша ХАЖ-10) Х қаралымы бекітілді. Жалпы этиологиясы, патогенезі, орналасуы бойынша біріктірілген аурулар негізінде әріппен белгіленген 21 класс қалыптастырылды. Әрбір класста үш мәнді рубрикадан тұратын, оның біріншісі әріп, екеуі санмен белгіленген 100 ауру тобы бар. Үш мәнді рубрикадан құралған әр топ 10 ауру кодына немесе ауру тобына бөлінеді. ХАЖ-10 төрт мәнді рубриканы қолданғанда шамамен 25000 ауруды, үш мәнді рубриканы қолданғанда шамамен 2500 ауруды индивидуализациялауға мүмкіндік береді. Қазақстан халқы арасында алғашқы аурулық құрылымында негізгі рангтік орындарды тыныс алу жүйесі аурулары, тері және тері асты шел қабаты аурулары, жарақаттар мен уланулар, зәр шығару, ас қорыту аурулары алады, жалпы аурулық құрылымында – тыныс алу жүйесінің аурулары, ас қорыту, зәр шығару, қан айналым жүйесі аурулары, көз және оның қосалқылары аурулары алады.
• 16. Жалпы аурулық (таралуы) – бұл биылғы жылы бірінші рет анықталған аурулар мен өткен жылы анықталып, биылғы жылы сол аурудың салдарынан бірінші рет қаралған халық арасындағы барлық аурулардың жиынтығы. Қазақстан халқы арасында алғашқы аурулық құрылымында негізгі рангтік орындарды тыныс алу жүйесі аурулары, тері және тері асты шел қабаты аурулары, жарақаттар мен уланулар, зәр шығару, ас қорыту аурулары алады, жалпы аурулық құрылымында – тыныс алу жүйесінің аурулары, ас қорыту, зәр шығару, қан айналым жүйесі аурулары, көз және оның қосалқылары аурулары алады. • Халық аурулығы жөніндегі мәліметтер халық арасында таралған аурулардың деңгейі мен құрылымын анықтауға, қауіп- қатер факторларын табуға, емдеу-профилактикалық шараларды ендіру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Олар денсаулық сақтау ұйымдары мен органдарына жедел басқару, күнделікті және перспективті жоспарлау, жалпы денсаулық сақтау жүйесін немесе жеке мекемелерді жетілдіру үшін қажет. • Аурулықты зерттеу статистикалық зерттеудердің жалпы қабылданған схемасы және қатаң кезекті этаптар бойынша жүргізіледі. Халық аурулығын бағалау үшін 10000, 100000 тұрғынға есептеліп шығарылған орташа жылдық халық санына қатысты аурулар саны ретінде есептелген көрсеткіштер қолданылады. Аурулықта себепсалдарлық байланысты анықтау үшін халықтың құрамын (жасы, жынысы, жанұя жағдайы, әлеуметтік статусы және т. б. ) ескеру қажет.
12. Репродуктивті денсаулықтың түсінігі ДДҰ анықтауы бойынша бұл жай ғана репродуктивті жүйеге және оның прцестеріне қатысты аурулардың болмауымен ғана байланысты емес, ол дене бітімінің, ақыл-ойдың және әлеуметтік аманшылдықтың кезеңі. Бұл ретте жасты, тұқым қуалаған және жүре пайда болған ауруларды, тамақтануды, зиянды әдеттердің болуы және басқа да факторларды ескеру қажет. Бұның барлығына жүкті болғаннан кейін емес, алдын ала назар аудару қажет. Бұл тек қана әйел адамның денінің саулығы ғана емес, сонымен қатар оның психологиялық қалпы: жағымды эмоция, қанағаттану сезімі, толыққанды демалу және ұйықтау, дені сау, бақытты бала туралы көп ойлау және т. б. Репродукция (латын тілінен re – қайталанатын, жалғаспалы әрекетті көрсететін. Репродукция саласын реттеуші нормалар әуелде қан араласуын болдырмау мақсатында. «Репродукция» терминінің мағынасын тура жеткізуге жақын аударма «ұрпақ. Репродуктивтік денсаулық – адамдарды қанағаттандыратын қауіпсіз жыныстық қатынас жасау Аталған ұғымдардың барлығы қосыла келе, репродуктивтік құқықтармен тығыз байланыста отбасын жоспарлау және бала тууды реттеудің қауіпсіз, тиімді, қолайлы олардың таңдауы бойынша отбасын жоспарлау және бала тууды реттеудің әйелдерге жүктілік пен босану кезеңінен аман-сау өтуге және ерлізайыптыларға Теорияда репродуктивтік құқықтар ұғымы қалыптасқан жоқ десе де болады.
13. Жанұяны жоспарлау. Әлеуметтік факторлардың түсік жиілігіне әсері. Фертильді жастағы әйелдердің денсаулығына, түсіктің әсері. • ДДҰ анықтамасы бойынша жанұяны жоспарлау — бұл әлеуметті-экономикалы, құқықты, керекті, сау бала туу, аборт алдын алу, репродуктивті денсаулықты қорғау, некеде жақсы қатынас бағытында медициналық шаралар бірікпесі. Жанұяны жоспарлау — өзіміздің өмірімізде белсенді қатысатын түсінік.
шпор.pptx