он апта.pptx
- Количество слайдов: 17
№ 10 Акмеологиядағы креативтілік категориясы. Қоспан Гүлзат. СПи. С-14 -1
Креативтілік – ойлауда, сезінуде, қарым-қатынас жасауда, сондай-ақ іс-әрекеттің жеке түрлерінде, жеке тұлғаны немесе оның жеке жақтарын, ісәрекет өнімдерін, оларды жасау үдерісін сипаттауда байқалуы мүмкін адамның шығармашылықты мүмкіндіктері (қабілеттері).
«Креативтілік (П. Торренс) – мәселелерді, алынған білімдегі ақауларды немесе үйлесімсіздікті сезінудің байқалу үдерісі, осыларды анықтау, олардың шешімін іздестіру, болжам қою, оны тексеру, болжамды өзгерту және қайта тексеру, ең соңында мәселені шешу нәтижелерін түзу және хабарлау»
Кəсіби акмеологиядағы креативтілікті дамытудың психологиялық негіздерін зерттеудің өзектілігі, ересек адамның шығармашылық тұлғасын өзіндік жетілдірудің əлеуметтік жəне практикалық маңыздылығымен жəне кəсіби іс-əрекеттегі өзін-өзі маңызды етумен анықталады. Кəсіби акмеологиядағы креативтілік мəселесін зерттеудің қажеттілігі, ең алдымен, өндірістің барлық салаларында шығармашылық тұлғаға деген қоғамның əлеуметтік сұранысы мен акмеологиядағы креативтілікті дамытудың психологиялық негіздерінің жеткіліксіз құрастырылмауы арасындағы туындаған қарамақайшылықпен түсіндіріледі.
Жоғары мектеп оқытушыларының креативтілігінің дамуын зерттеумен Меңлібекова Г. Ж. , Қасқатаева Б. , Молдажанова А. А. , Оспанова Б. А. , т. б. отандық ғалымдар айналысады
Мамандардың шығармашылық кемелдену кезеңінде, креативтілігінің психологиялық заңдылықтарын зерттеудің əлеуметтік маңыздылығы, біріншіден, оның тұлғаның өнімді қайта құрушы бағыттылығын анықтайтынымен, оның өмірдегі əлеуметтік бағдарының негізгі тірегін құрайтынын анықтаумен, екіншіден, кəсіби шығармашылықтың базалық детерминанты болатынымен, үшіншіден, маманның шығармашылық əлеуетін дамытуға ықпал ететінімен, оның əлеуметтік салада өзін-өзі маңызды етуімен негізделеді.
Шығармашылық психологиясында креативтілікті зерттеу, оның бағыттылығына сəйкес екі топқа біріктіріледі: • тұжырымдамалы, олар зерттеудің əлеуметтік маңызды нəтижелерін интеграциялау негізінде, шығармашылықтың жалпы психологиялық теориясын құру мəселесін зерттеуге бағдарланады (Л. С. Выготский, А. М. Матюшкин, Я. А. Пономарев, С. Л. Рубинштейн, О. К. Тихомиров жəне т. б. ); • эмпирикалық, интеллектуалды белсенділікті, тұлғалық сипаттамаларды жəне шығармашылық іс-əрекет қабілеттерін айқындауға бағытталады (Д. Б. Богоявленская, Д. Н. Завалишина, А. Ю. Козырева, И. М. Розет жəне т. б. ).
Тұлғалық-əрекеттік технология үш негізгі өзара байланысты құрылымдық компоненттен құралады: білім беру маршруты, білім беру траекториясы, жеке білім беру траекториясы. • Білім беру маршруты студенттің кəсіби дайындық үдерісінде өтуі қажет жолды анықтайды. • Білім беру траекториясы кəсіби құзырлылықтарды меңгеру арқылы, кəсіби-тұлғалық даму бағытында осы маршрут бойынша студенттердің даму ерекшеліктерін қамтиды. • Жеке білім беру траекториясы, маманның кəсіби қалыптасу үдерісін дараландыруға, оған қолайлы əлеуметтік жəне кəсіби бейімделуді қамтамасыз етуге, тұлғалық жəне кəсіби дамуды жобалауға мүмкіндік береді.
Инновациялық іс-əрекет креативті парадигманың тұлғалық, реттеуші-коммуникативті жəне нəтижелі жүйелерін талдауда аса айқын жəне кəсіби тұрғыда ашылады. Осы тұрғыда Б. Ф. Ломов былай деп көрсетеді: «Психикалық құбылыстар жүйесі – көпдеңгейлі, ол иерархиялық тұрғыда құрылады. Ол алуан түрлі функционалды сапаларға ие болған бірқатар жүйелерді қамтиды. Тығыз өзара байланысты, үш негізгі жүйені айқындауға болады: v когнитивті, онда таным функциясы жүзеге асырылады; v реттеуші, ол іс-əрекет пен мінез-құлықты реттеуді қамтамасыз етеді; v коммуникативті, ол адамның басқа адамдармен қарым-қатынас үдерісінде қалыптасады жəне жүзеге асырылады. . . »
Педагогті педагогикалық еңбектегі дараландыру үдерісінің алуан түрлі көріністері болуы мүмкін: – дара айырмашылықтар кəсіби мінез-құлықта жəне ісəрекетте ұқсас болмаудың үзінділі немесе эпизодты көріністері ретінде; – дара стиль кəсіби іс-əрекетте тұрақты, ұзақ уақыт бойында сақталатын айырмашылықтар ретінде, кəсіби ісəрекеттің тəсілдері мен міндеттерінің дара үйлесімі; – даралық педагогтің еңбектегі тұлғасының қайталанбастығы мен бірегейлігінің көрінісі ретінде, дара кəсіби дүниетаным, кейде тұлғаның еңбектегі кəсіби типінің дара варианты. Егер дара айырмашылықтар тұлғаның саласын тұрақты қамтитын болса, онда бұл даралықтың болуын білдіреді.
Қазақстандық ғалымдар Бeйceнбaeвa A. A. , Нaғымжaнoвa Қ. М, Ocпaнoвa Б. A. , Жұматаева Е. Ө. пікірінше креативтілік ұғымы бірнеше элементтердің жиынтығынан тұрады, оның ішіндегі негізгісі идеяларды жобалау жəне тудыру мүмкіндігі, мəселелерді қою жəне оларды өзінше шешу қабілеті.
Шығармашылық даралық кəсіби шығармашылықтың жоғары сипаттамасы ретінде көрініс береді. Ол келесі компоненттерді қамтитын тұлғалық категория болып табылады: • интеллектуалдышығармашылық бастама; • интеллектуалды қабілеттер, білімнің кеңдігі жəне тереңдігі; • қарама-қайшылықтарға сезімталдық, шығармашылық күмəнға бейімділік, ішкі қайта құрушы күресті сынау қабілеті; • ақпараттық аштық, проблемаға кəсібилікте жаңашылдық сезімі, танымға ұмтылыс;
Шығармашылық даралықты жүзеге асырудың негізгі функцияларын келесі үлгіде анықтауға болады: • қоғамдық маңыздылық өлшеммен анықталатын мəдениетті байыту; • педагогикалық үдерісті жəне тұлғаны қайта құру; • тиімділік жəне маңыздылық өлшемдері бойынша анықталатын жаңа технологияларды табу; • тұлғаның өзін-өзі анықтау, өзін-өзі көрсету негізінде өзін-өзі дамытуы; • тұлғаның өзі туралы креативті түсініктері мен ұғымдарының жиынтығы; • тұтастық жəне үйлесімділік, дара креативті ерекшеліктердің ішкі бірлігі; • тұлғаның өзін-өзі дамытуының жəне оның жасампаз ретінде қалыптасуының динамикасы жəне үздіксіздігі; • тұлғаның өзін-өзі танытуы жəне өзіндік құзыреттілігін ұғынуы; • жасампаздықты өзіндік жүзеге асыру жəне тұлғалық, əлеуметтік аспектілерде өзіндік маңыздылығын ұғыну.
Педагогтің шығармашылық даралығын қалыптастыру – бұл тұлғаның қайта құруының жəне өзін-өзі дамытуының динамикалық, инновациялық үдерісі. Шығармашылық даралықтың өзегі ретінде, тұлғаның өзін басқалармен салыстыруда, өзінің қайталанбастығын ұғынуды білдіретін тиімді өзіндік сана алынады.
Акмеологиялық тұғыр өзінің міндеті ретінде іс-əрекет субъектісін оның алуан түрлі саласында, атап айтсақ, таңдалған мамандық саласында табысты өзіндік жүзеге асырудың мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін білімдер жəне технологиялармен қаруландыруды алады. Акмеологияның пəні ретінде, адамның шығармашылық əлеуеті, іс-əрекет субъектісінің креативті-шығармашылық əлеуетті ашудың алуан түрлі деңгейлеріне жетудің заңдылықтары мен механизмдері, өзін-өзі жүзеге асырудың шыңдары алынады.
Қазіргі ұғымдардың тұрғысында, акмеологиялық тұғыр тұлғаны туындайтын жəне қойылған міндеттерді шешу, жетістікпен өзіндік жүзеге асыру үшін жағдай жасауға, белсенді іздеуге қабілетті, ісəрекет субъектісі ретінде зерттеуді қамтиды. Көптеген зерттеулер көрсеткендей, алуан түрлі кəсіптегі мамандардың кəсібилігін дамыту, «акмеологиялық инварианттар» деп аталатын ұқсас заңдылықтар бойынша жүзеге асырылады. Оларға жататындар: дамыған антиципация, өзін-өзі реттеудің жоғары деңгейі, шешім қабылдау шеберлігі, тұрақты бейнелі сала (Деркач А. А. , Зазыкин В. Г. , Маркова А. К. ).
он апта.pptx