
Аппендицит каз..ppt
- Количество слайдов: 17
№ 1 Хирургиялық аурулар кафедрасы Дәріс тақырыбы: Жедел аппендицит Лектор м. ғ. к. , доцент Баймаханов Абылай Ниятұлы
Жедел аппендицит дегеніміз – соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндісінің спецификалық емес қабынуы. • Тарихы: • 16 -ғасыр Парс құрт тәрізді өсіндіні анықтап, оң жақ • • мықын аймағындағы іріңдікті кесіп, жарды. 18 -19 ғасыр Дюпюитрен тифлит, перитифлит теорияларын ұсынды. 19 ғасырда оң жақ мықын аймағындағы іріңдіктердің пайда болуындағы құрт тәрізді өсіндінің әсері айтыла бастады (1827 ж. – Мелье, 1842 ж. – Рокитанский, 1850 ж. – Неммерг) 1884 ж. – Р. Фитц аппендицит терминін ұсынды. 1884 ж. – Кренлейн құрт тәрізді өсіндіні алып тастау (аппендэктомия) операциясын жасады.
Өзектілігі және кездесу жиілігі: • Барлық хирургиялық сырқаттардың 25 -30% құрайды • Шұғыл хирургиялық аурулардың 50 -60% жедел аппендициттің үлесіне • • • тиесілі Ургенттік (шұғыл) хирургияда құрсақ қуысына жасалатын барлық операциялардың 50 -ден 75% дейін жедел аппендициттің үлесіне тиеді. ТМД елдерінде жылына 1 млн. аппендэктомия операциясы жасалады екен. Қазақстанда жедел аппендицит жылына 1000 адамның ішінен 4 -5 - інде кездеседі. Жедел аппендицит әйелдерде ер адамдарға қарағанда 1, 5 -2 есе жиі ұшырасады. Жедел аппендициттке көбінесе жас және орта жастағы адамдар шалдығады (15 -40 жас аралығында). Ал сәбилер мен қарт адамдар бұл ауруға сирек шалдығады. Жедел аппендициттің асқынулары 2 -37% құрайды, ал жедел аппендициттен болатын леталдық жағдайлар 0, 1 - 0, 3% деңгейінде қалып отыр.
Құрт тәрізді өсіндінің антомиясы және физиологиясы:
Құрт тәрізді өсіндінің құсақ қуысында орналасу варианттары: • • оң жақ мықын ойысы (негізгі орналасатын орны) төмен (жамбас қуысында) орналасуы жоғары (бауыр астында) орналасуы ретроцекалды (соқыр ішектің артында) орналасуы ретроперитонелды (ішастардан тыс) орналасуы медиалды орналасуы сол жақта орналасуы (situs viscerum inversus кезінде) интрамуралды (құр тәрізді өсіндінің соқыр ішектің қабырғасында) орналасуы
Қызметі: • қорғаныш • иммундық • секреторлық • ешқандай қызмет атқармайды (рудиментарлық ағза)
Этиологиясы мен патогенезі: Қазіргі кезде жедел аппендициттің пайда болу себептері туралы бірнеше теориялар бар: • Механикалық теория • Рефлекторлық теория • Аллергиялық теория • Инфекциялық теория • Ішек қуысындағы заттардың тұну теориясы
Жіктелуі (классификациясы) • • В. И. Колесовтің жіктеу жобасы І. Аппендикулярлық шаншу (колика) ІІ. Жедел катаралды (жәй, беткей) аппендицит ІІІ. Жедел деструктивті аппендицит жедел флегмонозды аппендицит жедел гангренозды аппендицит жедел перфоративті аппендицит ІV. Жедел аппендициттің асқынулары аппендикулярлық инфильтрат аппендикулярлық абсцесс перитонит пилеофлебит сепсис және т. б.
Клиникалық көрінісі және диагностикасы • ауру сезімі • Жүрек айну, бір-екі рет құсу • Кейбір науқастарда іштің жүрмеуі, желдің шықпауы, ал кейбір науқастарда іштің өтуі (тенезмы) • Дене қызуы субфебрилді цифрларға дейін көтеріледі
Жедел аппендициттің негізгі симтомдары: • Кохер-Волкович симптомы • Кюммель симптомы • Ровсинг симптомы • Раздольский симптомы • Ситковский симптомы • Бартомье-Михельсон симптомы • Образцов симптомы • Воскресенский симптомы • Щеткин-Блюмберг симптомы
Аппендэктомия
Аппендицит каз..ppt