+ 1-Такырып Макро кириспе.pptx
- Количество слайдов: 24
1 -Тақырып. Макроэкономика пәні Қарастыратын сұрақтар: 1. Макроэкономика ғылымы 2. Макроэкономиканың негізгі субъектілері мен нарықтар түрлері 3. Макроэкономиканың зерттеу аясы 4. Макроэкономика теориясының екі бағыты 5. Макроэкономикалық айнымылы шамалар 1
Экономика- қоғамдық ғылым, ол екі салаға бөлінеді: Микроэкономика Макроэкономика. Микроэкономика – әрбір жеке бірлікті экономикалық субъектілердің - үй шаруашылығы мен фирмалардың іс-әрекетін зерттейтін ғылым. Макроэкономика- ірі масштабты мамлекеттің экономикалық жағдайын тұтастай қарастырып зерттейді. 2
МАКРОЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ СУБЪЕКТІЛЕРІ 1. 2. 3. 4. Макроэкономикада төрт экономикалық субъектілер болады: үй шаруашылығы фирмалар мемлекет сыртқы шетелдіктер.
Мемлекет қатысатын ашық экономиканың ауыспалы айналым үлгісі Тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алу Тауарлар мен қыз-мет көрсетулердің импортына кететін шығыс Үй шаруа шыл ығы Трансферттер Салықтар Мемлекет көр-сететін қызметтер Көрсетілетін қызметтің ақысы Тауарлар мен қызмет көрсе тулер нарығы Мемлекет Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер Демеу қаржы Салықтар Мемлекет көр-сететін қызметтер Мемлекет көрсе-тетін қызметтердің ақысы Тауарлар мен қызмет көрсетулердің экспортынан түсетін табыс Фирмалар Ресурстар экспортынан түскен табыс Ресурстар импортына жұмсалар шығыстар Ресурстарды сатып алу Ресурстарды сатудан түскен үй шаруашылығының табысы Ресурстар нарығы Ресурстарды сатып алуға кеткен фирманың шығысы
Үй шаруашылықтары болып экономикалық іс - әрекеттерінің мақсаты пайдалылықты жоғарғы деңгейге жеткізу болып саналатын дербес экономикалық агенттер саналады. Олар экономикалық ресурстардың (еңбектің, жердің, капиталдың, кәсіпкерлік бейімділіктердің) меншік иелері болып келеді.
Үй шаруашылықтары: - табысын - экономикалық ресурстарды сату арқылы табады; -табысының басым бөлігі тұтыну шығындарына арнайды; - табысының қалған бөлігін жинақтайды. Осыған орай ол – тауарлар мен қызметтерді сатып алушы, негізгі жинақтаушы не несие құралдарын ұсынушы экономикалық субъект.
Фирмалардың іс- әрекеттерінің мақсаты пайдасын ең жоғарғы деңгейге жеткізу. Фирмалар: - экономикалық ресурстарды сатып алушылар; - олардың көмегімен өндіріс үдерістерін қамтамасы етушілер; - тауарлар мен қызметтерді басты өндірушілер және сатушылар; - қажетті кезде қаржы бөлуші инвесторлар рөлін атқарушы; - инвестициялық тауарлар мен қызметті сатып алушы. Фирмалар сатқан тауарлар мен қызметтерден түскен түсімдерді үй шаруашылықтарына факторлар төлемі ретінде төлейді.
Мемлекет - макроэкономикалық агент, басты міндеті - нарық құлдырауын жою, қоғамдық әл –ахуалды жоғарғы деңгейде ұстау. Мемлекет – экономикалық үдерістерге әсер етуші, нарықтық экономиканың қызмет істеуін ұйымдастырушы әрі реттеуші, саяси және заңды құқықтары бар мемлекет деңгейіндегі ұжымдар, мекемелер.
Мемлекеттің қызметіне: Шмемлекеттік сектордың жұмысына, оның көптеген функцияларын орындауға қажетті тауарлар мен қызметтерді сатып алу; Ш қоғамдық игіліктерді өндіру; Ш ұлттық табысты қайта бөлу; Шмемлекеттің бюджет жағдайына қарай – қаржы нарығында несие беруші немесе қарыз алу; Ш макроэкономикалық саясат жүргізу жатады.
Макроэкономикалық негізгі саясат құралдары: * ақша-несие саясаты (монетарлық саясат) * салық-бюджет саясаты (фискалдық саясат) *сыртқы экономикалық саясат табыстар саясаты 10
Үй шаруашылығы, фирмалар және мемлекеттік секторлар бірігіп жабық экономиканы құрайды.
Шетел секторы - бұл әлемдегі басқа елдерді біріктіретін және экономиканы дамыту үшін оңтайлы іс - әрекет жасайтын жеке экономикалық агент.
Шет ел секторы арқылы елдер арасында іске асырылатын қарым – қатынастар: Шхалықаралық сауда (тауарлар мен қызметтердің экспорты мен ипорты); Шкапиталдар қозғалысы (қаржы активтерінің экспорты мен импорты)
Үй шаруашылығы, фирмалар және мемлекеттік секторлар және шет ел секторы бірігіп ашық экономиканы құрайды.
НАРЫҚ ТҮРЛЕРІ Макроэкономика микроэкономика деңгейіндегі әр түрлі нарықтарды біріктіру (агрегаттау) әдісі арқылы ірі төрт нарыққа бөліп қарастырады: • Тауарлар мен қызметтер нарығы • Өндіріс факторларының нарығы • Ақша нарығы • Әлемдік нарық
2. Макроэкономиканың зерттеу аясы: • жалпы экономикалық көрсеткіштер • еңбек өнімділігінің өсуі • проценттік ставканың есебі • жұмыссыздық, • инфляция, • кіріс-шығыс жиынтығы • саясаттың әсері • халықаралық қатынастар жағдайы 16
3. МАКРОЭКОНОМИКА ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЕКІ БАҒЫТЫ (КЕЙНСИАНДЫҚ ЖӘНЕ КЛАССИКТЕР) Кейнсиандық теория қысқы мерзім кезеңдегі құбылмаларды қарастырады. классикалық теория ұзақ мерзім кезеңдегі құбылыстарды қарастырады. 17
• • • 4. Макроэкономикалық айнымылы шамалар : экзогенді; эндогенді; тәуелсіз; ағын; деңгей 18
Экзогенді айнымалылар- модельге қарағанда тұрақты болады да, сырттан берілетін мәліметтер; Эндогенді айнымалы- модельдің ішінде анықталып, нәтижесі шығарылатын деректер.
Тәуелді, тәуелсіз – мәселен, табысқа байланысты тұтынушылардың әртүрлі тауарлар мен қызметтерді тұтынуы талғамға, модаға, ағымға байланысты.
Деңгей белгілі бір уақыт аралығында қандай да бір экономикалық құбылыстың жағдайын сипаттайды; Ағын деңгейдің белгілі бір кезеңдегі өзгерісін сипаттайды.
• Тұтынушы мүлігі –– қор, оның табыстары мен шығындары ––ағын; • жұмыссыздар саны - қор, жұмысты жоғалтқандар саны - ағын; • экономикада жинақталған капитал – қор, инвестиция көлемі - ағын; • мемлекеттік қарыз – қор, бюджет жетіспеушілігі– ағын. • толассыз айналым шеңберіндегі табыстар мен шығындар қозғалысы ағын, ал экономикадағы ақша мөлшері ––қор.
Жылыстау не алу – оған шығыстарды кемітетін, соған орай табысты да азайтатындардың барлығы жатады. Кіргізу не инъекция – ел ішінде өндірілген өнімдерді сатып алуға жұмсалған отандық тұтыну шығыстарына қосымша жүзеге асырылатын шығыс.
КӨҢІЛ АУДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА КӨП РАХМЕТ !!!
+ 1-Такырып Макро кириспе.pptx