1 -тақырып. Кіріспе (1 cағат) Дәріс жоспары: 1. Қазақстан тарихы курсының пәні, мақсаты және міндеттері. 2. Қазақстан тарихын дәуірлерге бөлу. 3. Деректер, тарихнамалық зерттеулер. СӨЖ тапсырмалары: 1. М. Қозыбаевтың «Отечественная история: мифы и реальность» ( «Казахстанская правда» от 23. 10. 96 г. ) мақаласы бойынша конспект жасау. 2. Н. Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабын талдап оқу негізінде 12 тарау бойынша ертедегі Қазақстан тарихының хронологиялық бөлінуіндегі өзгерістерді анықтау. 3. М. Қозыбаевтың «Отечественная история: мифы и реальность» мақаласы бойынша тарих ғылымының негізгі міндеттерін белгілеу.
Қазақстан тарихы курсының пәні, мақсаты және міндеттері Т А Р И х П Ә Н і Адамның құрған әлеуеттік кеңістіктің жоспары. 1. Ғылыми көзқарас – шындыққа қатынасы. 2. Адамның пайда болған кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі өмір сүруі мен тіршілік жайын баяндай отырып: а) Қоғамның даму ерекшілігін, өзгеруін, өрлеуін, тоқырауын зерттейді; б) Қоғам дамуының заңдылықтарын ашады; с) Қоғамның даму динамикасын талдайды. Мақсаты мен міндеті 1. Халқымыздың өркениет феноменінің принциптік ерекшіліктері туралы біліктілігін арттыру; 2. Халқымыз жайлы көшпелі дәстүрлер әлемін түсіндіретін жүйелі түсінігін қалыптастыру; 3. Халқымыздың эволюциялық, этногенездік, институттық құрылу барысын әдістемелік және теориялық негіздері арқылы құрылымдық қалыптасу мен процестер арқылы аша білу; 4. Түрлі өркениеттерінің ағымында өзіндік орын алған қайталанбас мәдениеттілігін жетік түсіне отырып қарастыру қажеттілігі Тарихи сана – мәдениеттің құрылымдық элементі, кеңістіктікуақыттық бағдарлау арқылы адам мен дүниенің арақатынас өзегінің көрінісі бейнеленеді. Тарихи сана – ол адамдардың металитеті, әртүрлі кезеңдерде атқарған функционалды қызметіне қатысты қалыптасқан символдың бірегейлігі. Символ дүниетанымда құрал қызметін атқарды. Тарихи сана – әлеуметтік рефлексияның формасы, өткенді болашақпен сабақтастырып жататын байланыстырушы құрал, ол тарихи тұрақтылықтың шарты болып табылады. Аңыз бойынша Майқы би халықтың бас таңбаларын тасқа қашаған кісі екен дейді. Үйсіндердің нысаны – Ту, арғындардың нысаны – Көз, алшындардың нысаны – Найза содан қалса керек. Бір ғажабы, қазақ халқының негізгі төрт мұраты дәл сол тұста тұжырымдалыпты. Олардың үшеуі үш жүзден жауынгерлік ұраны: Ұлы жүздікі – Бақтияр – бақыт, орта жүздікі – Ақ жол – әділет, Кіші жүздікі – Алшын – От-ана, барлық қазақтардың ортақ ұраны – Алаш ұғымына біріккен.
Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу Қалыпты дәуірлеу Ежелгі кезең дәуірі 2, 5 млн. – б. д. V ғ. • Тас дәуірі – 2, 5 млн. - б. д. д. 3 мыңжыл. • Қола дәуірі – б. д. д. 3 -2 мыңжыл. • Ерте темір дәуірі – б. д. д. VIII- б. д. V ғ. Орта ғасыр дәуірі • Түрік кезеңі - VI-XIII ғ. басы • Моңғол кезеңі - XIII ғ. басы-XV ғ. І жар. • Қазақ хандығы XV ғ. ІІ жар. -XVIII ғ. басы VI-XVIII ғ. басы Жаңа дәуір XVIII ғ. басы – 1917 ж. Қазіргі дәуір КСРО құрамында 1917 -1990 жж. Заманауи кезең 1991 ж. бастап Қазақ хандығы Ресейдің құрамында: • XVIII ғ. ІІ жарт. -1867 ж. номиналды кіріптарлық. • XVIII ғ. ІІ жарт. - 1917 ж. ресми кіріптарлық. Кеңестік модернизация: Азамат соғысы, ЖЭС, Индустриализация, Ұжымдастыру, Мәдени революция, Ұлы Отан соғысы, Сталиндік режим, Хрущевтік жылымық, Тоқырау кезеңі Қайта құру Егеменді, Тәуелсіз Мемлекет құру жолында Өркениеттік дәуірлеу Ежелгі кезең б. д. д. V-VІ мыңжыл – б. д. V ғ. Сипаты - Көшбасшылық басымдылығында Орта ғасыр VI-XV ғ. І жартысы. Сипаты – кешенді құрылым құрушы Жаңа дәуір XV ғ. ІІ жар. – 1917 ж. Сипаты – дағдарыс, құлдырау Қазіргі заман дәуірі 1917 ж. бастап Сипаты – Индустриалды қоғамға ауысуы • Ботай мәдениеті - V-VІ мыңжыл – ІІ мыңжылдық. • Ежелгі Патша дәуірі – б, д, д, XVIII-XVIII ғ. • Кейінгі Патша дәуірі – б. д. д. VIII-III ғ. • Ерте мемлекеттік бірлестіктер дәуірі – б. д. д. III ғ. - б. д. V ғ. • Түрік қағанаты -VI-XIII ғ. басы • Ұлық Ұлыс - XIII ғ. басы-XV ғ. І жар. • Ұлыстар бөлініп, конфедерация күйі хандықтарды жаратады - XV ғ. ІІ жар. -XVIII ғ. басы. • Хандықтар Ресейдің құрамына енеді XVIII ғ. басы – 1917 ж. • Кеңестік модернизация – 1917 -1990 жж. • Егемендік модернизация – • 1991 ж. бастап
Көшпелі өркениет мемлекеттілігінің эволюциясы Б. д. д. ХVІІІ ғ. бастап – біздің дәуіріміздің ХХ ғ. басына дейін
- б. д. V ғ. дейін Доминант Көшбасшы -1480 ж. дейін Құрылым құрушы күш -XIX ғ. дейін Дағдарыс пен Перифериялық күйінде болды -1917 ж. дейін Деградация (құлдырау) Пролетариза -ция күйіне келді Көшпелі мәдениетінің өмір сүру уықыты Алған бастау негізі: Ботай мәдениеті Б. д. д. V-IV мыңжыл. Номадизм Феномені XX ғ. басы жойылды, бірақ Индустриалды қоғамына айналу бастау алды
Деректану Тарих зерттеуі - деректану жағдайына тікелей байланысты болады: археологиялық, этнографиялық, антропология, лингвистика деректері, ауызша (фольклор) және жазбаша деректер. Сонымен бірге, пәнаралас деректерінің жиынтығын жұмылдыру кешенді амалдардың бірі болып табылады. Тарихи деректердің негізгі міндеті – тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және олардың шындыққа қатынасын зерттеу. Тарихи деректерді зерттеу көптеген қосалқы пәндердің айналысады. Олардың жалпы саны 30 -дан асады: эпиграфика – тастағы, металдағы, сүйектердегі, ағаштардағы жазбалар; нумизматика – теңгелердегі жазулар; сфрагистика – мөрелердегі жазулар; геральдика – ел таңбаларындағы жазулар; полиграфия – жазу материалдары мен құралдарын, жазу ерекшеліктерін зерттеу; папирология – папирустардағы жазуларды зерттеу; текстология - әдеби ескерткіштердегі текстер тарихын зерттеу; дипломатика – заң актілерін зерттеу; хронология – тарихи оқиғалардың дәл уақытын анықтау; метрология - өлшем жүйесін тарихи дамуында зерттеу; тарихи география - өткеннің географиялық тарихын зерттеу; генеалогия – адамзаттың, жеке адамдардың шығу тегін зерттеу. Сонымен, қазіргі деректануда екі проблемалар кешені қаралады: Теориялық-әдіснамалық мәселелер: тарихи шындықтың дерекке енуі және бейнеленуі; тарихи деректің әлеуметтік табиғаты, ондағы субъективтіліктің арақатынасы; тарихи деректерді жіктеу; деректердің ғылыми құндылығын пысықтау принциптері мен тәсілдері. Нақты-қолтаңбалық мәселелер: деректердің нақты түрлері мен типтеріне шолу жасау; нақты ескерткіштерге деректанулық талдау жасау; деректерден алынған мәліметтерді нақты тарихи міндеттерді пайдалану тәсілдері. Қазақстан тарихының деректану курсының мәселелері мен құрылымы оның алдында тұрған негізгі міндеттермен айқындалады. Олар: ғылымның қазіргі даму дәрежесіне сай деректанудың теориялық және әдіснамалық саласынан білім беру; пайда болған және сақталынған тарихи деректер кешені туралы ақпарат беру; тарихи зерттеудің жалпы қажеттілігінен шыға отырып, олармен жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіру.
Тарихнамалық зерттеулер Алғашқы жазба дректеріне «Авестада» жатады. Бұл кітапта арийлер, турлар, сақтар, аргипейлер, исседондар, аримаспалар туралы мәлімет береді. Келесі жазба деректеріне «Гилгамеш туралы жыр» (б. д. д. XXIV ғасыр), Бехистун жазбасы (б. д. 552 -486 жж. ), антикалық тарихшылардың Геродоттың, Страбонның, Птоломейдің еңбектері, Қытай тарихшылары Чжань Цянь (б. д. д. II ғасыр), Сыма Цянь (б. д. д. 145 -86 жж. ), Бань Гу (б. д. I ғасыр) жатады. Ежелгі мәтінге Ыстық қорғанынан табылған «Күміс тостаған» жатады. Бір ғалымдардың пікірі бойынша жазу түркі жазуының руно алфавитімен орындалған, басқалары «белгісіз» хат пікірін ұстанады. Сақ дастандарына: «Алып Ер Тоңға» және «Шу» дастаны жатады; Ғұндарға - «Оғыз-қаған» , «Аттила» , «Көк бөрі» және «Ергенекөн» . Түрік Қағанаты дәуірінде - «Күлтегін» , «Тоныкөк» және «Белгі қаған» сияқты туындылар. Скандинавия және Оңтүстік Германия әдебиеттерінің ескерткіштерінен «Нибелунгтар туралы әннен» басты кейіпкер ғұндардың батыры Аттиланың (Еділ, Атли, Этцель) өмір баяны суреттеледі. Аттила бейнесі XVIII ғ. француз драматургы Пьер Корнель «Ғұндар патшасы Аттила» , XVIII-XIX ғғ. неміс драматургы Вернер Цахарияс «Аттила» , XIX ғ. ағылшын ақыны Герберт «Аттила және оның ұрпақтары» , итальяндық сазгер Джузеппе Верди «Аттила» операсын жазған, ал француз суретшісі Делакруа аттас картина салған. Орта ғасыр кезеңінің деректеріне араб, парсы және еуропа саяхатшылары мен тарихшылардың еңбектері: Ибн әл Факих (X ғ. басы), Ибн Батут (XIV ғ. ), Ибн Хордадбек (820 -912), Тамин Ибн Бах (IX ғ. ), Қазақстанға XIII ғ. келген Плано Карпини, Гильома Рубрук, Марко Поло еңбектерінде келтірілген. VI-ХІV ғғ. Түрік деректерінің стилі бойынша әр түрлі: эпитафия-жазбалар, тарихи-көркем, шаруашылықтұрмыстық, діни және заңды мәтіндер. «Бітік» , «Кодекс» , «Диван» , «Күлтегін» жазба деректері қолжазбаны білдірді. Құнды жазба әдебиетіне ХІІІ ғ. жазылған, «Кодекс Куманикус» сөздігі, оғыз-қыпшақ үстеуінде латын алфавитімен жазылған, онда қыпшақтың күнтізбелік және фольклорлық материалдары, латын-парсы-қыпшақ және қыпшақ-неміс-латын сөздіктері бар. Х-ХІІ ғғ. түркі мәдениетін «Алтын ғасыры» уақыты деп атайды. Осы кезеңде (авторлары араб, парсы және түркі тілдерін пайдаланған) энциклопедист-ғалымдар Әл-Фараби, Әбу Райхан Бируни, Авицена, Омар Хайям, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Яссауи, Махмұд Қашқари өлмес шығармаларын жазды. Қазақтың тарихшыларына Мұхаммед Қайдар Дулатиді (1500 -1551) «Тарих және Рашиди» , Ибн Рузбиханды (XVI ғ. басы) «Бұқарлық қонақтың жазбалары» , Өтеміс Қажының (XVI ғ. бірінші жартысы) «Шыңғыс наме» , XVI ғ. белгісіз автордың «Шейбани наме» , Әбілғазы ханның «Түріктердің шежіре бұтағы» (XVII ғ. бірінші жартысы), Қадырғалы Жалайырдың (XVII ғ. басы) «Жылнамалар жинағын» жатқызамыз. Қазақстан тарихын зерделеуге орыс ғалымдары: Н. Я. Бичурин (1777 -1853) «Ежелгі уақытта Орта Азияда мекендеген халықтар туралы мәліметтер жинағы» , А. И. Левшин (1799 -1879) «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамалары» , В. З. Вельяминов-Зернов (1830 -1904) «Қырғыз-қайсақтар туралы тарихи мәліметтер» , В. В. Бартольд (1869 -1930) «Жетісу тарихының очерктері» , «Түркістан тарихы» , В. Н. Татищев, Г. Ф. Миллер, П. И. Рычков, Т. Ю. Клапрот, В. В. Радлов, Ф. Э. Фишер, К. Риттер, Н. А. Аристов және А. Н. Харузин үлес қосты. Отандық тарихтың мұрасына: Ш. Уәлиханов (1835 -1865) «Абылай» , «Қырғыз шежіресі» , «Алтышар жағдайы туралы» , «Даладағы мұсылмандық туралы» ; Ә. Бөкейханов (1866 -1937) «Қазіргі мемлекеттердегі ұлттық қозғалыс түрлері» , «Кенесары Қасымов сұлтанның тарихқа арналған материалдары» және т. б. ; Ш. Құдайбердиевтің (1858 -1931) «Шежіре» ; М. Тынышпаев (1879 -1937) «Қырғыз-қазақ халқының тарихына арналған материалдар» бай ғылыми мұра енгізді. Заманауи әлемдік тарихнама да Қазақстан тарихы қызықтырады. Осы мәселе бойынша зерттеулер орталықтары Францияда, Германияда, АҚШ-та, Англияда, Түркияда, Финляндияда және көптеген басқа шетелдерде бар.