12-23 сбак.pptx
- Количество слайдов: 10
1. Осы затпен ескі үйді аластайды. Түсіне қарасаң алтынға ұқсайды. 2. Бірінші буыным жалқы есімге қойылатын сұрақтан тұрады, екінші буыным сан есім. Өзім қай элементпін? 3. Бірінші буыным тасқын су, екіші бөлігім мал құлағына салынатын белгі. Қандай химиялық элементпін? 4. Бірінші бөлігім көп емес, екенші бөлігім тілсіз жау деген мағынада, химиялық қай элементпін? 5. Бірінші буыным Мария Складовская ашқын элементтің алғашқы екі әріпі, екінші буыным Еуропадағы өзен, өзім радиоактивті құбылыстан түзілетін элементпін.
Сутектің, лантаноидтардың және актиноидтардың периодтық жүйеде орналасуы. Жасалма химиялық элементтер. Ғылымның дамуына және дүние жүзінің диалектикалық көрінісін түсінуде периодтық заң және периодтық кестенің маңызы.
Сутегінің периодтық жүйеде орналасу ерекшелігі – самый распространенный элемент во вселенной и широко распространенный на Земле. Содержание его в земной коре сост. 3% (масс. доля) Электронная конфигурация : 1 S№. По своей восстановительной способности, он имеет сходство с S – элементами первой группы. Однако водород характеризуется высокой энергией ионизации , способен принимать один электрон для завершения первой оболочки. По этому его иногда помещают в 7 группу периодической системы. В тоже время водород не относится к p- элементам, по этому его место как в 7 так и в 1 группе – условно.
Лантаноидтар лантанидтер (лантан және грек. lіdos — бейне, түр), элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобында лантаннан кейін орналасқан; атомдық номері 58 — 71 аралығындағы 14 химиялық элементтің [Ce (атомдық номері 58), Pr (59), Nd (60), Pm (61), Sm (62), Eu (63), Gd (64), Tb (65), Dy (66), Ho (67), Er (68), Tm (69), Yb (70), Lu (71)] тобы (шоғыры). Сирек жер элементтері тобына кіреді.
Церийлі (Ceден Eu-ге дейін) Итрийлі (Gdден Lu-ге дейін)
Сe-ден Gd-ге дейінгілері жеңіл Лантаноидтар, ал Tb-ден Lu-ге дейінгілері ауыр Лантаноидтар деп аталады. Лантаноидтардың жер қыртысындағы мөлшері (массасы бойынша) 1, 6 10– 2%. Лантаноидтардың физикалық және химиялық қасиеттері ұқсас болғандықтан оларды бір-бірінен бөліп алу өте қиын. Бұл электрондық бұлттар құрылысының ұқсастығымен түсіндіріледі. “Итрийлі жерді” 1794 ж. Фин химигі Ю. Гадолин (1760 — 1852) минералдар құрамынан тауып, гадолинит деп атады. 1803 ж. М. Клапрот (1743 — 1817) және Й. Я. Берцелиус (1779 — 1848) жаңа “церийлі жерді” анықтады. Л
Физикалық қасиеті Лантаноидтар күмістей ақ түсті (кейбіреулері аздап сарғыш, мысалы, Pr және Nd) металл, созылғыш әрі иілгіш.
Химиялық қасиеті Лантаноидтар химиялық активті, олар берік оксидтер, галогенидтер, сульфидтер түзеді; сутек, көміртек, азот және фосформен әрекеттеседі. Суды ыдыратады, тұз, күкірт және азот қышқылдарында ериді. Лантаноидтар нашар еритін тұздардың қорғағыш қабықшасымен жабылғандықтан тұрақты болып келеді. Органикалық қосылыстармен кешенді қосылыстар түзеді. Барлық Лантаноитарды олардың тұзды балқымаларындағы қосылыстарын электролиздеу арқылы алуға болады.
Актиноидтар Актинийліктер — элементтердің периодтық жүйесінің VІІ қатарында, актинийден кейін орналасқан. Реттік нөмірлері 90 нан 103 -ке дейінгі 14 элемент. Оған: торий (Тh), протактиний (Pa), уран (U), нептуний (Np), плутоний (Pu), америций (Am), кюрий (Cm), берклий (Bk), калифорний (Cf), эйнштейний (Es), фермий (Fm), менделевий (Md), нобелий (No) және лоуренций (Lr) жатады. Актинийліктердің электрондық құрылысы мен химиялық қасиеттері ұқсас келеді. Олардың барлық изотоптары радиоактивті. Торий, протактиний, уран ғана табиғи түрінде алынған, қалғандары қолдан жасалған. Жер қыртысында торий (1 10 -3 уран (4 ), 10 -4 және протактиний (7 ) 10 -11%) аз да болса кездеседі. Уран және плутоний изотоптары: 233 U, 235 U, 239 Рu атом бомбаларында қопарылғыш зат және ядролық реакторларда отын ретінде қолданылады. Ураннан кейін орналасқан актинийліктер трансуран элементтерге жатады.
Жасанды элементтер — ядролық реакциялар нәтижесінде алынатын химиялық элементтер. Жасанды элементтер (технеций, прометий, астат, трансуран элементтері) табиғатта кездеспейді, оларды жасанды жолмен алады. Мысалы, молибденді дейтронмен атқылағанда технеций, актинийдің ыдырауынан франций, висмутты бөлшектермен атқылағанда астат алынды. Жасанды элементтердің изотоптары радиоактивті болғандықтан, оларды радиоактивті элементтер деп те атайды. Кейбір Жасанды элементтер (уран, плутоний) ядролық реакторда қолданылады.
12-23 сбак.pptx