
Буйрек тас аурулары 19.pptx
- Количество слайдов: 22
1. Кіріспе 2. Негізгі бөлім: А. Бүйрек құрылысы, қызметі Б. Бүйрек тас ауруының этиологиясы В. Патогенезі мен симптоматикасы Г. Патологиялык анатомиясы Д. Қазіргі таңдағы емдеу жолдары 3. Қорытынды 4. Пайдаланған әдебиеттер
С. Ж Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті Орындаған: Рай Әдемі Тексерген: Серікбай М. Қ. Тобы: 19 -2 Факультет: жалпы медицина 2011 ж
Адам- ашық жүйе, демек сыртқы ортамен тікелей байланысты. Адам ағзасында үздіксіз зат алмасу процесі жүреді. Нәтижесінде түзілген қалдық заттар арнайы экскрециялық мүшелер арқылы шығып отырады. Бұл- тіршілікке өте қажетті процесс. Адам мен жануарлардың сыртқа шығару мүшелері: бүйрек, тер бездері, өкпе, ас қорыту түтігі. Несеп шығару жүйесі: 2 бүйрек, 2 несепағар, несепқуық немесе қуық, қуықасты безі, несеп шығару мүшелері( ер мен әйелде)
Бүйрек тас ауруы ( нефролитаз) Көп жағдайда операция жасаумен өтетін сырқат. 20 -50 жас аралығында көп анықталады Құрылысы мен химиялық құрамы әртүрлі тастардың бүйректің ішінде, табақшаларында, түбекшесінде, несепағарда жинақталуы. Екі жақтық нефролитаз 7 -8 есе сирек кездеседі Балаларда- 2, 2 -20, 2%, ересектерде- 15 -30 % Көбінесе бір бүйрек, оң жақ көп ұшырайды. Тастар: - органикалық (цистин, ксантинді тастар) - бейорганикалық болып бөлінеді(Са оксалаттары, Са фосфаттары, ураттар, Магний фосфаты).
.
Этиологиясы Полиэтиологиялық Этиологиясы белгісіз, нақты емес Туа пайда болған энзимопатиялар (тубулопатиялар), несеп жолдарының анатомиялық даму ақаулары, тұқым қуалайтын нефроз және нефритке ұқсас синдромдар. * Жүре пайда болған 1 -лік, 2 -лік жағдайларда болуы мүмкін.
Эндогендік факторлар: Жалпы : - минералдар алмасуы бұзылуы - А гиповитаминозы - Д гипервитаминозы немесе авитааминозы - гиперкальциурия - гиперпаратиреоз - бактериальды интоксикация - химиялық препараттарды шектен тыс пайдалану(сульфаниламид, тетрациклин, антацид, ацетилсалицил қышқылы, глюкокортикоид т. б. ) - ұзақ және толық иммобилизация
Жергілікті - Урадинамия бұзылыстарына әкелетін себептер - несепағар структурасы - түбекше-несепағардың 1 -лік және 2 -лік стенозы - несеп шығаратын жолдарының аномалиялары - нефроптоз - несеп жолдарының рефлюкстері - инфекциялар - несеп шығаруының қиындауы - несеп қышқылдылығы мен сілтілігінің артуы
Экзогендік фактор - географиялық орналасу (ыстық климат) - әлеуметтік- экономикалық - алиментарлық - жас, жыныс - судың химиялық құрамы
Патогенезі - Қалыпты жағдайда несеп құрамында еріген кристалоидты және ерімеген коллоидты бөлшектер бар. Коллоид заттар кристалдардың жабысуынан сақтап, еріген халде сақтайды. -Тастар пайда болуының 2 теориясы бар: - Физика-химиялық теория- тепе-теңдік бұзылғанда кристалдар шөгіп, тасқа айналады. - Матрица теориясы- органикалық негіздің (ядроның)пайда болуына байланысты. Ядро қызметін қан ұйындылары, ыдыраған тіндер, бактериялар атқаруы мүмкін. Осы органикалық қалыпқа кейін тұздар шөгуіне байланысты тастар түзіледі. Тас пайда болуы үшін қанда немесе несепте тұздар концентрациясы артуы керек. Кристализациялық қағида- тұздар еруі азайып, тұнуынан тас байлануын түсіндіретін қағида.
Патогенетикалық факторлар - несепте тұздар концентрациясының артуы (гиперэкскреция, дегидратация, олигурия); - несептің химиялық, стабилизациялық қасиеттерінің өзгеруі (кристаллизация ингибиторларының жеткіліксіздігі) ; - алиментарлық фактор; - урадинамика бұзылыстары (пузырномочеточниковый рефлюкс, повреждение спинного мозга, беременность, гиподинамия, стойкий запор); - инфекциялық фактор (содержащая уреазу флора, шистосомоз).
Тастар түрлері Қазіргі таңда несеп тастарын жіктеу анықталған. 60 -80 % кальцийдің бейорганикалық қосылыстары Оксалаттар (несеп қышқыл не сілтілі) – кальций тұздарының сілтілік қышқылдарынын тұратын тастар, қүнгірт түсті, тығыз. Фосфаттар (несеп қышқыл не сілтілі )- ақшыл сұр түсті, тез үгітіледі. Ураттар (несеп қышқыл ) – несеп қышқылдарынан, оның тұздарынан тұратын тастар, сары-қоңыр түсті, жұмсақ. Көп жағдайда аралас түрде болады. Сирек цистинді, холестериндік, ксантиндік тастар да болады.
Патологиялық анатомиясы Бүйректе пайда болған тастар несеп жолдарын жарақаттап сол жерге қан құйылып, эпителиі түсіп қабынады (пиелит, пилонефрит). Егер тас несеп ағарды тығындап тастаса бүйректе гидронефроз дамиды. Несептің несеп жолдарында іркіліп қалуы осы жерде іріңді инфекцияның дамуына жағдай тудырады.
Несеп жолдарында іріңді инфекцияның дамуы нәтижесінде Іріңді пиелонефрит Жекелеген абцесс Пионефроз Іріңді перинефрит Іріңді паранефрит дамиды. Осы өзгерістер урепсиспен аяқталуы мүмкін. Айтылған асқыну түрлері ауру өліміне алып келеді.
Нефролитаздың патологиялық анатомиясы тастардың көлеміне, орналасу орнына, тастардың пайда болу уақытына, инфекцияның болуыны байланысты. Егер тас түбекшеде орналасса, ол несептің шығарылуын бұзады, пиелоэктазия және гидронефроз дамиды. Тастар тостағаншада орналасса, онда тостағаншаның созылуы және бүйректің паренхимасының кейбір бөліктерінің атрофиясы дамиды. Несеп ағарды тас бітеп қалатын болса гидроуретеронефроз дамиды. Соның нәтижесінде уретрит дамиды және несеп ағардың тарылуы болады.
Заманауи гистохимиялық және электронномикроскопиялық зерттеулердің нәтижесі бойынша нефролитиаз кезінде бүйрек тініне гликопротеидтер, мукополисахаридтер, гиалурон қышқылдары шөгіп қалады. Содан бүйрек паренхимасының атрофиясы және склерозы дамиды.
Корал тәрізді тастар
Қорытынды Қорытындылай келе, бүйрек тас ауруы қазіргі таңда халық арасында кең таралуда. Жоғарыла айтылғандай бұл аурудың даму себептері өте көп, сондықтан да дер кезінде анықтау қиынға соғады. Көбінесе тексеру барысында 2 -лік аурулар қатарында анықталады. Бүйрек- ең маңызды мүшелер қатарында. Сондықтан маңызды мүшеміздің қызметін сақтап қалайық.
Пайдаланған әдебиеттер 1. Ә. Нурмухамбетов. Патологиялық физиология 2. Ж. Ахметов. Патологиялық анатомия-2 3. Қалмурзина. Ішкі аурулар. 4. Х. Н. Мухина. Внутренние болезни 5. А. И. Струков. Патологическая анатомия 6. goool. kz, ru
Буйрек тас аурулары 19.pptx