
sozh3_bt_zhiv_Ayym.pptx
- Количество слайдов: 18
1. Диагностикалық және иммунопрофилактикалық заттар өндіру үшін жануар жасушасының культуралары
Жануарлар клеткасының гибридизация әдісін жүргізудегі бас кездегі қиыншылықтар (тарихы) Иммундық клеткалық инженерияның әдетте пайдаланатын барлық тәсілдерінің бірінші реттік түзетін организм ретінде бүлінбеген немесе иммундалған организм қолданылады. Ол организмнің қанынан белгілі белоктар, иммуноглобулиндер, антиденелер бөлініп алынады. Бұндай типтегі әрбір өндіріс ірі және ұсақ жануарлар виварийінің болуын қажет. Бірақ, бір ескеретін жайт, түрлі немесе бір түрдегі жануарлар белгілі немесе басқа затқа қарсы антидене өндіргенде бірдей антидене өндірмейді. Бірдей антиденелер алу үшін антисывороткалардың адсорбциясы бойынша күрделі технологияларға жүгінуге тура келеді. Бұл жануарлардың тек жеке ерекшеліктерімен ғана емес, сонымен қатар организмнің иммундық жүйесінің клеткаларының клондау қасиетімен де байланысты. Иммундық жүйенің әрбір лимфоидтық клоны ерекше антидененің вариантын өндіреді. Атисывороткадағы антиденелер моноклональды емес, бұл бір-біріне өте ұқсас, бірақ бірдей емес антиденелердің жүйесі. Олардың моноклональды болмау себебінен әр түрлі лабораторияларда алынған иммундық реагенттер бірдей емес. Жоғары ерекшеліктерге ие бол, анымен олар моноклональды болмағандықтан идеалды иммундық реагенттер болып табылмайды. Соңғы жылдары бұл мәселе иммунология тарихында организмнен тыс клетка культурасынан моноклональды антидене алу (МАД) әдісін ойлап табу арқылы шешілді.
Моноклональды антидене алудағы жетістіктер (тарихы): • 1975 жылы Жорж Кѐлер, Сезар Мильштейн және Ниелс К. Джерне моноклональды антидене алу процесін зерттеді. 1 -сурет. Жорж Кѐлер, Сезар Мильштейн и Ниелс К. Джерне (солдан оңға қарай)
Моноклональды антидене алу тәсілі Ғалымдар клеткалық гибридтердің алу тәсілін зерттеп шығарды. Ол тәсіл миеломды штамм клеткаларымен культивирленген қоректік ортамен иммундалған жануарлардың нормадағы лимфоциттерінің қосылуынан түзілетін – гибридомаға негізделген. Гипоксантинфосфорибозилтрансфераза ферменті болмайтын штаммдар қолданылды. Нәтижесінде олардың гипоксантин, аминоптерин, тимидиннен (ГАТ) тұратындары селективті қоректік ортада өледі. Лимфоциттер бұл ортада өлмейді. Полиэтиленгликоль көмегімен лимфоцит клеткаларының миеломды клеткалармен қосылуы жүзеге асады. Қосылған гибридомдық клеткалар лимфоциттен арнайы антидене синтездеу қасиетіне және ГАТ бар қоректік ортада тіршілік ету қабілетіне ие болады. Ал миеломды клеткадан in vitro жағдайында шексіз көбею асиетін алады. Олардан синтезделетін моноклональды антиденелердің шексіз санын алуға болады. Бір клоннан өндірілетін антиденелер молекуласы бойынша, олардың типтері бойынша, ерекшеліктері бойынша бірдей болып келеді. Олар тек бір антигенмен әрекеттеседі. Осындай тәсілмен қан белоктарына қарсы, ерекше антигендерге қарсы, орандарға, ісік және нормальды клеткаларға, вирустарға қарсы, бактериялар мен паразиттеге қарсы антиденелер алуға болады. Қазіргі таңда МАД алу клеткалық инженерияның негізі болып табылады.
Клеткалардың қосылу механизмі. Гибридомалар алу Гибридомаларды алу процедурасының негізгі кезеңдері: 1. Жануарлардың иммунизациясы 2. Клеткалардың бірігуіне дайындық 3. Клеткалардың бірігуі 4. Клондардың продуцент ерекше антиденелерін таңдап алу 5. Клондау және реклондау 6. Гибрид клеткаларымен синтезделетін антиденелерді табу 7. Моноклональды антиденелердің көп мөлшерде өңделуі. Антиденеден құралған культуралды сұйықтық алу. 8. Антиденелерді бөлу және тазарту.
Гибридизация схемасы клеткалардың бірігуі негізгі культура моноклональды антидене өндірісі таңдалған клонды өсіру қажетті клонды таңдап алу
Моноклональды антиденелердің қолданылуы МАД Медициналық диагностика Медицинада терапевттік қолданылуы Биосенсорлар, микробиочиптер Кардиологиялық ауруларда, Онкология, Инфекциондық ауруларды, Ішкі ауруларда Фармацевтика Дәрілік препараттарды тазалауда
Омыртқасыздардың жасушалар мен ұлпаларын өсіру
• Жәндіктердің жасушаларын өсіруге алғашқы әрекеттер 20 ғасырдың басында жасалды. Алайда, ұзақ уақыт бойы ғалымдар арасында омыртқасыздардың жасушаларын культурада өсірудің ешқандай практикалық маңызы жоқ деген пікір болды. Осы себепті, жәндіктер жасушаларының культура саласында ғылыми-зерттеу жеткілікті белсенді болған жоқ.
• Омыртқасыздардың жасушалар мен ұлпаларын өсіру жайлы мәселелер 60 - шы жылдары күшті зерттеле бастады. Осы жылдары Т. Д. Грейс ең алғаш рет эвкалипті жібек құртының аналық безінің ұлпасынан in vitro- да жақсы өсетін 4 желісін алды. 1976 жылы бұндай желілердің(линии) саны 120 -дан астам болса, 1983 жылы олардың саны 200 -ге дейін жетті.
• Омыртқасыздардың жасушалары мен ұлпаларының культурасын алу үшін: Ø эмбриондар; Ø имагинальдық дисктер; Ø жәндіктердің органдары; Ø гомоциттер; Ø аналық бездер; Ø дененің майлы бөліктері керек. Ø Жәндіктердің личинкалары мен қуыршақтары- культивирленген клеткаларды алудың қайнар көзі болып табылады.
• Жәндіктер жасушаларының біріншілік культураларын алу әдістері жақсы дайындалған. Ол келесі қадамдарды қамтиды: q жәндіктердің бетін және культивирлеуге қатысатын ұлпаларды залалсыздандыру; qжасушалар диссоциациялануы; qоларды қоректік орталарға трансплантациялау.
• Біріншілік жасушалық культуралардың тіршілік ету мерзімі шектелген. Белгілі бір уақыт өткен соң культура қартайады, нәтижесінде: ü цитоплазма түйіршіктенеді; ü жасуша дөңгелектеліп, умаждалад; ü жасуша мен қатты субстраттың арасындағы байланыс жоғалады.
• Вирусологтардың күштері тұрақты жасушалардың желілерін алуға бағытталды. Яғни, жасанды қоректік ортада шексіз культивирленуге қабілеті бар жасушаларды алу. Қазіргі таңда орман және ауылшаруашылығын зақымдайтын клеткалардың желілері белгілі. Мысалы: v непарный шелкопряд; v капустная металловидка; v хлопковая совка; v табачная совка және т. б.
Непарный шелкопряд — 300 - ге жуық өсімдіктерің түрін, біраз қылқанжапырақтыларды, көптеген бұталарды зақымдайды. Әсіресе мына тұқымдарды – емен, қайың, терек, үйеңкі, тал, қара өрік, алма. Бұл орман типтік зақымдағыш. Көптеп көбейетін кезінде орманның орман ағаштарын жеп тастайды.
Капустная металловидка Табачная совка Хлопковая совка
Қоректік орталар • Омыртқасыздардың жасушалары мен ұлпаларын культивирлеуде қолданылатын қоректік орталар құрамы бойынша өзгеше болып келеді. Қоректік ортаны жасау барысында гемолимфалардың құрамы туралы мәліметтер қолданылады. Бұл қоректік орталардың сүтқоректілердің қоректік орталарынан айырмашылығы: органикалық қышқылдардың, аминқышқылдардың және осмостық қысымның жоғары деңгейде болуы.
Пайдасы • Омыртқасыздардың сүтқоректілерге қарағанда жасушалық культураларының биотехнологиялық өндірісте біраз пайдасы бар: Ø бөлме температурасында культивирлеуге мүмкіндік бар; Ø қоректік ортаның арзан болуы; Ø CO 2 - нің инкубаторларда қажеттілігінің болмауы; Ø культкрадағы жоғары деңгейдегі тығыздық және т. б.
sozh3_bt_zhiv_Ayym.pptx