Псих.служба лекции.ppt
- Количество слайдов: 161
1 дәріс. Білім берудегі әлеуметтік психологиялық қызметтің қазіргі жағдайы, |моделі, құрылымы. Білім берудегі әлеуметтік психологиялық қызмет жұмысының ерекшеліктері, мақсат-міндеттері.
Жоспары: 1. Әлеуметтік психологиялық қызмет құру ерекшелігі. 2. Әлеуметтік психологиялық қызмет жұмысының негізгі мақсат міндеттері.
Психологиялық қызметтің 4 аспектісін қарастыруға болады. Ғылыми аспект. Қолданбалы аспект. Практикалық аспект. Ұйымдастырушы аспект.
Ғылыми аспект барысында практик психолог әдіснамалық және теориялық проблемаларды ғылыми зерттей алуы қажет. Ең негізгі міндет психодиагностикалық, психокоррекциялық, психопрофилактикалық және даму бағдарламаларын ғылыми түрде айқындай алу.
Қолданбалы аспект білім мекемелеріндегі қызметкерлердің психологиялық білімді қолдана алулары. Бұл жерде педагогтар, әдіскерлер, тәрбиешілер т. б. Психологиялық білімсдерін қолдана алу. Бағдарламалар жасаған кезде психологиялық білімдерді ескереді.
Білім беру жүйесінде балалармен жұмыс жасау міндеттері: • Баланы әлеуметтендіру, яғни білім беру мекемесі мен өз тобына, сыныбына, жаңа ережеге және қарым-қатынасқа бейімдеу; • Жас кезеңіндегі баланың психикалық дамуын қалыпты ету; • Бала дамуындағы өзіне ғана тән ерекшелігін, әрекетінің және қарым-қатынасының жеке стилін қалыптастыру; • Баланы өзін-өзі жетілдіруіне және тұлғалық өсуіне ықпал ету; • Баланың эмоциялық және ерік сипаттарын тұрақтандыру; • Баланың танымдық қабілетін, қарым-қатынасын және қайтымды байланысын белсенді ету; • Балалармен топтағы тұлғаралық қатынасын оңтайландыру; • Балалардағы психологиялық ауытқулар мен бұзылулардың алдын алу.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Әлеуметтік психологиялық қызметтің негізгі мәселелері? 2. Әлеуметтік психологиялық қызмет құру аспектілері қалай жіктеледі? 3. Әлеуметтік психологиялық қызмет көрсетудің негізгі міндеттері.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: Негізгі әдебиет: 1. И. В. Васильева. Организация психологической службы. Изд: Флинта. 2013. 2. Матвеева Е. В. Психологическая служба. Киров. Изд. Вят. ГГУ. 2014. 3. Ахтаева Н. С. Психологическая служба в школе: Учебное пособие. Изд. 2 –е, допол. и перераб. – Алматы: Қазақ университет, 2011. - 269 с.
2 дәріс. Білім берудегі әлеуметтік психологиялық қызметтегі әлеуметтік педагогтың жұмыс мазмұны. Әлеуметтік педагог құқығы, кәсіби этикалық кодексі.
Жоспары: 1. Әлеуметтік психологиялық қызмет жұмыс мазмұны. 2. Әлеуметтік педагогтың этикалық кодексі.
• Психологиялық қызмет әлеуметтік ортаның барлық салаларында кеңінен тарап келе жатыр. Білім беру жүйесінде, оның ішінде орта мектепте, осы қызметті ұйымдастырудың өзіне тән қиындықтары мен шешілмеген проблемалары өте көп. Мектептегі әлеуметтік педагог жұмыс мазмұнын анықтау үшін басқа мемлекеттерде қалыптасқан тәжірибені зерттеу қажет болды.
• Көпшілікке психологиялық қызмет көрсету ХVIII ғасырда кезінде Батыс Еуропа елдерінде аяқ ала бастады. ХIХ ғасырда психологиялық зерттеулерге қызығушылық кеңінен тарағандықтан АҚШ, Германия, Франция т. б. елдерде әлеуметтік-психологиялық зертханалар ашылып, талапкердің психофизиологиялық ерекшеліктерін бағалап беруге мүмкіндік туды. Осы елдер тәжірибесін зерттеп жүйеге келтірген ғалымдар З. А. Малькова, В. М. Вульфсон, К. Р. Рональдо, Г. Б. Радионов, И. А. Соколова, А. С. Овчинников.
Өткен ғасырда жасалған көптеген психодиагностикалық әдістемелерді және оларды пайдалану ережелерін қазіргі кездегі психологиялық қызметте, бұрынғы кеңес мектептер тәжірибесінде қолдану жолдарын анықтағандар М. Р. Битянова, И. В. Дубровина, Л. И. Прихожан, Р. С. Немов, В. Г. Гильбух, Е. И. Рогов, Р. Римский, С. Рмисая т. б. ғалымдар жасады.
• Олардың үлгі моделін жасағанда М. Р. Битянованың психодиагоностикалық минимумдар негізінде барлық жұмысты ұйымдастыру ыңғайлы болып табылады. Сонымен қатар И. В. Дубровина мен Л. И. Прихожан жасаған «Положение о школьной психологической службе» деген еңбекке сүйене отырып көптеген мәслелердің мәнмағынасын ашып алуға мүмкіндік туады.
Этикалық кодексі: 1. Қауіп келтірме! Өз білімдеріңді дұрыс қолдана біл. 2. Бағалама! Жағымсыз бағалауларыңды дауыстап айтпа. 3. Адамды сол қалпында қабылдай біл. 4. Кәсіби құпияны сақтау. Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар жайлы ақпараттарды жариялауға қатаң түрде тыйым салынады. 5. Оқушылар мен қызметкерлер бар жерде, жұмыстағы әріптестеріңмен араларыңдағы түсініксіз мәселелерді шешпе.
6. Компетентті бол! Техникалар мен әдістерді жетік білмесең, қолданба. 7. Клиентпен қарым-қатынаста дистанцияны ұстана біл. 8. Клиенттің өз іс-әрекеті мен өміріне деген жауапкершілік құқығынан айырма. 9. Клиентті қате ақпараттандырма! Себебі клиент дұрыс емес шешім қабылдауы мүмкін. 10. Клиенттің әртүрлі шараларға қатысуындағы еріктілік принципін ұстан! 11. Өзіңді тұлға және маман ретінде сыйлай біл!
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Әлеуметтік психологиялық қызметтің мазмұны? 2. Әлеуметтік психологиялық қызмет көрсету кезіндегі этикалық кодекстер қалай жіктеледі? 3. Әлеуметтік психологиялық қызмет кедекстеріне талдау жасаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: Негізгі әдебиет: 1. И. В. Васильева. Организация психологической службы. Изд: Флинта. 2013. 2. Матвеева Е. В. Психологическая служба. Киров. Изд. Вят. ГГУ. 2014. 3. Ахтаева Н. С. Психологическая служба в школе: Учебное пособие. Изд. 2 –е, допол. и перераб. – Алматы: Қазақ университет, 2011. - 269 с.
3 дәріс. Білім берудегі әлеуметтік педагог жұмысын ұйымдастыру. Мектептегі әлеуметтік педагог қызметі, оның жұмыс жасау ерекшелігі.
Жоспары: 1. Білім беруде әлеуметтік педагог жұмысын ұйымдастыру. 2. Білім берудегі әлеуметтік педагог қызметі. 3. Әлеуметтік педагог қызметінің негізгі ерекшеліктері.
Білім беру жүйесінде әлеуметтік психологиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға соңғы кезде үлкен назар аударылуда, өйткені оқушылардың жеке ерекшелігін, танымдық процестерін толық меңгеруге, ата-аналар мен мұғалімдердің көптеген мәселелерін шешуге, психологиялық жағынан көмек беруге мұғалімдердің өздеріне өте қиын. Сондықтан да әр мекеме жүйесінде әлеуметтік психологиялық қызметті ұйымдастыру күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі болып отыр.
Білім мекемесіндегі әлеуметтік психологиялық қызмет – әрбір баланың толыққанды тұлға болып қалыптасуына және дамуына әсер ететін жағдайлармен қамтамасыз ету негізгі мақсаты болып табылады.
Білім берудегі әлеуметтік психологиялық қызметтің негізгі мақсаты — мектеп оқушыларының жеке тұлға ретіндегі қалыптасуына, олардың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына, қабілеттері мен бейімділіктерінің дамуына көмектесу; олардың психологиялық ерекшеліктерін терең зерттеу; оқушылардың психикалық дамуындағы ауытқушылықты, кешеуілдеуді болдырмаудың жолдарын іздестіру; мұғалімдер ұжымында психологиялық ахуалды қалыптастыру; атааналар үшін психологиялық сауаттандыру, білім беру сабақтарын ұйымдастыру.
Әр балаға жекелей ықпал етуді және осыған сәйкес балалардың психологиялықпедагогикалық жағын зерттеу ерекшеліктерін қамтамасыз ету маңыздылығымен анықталады.
Әлеуметтік педагогтың қызмет мазмұны 1. Әлеуметтік педагог өз қызметін үш бағытта жүргізеді • Балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін психодиагностикалық, психокоррекциялық қызмет әдістерін негіздеп сараптайды және өңдейді. • Социумдағы әлеуметтік жағдайды зерттеп және оған болжам жасау арқылы отбасы мен балаларға әлеуметтікпедагогикалық көмек формаларын және түрлерін ұсынады. • Баланың жан-жақты психологиялық дамуына жағдай жасау, оқу мен тәрбиеге теріс көзқарасты жою, салауатты өмір салтына оңды көзқарас қалыптастыру, бала тұлғасы дамуының бұзылу себептерін анықтап, алдын-ала сақтандыру шараларын жүргізу, үгіт-насихат жұмыстары арқылы педагогтар мен балалардың психологиялық, құқықтық біліктілігінің жоғары болуымен анықталады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Білім жүйесінде әлеуметтік психологиялық қызметті ұйымдастыру жолдары? 2. Әлеуметтік педагогтың негізгі қызмет түрлері қалай жіктеледі? 3. Әлеуметтік педагог қызметтеріне салыстырмалы талдау жасаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: Негізгі әдебиет: 1. И. В. Васильева. Организация психологической службы. Изд: Флинта. 2013. 2. Матвеева Е. В. Психологическая служба. Киров. Изд. Вят. ГГУ. 2014. 3. Ахтаева Н. С. Психологическая служба в школе: Учебное пособие. Изд. 2 –е, допол. и перераб. – Алматы: Қазақ университет, 2011. - 269 с.
4 дәріс. Білім берудегі әлеуметтік педагогтың жұмыстарының ерекшеліктері.
Жоспары: 1. Білім берудегі әлеуметтік педагог жұмысы. 2. Білім берудегі әлеуметтік педагог жұмысының ерекшеліктері. 3. Әлеуметтік педагог жұмыстарына сипаттама.
Әлеуметтік педагог жұмысының негізгі бағыттары. Ұйымдастырушылық-әдістемелік бағыт – әлеуметтік педагогтың кәсіби қызметін ұйымдастыру, жоспарлау және әдістемелік қамтамасыз ету. Жұмысты жоспарлау; бір жылда істелген жұмыс туралы есеп-талдау құру; диагностикалық ісшараларды дайындау; нәтижелерді өңдеу, хаттама, зерттеулер талдауын жазу; кеңес беруге және ағартуға, профилактикаға т. б. материалдар дайындау; ағымдағы құжаттаманы жүргізу (қызмет түрлерін есепке алу журналын, әлеуметтік педагог жұмысының кестесін, кеңес берулерді, зерттеулер актілерін, талап арыздарды, ұсынымдарды, сұрауларды, хаттамаларды есепке алу журналын толтыру); портфолио толықтыру (оқутәрбие үдерісінің (бұдан әрі – ОТҮ) барлық қатысушылары үшін нормативтік құқықтық база, деректер базасын, бағдарламалар, материалдар, психологиялық-педагогикалық мінездемелер т. б. құру).
Профилактикалық бағыт. Мақсаты: дамудың, әлеуметтенудің, оқу қиындықтарының, өзара қарымқатынастар проблемаларының өзекті міндеттерін шешуде оқушыларға, олардың ата-аналары мен педагогтарға көмек көрсету; оқушылардың ауытқымалы мінез-құлқы фактілерін ерте кезеңде анықтау және ескерту.
Әлеуметтік-құқықтық бағыт. Мақсаты: әлеуметтік қорғауға, қамқоршылыққа, қорғаншылыққа мұқтаж оқушыларды (мүгедек балалар, дарынды балалар) анықтау және қолдау; түрлі инстанцияларда (педагогикалық кеңес, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу жөніндегі кеңес т. б. ) балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау (өмірдің қиын жағдайларына тап болған оқушыларға ерекше көңіл бөлу).
Талдау-диагностикалық бағыт Мақсаты: оқытуда және дамуда проблемалар пайда болуының себептерін анықтау үшін оқушылардың дербес ерекшеліктерін әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық зерделеу; коррекциялық жұмыс барысында арқа сүйеуге болатын тұлғаның күшті жақтарын, оның резервтік мүмкіндіктерін айқындау; кәсіби және танымдық қызығушылықтарды ерте кезеңде анықтау; танымдық қызметтің т. б. дербес стилін айқындау.
Әлеуметтік-диспетчерлік бағыт оқушыларға білікті әлеуметтікпедагогикалық көмек көрсету үшін басқа құрылымдарға немесе мамандарға қайта жіберуі. Диспетчерлік функцияларды жүзеге асыру үшін кәсіби қызметтер көрсететін түрлі әлеуметтік қызметтер, құрылымдар туралы шынайы деректер банкі қажет.
Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру Негізгі бағыттар: бейімделмеу құбылыстарының алдын алуға бағытталған қызмет (әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық); балалар мен ересектердің тұлғалық өсуі арқылы олардың әлеуметтік бейімделу деңгейін көтеру; нормадан қандай да бір ауытқулары бар оқушыларды әлеуметтік оңалту бойынша жұмыс.
Әлеуметтік-педагогикалық сауаттандыру Мақсаты: әлеуметтік педагогтың қызметінде атааналарды әлеуметтік-педагогикалық сауаттандырудың негізгі теориялық аспектілерін және білім беру ұйымындағы ата-аналармен жұмыстың өзекті нысандары мен әдістерін ашу.
Білім берудегі әлеуметтік серіктестік Әлеуметтік элементтердің, түрлі әлеуметтік топтар өкілдерінің бірлескен бөлінген жұмысы, оның нәтижесі осы қызметтің барлық қатысушылары қабылдайтын оң әсерлер болып табылады.
Өзіндік білім алу Белгілі бір тұлғалық және қоғамдық маңызы бар білім беру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған, арнайы ұйымдастырылған, өзіндік, жүйелі танымдық қызмет. Мақсаты: танымдық қызығушылықты, жалпы мәдени және кәсіби сұранымдарды қанағаттандыру, жұмыс әдістері мен нысандарын жетілдіру мақсатында білікті арттыру.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Білім жүйесінде әлеуметтік педагог жұмысын ұйымдастыру жолдары? 2. Әлеуметтік педагогтың негізгі жұмыс ерекшеліктері қалай жіктеледі? 3. Әлеуметтік педагогтың негізгі жұмыстарына салыстырмалы талдау жасаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: Негізгі әдебиет: 1. И. В. Васильева. Организация психологической службы. Изд: Флинта. 2013. 2. Матвеева Е. В. Психологическая служба. Киров. Изд. Вят. ГГУ. 2014. 3. Ахтаева Н. С. Психологическая служба в школе: Учебное пособие. Изд. 2 –е, допол. и перераб. – Алматы: Қазақ университет, 2011. - 269 с.
5 дәріс. Орталықтағы маманға қойылатын талаптар.
• • • Психолог тұлғасына қойылатын талаптарды келесі сипаттамалар бойынша көрсетуге болады: (Р. В. Овчарова). 1. жоғары ақыл – ой қабілеттері; 2. адамдармен жұмыс жасауға, белсенді топтарды оңай құрастыруға бейім; 3. есте сақтау қабілеті жоғары; 4. бірлескен іс - әрекеттерді жақсы көру, жауапкершілік, өзіне бағындыра алу, практикалық сұрақтарды тез шеше алатын;
• Қандай тұлғалық көрсеткіштер психолог жұмысымен сәйкестендірілмейді? • Бұл тұлғаның жетілмеуі, « эго» күшінің төмендігі, интеллект деңгейінің төмен болуы, эмпатияның жоқтығы, ойлауының тәуелсіздігі, өз проблемаларын шеше алмау, ұйымдастырушы қабілетінің төмендігі, стресске қарсыласуының төмендігі, үрей сезімінің жоғары болуы.
Лауазымдық міндеттері: Білім алушылардың психикалық және әлеуметтік амандығын сақтауға бағытталған кәсіптік қызметін жүзеге асырады. Әр түрлі бейінді және бағыттарда психология-педагогикалық диагностика өткізеді. Білім алушылардың жеке тұлғасы мен әлеуметтік мәселелерін шешуге педагогикалық ұжымын бағдарлау мақсатында психология-педагогикалық қорытынды шығарады және оны талдайды. .
Білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады. Білім алушыларға психологиялық қолдау көрсетуді жүзеге асырады, өмірлік және кәсіптік тағдырын өзі шешу де әртүрлі жағдайларда бағдарлануға олардың дайын болуын дамытуға жәрдем етеді.
Әлеуметтік дезадаптацияның пайда болуын алдын алу іс-шараларын жүзеге асырады, психологиялық көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды (психокоррекциялық, сауықтыру және консультациялық). Психологияны практикалық қолдану мәселелері жөнінде педагогтарға кеңес береді, педагогтардың, ата-аналардың әлеуметтік-психологиялық құзыретін арттыруға жәрдем етеді.
Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғау талаптарын орындайды. Есептілік құжаттамаларды белгіленген нысан бойынша жүргізеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституцияс ын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , " Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы ", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын,
педагогика және психология теориясын, жастық физиологиясын, гигиенасын, белсенді оқытудың әдістерін, қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық тренингісін, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын; педагогтік ғылымның дамуы мен жетістіктерінің негізгі бағыттарын; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: "Психология" мамандығы бойынша жоғары білімі немесе бейін бойынша медициналық жоғары білімі.
6 дәріс. Білім беру мекемесіндегі әлеуметтік педагог жұмысын жоспарлау. Әлеуметтік психологиялық қызмет |жоспарының календарлық және күнделікті түрлері. Жоспардың негізгі |бөлімдері.
Жоспары: 1. Білім берудегі әлеуметтік педагог жұмыс жоспар ерекшелігі. 2. Білім берудегі әлеуметтік педагог жұмыс жоспарларының негізгі түрлері. 3. Жоспарды рәсімдеу ерекшеліктері.
Білім беру мекемелеріндегі психологтың жұмыс жоспарына қойылатын талаптар: 1. Жоспар құру барысында мыналарды ескеру қажет: - өз жұмыс мекемесіндегі білім беретін іс-әрекет мақсаты мен міндеттерді; - ҚР Конституциясына, «Білім туралы» заңға, «Баланың құқы туралы Конвенциясына» , «Білім және ғылым министрлігінің нормативті құжаттарына және облыстық білім басқармасының бұйрығына сәйкес баланың қызығу құқықтары басымдылықтары» және т. б. 2. Жұмыс жоспарына төмендегі бағандарды енгізу қажет: № Жұмыстың аты Жүргізу жағдайы Жауапты Уақыты Күтілетін нәтиже
Болашақ жұмыс жоспары психологтың жұмыс мақсаты мен бағыттарын ендіріп, бір жылға жасалады. Оқу жылына арналған мектеп психологының іс-әрекеттік жұмыс жоспары 1. Мектеп психологының іс-әрекетіне қосымша жұмыстардың мазмұны: - бірінші сыныпқа қабылдау; - бастауыш сыныптағы оқушылардың мектепке бейімделуі; - орта буынға өтуі; - орта буынға бейімделуі; - жасөспірім дағдарысы; - жоғары сыныпқа бейімделу. -
Жұмыс жоспарын апталық, айлық немесе кварталдық немесе тоқсанға есептік ретінде құрастырылады. Мектеп психологының күндік жұмыс жоспары (апталық жоспардың үлгісі) - сабаққа белгілі бір мақсатпен қатысу (сабаққа үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс); - сынып оқушыларына психологиялық зерттеу жүргізу (оқу мотивациясы, мұғалімдерге қатынасы); - пән мұғалімдеріне арналған топтық кеңес (жасөспірімдердің оқу мотивациясын диагностикалау мен қалыптастыру); - белгілі бір тақырыпта дәріс өткізу; - «қауіпті топқа» жататын оқушылардың ата-аналарымен жеке кеңестер жүргізу; - жасөспірімдердің ата-аналарына арналған өзекті мәселелерге қатысты тақырыпта дәріс өткізу.
• • • Тест нәтижелеріне есеп-беру кестесі № Тестіден өтушінің аты-жөні Диагностикалық тапсырманы орындау нәтижесі Қорытынды Күні Жүргізушінің аты-жөні Қорытынды пікір Қолы
• • • • Психологтың кеңес беру журналының үлгісі № Күні Жүргізу уақыты Кеңес алушы жасы жынысы Аты Келген себебі Мәселесі Кеңес беру нәтижесі Кеңесші 2 бағанда кеңестің басталған және аяқталған уақыты болашақта жұмысты жоспарлауда кеңес беру ерекшелігін ескеруге болады. • 3 б бағанынында кеңес алушы қалай өзін атайды немесе анонимдік атаумен жазу керек.
• • • • Топтық жұмысты есепке алу журналының үлгісі № Қатысушының аты-жөні Тренинг не сабақ тақырыбы Кездесу күні Қатысқанын белгілеу Жүргізуші Ескерту Жұмыстың топтық формасына жататындар: - балалармен, ересектермен тренинг; - балалармен түзету және дамыту сабақтары; - семинарлар, дәрістер, практикалық және әдістемелік сабақтар; - мұғалімдермен, оқушылармен іскерлік ойын.
• • • • • • Балаға психологиялық, медициналық, педагогикалық көмек көрсету картасы. Карта № Зерттеуді жүргізетін: Айы-күні: Аты-жөні: Туған күні, айы, жылы: Білім беру мекемесі: Сыныбы, тобы: Мекен- жайы , телефоны: Ата- анасының аты- жөні: Кім жіберген: Қаралу себебі: Қысқаша анамнезі: Жанұясы: Өмір сүру жағдайы: Қаралу кезіндегі шағымдары: Білім мекемесіне байланысты болған проблемалары: Оқыту мен тәрбиелеу кезіндегі қиындықтар: Негізгі пәндер бойынша бағалары: Жүріс тұрыс нормаларын меңгеру кезіндегі қиындықтар: Әлеуметтік байланыс ерекшеліктері: Қорытынды: Нұсқау:
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Білім жүйесінде әлеуметтік педагог жұмыс жоспарын жасаңыз? 2. Әлеуметтік педагог жұмыс жоспарын жасау ерекшеліктері қандай? 3. Әлеуметтік педагогтың жұмыс жоспарын рәсімдеу.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: Негізгі әдебиет: 1. И. В. Васильева. Организация психологической службы. Изд: Флинта. 2013. 2. Матвеева Е. В. Психологическая служба. Киров. Изд. Вят. ГГУ. 2014. 3. Ахтаева Н. С. Психологическая служба в школе: Учебное пособие. Изд. 2 –е, допол. и перераб. – Алматы: Қазақ университет, 2011. - 269 с.
7 дәріс. Психологиялық-педагогикалық консилиум ұйымдастыру ерекшеліктері. Психологиялықпедагогикалық консилиум – оқушылардың |әлеуметтікпсихологиялық дамуы ретінде.
Жоспары: 1. Консилиум жайлы жалпы түсінік. 2. Білім берудегі консилиумның негізгі мақсаттары. 3. Консилиумның негізгі кезеңдері және түрлері.
Кеңесші орган ретінде консилиумның негізгі мақсаты – жалпы білім беретін мектептің оқутәрбие процесіне енгізілген балаларды қолдау стратегиясын анықтап және түзету дамытушылық жұмыстарын жүргізудің жеке жоспарларын әзірлеп қана қоймай, баланың дәстүрлі ортаға әлеуметтенуіне, неғұрлым жоғары деңгейде әлеуметтік бейімделуіне арналған шаралар мен жолдарды анықтау.
Консилиум: – білім беру ұйымының барлық педагогтік ұжымына – бала тұлғасын барлық параметрлерін (психологиялық және психикалық дамуын, дамуындағы әлеуметтік жағдайды, денсаулық жағдайын, педагогикалық әрекеттердің оңтайлылығын) есепке алу арқылы қарастыруға, сонымен қатар әр білім алушының мүддесіне қарай оқу-тәрбие процесіне қатысушы субъектілердің арасында міндеттер мен жауапкершілікті бөлу арқылы қолдаудың жалпы бағдарламасын белгілеуге мүмкіндік береді; – сынып жетекшісіне – қарым-қатынастың ерекше тәсілдерін қажет ететін бала туралы білетінін, сол баламен қарым-қатынаста болатын консилиум қатысушыларына жеткізу;
- Әлеуметтік педагогқа – оқыту мен тәрбиелеудің неғұрлым жақсы жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында, баланың танымдық және эмоциялық жағдайларына әділ баға беру арқылы және оның білім алуға талпынысын есепке ала отырып әр педагогқа жеке бағдарлама әзірлеуге көмек көрсету; – әкімшілікке – балаға көмек көрсетудің біріккен стратегиясын әзірлеу барысында оқутәрбие процесіне қатысушы педагогтардың, психологтардың және басқа да субъектілердің күшін үйлестірге мүмкіндік береді
Психологиялық-педагогикалық консилиум іс-әрекеттің келесі бағыттарын жүзеге асырады: 1. ықтимал «қауіп тобын» анықтау мақсатында консилиумның барлық мамандары білім алушылардың скрининг-диагностикасын жүзеге асыруды ұйымдастырудың іс-шараларын өткізу; 2. ықтимал «қауіп тобы» балаларының ішінен психологиялықфизикалық ауытқулары немесе білім беру бағдарламаларын меңгеруде қиындықтары бар балаларды анықтау; жеке диагностика өткізу және бала проблемасының мәнін анықтау; 3. даму ерекшеліктері бар білім алушылар үшін жеке түзете - білім беру бағдарламаларын әзірлеу, білім беру бағытын таңдау; 4. қолдаудың жеке бағдарламаларын жүзеге асыру, түзетедамытушылық іс-шараларын жүзеге асыру, кеңес жұмысының бағыттарын анықтау; 5. психологиялық-педагогикалық қолдаудың нәтижелілігін қадағалау.
Консилиумның жұмысын ұйымдастыру үш кезеңде жүргізіледі. 1 -кезең. Дайындық кезеңінде консилиумға дайындықты әр қатысушы жеке жүргізеді. Балаға кешенді зерттеу жүргізу үшін жұмысты бастардың алдында ата-ананың келісімін алу қажет. Ата-аналардың келісімі құжатқа тіркелуі тиіс, бұл сараптамаға байланысты кикілжің жағдаяттардың алдын алуға мүмкіндік береді.
2 -кезең. Консилиум жұмысының бұл кезеңінде жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша алқалы отырыс өткізіледі. Зерттеулер қорытындысын алқалы талқылау бала дамуының сипаты мен ерекшеліктері туралы бірыңғай көзқарас қалыптастыруға, оның бұдан әрі дамуын жалпы болжауды және қажетті түзету-дамытушылық ісшаралар кешенін анықтауға мүмкіндік береді.
3 -кезең – ППк шешімдерін жүзеге асыру; жеке бағдарлама құру; психологиялық түзету бойынша ұсыныстар; мамандар іс-әрекетін үйлестіру; қолданыстағы бағдарламаларды түзету; мәселе бойынша педагогтар мен атааналарға кеңес беру және т. б.
Консилиум түрлері: • Алғашқы консилиум; • Жоспарлы консилиум: • Жедел консилиум.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Білім жүйесіндегі педагогикалық консилиум жоспарын жасаңыз? 2. Консилиумның негізгі кезеңдерінің ерекшеліктері қандай? 3. Консилиумның негізгі түрлеріне сипаттама жасаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: Негізгі әдебиет: 1. И. В. Васильева. Организация психологической службы. Изд: Флинта. 2013. 2. Матвеева Е. В. Психологическая служба. Киров. Изд. Вят. ГГУ. 2014. 3. Ахтаева Н. С. Психологическая служба в школе: Учебное пособие. Изд. 2 –е, допол. и перераб. – Алматы: Қазақ университет, 2011. - 269 с. 4. Ямбург Е. А. , Забрамная С. Д. Управление службой сопровождения детей в условиях образовательной организации. Практикоориентированная монография. Москва. : Бослен – 2013.
8 дәріс. Білім берудегі әлеуметтік педагогтың педагогикалық ұжыммен жұмыс ерекшеліктері. Әлеуметтік педагог және мектеп әкімшілігі: өзара қатынас |жасау мәселелері. Әлеуметтік педагог және педагогикалық ұжым. Олармен әдістемелік семинарларды ұйымдастыру ерекшеліктері.
Жоспары: 1. Әлеуметтік педагогтың педагогикалық ұжыммен жұмыс ерекшелігі. 2. Ұжымдағы әлеуметтік психологиялық климаттың алатын орны. 3. Әлеуметтік психологиялық климат жақсарту жолдары.
Әлеуметтік-психологиялық климат ұжым мүшелерінің бірлескен іс-әрекет пен өзара катынас процесінде көрінетін ұжымның сезімдікпсихологиялык жағдайларының жүйесін білдіреді. •
Әлеуметтік-психологиялық климатты осылай түсіне отырып, оның мынандай негізгі қызметтерін атауға болады. Педагогикалық ұжымның әлеуметткпсихологиялық климатының топтастырушылык қызметі ұжым мүшелерінің оқу-тәрбие міндеттерін шешуге ұжымдық күш-жігерді топтастыруын, бірігуін іске асырады. Ынталандырушылык кызметі педагогикалық әрекетгің қолдануына қажетті ұжымның «эмоциалдық күш-қуатын» қалыптастыруға байланысты.
Тұрақтандырушылық қызметі ұжым ішілік тұрақтылығын қамтамасыз етіп, ұжымға жаңа мүшелердің енуіне қажетті алғышарт жасайды. Реттеушілік қызмет өзара қатынас нормаларын нығайтуда, ұжым мүшелерінің тәртібіне баға беруде керінеді.
Психологияда қолайлы әлеуметтікпсихологиялық климаттың басты көрсеткіштерін айқындау бағытында зерттеулер жүргізілуде. Бір жағдайларда көрсеткіш ерекшеліктері ретінде тұлғааралық, адамгершілік, сезімдік, құқықтық өзара қатынастар қарастырылса, ендігі бір жағдайларда ұжымдық әрекет тиімділігінің барынша жалпы сипатгамасына баса мән беріледі.
Ондай сипаттамаларға мыналар жатады: • ұжым мүшелерінің ұжымда болғанына, ондағы еңбек процесі мен нәтижесіне қанағаттануы; • ресми жөне бейресми жетекшілердің беделін мойындауы; • ұжымдағы жарқын, көтеріңкі көңіл-күй; • ұжым мүшелерінің басқаруға және ұжымның өзін-өзі басқаруға атысуының жоғары деңгейі; • ұжым мүшелерінің топтасушылығы мен ұйымшылдығы; • сапалы тәртіп; • еңбектің өнімділігі; • кадрлардың тұрақтылығы.
Педагогикалық ұжымда орын алатын келіспеушіліктің негізгі үш тобын бөліп көрсетуге болады. Бірінші топ — кесіптік-педагогикалық әрекетті максатқа жетуге кедергі келтіретін, іскерлік байланыстардың бұзылуынан туындайтын кәсіптік келіспеушіліктер. Бұндай келіспеушіліктер жұмыстағы ынтасыздықтан, мұгалімдердің әрекет мақсатын түсінбеуінен және өз ісін жете білмеуінен туындайды. Екінші педагог мінез-құлқының өзара қатынас нормасына сай келмеуіне, сол сияқты мінез-қүлық псн іс-әрекеттің ұжым мүшелерінің оір-бірінен күткен талаптарына сай келмеуінен туындайды. Ол педагогтың өз әріптестеріне жене оқушыларға көрсеткен әдепсіздігі, көсіптік этика нормаларының бүзылуы, ұжым талабын орындамау және т. б. түрінде көрініс береді.
Үшінші топ — педагогикалық процестерге қатысушылардың мінез бен темпераменттік ерекшеліктері негізінде тұлғалық сәйкессіздіктен туындайтын келіспеушіліктер. Бұл топты негізінен ұстамдылық, өзіне деген бағасы мен пікірінің аса жоғары болуы, эмоциялық түрақсыздығы, шамадан тыс өкпешілдігі сияқты сапалар құрайды.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Педагогикалық ұжымның негізгі ерекшеліктерін сипаттаңыз? 2. Әлеуметтік психологиялық климаттың ұжым жұмысы кезінде алатын орны қандай? 3. Әлеуметтік психологиялық климатты жақсартудағы әлеуметтік педагогтың алатын орнын көрсетіңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: Негізгі әдебиет: 1. И. В. Васильева. Организация психологической службы. Изд: Флинта. 2013. 2. Матвеева Е. В. Психологическая служба. Киров. Изд. Вят. ГГУ. 2014. 3. Ахтаева Н. С. Психологическая служба в школе: Учебное пособие. Изд. 2 –е, допол. и перераб. – Алматы: Қазақ университет, 2011. - 269 с.
9 дәріс. Психологиялық алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері Психологиялық алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру формалары.
Жоспары: 1. Алдын алу жұмысының ерекшелігі. 2. Алдын алу жұмысының негізгі мақсат міндеттері. 3. Алдын алу жұмысының деңгейлері.
Психологиялық ағартушылық – бұл үлкендер (тәрбиешілер, мұғалімдер, атааналар) мен балаларға психологиялық білім беру.
Психипрофилактикалық қызмет 3 деңгей арқылы жүзеге асырылады: І деңгей – алғашқы профилактика деп аталады. Психолог мектептегі барлық балалармен бірдей жұмыс істейді және олардың психикалық денсаулықтарын қамқорлыққа алады. Мысалы, 10 оқушының 10 -ымен де бірдей жұмыс атқарады.
ІІ деңгей – екінші профилактика. Бұл « тәуекелшіл » деп аталатын топқа, яғни мәселелері жаңадан басталған балаларға бағытталаған. Екінші профилактика балалардың оқу мен мінез-құлқында ерте пайда болған қиындықтарды зерттейді. Бұның басты міндеті – балалар әлеуметтік немесе эмоционалды басқаруға көнбейтін жағдайларға жетпей бұл қиындықтарды жеңу. Мұнда психолог шамамен 10 баланың 3 -уімен жұмыс істейді және көп жағдайда ата-аналарға, мұғалімдерге кеңес беру формасында жүргізіледі.
ІІІ деңгей – үшінші профилактика. Психолог нақты оқуда немесе мінез-құлқында мәселесі бар баламен жұмыс істейді. Оның негізгі міндеті – түзету немесе күрделі психологиялық қиындықтарды жеңу. Психолог 10 баланың 1 -уімен жұмыс істейді.
Психопрфилактикалық іс-әрекеттің мәні – балалар мен оқушылардың психикалық және психологиялық денсаулығын қорғап, күту. Олай болса, психопрофилактика – мектеп және мектепке дейінгі барлық жастағы балалардың психологиялық денсаулығын сақтауға, қорғауға және дамытуға бағытталған балалар психологының ісәрекетінің арнайы түрі.
1. Тәрбиешілер, мұғалімдер мен ата-аналарды балалардың психикасының дамуының негізгі заңдылықтары мен жағдайларымен таныстыру; 2. Жаңашыл психологиялық зерттеулердің нәтижесін анықтау;
3. Психологиялық білімге сұранысты, оларды балалармен жұмыс істеу кезінде немесе тұлғаның өзінің дамуына деген қызығушылығында қолдануға ынтаықыласты қалыптастыру; 4. Практикалық психологияның және балаларды оқыту мен тәрбиелеу ұйымдарында психолг жұмысының қажет екендігін түсіндіру;
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Алдын алу жұмысы және оның негізгі ерекшеліктерін көрсетіңіз? 2. Алдын алу кезеңдерін сипаттаңыз? 3. Әр түрлі мәселелерге алдын алу жұмысын жоспарлаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: Негізгі әдебиет: 1. И. В. Васильева. Организация психологической службы. Изд: Флинта. 2013. 2. Матвеева Е. В. Психологическая служба. Киров. Изд. Вят. ГГУ. 2014. 3. Ахтаева Н. С. Психологическая служба в школе: Учебное пособие. Изд. 2 –е, допол. и перераб. – Алматы: Қазақ университет, 2011. - 269 с.
9 дәріс. Мектеп әлеуметтік педагогының отбасымен жұмыс ерекшелігі. Мектеп әлеуметтік педагогының |отбасындағы тәрбие мәселесін талдау жұмыстары. Жанұя түрлері, олардың топтастырылуы
Жоспары: 1. Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмыс жасау ерекшелігі. 2. Отбасының бала дамуындағы алатын орны. 3. Отбасы түрлері және оның негізгі ерекшеліктері.
• • • Мектеп әлеуметтік педагогының ата-аналармен жұмысы бірнеше бағытты құрайды: Балаға отбасының демеу көрсетуіне жағдай жасау (отбасы жағдайына кіріспеу принципін ұстана отырып, әріптестік жағдайы); Балалардың маңызды мәселелері жайында ағарту және кеңес беру (ата-аналар жиналысы, кездесулер); Ата-ана сұранысы бойынша бала-ата-ана қарымқатынасы сұрақтары бойынша кеңес беру; Ата-анаға педагогикалық қолдау көрсету.
• Ата-анамен жұмыс қажеттілігі дамудағы әлеуметтік жағдайды қалыптастырудағы олардың рөлімен анықталады. Баланың жақын ересекпен араласуы, дамудың негізгі шарты бола отырып, оның жеке тұлғасының ішкі құрылысын өзгертетін сыртқы әлеуметтік құрылысын береді
Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмысы отбасының жүйелі дамуын түсінуді талап етеді (отбасы балада симптом пайда болуына қалай әсер етеді) және жеке реакцияларды бағалауды да талап етеді (отбасының әр бір мүшесінің алдында және баланың алдында қандай мәселелер туындайды). Әңгіменің басында отбасыда және өзара қарым-қатынаста не жақсы жүріп жатқанын анықтап алған маңызды. Бұл жағымды бағытталуға және босаңсуға, отбасында жақсы және мықты не бар екенін, неге сүйенуге болатынын анықтауға мүмкіндік береді.
Балаға ұсынылатын әдістемелер: отбасы суреті және оның модификациясы, Рене-Жиляның әдістемесінің бейімделген нұсқасы, «Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесінің әр түрлі нұсқалары, бағалау-өзіндік бағалау әдістемесінің модификациясы, Б. Шелбидің «Ертегі» тесті және т. с. с.
• Әлеуметтік педагогқа отбасының әлеуметтік мінездемесі кезінде: • Отбасы құрамы: толық, толық емес, ыдырап бара жатқан, тұрақты; • Тұрмыстық жағдайы: жеке пәтер, коммуналды үйдегі бөлме, туыстарымен және с. с • Айлық орта табыс: ортадан жоғары деңгей, орта деңгей, ортадан төмен деңгей; • Ата-ана арасындағы қарым-қатынас сипаты: толық түсіністік, басымдылық (әкенің, ананың, басқа туыстарының), қақтығыстар, ұрыстар, келіспеушілік, елемеушілік, жақтырмау, т. с. с. ;
• Баланың тәрбиесімен жиі айналысады: анасы, әкесі, әжесі, ағасы, әпкесі; • Егер отбасы толық емес немесе айырылысқан болса, онда бұл жағдай балаға қалай әсер етті: ол ата-анасының екеуімен де көрісіп тұрады, әжесімен тұрады, әкесін немесе шешесін көрмейді, т. с. с; • Отбасы құрамында қанда да бір өзгерістер болды ма, не себепті, балаға ол қалай әсер етті.
• Әлеуметтік педагог бұл мәліметтерді толық ала алмауы да мүмкін, себебі бұл ақпараттар отбасының ішкі өміріне қатысты, және ата-аналар оны талқыламаулары да мүмкін. Егер қатты қажеттілік етпесе, ішіндег кейбір сұрақтарды қоймай-ақ қоюға болады. Алайда дамуда жағымсыз тенденциялар анықталған кезде, ата-аналармен жағымды ашық атмосфераны орнатқан жөн, мәселен отбасы жағдайы баланың психикалық жағдайын түсінуге аса мағызды септігін тигізеді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Әлеуметтік педагогтық отбасымен жұмыс жасау жолдарын көрсетіңіз? 2. Отбасындағы әлеуметтік психологиялық климаттың бала дамуына әсері қандай? 3. Әр түрлі отбасындағы ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: Негізгі әдебиет: 1. И. В. Васильева. Организация психологической службы. Изд: Флинта. 2013. 2. Матвеева Е. В. Психологическая служба. Киров. Изд. Вят. ГГУ. 2014. 3. Ахтаева Н. С. Психологическая служба в школе: Учебное пособие. Изд. 2 –е, допол. и перераб. – Алматы: Қазақ университет, 2011. - 269 с.
10 дәріс. Әлеуметтік педагогтың диагностикалық жұмыс жасау мазмұны. Диагностикалық жұмыс жасаудағы негізгі принциптер.
Жоспары: 1. Диагностикалық жұмыс жасау ерекшелігі. 2. Диагностикалық жұмыс жүргізу мақсат міндеттері. 3. Диагностикалық ақпараттардың әлеуметтік педагог жұмыс жасау кезіндегі маңызы.
• Психодиагностикалық жұмыстар - ол әрбір жас кезеңдеріндегі оқушылардың өзіндік психикалық үрдістерінің даму ерекшеліктерін түрлі зерттеу әдістері мен зерттеу әдіс темелерін қолдана отыра анықтайды.
• Психодиагностикалық жұмыстарды мектепте мынадай мақсатта жүргізе алады: • - оқушылардың психикалық дамуы оның жас ерекшеліктеріне сай келе ме? Әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізу мақсатында олардың қабілетін ерте анықтау үшін педагогикалық психологиялық зерттеулер жүргізеді;
• балалардың жас дамуынан төмен психикалық ауытқушылықтарының себептерін, мінез-құлықтың бұзылу себебін анықтауға арналған диагностикалық зерттеулер жүргізеді; • - оқушылардың ересектермен (мұғалім, ата-ана), өз құрбыларымен қарымқатынасының мазмұнын, қарымқатынастың бұзылуының кейбір педагогикалық психологиялық себептерін анықтауға байланысты жұмыстар жүргізеді.
Психодиагностика оқушылардың тәрбиеде, оқу барысындағы қиыншылықтарын анықтауда, сондай-ақ қызығушылықтардың, қабілеттердің даму ерекшеліктерін зерттеуде үлкен рөл атқарады. Балалардың жеке психикалық ерекшеліктері туралы ақпаратты жинау, К. М Гуревичтің анықтамасы бойынша, психодиагностиканың негізгі міндеті болып табылады. Бұл ақпараттар оқушылармен жұмыс істейтін адамдар үшін өте пайдалы.
• Мектеп әлеуметтік педагогының диагностикалық жұмыс барысындағы ерекшеліктері. Психологиялық қызмет жүйесінде психодиагностиканың біршама ерекшеліктері бар. Психодиагностиканың «ғылыми - зерттеуші» және «ғылыми –практикалық» секілді түрлерін ажырату керек. Егер біріншісінің міндеті психикалық даму заңдылықтарын зерттеу болса, ал ғылыми –практикалық психодиагностиканың мақсаты нақты психологиялық бұзылыстың себебін анықтау болып табылады. Практикпсихолог бала дамуына ұсыныс беру үшін, балаға түзетуші шаралар жасау үшін психодиагностиканы қолданылады.
Психодиагностикалық ақпараттар мына жағдайларда: 1) даму бұзылыстарын түзетуді ертерек бастау, оқушылардың психикалық даму қарқынын зерттеу; 2) төмен деңгейдегі және озат оқитын балалардың дұрыс жетілуіне жағымды жағдай қалыптастыру мақсатында дамытушы бағдарламаны жасау;
3) ерекше қабілеттері бар балалардың дамуына жағдай жасау; 4) түрлі психопрофилактикалық жұмысының тиімділігін тексеру; 5) тәрбиелеу және оқыту жүйесіне салыстырмалы педагогикалық психологиялық талдау жасау; 6) ағартушылық жұмысының өзекті тақырыптарын таңдау мақсатында қажет. т. б.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Диагностика және оның ерекшеліктерін көрсетіңіз? 2. Диагностикалық мәліметтерді дұрыс қолдана отырып жұмыс жасау жолдарын көрсетіңіз? 3. Әр түрлі мәселелерге диагностика жасау ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: Негізгі әдебиет: 1. Матвеева Е. В. Психологическая служба. Киров. Изд. Вят. ГГУ. 2014. 2. Ахтаева Н. С. Психологическая служба в школе: Учебное пособие. Изд. 2 –е, допол. и перераб. – Алматы: Қазақ университет, 2011. - 269 с.
11 дәріс. Әлеуметтік педагогтың коррекциялық жұмыс жасау мазмұны. Коррекциялық топтар. Коррекциялық жұмысты жүргізудің шарттары. Топқұрылу ережелері
Жоспары: 1. Коррекциялық жұмыс жасау ерекшелігі. 2. Коррекциялық жұмыс жүргізу мақсат міндеттері. 3. Коррекциялық жұмыс жасау бағдарламасының маңызы.
• Коррекциялық педагогика – психофизикалық дамуында түрлі ауытқушылықтары бар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесімен айналысатын педагогиканың арнайы бір саласы. Сонда, коррекциялық педагогика мінез-құлқында, психикалық дамуында ауытқушылығы бар балаларды тәрбиелеу және оларға психологиялық-педагогикалық тұрғыдан білім беру мен оқыту заңдылықтарын қарастырады.
Коррекциялық педагогиканың төмендегідей атқаратын міндеттері бар: Балалар мен жасөспірімдердің дамуындағы кемшіліктерді, мінез-құлықтарындағы түрлі ауытқушылықтарды, сондай-ақ, олардың пайда болу себептері мен шарттарын анықтау. Коррекциялық педагогикалық іс-әрекет ықпалын үздіксіз бақылауда ұстау.
Балалар мен жасөспірімдердің мінезқұлқында, дамуында көрінетін ауытқушылықтар мен бұзылуларды түзетуге және алдын-алуға арналған бағдарламалар жасау. Баланың психофизикалық дамуына әсер ететін әлеуметтік педагогикалық факторларды айқындау. Ауытқуы бар баланың тұлғалық дамуына коррекциялық-педагогикалық ықпалы пәрменді болатын түрлі әдіс-тәсілдер мен құралдар жасау.
Ауытқуы бар балаларды оқытып, тәрбиелейтін педагогтарға арнайы коррекциялық- педагогикалық жұмыс бойынша оқыту әдістемесін құру. Балалардың психикалық, психосоматикалық, психологиялық жағдайларына жүйелі бақылау жүргізіп отыру. Балалардың жеке тұлғасын және мінезқұлқын зерттеуге арналған арнайы әдістемелердің кешенін құру.
Балалардың мінез-құлқындағы, жүрістұрысындағы тұйық, «қиын» , агрессивті болудың себептерін анықтап, олардың ішкі жан-дүниесін түсініп, қабылдай алу. Психикалық, психологиялық ауытқушылық бойынша баланың алғашқы жағдайы мен оған коррекциялық педагогикалық жұмыс жүргізгеннен кейінгі нәтижені салыстырып, қорытынды жасау.
Жалпы, даму – адамның дене және рухани күшінің сандық және сапалық өзгерістерінің объективті процесі. Мұндай дамудың бірнеше түрлері бар. Дененің дамуы – бойдың, салмақтың, күштің, дене пропорциясының өзгерістері. Физиологиялық даму – жүрек-қан айналымындағы, жүйке жүйесіндегі, ас қорыту қызметіндегі өзгерістер. Психикалық даму – адамның ақиқатты бейнелеу үдерістерінің, яғни, түйсіктің, қабылдаудың, ойлаудың, естің, сезімнің, қиялдың, сондай -ақ, психиканың жоғары қызметінің күрделенуіндегі, қажеттіліктің, әрекет мотивтерінің, қабілеттіліктің, қызығушылықтың, құндылықбағыттылықтың өзгерістері. Әлеуметтік даму – қоғамдық, идеологиялық, экономикалық, өндірістік, құқықтық т. б. қатынастар жүйесіне қамтылу. Рухани даму – адам баласының өмірде өз орнын сезінудегі, қазіргі және болашақ ұрпақ алдында жауапкершілік сезіміндегі, әлем табиғатының күрделілігін түсінудегі, адами жетілу деңгейіне ұмтылудағы өзгерістер.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Коррекция және оның ерекшеліктерін көрсетіңіз? 2. Коррекциялық жұмыс жасау жолдарын көрсетіңіз? 3. Әр түрлі мәселелерге корекциялық бағдарлама жасау ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: Негізгі әдебиет: 1. И. В. Васильева. Организация психологической службы. Изд: Флинта. 2013. 2. Матвеева Е. В. Психологическая служба. Киров. Изд. Вят. ГГУ. 2014. 3. Ахтаева Н. С. Психологическая служба в школе: Учебное пособие. Изд. 2 –е, допол. и перераб. – Алматы: Қазақ университет, 2011. - 269 с.
12 дәріс. Психологиялық кеңес берудің жас ерекшелікке байланысты сипаттары. Психологиялық кеңес беру әдістері.
Жоспары: 1. Кеңес беру жұмысының ерекшелігі. 2. Кеңес беру негізгі мақсат міндеттері. 3. Кеңес беру кезеңдерінің сипаттамасы.
Әлеуметтік кеңес берудің түрлі әдістері мен тәсілдері бар. Солардың арасынан: қадағалау, тестілеу, көндіру, сендіру, хабарлау, тренинг және басқаларын атап өтуге болады. • Мақсаты бойынша бірі-біріне ұқсас және кәсіптік қызмет түрлерінің техникасы- консалтинг, психотерапия, психокоррекция сияқты бір-біріне жақын кеңес беру түрлерін бөліп қарау қажет.
Кез келген кеңестік көмек көрсету өтініш берушінің қажеттілігіне негізделуі тиіс. Бұл тұрғыдан алғанда екі негізгі мақсат туралы айтуға болады: 1) өтініш иесінің жеке өмір сүруіне ие болуының тиімділігін арттыру; 2) өтініш иесінің проблемалық жағдайды және қолдағы мүмкіндігін молайту қабілетін дамыта түсу.
Кеңес беру мақсатының қорытындысы — өтініш берушіні өзіне-өзі көмектесуіне үйрету және осылайша оны өзіне-өзі кеңесші бола білуіне баулу. Сұраныстың сипатына немесе мәселенің түріне қарамастан негізіне өзгерту идеясы жататын кеңес беру өткізудің 4 негізгі стратегиясы бар: 1) жағдайдың өзін өзгерту; 2) жағдайға бейімделу үшін өзгерту; 3) оның жағдайдан шығуы; 4) сол жағдайда өмір сүру жолдарын таба білу.
Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру нәрсесі мыналар болып табылады: • өмірлік қамту саласында: еңбекпен қамтылуы, жеңілдіктерді белгілеу, жәрдемақы, мүгедектік, дағдарыс жағдайындағы материалдық көмек, т. б. ; • тұрмыс жағдайы саласында: қажетті жиһаздармен және тұрмыстық техникамен қамтамасыз ету, пәтерін жөндеу, дезинфекциялау, гигиеналық дағдыларға үйрету, пәтерде бала бұрышын ұйымдастыру, бос уақытты ұйымдастыру, балаларды қадағалау, т. б. ; • отбасы денсаулығы саласында: балалар мен ересектердің созылмалы, қатты ауыруларын тексеріп-анықтау және емдеу, салауатты салтпен өмір сүруге дағдыландыру, аурулардың алдын алу, балаларға нашақорлықтан аулақ болуға көмектесу;
• рухани және моральдық хал-ахуал саласында: ішімдікке бой ұрудан құтылу, отбасының дәстүрлері мен тұрақтылығын сақтау, отбасы мүшелерінің құнды бағаларын қолдау; • бала тәрбиесі саласында: мектепке үйрену мәселесін шешу; мінез-құлық ауытқушылығын анықтау және оны түзеу; психологиялық, тіл дамыту, психотерапиялық, заңгерлік көмек көрсету, педагогикалық хабарсыздықты, сапасыздықты, дәрменсіздікті болдырмау және т. б, ; • отбасының ішкі және сыртқы қатынастар саласында: бұрынғы немесе жаңа жақсы әлеуметтік байланыстарды қалпына келтіру, араздықты жоюға көмектесу, бала – атаан және ерлі-зайыпты қарым-қатынастарын реттеу және т. б.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Кеңес беру және оның негізгі ерекшеліктерін көрсетіңіз? 2. Кеңес беру кезеңдерін сипаттаңыз? 3. Әр түрлі мәселелерге кеңес беру ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: Негізгі әдебиет: 1. И. В. Васильева. Организация психологической службы. Изд: Флинта. 2013. 2. Матвеева Е. В. Психологическая служба. Киров. Изд. Вят. ГГУ. 2014. 3. Ахтаева Н. С. Психологическая служба в школе: Учебное пособие. Изд. 2 –е, допол. и перераб. – Алматы: Қазақ университет, 2011. - 269 с.
14 дәріс. Өмірлік жоспар және кәсіби бағдар жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері
Жоспары: 1. Оқушылардың өмірлік жоспарларымен жұмыс жасау. 2. Кәсіби бағдар жұмысының негізгі мақсат міндеттері. 3. Кәсіби бағдар жұмысының ерекшеліктері.
• Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал жасау мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі. Сондықтан психология мен педагогикада осы мәселеге үлкен көңіл аударылады. Әр мектептің оқушыларды мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беру жұмысының жоспары құрылып, оны жүзеге асыруға психологтың қосатын үлесі мол болуға тиіс.
Ф. Парсонс табысты мамандық таңдаудың үш негізгі факторларын бөліп көрсетті: - әр адамның өзін-өзі дұрыс бағалауы, өзінің іс -әрекет түрлеріне бейімділігін, қабілетін, қызығушылығын, ұмтылысын, мүмкіндіктерін және шектеуліктерін дұрыс бағалауы; - әрбір таңдаған мамандық бойынша қызмет атқарғанда табысты жұмыс істеу үшін ненің қажет екенін білуі; - мамандықтың талабы мен байланысты білімді өзін-өзі бағалаудың нәтижесін үйлестіре алуы.
Кәсіби кеңес беру бюросының ұстанымдары бойынша еңбек биржасында мынадай ережелер құрылды: - жеткіншектерді мамандық таңдауға жоспарлы түрде даярлау; -бюро жұмысын мектептермен тығыз байланыста ұйымдастырып, мектеп бітірушілермен арнайы жұмыстарды келесі бағыттарда жүргізу; - мамандықтар туралы мағлұматтар беру; - мектеп бітірушілердің жекелік қасиеттерін анықтау үшін психологиялық зерттеулер жүргізу; - жұмысқа немесе кәсіби мектептерге ұсыныс хат толтыру.
Кәсіп - proaessiо - деген фрацуз мамандығымды тілінде ресми түрде жариялаймын деген мағынаны білдіреді. Кәсіби бағдарлау - әр адамның жекелік қасиеттеріне, қызығушылығына, қабілетіне, қоғамдық қажеттілікке байланысты мамандық таңдап алуына ықпал жасау.
• Жалпы және кәсіби білім беру мектептерінің тұжырымдамасында оқушыларды қандай да бір іс -әрекет түріне баулу және әр баланың психофизиологиялық ерекшеліктерін, қабілеті мен білімділігін анықтауға мүмкіндік беру қажет екені анықталған. Бұл мәселені шешу әр мектепте әр түрлі жолдармен жүргізіліп жатыр. Психологиялық қызмет ұйымдастырылған мектептерде балалардың жекелік психикалық қасиеттерін анықтаумен шектелуде. Ал шын мәнінде бұл қызмет көпқырлы және көпсырлы болуға тиісті.
• Бұл жұмыстың мазмұны жеке адамның психофизиологиялық қасиеттерін жан-жақты зерттеп келесі компоненттер бойынша мағлұмат алудан тұрады: - мінез-құлқының жеке-даралық ерекшеліктерін анықтау; - жүйке қызметінің жеке-даралық ерекшеліктерін анықтау; - қызығушылығы, бейімділігі, қабілеті, кәсіби ниеттері туралы мағлұматтар алу; - құндылық бағдарлануы; - білімі, іскерлігі және дағдылары.
• Кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыруда құндылықтардың қалыптасуына үлкен әсерін тигізетін нәрсе - мотивтер екенін ескеру қажет. Мамандықтарды таңдау мотивтерін алты топқа бөлуге болады: -жалпы мотивировка; -мамандықтың романтикасы; -танымдық сипатындағы мотивтер; -қоғамдық мәні бар мамандық таңдау мотиві; -беделге, үлгіге сүйену; -мотивацияланбаған таңдау.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Өмірлік жоспар жұмысы және оның негізгі ерекшеліктерін көрсетіңіз? 2. Кәсіби бағдар жұмысын сипаттаңыз? 3. Кәсіби бағдардың болашақ бала өміріндегі маңызы.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: Негізгі әдебиет: 1. И. В. Васильева. Организация психологической службы. Изд: Флинта. 2013. 2. Матвеева Е. В. Психологическая служба. Киров. Изд. Вят. ГГУ. 2014. 3. Ахтаева Н. С. Психологическая служба в школе: Учебное пособие. Изд. 2 –е, допол. и перераб. – Алматы: Қазақ университет, 2011. - 269 с.
15 дәріс. Лекция. Білім беру мекемесіндегі әлеуметтік педагог жұмысының болашағы.
Жоспары: 1. Білім берудегі әлеуметтік психолог жұмысының болашағы. 2. Әлеуметтік педагогтың маман ретінде даму жолдары. 3. Әлеуметтік педагог жұмысының ерекшеліктері.
• Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал жасау мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі. Сондықтан психология мен педагогикада осы мәселеге үлкен көңіл аударылады. Әр мектептің оқушыларды мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беру жұмысының жоспары құрылып, оны жүзеге асыруға психологтың қосатын үлесі мол болуға тиіс.
Ф. Парсонс табысты мамандық таңдаудың үш негізгі факторларын бөліп көрсетті: - әр адамның өзін-өзі дұрыс бағалауы, өзінің іс -әрекет түрлеріне бейімділігін, қабілетін, қызығушылығын, ұмтылысын, мүмкіндіктерін және шектеуліктерін дұрыс бағалауы; - әрбір таңдаған мамандық бойынша қызмет атқарғанда табысты жұмыс істеу үшін ненің қажет екенін білуі; - мамандықтың талабы мен байланысты білімді өзін-өзі бағалаудың нәтижесін үйлестіре алуы.
Кәсіби кеңес беру бюросының ұстанымдары бойынша еңбек биржасында мынадай ережелер құрылды: - жеткіншектерді мамандық таңдауға жоспарлы түрде даярлау; -бюро жұмысын мектептермен тығыз байланыста ұйымдастырып, мектеп бітірушілермен арнайы жұмыстарды келесі бағыттарда жүргізу; - мамандықтар туралы мағлұматтар беру; - мектеп бітірушілердің жекелік қасиеттерін анықтау үшін психологиялық зерттеулер жүргізу; - жұмысқа немесе кәсіби мектептерге ұсыныс хат толтыру.
Кәсіп - proaessiо - деген фрацуз мамандығымды тілінде ресми түрде жариялаймын деген мағынаны білдіреді. Кәсіби бағдарлау - әр адамның жекелік қасиеттеріне, қызығушылығына, қабілетіне, қоғамдық қажеттілікке байланысты мамандық таңдап алуына ықпал жасау.
• Жалпы және кәсіби білім беру мектептерінің тұжырымдамасында оқушыларды қандай да бір іс -әрекет түріне баулу және әр баланың психофизиологиялық ерекшеліктерін, қабілеті мен білімділігін анықтауға мүмкіндік беру қажет екені анықталған. Бұл мәселені шешу әр мектепте әр түрлі жолдармен жүргізіліп жатыр. Психологиялық қызмет ұйымдастырылған мектептерде балалардың жекелік психикалық қасиеттерін анықтаумен шектелуде. Ал шын мәнінде бұл қызмет көпқырлы және көпсырлы болуға тиісті.
• Бұл жұмыстың мазмұны жеке адамның психофизиологиялық қасиеттерін жан-жақты зерттеп келесі компоненттер бойынша мағлұмат алудан тұрады: - мінез-құлқының жеке-даралық ерекшеліктерін анықтау; - жүйке қызметінің жеке-даралық ерекшеліктерін анықтау; - қызығушылығы, бейімділігі, қабілеті, кәсіби ниеттері туралы мағлұматтар алу; - құндылық бағдарлануы; - білімі, іскерлігі және дағдылары.
• Кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыруда құндылықтардың қалыптасуына үлкен әсерін тигізетін нәрсе - мотивтер екенін ескеру қажет. Мамандықтарды таңдау мотивтерін алты топқа бөлуге болады: -жалпы мотивировка; -мамандықтың романтикасы; -танымдық сипатындағы мотивтер; -қоғамдық мәні бар мамандық таңдау мотиві; -беделге, үлгіге сүйену; -мотивацияланбаған таңдау.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Әлеуметтік педагог жұмысы және оның негізгі ерекшеліктерін көрсетіңіз? 2. Әлеуметтік педагог даму жолдарын сипаттаңыз? 3. Әлеуметтік педагог қажетті маман ретінде қарастырыңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: Негізгі әдебиет: 1. И. В. Васильева. Организация психологической службы. Изд: Флинта. 2013. 2. Матвеева Е. В. Психологическая служба. Киров. Изд. Вят. ГГУ. 2014. 3. Ахтаева Н. С. Психологическая служба в школе: Учебное пособие. Изд. 2 –е, допол. и перераб. – Алматы: Қазақ университет, 2011. - 269 с.
Псих.служба лекции.ppt