1179_an_zh_1199_yesi.pptx
- Количество слайдов: 20
№ 1 бала аурулары кафедрасы СӨЖ ӘРТҮРЛІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАН ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Тобы: ЖМ-003 -01 Орындаған: Бектемір А. Е. Қабылдаған: Умбетова Л. Ж.
Қан - өмірлік маңызды функцияларды атқаратын, ағзаның ішкі ортасы. ØТыныс алу (оттегі мен көмір қышқыл газын тасымалдаушы) ØҚорғаныштық (гумморалды және жасушалық иммунитет) ØГомеостатикалық (ағзаның ішкі тұрақтылығын сақтаушы) ØТрофикалық (қоректік заттарды тасымалдаушы) ØЭкскреторлы (зат алмасудың соңғы өнімерін шығарушы) ØГуморалды (гормондар мен биологиялық активті заттарды тасымалдаушы)
Ұрықта қан түзілу кезеңдері • 1. Жатыр ішілік дамудың 3 -ші аптасында саруыз қапшығының аралшықтарында ең алғаш қан жасушалары – мегалобласттар пайда болады. • 2. 6 апта (басталуы) – V айдан(максималды қан түзілу) – құрсақтық кезеңнің соңы, бауырлық (экстармедулярық) қан түзілу кезінде, бауырда: ØМегалобласттар ØНейтрофильдер ØМегакариоциттер
3. III ай(басталуы) –V ай (соңы) –бауырлықкөкбауырлық қан тузу жұзеге асады. Көкбауырда: ØЛимфоциттер ØМоноциттер 4. IV ай (басы)-сүйектік қан түзілу, туылғанға дейін және өмірлік.
Сүйек кемігінің анатомиялықфизиологиялық ерекшеліктері • Ең алғаш сүйек кемігі құрсақтық дамудың 2 -ші аптасында бұғанада түзіледі. Бір айдан соң ол жауырында, қабырғаларда, төсте дамиды. 4 ші айдың басында - түтікті сүйектерде жетіледі. 11 -ші аптаға дейін сүйек кемігі остеогенді функция атқарады, гемопоез жасушалары 12 - 14 апталарда дамиды.
• Балалық жаста қан түзу жүйесін атқаратын сүйектің қызыл кемігі түтікті сүйектердің эпифизі мен диафизінде және жалпақ сүйектердің кеуекті затында орналасады. • 12 -18 жаста сүйектердің диафизіндегі қызыл кемік сары кемікке ауысады, оның құрамына май жасушалары – адипоциттер кіреді. Қалыпты жағдайда, сүйектің сары кемігі қан түзбейді, алайда, кең көлемде қан кеткенде және кейбір патологиялық жағдайда оның құрамында миелопоез ошақтары пайда болады.
• Айрықша без құрсақтық кезеңнің 6 -шы аптасынан пайда бола бастайды. Ұзындығы 4050 мм эмбрионда айрықша бездің қыртыстық және милық заттарын айыруға болады. 11 -12 аптадан бастап милық қабатында айрықша бездің денешіктері (Гассол) пайда болады. Тимоциттер 7 -8 аптадан бастап пайда болып, 14 аптада айрықша бездің қыртыстық қабатында орналасады.
• Жаңа туылған сәбиде айрықша без салмағы 10 -15 г аралығында; жыныстық жетілу соңына таман 30 г дейін жетеді. Жыныстық жетілу кезінде дәнекер тіні мен май тіні көлемі артып, милы және қыртысты қабаты азаяды. Одан кейін ол кері дамып семеді. Айрықша бездің дамуы А- 7 айға дейнгі ұрық, Б-жаңа туылған сәби
Көкбауыр • Көкбауыр ұзындығы 10 мм (5 апталықта) ұрықта қарынның дорсалды шажырақайында мехенхималық клеткалардың жиынтығынан пайда болады. Құрсақтық кезеңде, әсіресе, жүктіліктің екінші жартысында, көкбауырдың салмағы арыта түседі. Жаңа туылған сәбиде, көкбауыр толық өсіп жетілмейді. Трабекулалары және қабығы нашар дамыған, бірақ лимфатикалық фоликулалар жақсы дамып, көптеген бөлігін алып жатады. Талақтың салмағы баланың жасына байланысты арта түседі.
Көкбауырдың дамуы және жастық ерекшеліктері • Жаңа туылған нәрестеде көкбауыр массасы 9, 5 г • Постнаталды дамудың 3 -ші айына таман көкбауыр массасы 11 -14 г • Бір жас балада 24 -28 г • Алты жас балада көкбауыр мөлшері екі еселенеді • Он жас балада 66 -70 г • 16 -17 жаста көкбауыр массасы 165 -171 г құрайды
• Қанның абсолютті көлемі ересектерге қарағанда 10 есе аз (сәйкес 0, 5 л және 5 л), алайда, жаңа туған сәбиде қанның процентінің дене салмағына қатынасы мектеп жасындағы баладан 1, 5 -2 есе көп. Қан шартты екі бөлікке бөлінген: 1) Формалық элеменнтер – эритроциттер, тромбоциттер, лейкоциттер. 2) Жасушааралық құрамы- плазма, құрамында: су, ферменттер, гормондар, витаминдер, гуморалды заттар.
Гемоглобин ерекшеліктері • Адамда гемоглобиннің негізгі үш түрі бар. P-примитивті, F- фетальді және үлкен кісінің гемоглобині А-гемоглобин. Примитивті гемоглобин ұрықта 7 және 12 апталықтың аралығында болады, содан соң фетальді гемоглобин ұрықта негізгі гемоглобин болып табылады. Содан соң бірітіндеп А-гемоглобині пайда бола бастайды. Жаңа туылған баланың қанында F-гемоглобин 80%, A-гемоглобин 20%. Бірінші 3 -4 айда фетальді гемоглобин толық үлкен кісінің гемоглобинімен ауысып болады. Бір жасқа дейінгі баланың қанында F-гемоглобин 1 -2% деңгейінде байқалуы мүмкін.
Жаңа туылған баланың қан көрсеткіштері Қан көлемі: -жаңа туылған сәбиде –дене салмағының 14, 7%, яғни 140 -150 мл/кг; -ересектерде – дене салмағының 5, 0 -5, 6%, 50 -70 мл/кг. -Hb концентрациясы (180 -240 г/л) -эритроциттер (5 -7 x 1012/л) -түсті көрсеткіші (1, 1 дейін) Жаңа туылған нәрестеде эритроциттер полихроматофильді, әр түрлі көлемді.
• Жаңа туылған сәбилерде лейкоцитарлы формуланың ерекшеліктері бар: ØӨмірдің алғашқы күндерінде – 10 -30 x 109/л Ø 2 -ші аптадан бастап -10 -12 x 109 /л Нейтрофилез (нейтрофилдердің артуы) лейкоцитарлы формуланың миелоциттерге дейін солға жылжуы, туылған кезде байқалады және тез арада түсіп кетеді, ал лимфоциттер мөлшері артады. 5 -6 күнде нейтрофилдер мен лейкоциттер мөлшері теңеседі. Бұндай теңесу “бірінші физиологиялық қиылысу” деп аталады. • Жаңа туылған сәбилерде тромбоциттер мөлшері 150400 x 109/л құрайды. • ЭТЖ баяу, 1 -2 мм/сағ құрайды. • Гемоткриттік көрсеткіш өмірдің алғашқы күндерінде жоғары(54 шамасында)
Қан көрсеткіштері • Қан көрсеткіштері баланың жасына байланысты өзгеріп отырады.
Шала туылған балалардың қан көрсеткіштері • Туылғаннан соң бұл балаларда қан түзілудің экстрамедулярлы ошақтары көбінесе бауырда, аз мөлшерде көкбауырда анықталады. • Жас ядролы эритроциттердің мөлшері жоғары және де құрамында Hb. F концентрациясы жоғары болады. • Шала туылған балалардың ерте 1, 5 -2 ай, және кеш 4 -5 айда анемия анықталады. • Гипохромды теміржетіспеушілікті анемия • ЭТЖ 1 -3 мм/сағ дейін азаяды.
Бір жасқа дейінгі балалардағы қан көрсеткіштері • Эритроцит мөлшерінің бірітіндеп азаюы байқалады (4, 5 - 3, 5 x 1012/л) • Гемоглобин концентациясы (110 -120 г/л) • Гематокрит (36%) • Түсті көрсеткіш (1 -ден төмен) • Лейкоциттер 8 -10 x 109/л • ЭТЖ 5 -8 мм/сағ Ø 5 -6 айда ең төмен көрсеткіштер анықталады.
1 жастан үлкен балалардың қан көрсеткіштері • Пубертаттық кезеңнің 2 -ші жылынан бастап бала қанның морфологиялық құрамы ересектердің қанының құрамына сәйкес келе бастайды. • Hb 120 -140 г/л • Эритроциттер 4, 0 -4, 5 x 1012/л • Лейкоцитарлы формулада 3 -4 жасқа таман нейтрофил және лимфоциттер мөлшері азая бастайды. • 5 жас шамасында екіншілік физиологиялық қиылысу
Қан ұю жүйесінің ерекшеліктері • Гомеостаз процесі негізгі үш фактормен қамтамасыз етіледі: ØТамырлық Ø Плазмалық ØТромбоцитарлық Ерте неонатальді кезеңде физиологиялық төмендеуі байқалады: -қан ұюдың плазмалық факторларының деңгейі (II, VI, IX, X, XII) -физиологиялық антикаогулянттардың (антитромбин III, протеин С) -фибринолиздің негізгі компаненттері және калликреинкинин жүйесінің. Жаңа туылған балаларда гепарин деңгейі жоғары және бұл ерекшелік алғашқы 10 күн бойына сақталады.
1179_an_zh_1199_yesi.pptx