тазовое предлежание на казахском.ppt
- Количество слайдов: 34
№ 1 акушерия және гинекология кафедрасы Нәрестенің дұрыс емес жатуы Лектор: ЖАТҚАНБАЕВА ГҮЛМИРА ЖҰМАҚАНҚЫЗЫ, доцент, м. ғ. к
Нәрестенің дұрыс емес жатуы (НП) Нәрестенің дұрыс емес жатуы деп нәресте өсі мен жатыр өсі қиылысуымен жүретін клиникалық жағдайды атайды Жиілігі – 0, 5 -0, 7%, көп босанушыларда алғашқы босанушыларға қарағанда 10 есе жиі кездеседі. Нәрестенің дұрыс емес жатуына көлденең және қиғаш жату жатады
n Көлденең жату деп клиникалық жағдайды атайды, ол кезде жатырдың өсі нәрестенің өсімен тік бұрыш жасап қиылысады, ал нәрестенің ірі бөліктері мықын сүйектің қалқандарынан жоғары орналасады.
Қиғаш жату деп клиникалық жағдайды атайды, ол кезде жатырдың өсі нәрестенің өсімен сүйір бұрыш жасап қиылысады, ал нәрестенің алда жатқан ірі бөліктері кіші жамбастың мықындық ойысында орналасады.
Нәрестенің қиғаш орналасуы өтпелі жағдай болып есептелінеді: босану кезінде ұзынша немесе көлденең орналасуына ауысады.
Нәрестенің дұрыс емес жатуы кезінде нәрестенің позициясы басы бойынша анықталады: жүкті әйелдің денесінен өтетін сызықтың сол жағында орналасса – бірінші позиция, егер оң жағында – екінші позиция.
Нәрестенің жатуының түрі ұзынша орналасқан сияқты арқасы бойынша анықталады: егер арқасы алдыға қарасаалдыңғы түр, артқа қарасы – артқы түр. Нәресте арқасының жатыр түбі мен кіші жамбастың кіреберісіне қатынасы бойынша орналасуы маңызды.
Нәрестенің дұрыс емес жатуының туындау себептері әртүрлі. Оған жатады: Аналық фактор: Тар жамбас, жатыр миомасы, жатыр аномалиясы, алдыңғы құрсақ қабырғасы бос, көп босанушы, кесар тілігіден кейінгі жатыр тыртығы
Нәрестенің дұрыс емес жатуының туындау себептері әртүрлі. Оған жатады: Ұрықтық фактор: шала туылу, нәрестенің туа біткен ауытқулары, көп нәрестелік, нәрестенің мүшебейімділігінің дұрыс еместігі
Нәрестенің дұрыс емес жатуының туындау себептері әртүрлі. Оған жатады: Плацентарлық фактор: Плацентаның жатуы, көпсулық немесе азсулық, кіндік бауының қысқалығы Жүктіліктің 28 -29 аптасында нәрестенің дұрыс емес жатуының ешқандай маңызы жоқ, себебі нәресте басымен жатуы мүмкін.
Клиникалық көрінісі Нәрестенің дұрыс емес жатуы жүкті әйелдерді қарау мәліметтеріне, ішті пальпациялауға, қынаптық зерттеуге негізделіп қойылған.
Клиникалық көрінісі Қарау кезінде әдеттегідей емес іштің көлденең – созылған пішіні назар аудартады. Пальпация кезінде нәрестенің алда жатқан бөлігін анықтау мүмкін емес, басы әйел денесінің ортаңғы сызығының сол жағында немесе оң жағында сезіледі.
Диагностика Қортынды диагноз УДЗ негізінде қойылады.
Диагностика Қынаптық зерттеу (ҚЗ) жүктілік кезінде нақты нәтиже бермейді. ҚЗ-ді өте мұқият жүргізу керек, егер қағанақ қуығы жарылған болса және жатыр мойны толық емес ашылған жағдайда қағанақ суы кеткен болса, босанудың болжамы нашарлайды. Қынаптық зерттеу кезінде қағанақ суы кеткеннен кейін және жатыр мойны немесе одан артық ашылғаннан кейін нәрестенің бүйірі, жауырыны, қолтығы, білегі немесе қол саусақтары сезіледі.
Жүктілік ағымы ерекшеліксіз, көбіне мерзімінен бұрын босанумен жүреді. Жүктілікті жүргізу 1) Әйелді перзентханаға жүктіліктің 37 аптасынан кешікпей мұқият тексеру үшін жатықуз керек. 2) Басынан ұстап нәрестені сыртай бұру қазіргі уақытта өте сирек қолданылады. Осындай операцияның нәтижелілігі айтарлықтай емес және де ауыр асқынуларға алып келеді. 3) Коррекциялайтын жаттығуларды жүктіліктің 29 -34 апта аралығында қарсы көрсеткіштер
Босану ағымы Босану кезінде медициналық көмек болмаған кездеана мен баланың өмірі үшін жауапты және қауіпті асқынулар болады (қағанақ суының ерте кетуі, нәрестенің ұсақ бөліктері мен кіндігі түсіп кетеді, нәрестенің асқынған көледенең жатуы туындайды, жатырдың жыртылуы, ана мен нәрестенің шетінеуі болады)
Нәрестенің жұрыс емес жатуы кезінде босануды жүргізу Нәрестенің көлденең жатуы кезінде босандырудың негізгі әдісі тек жоспарлы түрде кесар тілігін жасау. Нәрестенің қиғаш жатуы кезінде босанушы әйелді нәрестенің ірі бөлігі ананың мықын сүйегіне жақын жатқан бір жақ бүйіріне жатқызады, Нәрестенің жамбасы түскен кезде жиі ұзынша қалыпқа ие болады. Егер босанушы әйелдің «бүйіріне» жатуы нәрестенің қалпын өзгертпесе, онда кесар тілігі туралы сұрақ шешілуі керек.
Нәрестенің дұрыс емес жатуы кезінде босануды жүргізу Нәрестенің көлденең жатуы кезінде табиғи босану жолдары арқылы босандыру мен нәрестенің аяғынан бұру операциясы тек шала туылған бала кезінде немесе егіз жүктілікте екінші нәресте көлденең жатуы кезінде жүргізіледі. Егер босанушы әйел асқынған көлденең жатуымен түсетін болса нәрестенің жағдайына байланыссыз кесал тілігін жүргізу керек.
Нәрестенің жамбапен жатуы (ТП) «Нәрестенің жамбаспен жатуы кезінде босануды жүргізу тек ғылым ғана емес, ол өнер» . Жиілігі – 3 -5%. Нәрестенің жамбаспен жатуы кезінде перинаталдық өлім баспен жатуға қарағанда 3 -4 есе жоғары, ал босану кезінде жарақат алу 10 есеге жие. Себептері: 1) Аналық фактор 2) Нәрестелік 3) Плацентарлық
Аналық фактор: Тар жамбас, жатыр миомасы, жатыр ақаулары, алдығ, ы құрсақ қуысының босаңсуы, көп босанушы, кесар тілігінен кейінгі жатыр тыртығы Нәрестелік факторы: шала туылу, нәрестенің туа біткен ақаулары, көпнәрестелік, нәрестенің дұрыс емес мүшебейімділігі Плацентарлық фактор: Плацентаның жатуы, көпсулық немесе азсулық, кіндік бауының қысқалығы Жүктіліктің 28 -29 аптасына дейін нәрестенің жамбаспен жатуының маңызы жоқ, нәресте басымен жатуға ауысуы мүмкін. Соңғы қалыпқа 34 -36 аптада ауысады.
1) Жамбаспен 2) Аяқпен 3) Тіземен (жиі) Жіктелуі • Толық емес – таза жамбаспен Толық – аралас (жамбас-аяқпен) • 1 аяқ немесе 2 аяқ – толық, толық емес Диагностика 1) Сыртқы зерттеу әдістері (I және III зерттеу тәсілдері) 2) Нәрестенің жүрек соғысы – кіндіктен жоғары 3) УДЗ – 100%
Нәрестенің жамбаспен жатуы кезінде жүктілікті жүргізу тактикасы Әйелдер консультациясы • Нәрестенің жамбаспен жатуын баспен жатуға түзеу үшін гимнастикалық жаттығулар жасау (жүктіліктің 32 -37 аптасында И. И. Грищенко, В. В. Фомичевой, Е. В. Брюхиной, И. Ф. Диканю) • Жүктіліктің 37 -38 аптасында тексеру мен босандырудың рационалдық тактикасын талдау үшін перзентханаға жатқызу керек
Нәрестенің жамбаспен жатуы кезінде жүктілікті жүргізу тактикасы Стационар • акушерлік анамнез бен ЭГ патологияны талдау • УДЗ (плацентаның жатуы, биометрия, басының жазылу дәрежесі) • Рентгенопельвиометрия • Амниоскопия • Нәресте жағдайын бағалау
Неғұрлым ақпарат беретін УДЗ, анықтауға мүмкіншілік береді: • • • Нәрестенің жатуы мен өлшемі Нәрестенің айқын даму ақауылары Плацентаның орналасуы Жамбаспен жатудың түрі Кіндіктің орналасуы Басы иілген немесе шалқайған
Нәрестенің жамбаспен жатуы кезінде нәресте басының орналасуының 4 түрін ажыратады: 1) Басының иілуі – бұрыш 110° артық 2) Басы әлсіз шалқайған – «әскерилердің қалпы» - I дәрежелі шалқаю, бұрыш 100 – тан 110°-қа дейін 3) Басы аздап шалқайған – II дәрежелі шалқаю, бұрыш 90 -тан 100°-қа дейін 4) Басы аса тым шалқайған – «жұлдызға қарау» - III дәрежелі шалқаю, бұрыш 90°-тан аз
Нәрестенің жамбаспен жатуы кезінде босану ағымы Босанудың І кезеңіндегі асқынулар: - Қағанақ суының мерзімінен бұрын кетуі - Босану әрекетінің ауытқулары - Ұсақ бөліктері мен кіндіктің түсіп кетуі - Асфиксия
Босанудың I кезеңін жүргізу 1) 2) 3) 4) 5) Төсектік тәртіп (позицияна сәйкес бүйіріне) Жатырдың жиырылу әрекетін тіркеу, жатырдың мойнының ашылу жылдамдығын бақылау– белсенді фазада алғашқы босанушыларда 1, 2 см/сағатына, қайта босанушыларда 1, 5 см/сағатына 3 -4 см кезінде– спазмолитиктер, аурусыздандыру, қағанақ суы кеткен кезде – қынаптық тексеру Жатыр мойнының толық ашылуына жақын кезде–консервативті жүргізу Босану әрекетінің ауытқулары кезінде – емдеу
Нәрестенің жамбаспен жатуы кезінде босану механизмінде 4 кезеңді ажыратады: 1) Нәрестенің кіндікке дейін туылуы 2) Кіндіктен жауырынның төменгі бұрышына дейін туылуы 3) Иық белдеуі мен қолдың туылуы 4) Басының туылуы Жамбаспен туылған бала жоғарғы қауіп қатер тобына жатады. Босану кезінде неонатолог қатысуы керек.
Босанудың ІІ кезеңіндегі асқынулар: - Асфиксия - Жамбастың тығыз қондырылуы - Артқы түрдің түзілуі - Қолының түсіп кетуі - Жатыр мойнының спазмы - басын шығарудың қиындауы - Ана мен нәресте жарақаты
Босанудың ІІ кезеңін жүргізу 1) Босанудың ІІ кезеңінің басталуымен көктамырға окситацинді тамшылатып енгізеді. 2) Босанудың ІІ кезеңінің соңында окситацин енгізу фонында спазмолитиктер енгізу 3) Босану Цовьянов бойынша жүргізіледі. Жауарынның төменгі бұрышына дейін туылғаннан кейін нәрестенің жылжуы болмаса 5 минут ішінде болмаса классикалық көмек көрсету
Жоспарлы кесар тілігіне көрсеткіштер: • Асқынған акушерлік анамнез • Нәрестенің болжам салмағы 2000 гр және 3600 гр кем • • Нәресте басының III дәрежелі шалқаюы Тар жамбас • Созылмалы нәрестенің гипоксиясы • Мерзімінен асқандық
Жоспарлы кесар тілігіне көрсеткіштер: • • • Алғаш босанушы 30 жастан үлкен Кіндіктің жатуы Жатыр тыртығы • Көпнәрестелі жүктілік кезінде бірінші нәрестенің жамбаспен жатуы • Босануға босану жолдарының дайын еместігі және т. б.
Шұғыл кесар тілігіне көрсеткіш: • босануды қоздырумен немесе босануды ынталандыру нәтижесінің болмауы • Жатыр мойнының аздап ашылуы кезінде кіндіктің және нәрестенің ұсақ бөлшектерінің түсіп кетуі • Босану әрекетінің әлсіздігі • Нәрестенің гипоксиясы
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
тазовое предлежание на казахском.ppt