7 такырып.pptx
- Количество слайдов: 17
1. «AD-AS» және «IS-LM» моделдерінің өзара байланысы. «IS-LM» моделінің негізгі өзгермелі шамалары мен теңдіктері. 2. IS қисығының шығарылуы, оның еңкейгіштігі мен жылжуы. 3. LM қисығының шығарылуы, оның еңкейгіштігі мен жылжуы. «IS-LM» моделіндегі тепе-теңдік. 4. «IS-LM» моделіндегі фискалды және монетарлық саясаттарының салыстырмалы тиімділігі. 5. Жиынтық сұраным қисығын шығару. Бағалар деңгейі өзгергендегі «AD-AS» және «IS-LM» моделдеріндегі экономикалық саясат.
«AD-AS» және «IS-LM» моделдерінің өзара байланысы. «IS-LM» моделінің негізгі өзгермелі шамалары мен теңдіктері. «AD-AS» және «Кейнсиандық крест» моделінде пайызақы мөлшері сыртқы (экзогенді) шама болып табылады және ол ақша нарығында тауарлық нарық тепе-теңдігіне байланысты емес қалыптасады. Экономиканы «IS-LM» моделінің көмегімен талдаудың мақсаты - тауарлық және ақшалық нарықты біртұтас жүйеге біріктіру. Нәтижесінде пайызақының нарықтық мөлшері ішкі (эндогенді) шамаға айналады, оның тепе-теңдік мөлшері тек ақшалық нарықта ғана емес, сонымен бірге тауарлық нарықтағы да экономикалық үрдістерді көрсете алады. «IS-LM» молелі (инвестициялар – жинақтар, өтімділікті талғау – ақша ұсынымы) – жиынтық сұраным функциясын белгілейтін экономикалық факторларды анықтауға мүмкіндік беретін тауарлықақшалық тепе-теңдіктің моделі. Модель тауарлық және ақшалық нарықтарда бірдей орнаған тепе-теңдік жағдайындағы пайызақы Rдың және ұлттық табыс ‡-тің нарықтық мөлшерлерінің үйлесімдерін табуға арналады. Сондықтан, «IS-LM» моделі «AD-AS» моделінің жекелеген жақтарын тереңдеп талдайды.
Қысқа мерзімде экономика толық жұмысбастылықтан тыс жағдайында болғанда (‡≠‡*), бағалар деңгейі Р тұрақты (алдын-ала белгіленген), ал пайызақы R-дың және ұлттық табыс ‡-тің мөлшерлері құбылмалы (жылжымалы). P=const болғандықтан шамалардың нақты және номиналды мөлшерлері бірдей болады. ¦зақ мерзімде экономика толық жұмысбастылық жағдайында (‡≠‡*) болғанда бағалар деңгейі Р өте құбылмалы. Мұндай жағдайда MS номиналды шама болып табылады, ал модельдің басқа параметрлері – нақты шамалар болады.
• IS қисығының шығарылуы, оның еңкейгіштігі мен жылжуы.
IS қисығы – тауарлық нарықтағы тепетеңдікті белгілейтін қисық. Ол инвестициялар мен жинақтардың теңдігіне шарттанатын ‡ пен R үйлесімдерін сипаттайтын нүктелердің геометриялық орнын бейнелейді. IS терминімен аталуы сол шарттың көрінісі «Invеstment = Savings» . IS қисығының оңай графикалық шығарылуы жинақтар мен инвестициялардың функцияларын қолданумен байланысты. (7. 1 суреті)
Бұл суреттегі келтірілген жинақтар қисығында(жоғары оңдағы график) табыстың ‡ 1 - ден ‡ 2 -ге өсуі жинақтарды S 1 ден S 2–ге дейін өсіреді, ал жинақтар қисығында жинақтардың(төменгі солдағы график) ұлғаюы пайызақыны R 1 -ден R 2 -ге қарай төмендетеді және инвестицияларды І1 -ден І2 -ге қарай жоғарлатады. Мұнда І1=S 1, I 2 =S 2 теңдік шарттары орындалады. Осы әсерлерді жеке табыс - пайызақының координаттық жазығына келтіру IS қисығын шығаруға мүмкіндік береді – төменгі оңдағы графикте. Мұнда келесі байланысты көруге болады: пайызақы ставкасы төмен болған сайын ұлттық табыс (шығару көлемі) деңгейі жоғары болады.
IS қисығының алгебралық шығарылуы: ол модельдің алғы-шарттарында берілген 2, 3, 4 теңдіктердің негізгі макроэкономикалық теңдікке кіргізу және R мен ‡-ке қатысты оны шешу жолымен жасалынады. IS қисығының R-ге қатысты теңдігі келесі түрге ие : a + g +e 1 -b(1 -t) +m` 1 b R= ———— - ————— * Y + —— * G - —— * Ta , мұнда T=Ta+t. Y d + n IS қисығының Y-ке қатысты теңдігі келесі түрге ие : a + g +e 1 b d + n Y= ———— + ————— * G + ————— * Ta - ————— * R , мұнда T=Ta+t. Y 1 -b(1 -t) +m` IS қисығының ‡ осіне қарай еңкейгіштігі бұрышы (1 -b(1 -t)+m`)/(d+n) коэффициентімен сипатталады. Бұл бұрыштың мөлшері фискалды және монетарлы саясматтырының салыстырмалы тиімділігін белгілейтін шамалардың бірі.
LM қисығының шығарылуы, оның еңкейгіштігі мен жылжуы. «ISLM» моделіндегі тепе-теңдік.
LМ қисығының алгебралық көрінісі: ол модельдің алғы-шарттарында берілген 5 -ші теңдігін R мен ‡-ке қатысты шешу жолымен шығарылады. LМ қисығының R-ге қатысты теңдігі келесі түрге ие : k 1 M R= — * Y - — * —— h P LМ қисығының Y-ке қатысты теңдігі келесі түрге ие : 1 M h Y= — * — + — * R h P k Бұл теңдіктерде берілген k/h коэффициенті ‡ осіне қарасты LМ қисығының еңкіштігі бұрышін көрсетеді. Ол IS қисығының еңкіштігі мөлшері сияқты фискалды мен монетарлы саясаттардың салыстырмалы тиімділігін анықтайды. LМ қисығы көлбеу болады, егер ақша сұранымының (MD) нарықтық пайызақы ставкасына сезімталдығы (h) жоғары болса; ақша сұранымының (MD) Ж¦¤ динамикасына сезімталдығы (k) төменгі деңгейде болса. LМ қисығының жылжуы ақша ұсынымы MS – тың және бағалар деңгейі Р–ның өзгерулеріне байланысты болады. Мысалы, ақша ұсынымы MS көбеюі және бағалар деңгейі Р-ның төмендеуі LМ қисығын оңға жылжытады.
«IS-LM» моделіндегі фискалды және монетарлық саясаттарының салыстырмалы тиімділігі. Айтылып отырған модель арқылы фискалды (бюджеттіксалықтық) және монетарлық (ақша-несиелік) саясаттарының салыстырмалы тиіімділігін анықтауға болады. Ол үшін олардың жиынтық сұранымды ынталандыру(экспансия) мен тежеу(рестрикция) бығыттарын бейнелеп көрсетейік. Бюджеттік салықтық экспансия. Мемлекеттік шығындардың өсіру және салықтардың төмендету олардың нәтижелігін азайтатын ығыстыру әсеріне әкеледі
Егер мемлекеттік шығындар G өссе, жиынтық шығындар мен ұлттық табыс мөлшерлері жоғарлайды, бұл жеке тұтыну шығындары С–ның өсуіне әкеледі. Тұтынудың өсуі өз кезегінде жиынтық шығындар мен ‡ табысының деңгейін мультипликатор әсерімен көбейген түрде көтереді. ‡-тің жоғарлауы ақшаға трансакциялық сұранымның (MD) өсуіне әкеледі, өйткені экономикада шарушылық келісім әрекеттері көбейеді. Ақшаға сұранымның өсуі оның ұсынымын тұрақты мөлшерде ұстап тұрғанда, пайызақы R деңгейін көтереді. Пайызақының өсуі инвестициялар І-дің және таза экспорт Хn –ның мөлшерлерін азайтады. Таза экспорттың төмендеуі сонымен қоса импорттың көбеюіне әкелетін жиынтық табыс ‡-тың өсуімен байланысты. Ынталандыру фискалды саясатының әсерінен жұмысбастылық пен шығару көлемі өскендігі нәтижесінде жеке инвестициялар мен таза экспорттың ығыстырылуы арқылы жарымжартылай жойылады. Егер инвестициялар мен таза экспорттың ығыстырылуы болмаса, мемлекеттік шығындардың көбеюіне байланысты ұлттық табыс ‡-тің өсуі (‡ 2 - ‡ 0 )-ге тең болар еді. Бірақ ығыстыру әсері салдарынан ‡-тің өсуінің іс жүзіндегі мөлшері тек (‡ 1‡ 0)-ге тең болады.
Айтылғанларды логикалық тізбе ретінде келесідей көрсетуге болады: G↑ (немесе Т↓) => Y↑=> MD => R↑=>I↓, Хn↓=> ‡↓ Ақшалық-несиелік экспансия. Ақша ұсынымын өсіру қысқамерзімдік экономикалық өсуді қамтылуына әкеледі, бірақ таза экспрт динамикасына қарамақайшы әсер етеді. Ақша массасының (MS) өсуі
7 такырып.pptx