Скачать презентацию 1 -15 лекция Орындаған Психология мамандығы 3 курс Скачать презентацию 1 -15 лекция Орындаған Психология мамандығы 3 курс

16.ppt

  • Количество слайдов: 59

1 -15 лекция Орындаған: Психология мамандығы 3 курс студенттері Қабылдаған: Лиясова А. А. 1 -15 лекция Орындаған: Психология мамандығы 3 курс студенттері Қабылдаған: Лиясова А. А.

1 лекция Психотерапияның түрлері (бағыты, жұмыс түрі, ұзақтығы, шешілетін мәселелер көлемі бойынша). Психотерапия (грек. 1 лекция Психотерапияның түрлері (бағыты, жұмыс түрі, ұзақтығы, шешілетін мәселелер көлемі бойынша). Психотерапия (грек. psyche — жан және therapeia — емдеу). Бастин (Bastine R. , 1982) психотерапияны ондағы психикалық сипаттағы мәселелер немесе қиындықтар туындағанда науқасқа психологиялық құралдар арқылы кәсіби көмек көрсетілетін өзара жеке әрекет етудің ерекше түрін айтады. П. Ледер (Leder S. , 1993) жан-жақтылығын белгілей отыра, психотерапия туралы келесідей ұғымдарды атайды: 1) психикалық және тәндік қызмет саласында ағзаның жағдайы мен қызметіне ықпал ететін емдеу әдісі ретінде; 2) үйрету үдерісін қөзғалысқа келтіретін әсер ету немесе ықпалын тигізу әдісі ретінде; 3) әлеуметтік бақылау мақсатына қызмет ететін құрал қимылы әдісі ретінде; 4) адамдардың өзара әрекеттесу мен қатынасу барысында болатын құбылыстар кешені ретінде. Психотерапия терминін алғаш рет XIX ғ. Тьюк (Tuke D. Н. ) енгізді. Психотерапия термині гипнөз техникасының дамуына байланысты XIX ғ. 90 -жж. ғана жалпы қолданылатын болады.

Штротц (Strotzka Н. Н. , 1982) пікірі бойынша: «Психотерапия — бұл психологиялық құралдармен мінез-құлықтың Штротц (Strotzka Н. Н. , 1982) пікірі бойынша: «Психотерапия — бұл психологиялық құралдармен мінез-құлықтың бұзылуын немесе аурушаң жағдайды нақты белгіленген мақсатпен және қалыпты және ауытқушылық тәртібінің теориясы негізінде оларға таныс тәсілдер арқылы емдеу мақсатында бір немесе бірнеше науқастың және бір немесе бірнеше психотерапевттердің (тиісті оқыту мен дайындықты өткендер) өзара әрекеттесуі. » Ағылшын әдебиеттерінде психотерапия термині медициналық, және одан да тар мағынаны білдіреді. Бұл ұғым психикалық талдау амалдарын қолданбайтын және ауру психикасының терең қабаттарын зерттеу талпынысынан бас тартуымен терапияның психоаналитикалық тәсілдерінен ерекшеленетін емдеу әдістерін белгілеу үшін қолданылады. Бүгінгі күні жалпы психотерпияның 500 -дей жеке әдістері бар. Психотерапияның бірыңғай жалпы қолданыстағы әдістер жіктемесі жоқ.

Әр түрлі жіктеулерге қарамастан, психотерапияны симптомды және жеке-нысаналы ретінде қарастыру қабылданған. Біріншіге дәстүрлі гипнотерапия, Әр түрлі жіктеулерге қарамастан, психотерапияны симптомды және жеке-нысаналы ретінде қарастыру қабылданған. Біріншіге дәстүрлі гипнотерапия, аутогендік жаттығу, иландыру және өзін-өзі иландырудың алуан түрлерін жатқызады. Маңызды жеке тұлғаның өзгерістеріне бағытталған психотерапия заманауи психологияның негізгі ағымдарына негізделеді және осыған сәйкес динамикалық, мінез-құлық және адамгершілік бағыттар болып бөлінеді. Психотерапевтикалық әсер ету — бұл белгілі мақсаттарымен, сол мақсаттарға сәйкес әсер ету құралдарының (әдістер) таңдауымен, қызметтерімен, теориялық тұрғыдан дәлелділігімен, эмпирикалық тексерісімен және кәсіби әрекеттерімен сипатталатын клиникалықпсихологиялық араласу (интервенция) түрі. Психотерапевт – бұл емдеу құралы ретінде психологиялық әсер етуді мақсатты түрде қолданатын, диагностика жасап, әсіресе психогендік ауруларды емдей алатын дайындығы бар маман. Психотерапияның ерекшелігінен ол емдеу үдерісіне қандай да болсын өзіндік тұлға, құндылықтар жүйесі, ең дұрыс теоретикалық бағдарлар мен психотерапевтикалық технологиялар өзгешелігін енгізеді. Психотерапияның әр түрлі бағыттарына емдеу тиімділігі үшін психотерапевт жеке тұлға қасиеттерінің немесе психотерапевтикалық тәсілдердің маңыздылығын бағалаудағы әр түрлі ерекшеліктер тән.

2 лекция Топтық психотерапияның ерекшеліктері. Топтық психокоррекция жүргізетін психологтың негізгі міндеттері. Жас және жыныс 2 лекция Топтық психотерапияның ерекшеліктері. Топтық психокоррекция жүргізетін психологтың негізгі міндеттері. Жас және жыныс ерекшеліктері бойынша топтық құрам. Бұл топтық динамиканы, яғни топ қатысушылары арасында пайда болатын, сонымен қатар емдеу мақсатымен топтық психотерапевтті қоса, өзара қарым-қатынастар мен өзара әрекеттесудің бүкіл жиынтығын мақсатты қолдану ерекшелігі болып табылатын психотерапиялық әдіс. Медицинаның пайда болу кезінен бастап сырқаттарға көмек көрсету үшін емшілер психологиялық әсер ету әдісін қолданды, сол мақсатпен топты пайдаланды. Топта көрініс табатын нәтиже, бағдарлар, эмоциялар, сенім сезімдері, емші біліктілігі мен пайдаланатын процедураларға деген сенім қатысушылардың «эмоциональдық улану» шарасы бойынша ұлғаятын аффектілік жүктеме күйін арттырған және емделушінің әсері мен ықпалына икемделуге ықпал етті. Әсер ету ең алдымен сырқаттың эмоциональдық саласына айналған илану, және оның рациональды, сыни ойлаудан өтіп кетіп, оның көңіл-күйі мен психикалық физиологиялық жағдайына, әлеуметтік қызмет етуіне пайдалы әсер етті. Психикалық денсаулыққа топпен жағымды әсер етудің үлгісі ретінде австрия психиатры Месмердің (Mesmer F. А. ) тәжірибесін айтуға болады. Оны кейде «психотерапия теориясы мен тәжірибесін құрушы, оның ішінде топтық» деп атайды. Топтық динамика топ мүшелерінің өзара қарым-қатынастары мен өзара іс-әрекеттері, қызметтері және сыртқы ортаның әсері нәтижесінен пайда болатын топтық әрекеттер мен интеракциялар жиынтығы болып табылады және уақыт ішіндегі топтың дамуы немесе қозғалысы. Жалпы түрінде топтық динамиканы топтың мақсаттары, міндеттері, нормалары, оның құрылымы, ондағы көшбасшы құрылымы, топтық рөлдер, топ тұтастығы, топ қаты, бұрынғы эмоциональдық тәжірибе өзектілігі, топшық қалыптасуы, топтағы вербальдық қарым-қатынастың басты түрлері. Топтық динамиканың барлық элементтері жұмыс үдерісінде талқыланады, себебі оларда мінез-құлықтың қарым-қатынас, міндеттер, ерекшелік және т. б. жүйесі жақсы айқындалады және сонымен бірге топтық пікірталастың негізгі тақырыптары ретінде қарастырыла алады.

 Топ жұмысының «осында және қазір» үдерісіне шоғырлануы топтық динамика мен өзара жеке байланысқа Топ жұмысының «осында және қазір» үдерісіне шоғырлануы топтық динамика мен өзара жеке байланысқа сүйенуі кейде Т. п. өзара жеке байланыс саласындағы кикілжіңдерді өңдеуге бағытталатындай пікірді қалыптастырады, ал жеке п. Терең өзара жеке кикілжіңді ашып өңдеуге бағытталады. Бірақ Т. п. нақты психотерапиялық бағыт шеңберінде жеке п. тәрізді сол мәселелерді, бірақ өз құралдары арқылы шешеді. Егер психотерапия мақсаты ішкі психологиялық кикілжіңді ашу және оның пайда болуы мен субъектілік шешілмеуіне негізделген теңбе-тең емес, бұзылған жеке тұлға қатынасын болса, онда бұл мақсат жеке психотерапия үшін де, Т. п. үшін де жалпы болады. Топтық психотерапевтпен қолданылатын әсер ету құралдарын шартты түрде екіге бөлуге болады: вербалды және вербалды емес. Вербалды түрге сабақтар барысының құрылуы (психотерапевттің маңызды қызметтерінің бірі), ақпаратты жинау, түсіндіру (эмоциялардың айқындалуы, кларификация, конфронтация, өзіндік түсіндіру), сенім және қайта түсіндіру, ақпаратты ұсыну, тапсырмаларды белгілеу. Бұл жағдайда психотерапевттің белсенділігі туралы емес, белгілі бір беленділік түріне топ мүшелерінің себепші болуы туралы айтылады. Вербалды емес құралдарға ым, қолдарын сілтеу, интонация жатады. Т. п. әдістері шартты түрде негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгі болып топтық пікірталас болып табылады, оның 3 бас бағдары бар – интеракциялық, өмірбаяндық және тақырыптық. Көмекші әдістерге психодрама ( рөльдік жағдаяттарды ойнау), психожаттығу (вербальды емес өзара жеке әрекеттесу), музыкотерапия (белсенді және рецепти түрде), жобалық сурет (белгілі бір тақырыпқа салу). Көрсетілген әрбір әдістер көмекші тәсіл ретінде де қолданыла алады, бірақ бұл жағдайда бір психотерапиялық топ жұмысында қолданылатын кешен туралы айтылған.

 Топтық пікірталастың түрлі вербалды және вербалды емес көмекші тәсілдердің үйлесуі нақты топтық жағдай Топтық пікірталастың түрлі вербалды және вербалды емес көмекші тәсілдердің үйлесуі нақты топтық жағдай мен топтың даму фазасымен анықталады. Осыған байланысты түрлі вербальды және вербальды емес үлес салмағы, сонымен қатар сабақтардың мазмұны мен құрылымы өзгеруі мүмкін. Мысалы, Т. п. бастапқы фазасында емделуші мен оны жеңе алмау туралы қорқынышы арасындағы анық ара қашықтық болып, емделуші міез-құлқына шиеленіс пен сенімсіздік тән болса, вербальды тәсілдер, нақтырақ, психожаттығу тәсілдерінің көлемін көбейту пайдалы болмақ. Кейде топтың жұмыыс алдында психодрамалық техникалар ерекше қолданылады (маңызы зор адаммен сөйлесу, «әлеуметтік атом» және т. б. ). Көмекші вербальды және вербальды емес әдістерді жиі топ ішінде күрделі жағдайларды шешу үшін қолданылады. Оларды топ пікірталасы барысында қолдану топты және басқа емделушілерді ерешеліктер мен мінез-құлықтың тәсілдеріне көңіл аудартуға, бар өзара байланыстарды ашуға және оларды неғұрлым бейнелі етуге, өзара әрекеттесуді түрлендіруге, топтағы жалпы және емделушінің жеке мәселерін талдауға қосымша материалды беруге мүмкіндік береді. Т. п. курс ұзақтығы теориялық бағдарлардан, нөзологиялық қатыстылық пен емдеу мекемесінің түріне байланысты. Орташа алғанда 40 сеанс әрқайсысы 1, 5 сағаттан. Психотерапиялық топ 8 -12 адамнан тұрады, әдетте нозологиялық белгісі бойынша гомогенді және басқа сипаттарына қатысты гетерогенді (жынысы, жасы, білімі, психологиялық ерекшеліктері, психлогиялық кикілжіңнің өзгешелігі және т. б. ) болып табылады.

3 лекция Психотерапиялық топтардың түрлері. Топтық динамика. Психотерапиялық тобының жұмыс кезендері. Топ түрлері: ü 3 лекция Психотерапиялық топтардың түрлері. Топтық динамика. Психотерапиялық тобының жұмыс кезендері. Топ түрлері: ü Кездесу топтары – бұл топта жұмыс топ мүшелерінің бір-біріне деген сенімділігін арттыруға, ұйымшылдыққа бағытталады. Негізгі түсініктері: өзіндік ашылу, өзіндік сана, жауапкершілік, сезімдерге көңіл аудару, “қазір және осында” принципі. Негізгі процедура: контакт орнату, қарсылықты зерттеу, сезімдерге ортақ болу және қолдау көрсету. ü Психодрамалық топ мақсаты – топ мүшелері әртүрлі рөлдерде ойнау арқылы басқа адамдардағы қиын жағдайларға көңіл-күйін, жағымсыз эмоцияларды шығару. Негізгі түсініктері: катарсис, инсайт, спонтандылық. ü Би терапиялық топтар – бұл топтағы жұмыс ерекшелігі – топ мүшелерінің билеу арқылы өз денелерін сезіну, эмоциялық жағдайларын ескеру, дененің позитивті образы арқылы сезімдерін жеткізу. Топ мүшелерінің өз сезімдерімен контакт орнату. ü Арт терапия топтары. Бұл терминді 1938 жылы Адриан Хил санаториядағы туберкулезбен ауыратын адамдарға жүргізді. Алайда басқалары өнердің барлық түрлерін қолдана бастады. Әртүрлі сезімдермен эксперимент жүргізуге және зерттеуге болады. ü Іскерлік психотерапиялық топ – топ мүшелеріне коммуникациялық дағдыларды жетілдіруге, кездесу ұйымдастыра білу дағдыларын адамдармен қарым-қатынас орнату дағдыларын қалыптастыру. Негізгі түсініктері: оқыту моделі, мақсат қою, өлшеу және бағалау. Негізгі процедура: өзіндік сенімділікті бағалу, сенімді жүріс-тұрыспен жұмыс жасау.

ü Т-топтары – психолог Курт Левин бірінші коррекциялық тренинг топтарын 1946 жылы ұйымдастырды. Мұндай ü Т-топтары – психолог Курт Левин бірінші коррекциялық тренинг топтарын 1946 жылы ұйымдастырды. Мұндай топтардың адамдарға қарым-қатынас модельдерін, коммуникативті жолдарын үйретуге мүмкіншілігі мол екендігін көрсетеді. Кейбір т-топтар қатысушылардың сана сезіміне әсері көп болғандықтан оларды сенситивті топтар деп те атайды. Негізгі түсініктері: үйрету зертханасы, оқу жолдарын үйрету, “қазір және осында” принципі. Үйрету зертханасының негізгі міндеті – қатысушыларды өздеріне қауіпсіз ортада басқаларға ыңғайлы мінез-құлық көрсетудің жаңа тәжірибесін опрабациялау (тексеру). “Қазір және осында” ұстанымы бойынша әр адам өзінің өмірде бұрынға болған оқиғаны және солмен туындаған тәжірибесін басшылыққа алмай, қазір болып жатқан жағдайға байланысты мінез көрсету. Негізгі мақсаты – барлық қатысушыларға сыйысымды мінез-құлық көрсетіп, осы білім мен дағдыны отбасы мен қызмет орнында пайдалануға үйрету. И. Д. Ялдың анықтауы бойынша т-топтарының барлық көпшілігіне тән 10 фактор: 1) ұжымшылдық; 2) ниеттеріне сендіру; 3) қорытындылау; 4) альтруизм; 5) мәлімет беру; 6) көп нәрсеге көшіру – өзінің теріс эмоционалды жағдайын жансыз нәрсеге көшіру; 7) бірін-бірі үйрету; 8) тұлғааралық қатынас дағдылары; 9) имитациялық мінез; 10) катарсис.

Т-топтарындағы зерттеулер: - топтық процестерді зерттеу; - топтық әсерлерді зерттеу. Әр адамды өз-өзін және Т-топтарындағы зерттеулер: - топтық процестерді зерттеу; - топтық әсерлерді зерттеу. Әр адамды өз-өзін және өзгелерді танып білуге үйрету кезеңдеру: 1) өзін-өзі басқаларға таныстыру; 2) кері байланыс жасау; 3) эксперимент жүргізу. ü Гештальт терапиялық топтар мақсаты – топ мүшелерін мадақтау арқылы организмикалық процестерін ояту. Клиентте осы болып жатқан жанама және эмоциялық қайғыру маңыздылығын үйрету. Тұлғаның көріністі бөлігін интеграциялау. Міндеттері: адамды өз қабілеттілігін және қажеттілігін дамытуға үйрету, мақсатты жолда қалдырмай аяқтау, шынайы индивидуалдылығын ашу. Топтық динамика – топ мүшелері арасындағы әрекеттестіктермен және өзара қарым-қатынастармен сабақтастырылған топтың дамуы немесе қозғалысы. Топтық динамикаға топтың мақсаттары мен міндеттері, топтың ұйымшылдығы, топ нормалары, жүргізушінің ұстанымы, топ құрылымы мен көсемдік құрамы, топтық рөлдер, топтық даму сатылары, жұмыс кезеңдері жатады. Тренингтің топтағы ең маңызды және көңіл аударуды қажет ететін үдеріс – қағида бойынша топ мүшелерінің бір-біріне өзара тартылуы ретінде түсіндірілетін топтың ұйымшылдығы.

Кездесу топтары Психодрама Кездесу топтары Психодрама

Би терапиялық топ Арт терапиялық топ Би терапиялық топ Арт терапиялық топ

Іскерлік психотерапиялық топ Гештальт топтар Іскерлік психотерапиялық топ Гештальт топтар

4 лекция Кездесу топтары. Негізгі ұғымдары және процедуралары. Кездесу топтарын ұйымдастырудың теориялық негізі ретінде 4 лекция Кездесу топтары. Негізгі ұғымдары және процедуралары. Кездесу топтарын ұйымдастырудың теориялық негізі ретінде Карл Роджерстің «негізгі кездесу» және Уильям Шутцтың «ашықтық теориясы» концепциялары алынған. К. Роджерстің концепциясы өзі тұрған «клиентке бағытталған терапия» деп аталатын қағидасына негізделген. Ол терапияның негізгі мақсаты – басқа адамдармен қарым – қатынас барысында жеке тұлғаның түпнұсқалық қасиеттеріне сүйену болып табылады. Шутц концепциясы сана мен тәнді интеграциялауға негізделген. Кездесу топтарының ішінде нақты мәселеге бағытталған және ортақ сезімге бағытталған түрлерін бөліп көрсетуге болады. Кездесу топтарының негізгі белгісі – өзін –өзі ашу, сезіміне көңіл аудару, өзөзінің жаны мен тәнін саналы қабылдау және «қазір және осында» ұстанымында болу. Кездесу топтары адамның психикалық дамуын жеделдетуге және қысқа мерзім ішінде нәтижеге жетуге бағытталған. Ол үшін кездесу топтарының бірнеше варианттары ұсынылады: «Марафон» тобы және «Ағынан жарылу» тобы. «Марафон» тобы ондаған сағат немесе бірнеше күн бойы топтық әрекеттер істеп, әр қатынасушыға өзін толық бақылауға, мүмкіндіктерін ашуға және танып білуге бағытталған болса, «Ағынан жарылу» тобында әр қатынасушының санасыз сферасына терең бойлау көзделеді.

Топқа қатысушылардың және жетекшінің жеке тұлғалық ерекшеліктері мен психологтың кәсіби шеберлігі топтық коррекция тиімділігінің Топқа қатысушылардың және жетекшінің жеке тұлғалық ерекшеліктері мен психологтың кәсіби шеберлігі топтық коррекция тиімділігінің шарттары болып табылады. Бұл психокоррекциялық топтың терапевтикалық мағынасы өте терең. Шутцтың айтуы бойынша қатысушылардың бір-біріне жауапкершілігі- топтың негізгі заңы. Осы заң бойынша әр қатысушы өзінің топ алдында көрсеткен мінез – құлқына жауапкершілікті өз мойнына алу керек. Мысалы, «Әсер ету» жаттығуы Екі қатысушы бір-біріне қарама-қарсы көзіне қарап отырып, алдында отырған адамның өзіне тигізген әсері туралы топтағылар еститіндей дауыспен барлығына айтып береді. Топтағылардың барлығы кезектесіп бір-бірінен әсерленгені туралы мәлімдейді. Өзіңіздің кезегіңіз келгенде үндеместен өзіңіз туралы өзгелердің пікірін тыңдап, одан өзіңізге пайдалы қорытынды жасаңыз.

5 лекция Т-топтары. Негізгі ұғымдары және процедуралары. ü Т-топтары – психолог Курт Левин бірінші 5 лекция Т-топтары. Негізгі ұғымдары және процедуралары. ü Т-топтары – психолог Курт Левин бірінші коррекциялық тренинг топтарын 1946 жылы ұйымдастырды. Мұндай топтардың адамдарға қарым-қатынас модельдерін, коммуникативті жолдарын үйретуге мүмкіншілігі мол екендігін көрсетеді. Кейбір т-топтар қатысушылардың сана сезіміне әсері көп болғандықтан оларды сенситивті топтар деп те атайды. Негізгі түсініктері: үйрету зертханасы, оқу жолдарын үйрету, “қазір және осында” принципі. Үйрету зертханасының негізгі міндеті – қатысушыларды өздеріне қауіпсіз ортада басқаларға ыңғайлы мінезқұлық көрсетудің жаңа тәжірибесін опрабациялау (тексеру). “Қазір және осында” ұстанымы бойынша әр адам өзінің өмірде бұрынға болған оқиғаны және солмен туындаған тәжірибесін басшылыққа алмай, қазір болып жатқан жағдайға байланысты мінез көрсету. Негізгі мақсаты – барлық қатысушыларға сыйысымды мінез-құлық көрсетіп, осы білім мен дағдыны отбасы мен қызмет орнында пайдалануға үйрету. И. Д. Ялдың анықтауы бойынша т-топтарының барлық көпшілігіне тән 10 фактор: 1) ұжымшылдық; 2) ниеттеріне сендіру; 3) қорытындылау; 4) альтруизм; 5) мәлімет беру; 6) көп нәрсеге көшіру – өзінің теріс эмоционалды жағдайын жансыз нәрсеге көшіру; 7) бірін-бірі үйрету; 8) тұлғааралық қатынас дағдылары; 9) имитациялық мінез; 10) катарсис.

Т-топтарындағы зерттеулер: - топтық процестерді зерттеу; - топтық әсерлерді зерттеу. Әр адамды өз-өзін және Т-топтарындағы зерттеулер: - топтық процестерді зерттеу; - топтық әсерлерді зерттеу. Әр адамды өз-өзін және өзгелерді танып білуге үйрету кезеңдеру: 1) өзін-өзі басқаларға таныстыру; 2) кері байланыс жасау; 3) эксперимент жүргізу.

6 лекция Арт-терапия. Негізгі ұғымдары және процедуралары. Арттерапия – (art – өнер, artterapy – 6 лекция Арт-терапия. Негізгі ұғымдары және процедуралары. Арттерапия – (art – өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргізу) адамның психоэмоционалды халіне шығармашылық арқылы әсер ету және емдеу мағынасын білдіреді. “Арттерапия” – көбіне ағылшын тілді халықтар қоныстанған елдерде кеңінен тараған. Арттерапия өнерге, бірінші орында шығармашылық пен өзіндік өнерін көрсетуге негізделген психотерапияның мамандандырылған бөлімі. АРТ-ТЕРАПИЯ (А. ). Арттерапия оқыту біздің жүзжылдықтың 20 -жж Принцхорн (Prinzhorn H. , 1922) еңбектерінен басталды. Ресейде 1926 ж. А. арналған бірінші монография шықты – П. И. Карповтың «Творчество душевнобольных и его влияние на развитие науки и техники» кітабы, психикалық аурулар кезіндегі шығармашылық байқаулар мәселесі тек медициналық түрде емес, сонымен бірге тарихи және биологиялық аспектілерде қарастырылды. Алғаш бұл термин 1938 ж Адриан Химед туберкулез ауруына шылдыққандар саноториясында емделушілердің көңіл – күйлерін көтеру жұмысында қолданылады. Кейіннен бұл термин өнерге қатысты барлық терапияның салаларында (музыкалық, драмалық терапия және т. б) қолданыла бастады. Бірақ көптеген мамандар мұндай анықтамалар өте кең әрі нақты емес деп санайды. Тарихқа сүйенсек, арттерапия мамандары ұзақ уақыт психиатрлар мен психотерапевтердің көмекшісі болған, олар пациенттің салған суреттерін сырқаттың диагнозын дәлірек анықтауға немесе ем жүргізуге көмектесетін қосалқы әдіс ретінде пайдаланған. Әлемдік әдебиетте А. емдік қасиет механизмі туралы әртүрлі көзқарастары бар – креативтік, сублимативтік, жобалық елес, А. қамтылық ретінде және т. б. А. бейімделу бағдарынан тұлғаның жалпы үйлесімдеуге септігін тигізетін ортаға бейімделу мүмкіндігіне қатысты адамға белсенді бағдар ұсынатын интеграцияланған бейімделу механизмі болып саналады.

1969 ж тәжірибеленуші арттерапевттерді біріктірген американдық арттерапия ассоциациясы құрылды. Осы сияқты ассоциациялар кейіннен Ұлыбритания, 1969 ж тәжірибеленуші арттерапевттерді біріктірген американдық арттерапия ассоциациясы құрылды. Осы сияқты ассоциациялар кейіннен Ұлыбритания, Голландия, Жапония, Ресей елдерінде пайда болды. Бұл ұйымдар қазіргі кездегі психотерапияда өнер мен шығармашылықты қолдану үлкен сұранысқа ие болғанын және оны пайдалану жолдарын анықтау қажеттілігі туғанын дәлелдеді. Арттерапияға қатынасушыларға шығармашылық сипаттағы әр түрлі жұмыстар (сурет, сұңғат, графика, сәулет өнері, кескіндеме, мүсін, дизайн, әрлендіру, пластика, ойма, күйдірме, бедер салу, әшекей, маркетри т, б) ұсынылады. Өнер мен шығармашылықтың адамның жан – дүниесіне әсері, біріншіден, психотерапевтпен қарым – қатынас жасау белсенділігін қамтамасыз етеді, екіншіден қатынасушы топта өзінің уайым – қайғысын толық әрі нақты бейнелеуіне мүмкіндік туады, үшіншіден, ішкі қайшылықтарын өнер арқылы шығарады, төртіншіден ол өзін шығармашылық адамы ретінде қабылдайды. Дәл қазіргі уақытта арттерапияға – видео –арттерапия, инсталяция, перферманс, компьютерлік шығармашылық деген түрлері қосылған. Мұндағы қарым – қатынаста визуалды канал негізгі рөл атқарады. Арттерапия фактілі материалдардың жеткілігіне қарамастан теориялық жағынан әлі эмпирикалық қорытындылау сатысында тұр. Арттерапияның емдік қасиеті туралы теория әлі қалыптасқан жоқ.

Арттерапияның түрлері: Кратохвил арттерапияны – сублимациялы, проективті және әрекетшіл деп бөлген. Дельфина – Бейли Арттерапияның түрлері: Кратохвил арттерапияны – сублимациялы, проективті және әрекетшіл деп бөлген. Дельфина – Бейли арттерапияны қолдануда 4 негізгі бағытты бөліп көрсетеді: v енжар арттерапия – дайын өнер туындыларын пациентпен талдау және интерпретация жасау арқылы оның емдік әсерін қолдану. v Белсенді арттерапия – клиенттің өзіндік шығармашылығын ояту арқылы оның емдік әсерін қолдану. Шығармашылық актінің өзі негізінде емдік фактор болып саналады. v Бірінші және екінші қағидаларды бір мезгілде қолдану. v Психотерапевттің өзіндік рөлін, оның клиентпен қосылып істеген шығармашылық жұмысын қабылдау және талдаудағы қарым – қатынасына мән беру. Арттерапия әдісі – сурет салғанда, өлең жазғанда, скульптура жасағанда, ойланбай істесе де адамның ішкі өзіндік “Менін” көрсетіп отырады деген сенімді тұжырымдайды. Гольштейннің пікірінше, шығармашылық адамның шытырман жағдайдан туындаған қорқыныш сезімдерінен арылдың бірден – бір тиімді жолы. Шығармашыл адамдар өз күш – жігерлерін ішкі және сыртқы қайшылықтарды, сонымен қатар шытырман жағдайларды жеңуге жұмсайды.

7 лекция Би-терапия. Негізгі ұғымдары және процедуралары. Би терапиясы өзінің даму тарихын шығармашылық биден 7 лекция Би-терапия. Негізгі ұғымдары және процедуралары. Би терапиясы өзінің даму тарихын шығармашылық биден алады. Ерте заманда би сөзбен айтып түсіндіре алмайтын кейбір ойлар мен сезімдерді жеткізу құралы болған. Спонтандық әрекеттер мен дене қимылы адам тілі шықпай тұрған кезде қарым-қатынас құралы ретінде қызмет етті (Langer, 1953). Бидің көмегімен ауру адамдарды емдеуге тырысты. Биге еліктеушілер өздерін орманның қаһарлы жыртқыштарымен немесе мыстанмен, әруақтармен теңестірді. Кез-келген мәдениеттің өздерінің халық билері болады. Оларды бір жағынан – күнделікті мәселелерден босау, екіншіден - қарапайым халықтың мінез-құлқықтары мен салт-дәстүрлерін көрсетеді деп қарастыруға болады. Батыс мәдениетінде би қарым-қатынас пен өзі көрсету құралынан өнердің бір түріне айналды және ол көпшілікті үйрету мен көңілдерін көтеру үшін қолданылды. XXІ ғасырда би формализациясы классикалық балетте өз шыңына жетті. Солтүстік Америкада биге жаңа өмір берген қызу қанды Айседора Дункан болды. Ол би өнерінің негізін салушы болып есептеледі. Айседора үшін би адамның табиғи реакцияларының көрініс беру құралы. Би психотерапиясында стилистикалық стандарт жоқ, оған бидің барлық формалары жатады. Олар халық билері, сонымен қатар вальс, рок-нролл. Бұлардың кез-келгені сезімдерді білдіруге қызмет етеді.

 Би терапиясының дамуына психоаналитикалық теория да еңбегін сіңірді. Вильгельм Райх - 1942, Карл Би терапиясының дамуына психоаналитикалық теория да еңбегін сіңірді. Вильгельм Райх - 1942, Карл Юнг-1961 және аз да болса, Гарри Стек Салливан-1953 би терапиясының дамуына өздерінің ерекше әсерлерін тигізді. Би терапиясының дамуында Райхтың тұлғаның эмоционалды дамуындағы дененің рөліне деген қызығушылығы маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда би терапиясы топтарында күш негізінен бұлшық ет қысымын төмендетуге және қимылды дамытуға бағытталған. Би терапиясы мазасыз адамдарды қоғам өміріне қосу мақсатымен қолданылса, онда Салливан ұсынған теория, яғни әлеуметтану мен қарым-қатынастары теориясы қолданылады. Би терапиясы топта кем дегенде бес міндетті шеше алады. Біріншісінде, топ мүшелері өз денелерін танып, оны пайдалану мүмкіндіктерін терең сезінеді. Адамның физикалық және эмоциялық жағдайы жақсарады. Бірінші сабақтың басында би терапиясының тобында басқарушы қатысушыларды бақылайды. Мықты жақтарын бағалайды, осыдан кейін түзету керек және қандай әрекеттер қажет екенін анықтайды. Біздің көпшілігімізге тек бұлшық еттерімізді қатайту үшін ғана көмек керек. Ал психикалық бұзылуы бар және аутизммен ауыратын балаларға бұдан да белсенді көмек керек. Мысалы, жүруге, жүгіруге, иілуге, секіруге қажет дағдыларды игеру үшін. Би терапиясының екінші міндеті, дененің жағымды бейнесін жасай отырып, топ мүшелерінің өздерінің адамгершілік сезімдерін күшейту. Бұзылулары бар аурулар өзіндік дене мен қоршаған орта нысандарының арасындағы айырмашылықтарды айыра алмай қиналады. Мұндай топтарда би терапиясы өзінің алдында дененің адекватты бейнесін құру мақсатын қояды. Үшіншіден би терапиясы әлеуметтік дағдыларды дамыту үшін қолданылады. Психологиялық мәселелері бар адамдардан тұратын топқа қарымқатынастың қарапайым дағдыларын оқыту қажет болуы мүмкін. Өзінің эмоцияларын көрсете алмаушылық көбінесе психотикалық емделушілерде анық көрінеді. Сау адамдардан тұратын топтарда би терапиясы шығармашылық өзара әрекетке жағдай жасайды, сөздік қарым-қатынаста туындаған қиындықтарды жеңуге көмек береді.

Би терапиясының төртінші міндеті –топ мүшелерінің сезімдері мен қимылдарының арасында байланыс орната отырып, өздерінің Би терапиясының төртінші міндеті –топ мүшелерінің сезімдері мен қимылдарының арасында байланыс орната отырып, өздерінің сезімдерімен байланысқа түсулеріне көмек беру. Шығармашылық қатынаста би психикалық күйзелістердің бастауы болатын жасырын конфликтілерді зерттеуге ие болады. Би қимылдары тек экспрессивті болып қана қоймай, сонымен қатар физикалық күйзелістерді түсіреді. Би терапиясының бесінші міндеті «логикалық дөңгелек» тудыру ретінде бейнеленеді. Би терапиясының топтарындағы сабақтар қатысушылардың бірлескен жұмыстарын жобалайды. Бұлардың барлығы толығымен қатысушылармен топтық тәжірибелерінің жетілуіне мүмкіндік жасайды. Барлық компоненттер жабық, тұрақты комплекс – «логикалық дөңгелекті құрайды» . Би терапиясында психотерапевтік ықпалдың басты құралына әрекет жатады. Әрекеттің анализі мен диагностикасын бейнелеуде архитектор және биші Рудольф Лабан құрастырған жүйе кең қолданылады. Ол «күш жүйесі» немесе «күш формасы» ретінде белгілі. Ол әрекеттердің динамикалық және кеңістіктік аспектілерін бейнелеуге, сонымен қатар емделушілердің қажеттіліктерін анықтауға арналған арнайы символдарды қолдануға негізделген. Лабан бойынша, «күш жүйесінде» әрекет динамикасы төрт көрсеткіш бойынша бейнеленеді: кеңістіктік, күш, уақыт және қуат. Әрбір көрсеткіштің екі полюсі бар: кеңістік – тура және көпфокусты болуы мүмкін; күш – қуаты және шектеулі болуы мүмкін. Әрбір әрекетті осы өлшемдердің кезкелгендерімен сипаттауға болады.

8 лекция Дене бағытты топтар. М. Фельденкрайс әдісі. Ф. Александер әдісі. А. Янов әдісі. 8 лекция Дене бағытты топтар. М. Фельденкрайс әдісі. Ф. Александер әдісі. А. Янов әдісі. Көптеген дене бұзылыстарын (омытқа, дем алу және т. б. ) психикадағы бұзылыс пен барлық организмнің дисбалансы деп айтуға болады. Стресстік ситуацияда организмде физиологилық өзгерістер болады: пульс тездетеді, бет және мойын бұлшықеттері қысымда болады, спазмалар пайда болады және т. б. Дене бағыттық топтарда денені зерттеуге бағытталған, дене сезімдерін клиенттің түйсінуі, бұзылыстарды дұрыстау әдістеріне арналған методтар жатады. Көбіне танымал әдістер: А. Лоуэннің биоэнергетикалық анализі, М. Фельденкрайс, Ф. Александер, А. Янов әдістері. Моше Фельденкрайс әдісі – дененің қозғалысы кезіндегі адамның өзін түйсінуі, санамалауы және мақсат ретінде адам дамуы. Сонымен қатар бұл әдісті соматикалық үйрету деп те атайды. Фельденкрайс әдісі практикасының 2 формасы бар: v Қозғалыс арқылы саналау – жетекші вербалды нұсқау бойынша топ мүшелерінің қозғалысын бағыттап отырады. v Функционалды интеграция – жетекші практика арқылы топ мүшелеріне қозғалысты көрсететін вербалды емес индивидуалды сеанстар. Фредерик Александер әдісі – адамдарға өз денесін дұрыс қолдануды, бұлшықеттерін үйлесімді қозғалтуды көздейтін жаттығулар кешені. Артур Янов әдісі – психосоматикалық бұзылыстарды емдеудің жаңа тәсілі. Янов пікірі бойынша, адам мәселенің негізі балалық шақтағы саналанбаған психикалық жарақат болып табылады.

Маше Фельденкрайс әдісі Фредерик Александер әдісі Маше Фельденкрайс әдісі Фредерик Александер әдісі

Артур Янов әдісі Лоуэннің биоэнергетикалық әдісі Артур Янов әдісі Лоуэннің биоэнергетикалық әдісі

9 лекция Психодрама (Я. Морено). Негізгі ұғымдары және процедуралары. Кезеңдері, түрлері. Психодрама- рөлдік ойын 9 лекция Психодрама (Я. Морено). Негізгі ұғымдары және процедуралары. Кезеңдері, түрлері. Психодрама- рөлдік ойын негізіндегі топтық жұмыс әдісі болып табылады. Бұнда топ мүшелерінің ішкі жан дүниесін зерттеу әдісі ретінде драмалық импровизация қолданылады және клиентке деген маңызды проблемаларымен байланысты сезімдерін шығару үшін жағдайлар жасалады. Психодрама ойын принципіне негізделген. Драманы коррекциялық әдіс ретінде Якоб Леви Морено (1892 - 1947) соғыстан кейінгі жылдары эксперимент нәтижесінде қолдана бастады. Бұл эксреимент «аяқ астылы театр» деген атқа ие болды. Морено Вена паркінде қыдырып жүрген балалардың ойын кезіндегі фантазияларына көңіл бөлгенде, ойын әдістемелерінің терапевтикалық патенциялы жайлы алғаш ойланды. Мореноның ойынша, психодрама әсер ету әдісі ретіндегі ойлары- өзінің театрындағы бір актердің қалыңдығы жайлы проблемаларымен бөліскеннен кейін пайда болды. Топпен жұмыс кезінде Морено сол актерды жеке проблемаларымен қоса сахнаға шығарады. Бұл эксперимент қалыңдығы мен күйеуіне де, сонымен қатар бүкіл топ мүшелеріне де пайдалы болды. Психодрамада адамға өзінің проблемаларына шоғырланған кейіпкер ролі беріледі. Осылайша, ол психолог бағыттаған импровизацияда өз сезімдерін еркін білдіре алады, ал басқа актерлер оның шын өміріндегі басты персонаждарды ойнайды.

Психодраманың мақсаты- адекватты емес жағдайлар мен эмоционалдық реакцияларды диагностикалау және коррекциялау, оларды болдырмаудың алдын Психодраманың мақсаты- адекватты емес жағдайлар мен эмоционалдық реакцияларды диагностикалау және коррекциялау, оларды болдырмаудың алдын алу, өзін- өзі тануды тереңдету. Қайғы- уайымдарды сөздік бейнелеуге негізделген басқа әдістемелерге қарағанда, психодрама клиентке тереңде жатқан эмоцияларын ашық және әрекетті формада шығаруға көмектеседі. Психодрама кезінде түрлі деңгейдегі психологиялық проблемаларды (күнделікті тұрмыстықтан бастап, экзистенциялдыға дейін) шешудің эффективті жолдарын іздеу жүзеге асырылады. Клиент жүргізушінің және топтың көмегімен өзінің өміріндегі маңызды жағдайларды драмалық әрекетпен көрсетеді, оның проблемасына қатысы бар көрсетілімдерде ойнайды. Іс- әрекеттер проблеманы анықтау және нақтылау үшін ықпал ететіндей құрылады. Жаңа рөлдер, альтернативті, аффективті және қылықәрекеттік стильдер анализделеді, проблеманы шешудің конструктивті моделін іздеу және апробирлеу жүзеге асырылады. Психодраманы құрайтын әрекеттер мен дене қимыл- қозғалыстары вербалсыз қылық- әрекеттер сигналы сияқты, өзін және басқаларды танудың маңызды бастамасын қолдану мүмкіндігін арттырады. Топтық психодрама жұмысы клиенттің өзі таңдаған тақырыбы бойынша сюжетті- рөлдік ойын формасында жүргізіледі. Психодрамадағы рөлдер туындаған проблемаларды терең түсінуге және шешуге ықпал ететіндей беріледі және орындалады. Психодрама өзінің сезімдерін вербализациялауда қиындықтары бар клиенттерге көмектесуге бағытталған. Психодрамалық ситуацияда клиент бір мезгілде өзінің драмасының басты кейіпкері де, оның шығарушысы да, өзін және өзінің өмірін зерттеуші де болып табылады.

 Психодрамада катарсистік эффектіге басты назар аударылады. Ол ішкі конфликтердің әсерінен пайда болады және Психодрамада катарсистік эффектіге басты назар аударылады. Ол ішкі конфликтердің әсерінен пайда болады және психодрамалық әрекет кезінде сыртқа шығады. Психодраманың элементтері басқа бағыттарда да кең қолданылады: гештальттерапияда, қылық- әрекеттік терапияда, әлеуметтік- психологиялық тренингте, іскерлік ойындарда, т. б. Топта орталықтандырылған психодрама- топ қатысушыларының бір- бірімен эмоционалды қатынастарымен және «осында және қазір» туындайтын проблемаларымен айналысады. Психодраманың бұл формасы рөлдік дефицит синдромында, делинквентті қылық- әрекетте, түрлі фобияларда, рөлдік конфликтер кезінде, креативтілікті жоғарылатуда қолданылады. Психодрамадағы топ көлемі 6 - 9 адамнан тұрады. Егер топ 6 адамнан аз болса, онда көрермендер өте аз болады. Егер топ өте ауқымды болса- тіпті тәжірибелі режиссер болса да протагонистің сұраныстарымен басқара алмайды, жеке топ мүшелерінің реакцияларын ескере алмайды, топтың динамикасын қадағалай алмайды. Мақсатқа бағытталған психодрамада топтың құрамы маңызды рөл атқарады. Топтағы психодрама гетерогенді топ құрамын талап етеді. Топтың қатысушылары (жынысы, тұлғалық структурасы, қабілеттілігі, тәжірибелері әр- түрлі) гомогенді топтарға қарағанда күтпеген жағдайларды толығырақ бейнелеуге қабілетті. Топқа арналған психодрама көбінесе құрамы жағынан гомогенді топтарда жүргізіледі (мысалы, жұбайлар тобы, ата- аналар, жеткіншектер, алкоголиктер және т. б. ).

10 лекция Психосинтез. Негізгі ұғымдары және процедуралары. Психосинтез – өзіндік даму, интегралды үйретудің психотерапиялық 10 лекция Психосинтез. Негізгі ұғымдары және процедуралары. Психосинтез – өзіндік даму, интегралды үйретудің психотерапиялық әдісі. Ол итальяндық психолог Роберто Ассаджиоли теориясына негізделіп жасалған. Психосинтезді жасау арқылы Роберто Фрейд, Юнг, Жаненің қалыптастырған теорияларының ең мықты жерлерін жинаған. Ассаджиоли келесі бағытты ұсынды: 1. Өз тұлғасын терең тану; 2. Өз тұлғасының негізгі бөліктеріне бақылау жасау; 3. “Жоғарғы Мен”-ге жету – орталықты біріктіру; 4. Психосинтез : жаңа орталық арасында тұлғаны қалыптастыру. Ассаджиоли ұсынған адам моделі: 1. Төменгі бейсаналық – психиканы қызметтің қарапайым формасы; 2. Орта бейсаналық – сергек сана элементтерімен сай келетін элементтер. Тәжірибе жинақталады; 3. Жоғарғы бейсаналық – интуиция, шабыттану, жоғарғы сезімдер, талант; 4. Сана өрісі – тұлға бөліктері: ойлары, сезімдер, түйсіктер. Олар бақылана алады. 5. Саналы “Мен” – өзін-өзі саналау нүктесі; 6. Жоғарғы “Мен” – шынайы мен; 7. Ұжымдық “Мен” – сыртқы психикалық орта.

11 лекция Дағдыларды қалптастыру топтары. Дағдылар тобының техникасы. Ассертивтік тренингтері. Өзін өзі бекіту тренингтері. 11 лекция Дағдыларды қалптастыру топтары. Дағдылар тобының техникасы. Ассертивтік тренингтері. Өзін өзі бекіту тренингтері. Бұл өзін сенімділік және сенімді мінез-құлық таныту тренингі. Ассертивті тренинг мақсаты – сенімді жүрістұрыс, өзіне деген сенімділікті қалыптастыру болып табылады. Өзіне сенімді болу дегеніміз – өзіндік мақсаттарын жүзеге асыра білу, қажеттілігін, қалауын, қызығушылығын, сезімін қанағаттандыру. “Сенімділік” ұғымы: A. Өзіне-өзі деген сенімді бағдар; B. Әлеуметтік дайындық және оны адекватты жүзеге асыру; C. Әлеуметтік қорқыныштан еркін болу, агрессияға деген себептердің болмауы. Ассертивті тренингтің негізгі мақсаты – нақты әлеуметтік ситуацияларды рөлдік ойын арқылы жаттығу болып табылуы. Ол 4 негізгі категорияны қамтиды: 1. Шарттарды айту; 2. “Жоқ” деп айту және сын айту; 3. Контакт орнату; 4. Өзіне ашық назар аудару. Ассертивті тренинг әдістері: мінез-құлықтық жаттығулар, рөлдік ойын, in vivo тренингі, оперантты кондициондау, бейнелік кері байланыс, нұсқау, үйрену.

12 лекция Гештальт топтар. Негізгі ұғымдары және процедуралары. Гештальт-терапиясы — әлемдік тәжірибелік психологиядағы кеңінен 12 лекция Гештальт топтар. Негізгі ұғымдары және процедуралары. Гештальт-терапиясы — әлемдік тәжірибелік психологиядағы кеңінен танымал және тиімді бағыт. Адамгершілік психология түрлерінің бірі болып табылатын гештальт-терапиясы жеке тұлғаның дені сау психологиялық ұстанымының күшеюіне, тұлғалық сана-сезімнің кеңеюіне бағытталған және анық көрінетін қызметтік бағыттылығы бар. Көптеген бағыттар мен тәжірибелік психология мектептер түйісуінде пайда болған гештальттерапиясы тәжірибелік психология мектептерінің ең таралған және қол жетімді мектептерінің бірі болды. Ф. Перлз, бағыттың негізін қалаушы бастапқыдан науқас қоғамда дені сау тұлғаның өмірмен күресу мәселесін қойды. Сондықтан гештальт-терапияның көп қырлы техникасы жеке тұлғаның психологиялық көмегін қамтамасыз етуге, адамның оның өткен және болашақтағы ауырлықтан босауына және оның «МЕНІНІҢ» » қазіргі» жеке тұлғалық өмірінің бай өзгеріске толы әлемге қайтуына бағытталған. Гештальт сөзі неміс тілінен тұтас бейне деп те ауларылады, сондай-ақ құрылым, осындай кең мағынада деп ұғынылады. Негізгі ұғымдар: Осында және қазір. «Сені өткен немесе болашақ емес, бүгінгі күн толғантсын» . “Осында өмір сүр”. Қолыңда жоқпен емес, барымен жұмыс жаса. Пішін және фон. Перлзтұтастай қабылдау мүмкіндігін, клиентке әсер ететін барлық ішкі және сыртқы факторлардың өзара әрекеттесу есебін нақтылай отыра, осы тұтас суретте пішін мен фонды бөліп көрсеткен. Осындай кешенді көзқарас неғұрлым объективті бағалауға көмектеседі және гештальт элементтерінің әрқайсысы, оның ішіндегі кемшілік болып табылатыны да, кешенде психикалық бейімделудің маңызды факторы және басқа элементтердің өзара әрекеті болуы мүмкін.

 Ақыл-ойдың кеңеюі. Бұл терминпсихотерапияның басқа да түрлерінде кең таралды, тіпті филисофия мен педагогикада. Ақыл-ойдың кеңеюі. Бұл терминпсихотерапияның басқа да түрлерінде кең таралды, тіпті филисофия мен педагогикада. Оның мәні клиентке шешілмейтін жағдаятты басқа қырынан (немесе әр түрлі жақтардан), сонымен қатар одан шығу жолын көруге мүмкіндік туғызу болып табылады. Неғұрлым кең мағынада ақыл-ойдың кеңеюі адамның өз өміріне және өмірдегі өз-өзіне тұтастай басқаша қарауға, кедергілерді төтеп беру жолдарын ғана емес, сонымен бірге толық өзін-өзі іске асыру мүмкіндігін көруге жағдай туғызады. Қарама-қарсылықтармен жұмыс. Келесі қағида- қарама-қарсылықтармен жұмыс. Біздің қабылдау қалыптармен «кірленген» . Сезімдердің амбиваленттілігі. Бұл кез келген психикалық дені сау адамның қалыпты қасиеті, мәселен, қызғанышта біз бір мезгілде жақсы көреміз және жек көреміз. Дәл сондай балалардың ата-анасына, ата-аналардың балаларына, ағалары мен сіңлілері қатынастарында және т. б. кездесе алады. Аяқталмаған іс— гештальт-терапияда жеке тұлғаны өзертіп, жаңа қақтығыстар тудырып, оның актуальды мінез-құлыққа әсер ететінкідіртілгенсезімдер айқындалады. «Аяқталмаған іс» тұжырымдамасына сәйкес әрекет етілмегенэмоциялар болып жатқанды актуальды тану үдерісіне кедергі келтіреді. Қашқақтау— «аяқталмаған істің» қандай да болмасын жағымсыз күйзелісінің мойындау және қабылдаудан бас тарту тәсілдерімен байланысты мінезқұлықтың ерекшеліктері айқындалатын ұғым.

 Жүйкенің төзу деңгейлері— Ф. Перлз шығарған ұғым. Жеке тұлға құрылысын метафоралық түрде пиязға Жүйкенің төзу деңгейлері— Ф. Перлз шығарған ұғым. Жеке тұлға құрылысын метафоралық түрде пиязға теңестірген Ф. Перлз бойынша психологиялық есеюге жету үшін жүйке төзуінің бес қабатын алып тастау керек деген: 1) жалған рөльдік мінез-құлық қабаты (әдеттегі стереотиптер, ойындар, рөльдер; 2) қалыптарқабаты, онда клиент өзінің аурушаң күйзелістерімен кездесуден қашуға тырысады; 3) «тұйық және ашыну» қабаты — өзіндік жеке шарасыздықкүйзелісімен байланысты сәттер; 4) өзіндік «МЕН» оңай кіру қабаты (адам ренжіген сәттерде өз табандылығын сынап, өзі жағдаятпен күресуге бел буады; 5) эмоциональдық жарылыс қабаты, клиент өзінен жалған және қоқысталғанды шешіп тастап, өзінің шынайы «МЕНІНЕН» өмір сүріп әрекет ете бастайды. Энергия және энергияның қоршалуы— психологиялық талдаудан енген “энергия” ұғымы, оның кернеуде айқындалатын орналасуы мен қоршалуы (ең алдымен денелік — күйі, қимылы, көзқарасы, дауыс үні) гештальт-терапияда түсіндірмелі терминология және оқыту құралы ретінде қолданылады. Бүгінгі күні гештальт-терапия жиі топтық нұсқада тәжірибеленеді. Осы бағытта «ойын» және «сынақ» деп аталатын психотехникаларға гештальт-терапияда үлкен мән беріледі.

13 лекция: Ойын терапия: негізгі түсініктері, мақсаттары, процедуралары. Ойын-баланың жеке басын дамутыда қоғамдық мәні 13 лекция: Ойын терапия: негізгі түсініктері, мақсаттары, процедуралары. Ойын-баланың жеке басын дамутыда қоғамдық мәні бар іс-әрекеттің мақсат бағдарлы, қажеттілікті қанағаттандыруға негізделген белсенділік формасы деп бір жағынан, екіншіден баланың танымдық, шығармашылық, жеке бас қасиеттерін, ақыл-ой сапаларын жетілдіретін тәрбие және оқыту құралы ретінде түсіндіріледі. Ойынның бала өмірінде орын алатыны ертеден дәлелденген. Тіпті ХVIII ғ. Руссо былай деп жазған: «Баланы жақсы тану және түсіну үшін оны ойын кезінде бақылау керек» . Ойын әсерлері баланың қажеттіліктерін физиологиялық белсенділікке қанағаттандырады, ойын үстінде бала энергия жұмсайды, үлкендер өміріндегі міндеттемелерге дайындалады, қиыншылықтарды жеңеді және фрустрациядан арылады. Ойынның психологиялық мазмұны әлеуметтік қатынастар мен жағдайларды үлгілеуді құрайды. Бұл «іс - әрекеттің орталық сипатты сәті және еңбек пен қоғамдық өмірдегі ересектердің арасындағы қатынастар ретінде баланың жаңғыртатыны» . Л. С. Выготскийдің пікірінше, ойын «жүзеге аспайтын тенденциялардың иллюзиялық жүзеге асырылуы» болып табылады және екі тенденцияның соқтығысуынан: баланың психикалық даму ерекшеліктері мен тілектерді осы сәтте орындаудың бұрынғы тенденцияларын сақтауға орай өз көрінісін әлі таба алмаған мотивтерді жүзеге асыру тілегімен байланысты жалпылама аффектілердің қалыптасуынан туындайды. Д. Б. Эльконин баланың өз әрекеттерін ережеге бағындыру қабілетінің дамуында төрт кезеңді ажыратады: Бірінші кезеңде ережелер жоқ және бала оларды айшықтамайды, бұл жиі ойында рольдің логикасын бұзуға әкеледі; Екінші кезеңде ережелер айқын формада әлі көрінбейді, бірақ рольді орындау ережеге бағынышты, баланың ойын әрекетінде объективтендірілген.

 Балаларға ойын арқылы әсер ету жақын аралықта ғана дами бастады. Ең алғаш оны Балаларға ойын арқылы әсер ету жақын аралықта ғана дами бастады. Ең алғаш оны Анна Фрейд ІІ – ші дүние жүзінің соғыс кезінде Лондонды бомбылаған кезде бастарынан өткерген балалармен жұмыс істеуде қолданған. Ойынның ерекшеліктері (К. Стопоро). 1. Ермек ойындар-ойында сюжет болмайды, оның мақсаты қатысушылардың көмегі, мысалы: бір-бірімен артынан қуу, қытықтау және т. б. 2. Жаттығу ойындар –сюжет болмайды, көбіне дене жаттығуына арналған. Мысалы: ағашқа тартыну, ағаштың үстінен жүгіру. 3. Сюжетті ойын - ойын әрекеті бар, алғашқы қиялдағы ситуацияларды көрсету. Мысалы: әр түрлі аспаптарды ойнау, жан-жануарлардың әрекетін көрсету немесе әлеуметтік қатынастарды көрсету. 4. Процесуалды еліктеу ойындары – нақты кезеңге байланысты әрекеттер мен жағдайларды сыртқа шығару. 5. Дәстүрлі ойындар ұрпақтан- ұрпаққа берілетін ойындар. Бұнда жеке бастың сапасы көрінеді. Осы жәке басты сыйлауды талап етуден тұрады. Ойын сезімдерінің берілуімен және кикілжіндердің шешілуі үшін құрал болады. Бала сезімін вербальды жеткізу ылғи да мүмкін емес. Дамудың бұл сатысында бала не сезінгенін айту үшін когнитивті, вербальды құралдары жетіспейді; эмоционалды жағдайда оларды сөзбен жеткізу үшін бала өз ауыртпалықтарында интенсивті бір ойға жинақтала алмайды. Ойында баланың физиологиялық, сана – сезімдік, эмоционалды сапалары шығармашылық үдеріске қосылады және оған әлеуметті әрекеттер қажет болуы мүмкін.

Ойын баланың өз тәжірибесін, өз жеке әлемін ұйымдстыруға талпынысын көрсетеді. Ойын үдерісіне бала жағдайды Ойын баланың өз тәжірибесін, өз жеке әлемін ұйымдстыруға талпынысын көрсетеді. Ойын үдерісіне бала жағдайды бақылау сезімін бастан кешіреді, типті шын мәніндегі жағдайлар бұған қарсы келсе де. Баланың бұл талпынысын Фрэнк былай түсіндіреді: “Ойында бала өзін осы шаққа бұра отырып, өз өткеніне көңіл аударады. Ол өткендегі қиындықтарын жаңа қабылдауға және қатынастарда араластыра отырып, ойнайды. Осылайша, бала өзінің “Мен” образын, өз мүмкіншіліктерін және міндеттемелерін үзіліссіз қайта қарап, ашады. Аналогия түрде ойында бала ойын материалдармен манипуляция жасай отырып, өз мәселелері мен шиеленістерін шешуге тырысады”. Психологиялық тәжірибеде коррекциялық және терапевтік мақсаттарда ойынды пайдалану психоанализдің теориялық дәстүрлерімен тарихи байланысты. Ойын терапиясының бастамасы М. Клейн , А. Фрейд, Г. Гут – Гельмут еңбектерінде біздің ғасырымыздың жиырмасыншы жылдарында – ақ қаланды. Ал 1924 жылы 1 Герман психоаналитиктерінің Конгрессінде сөз сөйлеген К. Абрахам балалармен жұмыс жасағанда жаңа аналитикалық техниканы пайдалану жайлы М. Клейн баяндамасын талқылауды қорытындылай келе, психоанализдің болашағы ойын техникасында деп тәржімалады. Терапевтикалық және коррекциялық мақсаттарда ойынды пайдалану теориясы мен тәжірибесінің дамуы екі бағыттың – алғашында психоаналитикалық бағыттың ұзақ уақыт бойы жүзеге асырды. Әрбір бағытта өзінің концептуалды сызбасы мен ұйымдар жүйесі құралған: гуманистік психологияда – терапевтік байланыс, қабылдау, ынтымақтастық, таңдау мен жауапкершілік; психоанализде – аналитикалық байланыс, қарым – қатынас трансфері (тасымалы), катарсис, сублимация.

14 лекция Ата-аналар мен балалар арасындағы психотерапиялық жұмыстары. Отбасы — қоғамның маңызды бір бөлшегі. 14 лекция Ата-аналар мен балалар арасындағы психотерапиялық жұмыстары. Отбасы — қоғамның маңызды бір бөлшегі. Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда мейірбандық, шындық, адалдық, қайырымдылық, еңбексүйгіштік т. б адамгершілік қасиеттері дамиды және қалыптасады. Сол себепті де жасөспірімдерді тәрбиелей отырып, оларды әр түрлі кездесетін қиыншылықтарға қарсы тұра білуге үйрете білу керек. Түйінделе келе, отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашан да ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Ал бала үшін ата-ана игілік жасаушы, айтушы болып табылады. Отбасындағы ең басты іс-әрекет ол ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас. Қарым-қатынас — адамзат өмірінің аса маңызды және негізгі сферасы болып, соның нәтижесіде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамиды. Қарым-қатынас дегеніміз өзара пікір алмасу, сезім әлемінде бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу сенімді кең ауқымды эмоция спектрлерін қамтиды. Қарым-қатынас барысында екі не бірнеше тұлға арасында рухани әлем және ойпікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар, келісім, не өзара түсіністік тұрғысында, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдіс іске асады.

 Отбасылық қарым-қатынаста оның осы функциялары толық орын алады. Егер тартысталас, қарама-қайшылық, түсінбеушілік басым Отбасылық қарым-қатынаста оның осы функциялары толық орын алады. Егер тартысталас, қарама-қайшылық, түсінбеушілік басым болса отбасында балаға дұрыс тәрбие беру мүмкіндіктері төмендейді. Қарым-қатынасы бұзылған отбасыларына психологиялық және психотерапиялық көмек көрсетуге көптеген психотехникалар пайдаланылады. Отбасының екі тармағы — ерлі зайыптылар мен ата - ана – бала қатынасы кеңінен қарастырылып, олардың ерекшеліктері, артықшылықтары және қиындықтары талданып, одан шығару жолдары көрсетілді. Л. С. Выготскийдің, А. Н. Леонтьевтің, Д. Б. Элькониннің, Л. И. Божовичтің зерттеулерінде баланың тұлға ретінде дамуы тұлғалық жаңа қасиеттердің біртіндеп қалыптасуымен анықталады. 7 -8 жасқа дейінгі кезеңді Л. И. Божович баланың «әлеуметтік индивид» ретінде қалыптасуымен байланыстырады. «Онда жаңа өмірлік позиция пайда болып, осы позицияны қамтамасыз етуші қоғамдық-маңызды қызмет қажеттілігі туады» . 12 -14 жасқа таман «нысананы көздеу қабілеттілігі» калыптасады, яғни саналы мақсаттарды анықтау және қоя білу, ал 15 -16 жаста - «өмірлік болашақ» қалыптасады. Сондықтан да жасөспірім шақта отбасылық қарым-қатынастың психологиялық ықпалы аса зор.

 Отбасының маңызды сипаты - оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады. Отбасының тәрбиелік Отбасының маңызды сипаты - оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады. Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді. Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі - отбасы мүшелерінің материалды қажеттіліктерінің (азық-түлік, қан және т. б. ), олардың денсаулығының сақталуына әсер етуінің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасының осы қызметінің орындалу барысында еңбек ету кезінде жұмсалған жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру қамтамасыз етіледі. Отбасының эмоциональдық қызметі – оның мүшелерін ұнатушылық, сыйлаушылық, мойындаушылық, эмоционалды қолдаушылық, психологиялық қорғаушылық қажеттіліктерімен қанағаттандыру. Осы қызмет қоғам мүшелерінің эмоционалды тұрақтануын, олардың психикалық денсаулығының сақталуына әсер етуді қамтамасыз етеді. Рухани қарым-қатынас қызметі – бос уақытты бірлесе өткізу, екі жақты рухани байыту қажеттіліктерімен қанағаттандыру. Бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі – отбасы мүшелерінің әлеуметтік мөлшерінің орындалуын, оның ерекшелігі, егер кімнің түрлі жағдайда күші бар (жасы, науқастану және т. б. ) болып, әлеуметтік мөлшермен толық сәйкес өзінің мінез-құлқұн өз бетімен тәрбиелей алатын қабілетін жеткілікті деңгейінде меңгере алмаған жағдайда қамтамасыз етеді.

 Отбасы динамикасын тіршілік кезеңінің 5 сатысымен көрсетуге болады: 1 – некеге отыру кезінен Отбасы динамикасын тіршілік кезеңінің 5 сатысымен көрсетуге болады: 1 – некеге отыру кезінен бірінші баланың тууына дейінгі отбасының пайда болуы; 2 – балаларды дүниеге әкелу және тәрбиелеу; 3 – отбасының тәрбиелеу қызметін орындауды тоқтатуы. Балаға еңбек етудің басталуынан ата-ана қамқорлығында балалардың бірде біреуінің қалмауына дейінгі кезеңді қамтиды; 4 – балалар ата-аналарымен тұрады, және тым болмағанда солардың ішіндегі біреуінің жеке отбасы жоқ. 5 - ерлі-зайыптылар жалғыз, не болмаса жеке отбасылары бар балаларымен тұрады.

15 лекция Әртүрлi психотерапиялық бағытта жұмыс жасау бойынша жобаны құрастыру. Психодрама- рөлдік ойын негізіндегі 15 лекция Әртүрлi психотерапиялық бағытта жұмыс жасау бойынша жобаны құрастыру. Психодрама- рөлдік ойын негізіндегі топтық жұмыс әдісі болып табылады. Бұнда топ мүшелерінің ішкі жан дүниесін зерттеу әдісі ретінде драмалық импровизация қолданылады және клиентке деген маңызды проблемаларымен байланысты сезімдерін шығару үшін жағдайлар жасалады. Психодрама ойын принципіне негізделген. Драманы коррекциялық әдіс ретінде Якоб Леви Морено (1892 - 1947) соғыстан кейінгі жылдары эксперимент нәтижесінде қолдана бастады. Бұл эксреимент «аяқ астылы театр» деген атқа ие болды. Морено Вена паркінде қыдырып жүрген балалардың ойын кезіндегі фантазияларына көңіл бөлгенде, ойын әдістемелерінің терапевтикалық патенциялы жайлы алғаш ойланды. Психодраманың мақсаты- адекватты емес жағдайлар мен эмоционалдық реакцияларды диагностикалау және коррекциялау, оларды болдырмаудың алдын алу, өзін- өзі тануды тереңдету. Қайғы- уайымдарды сөздік бейнелеуге негізделген басқа әдістемелерге қарағанда, психодрама клиентке тереңде жатқан эмоцияларын ашық және әрекетті формада шығаруға көмектеседі. Психодрама кезінде түрлі деңгейдегі психологиялық проблемаларды (күнделікті тұрмыстықтан бастап, экзистенциялдыға дейін) шешудің эффективті жолдарын іздеу жүзеге асырылады. Клиент жүргізушінің және топтың көмегімен өзінің өміріндегі маңызды жағдайларды драмалық әрекетпен көрсетеді, оның проблемасына қатысы бар көрсетілімдерде ойнайды. Іс- әрекеттер проблеманы анықтау және нақтылау үшін ықпал ететіндей құрылады. Жаңа рөлдер, альтернативті, аффективті және қылық- әрекеттік стильдер анализделеді, проблеманы шешудің конструктивті моделін іздеу және апробирлеу жүзеге асырылады.

 Психодраманың негізгі міндеттері: 1. Клиенттің өз проблемалары мен конфликтерін шығармашылық тұрғыдан қайта түсіну. Психодраманың негізгі міндеттері: 1. Клиенттің өз проблемалары мен конфликтерін шығармашылық тұрғыдан қайта түсіну. 2. Клиенттің өзін- өзі түсінудің терең және адекваттылығына қол жеткізу. 3. Конструктивті емес қылық- әрекеттік стереотиптерді және эмоционалды әсерлену тәсілдерін жеңу. 4. Эмоционалды реакция жасаудың жаңа тәсілдері мен жаңа адекватты әрекет- қылықты қалыптастыру. Рөлдерді психодрамалық ойнау клиент әрекет- қылығын, оның қатынасын, бағдарын, эмоционалды әсерлену жолдарын өзгертеді. Бағдарлардың өзгеруіне жағымды әсер ететін факторлар: клиентке психодрамаға қатысуды және рөлдерді таңдауға мүмкіндік беру, клиентті орындаушылық әрекетке итермелеу, ойынға өзіндік импровизация кіргізуге мүмкіндіктер тудыру. Психодрама клиенттегі қорғаныс позициясын жеңуге ықпал етеді, эмоционалды қызығушылықты жоғарылатады, өзінің проблемаларын түсінуге, катарсис пен инсайтқа жетуге көмектеседі.

 Психодраманы жүргізу кезінде келесі әдістемелер қолданылады: 1. Өз- өзін көрсету (самопрезентаця) 2. Монолог Психодраманы жүргізу кезінде келесі әдістемелер қолданылады: 1. Өз- өзін көрсету (самопрезентаця) 2. Монолог 3. Дублирлеу 4. Рөлдермен ауысу 5. «Бос» орындық және «биік» орындық 6. «Айна» 7. Мүмкін болатын болашақ өмірлік ситуацияларды ойнау 8. «Артыңда» 9. Идеалды басқа адам 10. Сиқырлы магазин

Назар қойып тамашалағандарыңызға рахмет!!! Назар қойып тамашалағандарыңызға рахмет!!!