Saba_1179_ty_1187_ta_1179_yryby222.ppt
- Количество слайдов: 18
№ 1 1. Махамбет қай жылы, қай жерде дүниеге келген? 2. Махамбет пен Жәңгірхан туралы не айтасың? 3. Исатай қашан қайтыс болады? № 2 1. 1828 -1831 ж. Не болды? 2. Хан жасағын кім бастаған? 3. Исатай жасағы кімнің ауылын шауып алып, кімнің ауылын ойрандайды? № 3 1. 1840 ж. Махамбетті кімдер ұстап алғысы келеді? 2. 1841 ж Махамбетті тез ұстауға кім бұйрық шығарады? 3. Махамбеттің әкесі кім болған? № 4 1. Махамбеттің қанша күйі бар? 2. Махамбетті кім өлтірді? 3. Қай жылы, неше жасында қайтыс болды?
• ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫ (1802 — 1871) ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі – Дулат Бабатайұлы. Ол 1802 жылы Семей өңірі, Аягөз маңында дүниеге келген. Ауыл молдасынан оқып, хат танып, мұсылманша сауатын ашады. Өзіне дейінгі әдебиет үлгілерінен мол сусындап, көне ақын-жыраулар мұрасынан ескі тарихи аңыздар мен эпикалық жырларды тыңдап, нәр алып өскен ол өз дәуіріндегі ең білімді адамдардың бірі болды.
Дулат Бабатайұлы өзі өмір сүрген уақыттың ахуалын қаз-қалпында жырлаған, оған өзінің азаматтық ойпікірін батыл білдірген күрескер ақын болды. Өз кезінде ел ішіндегі жан ауыртқан оқиғаларды өлеңге айналдырған жыр дүлділі ғана емес, сол жайлардан үлкен әлеуметтік ойлар түйген ойшыл дәрежесіне көтерілді. Дулат Бабатайұлының шығармалары, негізінен, қазақ халқының екі жақты езгіге түскен ауыр халін суреттеуге құрылған. Бірінші, патша үкіметінің отаршылдық қанауы. Екінші, патша үкіметі тарапынан тағайындалып, солардан қолдау табатын жергілікті әкімбилердің езіп-жаншуы. Өнер жолына ерте түскен, өмірінің соңғы күндеріне дейін ел ықыласына бөленген Дулат 1871 жылы қайтыс болады.
• Aқын өлеңінде патшалық Ресейдің отарлау саясатының әсерінен ел ішінің бүлініп, психологиялық өзгеріске түсуі, билік-құмарлыққа салынған әкім-билердің өзара талас-тартысы сыналады. Ынтымақ, бірлікке нұқсан келуі, асқақ рухты халық ұрпағының жеке пайдасы үшін жағымпаздыққа бой алдыра бастауы ақын кеудесін қайғыға толтырады. Сол қайғыны «тұнық жырмен» жуа отырып, Дулат ұлт бойына қалыптаса бастаған жағымсыз көріністерді сынайды, ұнамсыз бейнесін жасайды. Дулат ел әкімдерін озбырлығына қоса қазақ елін патша үкіметінің езгіге салуына себепші, елді сатушылар деп біледі. Оларды «Бараққа» , «Тырнақтай меңі болған соң» , «Әуелгі қазақ деген жұрт» , т. б. өлеңтолғауларында өлтіре сынайды.
Дулат өте шыншыл, турашыл, айтарын кімнен болса да тайсалмай бетке айтатын батыл ақын болған. Әйгілі Барақ төреге көптің алдында: «жегенге ток, ішсең мас, өз елін жаудай талаған» деп бетіне басуға нағыз жүрек жұтқан ер болу керек шығар. Жалғыз Барақ төре емес, Кеңесбай, Сүлеймен сияқты сұлтандар мен Ешен сияқты өзін әулие көрсетіп, бірақ дін жолын теріс жүргізетін молдаға, т. б. айтқандарында жаңағылардан асырмаса, кем түсірмейді. Дулат жасынан ақындық жолын қуып, талмай ізденген. Ақындықты тәңірдің сыйы, елдің жан сырын, мұң-шерін толғайтын даналық өнер деп түсінген. Оның аузына бұрын-соңды ешкім айтпаған: Кеудеме қайғы толған соң, Тұнық жырмен жуынам, – деген сөздің түсуі де содан. Дулаттың өмір сүрген уақыты қазақ халкы үшін ең киын заман болды. Сондықтан ол шаттық өлең емес, «зар заман» жырын тудырды. Оның жөнін ұлы жыраудың өзінен артық ешкім де айтып бере алмайды. Дулат өзінің «Ақындық туралы» тамаша толғауында «Сары алтынның буындай, тұманың тұнық суындай… сорғалаған нөсердей» жырын: Қайырсыз, сараң байыңды, Еріншек, есек жарыңды, Халыққа емес сыйымды, Парақор баспақ биіңді, Ел бүлдіргіш бегіңді Улы тілмен улаттым. Сана беріп ойына, Қуат беріп бойына, Аққан жасы сел болған, Етегі толып көл болған, Беріш боп шері байланған, Ұйқы беріп, кайғы алған, Қайғылыны уаттым… – деп сипаттайды. Дулат сол дәуірдегі өзінің ақындык мұратын — ел бүлдірушіні «ұлы тілмен улату» , «қайғылы қалын елін уату» деп, әбден анықтап алған. Кемеңгер жыраудың бүкіл шығармашылығы осы екі арнаның тоғысуынан тұрады.
• Дулат – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс қалпын өктем зорлықпен бұзған XIX ғасырдың ақыны. Барлық билікті патша қолына алып, қазақтан қойылған билеушілер оның қолшоқпарына, шабарманына айналғаны, ел жайлы қоныс, құнарлы жерлерінен ығыстырылып, бағыныштының кейпіне түскені азамат Дулаттың ойынан шықпайтын қайғы-шері болды. Сахараның ергіндік сүйініш рухы мен даналығын бойына молынан дарытқан, жаратылысынан ерекше дарынды Дулат, міне, осы тарихи жаңа дәуірдің жыршысына, отаршылдықтың айыптаушысына, еркіндік, ынтымақ-бірлігін жоғалта бастаған халқының жоқшысына айналды. Дулат мұндай масқара жағдай ел басшыларының жағымпаздығынан, өзін ойлап, халықты ұмытқандығынан болды деп, соларға катты шүйлікті. «Тегімді менің сұрасаң» – деген өлеңінде: • Аға сұлтан, қазының Ел сілкінді ісінен. Ауылдың атқа мінері – Жемтікке қонған күшіген… Майырдың алса бұйрығын, Борбайға қысып құйрығын, Ел пысығы жортады.
• Ұлығының бұйрығын алысымен, құйрығын борбайына қысып, безіп бара жатқан ит сияқты пысықтың күлкілі де жексұрын сұрқы оқырман (тыңдаушылар) көз алдына айқын елестейді. «Өзі елді қорқытып, одан өзі қорқатын» бейшараның қылығы кісі жиренетіндей. Бұл тарихи шындыққа сай типтік бейне екендігін кейін 80 -жылдары ұлы Абай күлкі еткен болыстың образымен айны қатесі жоқ ұқсастығынан да көруге болады.
Дулат ел өміріне көз жібергенде, адамдар арасындағы қарымқатынас көріністерін хандық замандағы, бұрыннан келе жатқан өмір қалпы бұзылмаған кездегісімен салыстыра қарайды. Тегінде мәселе хандық билік, бұрынғы ел билеу тәртібі мен феодалдық өмір қалпының ескіргенінде немесе оларға замана ағымына үйлесетін өзгерістер енгізілудің қажеттілігінде емес еді. Мәселе халқымыздың қоғамдық өміріндегі өзгерістердің тарихи қажеттіліктен, эволюциялық даму жолымен емес, күштеумен, отаршылдық саясаттың мүддесіне бағындыра жүзеге асырылғанында еді. Туған халқын отты жүрегімен емірене сүйіп, оның тағдыры толғандырған – Дулат Бабатайұлының шығырмашылығында және сол ұлттың менталитеті мен рухына жат өзгерістер сыншылдық тұрғысынан көрініс тапты. Ақын: Қой зор болып түйеден, Құлын зор боп биеден, Сөз оралмай жүйеден, Бұзақы би боп тізілді. Лашын өрлеп ұша алмай, Ер майданға түсе алмай, Үлкеннің тілін кіші алмай, Елдегі жақсы бұзылды, – деп, жақсы мен жаман, құндылық пен құнсыздық туралы ұғымдардың әділдік, шынайылыққа кереғар түрде өзгергенін сыншылдық, шыншылдықпен көрсетеді. Ақын байлар саудагерлік жолына түсіп, соның арқасында жамандардың бағасы көтеріліп, қырандар – асыл азаматтар ескерусіз, елеусіз болып қалғанын айтады.
Дулат Бабатайұлын кім деп білеміз? Дулат Бабатайұлы 1. ХІХ орта шенінде өмір сүрген ақын. 2. Өз дәуірінде жаңашылдыққа бет бұрған. 3. Қазақ әдебиетінің дамуына, өркендеуіне үлес қосқан. 4. Зар заман поэзиясының көрнекті өкілі. 5. Өте шыншыл, турашыл, батыл ақын болған.
Ш. Әбенов Шәкір Әбенов (19372005)зерттеуші. Ол Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Дулат Бабатайұлының шығармашылығын зерттеген. Дулат Бабатайұлының қазіргі заманға жеткен 1500 жол өлеңдері бар.
Ортақ ой тастау 1. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиетінің жағдайы? 2. Осы кезеңде тарих сахнасына шыққан ақындар кімдер?
Міндетті деңгей 1. Дулат Бабатайұлы өмір сүрген дәуірдегі қазақ даласындағы тарихи - әлеуметтік жағдай қандай еді? Дәлел келтіру. 2. Дулат Бабатайұлы неге қайғырады, қайғысы кімнің қайғысы? Анықтау. 3. Заманы ақынды қандай күйге түсірді? Баяндау.
Лайықты деңгей 1. Дулат шығармалары қандай тақырыптарды қамтиды? 2. Ата – қоныс, туған жер туралы қандай өлеңдерін білесіңдер? 3. Ақын кімдерді сынайды, кімдерге көңілі толмайды? Төмендегі өлең жолдарын өлең құрылысына талда.
О, Сарыарқа! Самалың салқын жон едің. . . Масаты кілем жайғандай Қоныстың шұрай жері едің!. .
Saba_1179_ty_1187_ta_1179_yryby222.ppt