
логопедия.pptx
- Количество слайдов: 33
1
Қазіргі кездегі оқудың бұзылысын атауға келесі терминдер қолданылады : «алексия» - оқудың мүлдем болмауы және «дислексия » , «дамудың дислексиясы» , «эволюциялық дислексия» - оқуды меңгеру үрдісінің жартылай бұзылысы белгіленеді.
Дислексия дегеніміз – өмірдің хат жазу, кітап оқу, қатесіз жазу, математика, сабақтағы жалпы үлгерім сынды аспектілеріне жауап беретін неврологиялық ауытқу. Әдетте дислексияға шалдыққан баланы жалқау, сабақтағы үлгерімі нашар баламен шатастырады. Бірақ аталған ауруға шалдыққан балалардың IQ көрсеткіші орташа есептен жоғары болғандықтан, оны үлгерімі нашар балалармен шатастыруға болмайды. Қарапайым тілмен айтқанда, дислексия мидағы дислекстердің бұзылып, сөзді анализдейтін орталықтың дұрыс жұмыс істемеуі. Егер бұл ауру туралы толық мәлімет алғыңыз келсе, төмендегі материалымызды оқыңыз.
Дислексия – тұрақты сипаттағы қайталанатын қателермен белгіленетін және жоғарғы психикалық функциялардың қалыптаспағандығымен (бұзылысымен) шартталған, оқу үрдісінің жартылай спецификалық бұзылысы. «Дислексия» терминін ең алғаш 1887 жылы офтальмолог Рудольф Берлин енгізді. Ол дислексия терминін оқу және жазумен қиындығы бар ұл бала үшін алғаш қолданған. Рудольф Берлин
Бұл ауруға шалдыққан адамның тек кітап оқи алмау, хат жаза алмау сынды проблемалары бар адам деп қабылдамаңыз. Өйткені бұл проблемалар құлағы дұрыс естімейтін, көзі дұрыс көрмейтін жандарда да кездесуі мүмкін. Ал дислексия көзбен немесе құлақпен қабылданған суретті адамға түсінікті тілге аудара алмауымен ерекшеленеді.
Бұл ауруға шалдыққан адамдардың басты қиындықтары: v. Ол кейбір әріптерді төңкеріліп тұрғандай көруі мүмкін. Кейде, тіпті, сөзді соңынан басына қарай оқиды; v. Кітап оқып отырған кезде әріптер секіріп жүргендей көрінеді; v. Сыртқы формысы бір-біріне ұқсайтын әріптер мен сандарды ажырата алмайды. Мысалы, «ә» мен «е» , «з» және «э» , «р» және «ь» , 10 мен 01; v. Сөз түсінікті болса да оқи алмайды; v. Бірер секунд бұрын ғана оқыған сөзін есіне түсіре алмайды; v. Жоғарыдағы себепке байланысты бір үзіндіні бірнеше рет қайталап оқиды; vӘріптердің орын тәртібін ауыстырып оқиды; v. Немесе әріптердің барлығы бір төбешікке жиналып қалғандай көрінеді; v. Бір нәрсені оқи алмай қалған кезде жүректері айниды.
Дислексияның дисфонезия, дисэйдезия және диснемкинезия сынды бірнеше түрі бар: v. Дисфонезияның екінші бір атауы – есту дислексиясы» . Дисфонезиясы бар адам сөзді дұрыс естімей, нәтижесінде әріптік символдарды шатастырады; v. Ал дисэйдезияға шалдыққан адам фонетиканы дұрыс түсінгенімен, сөздерді дұрыс оқи алмайды. Мұны кейде «жеңіл дислексия» деп те атайды; v. Ал егер бала «нан» секілді күнде естіп жүрген сөзін дұрыс жаза алмаса, диснемкинезия түріне шалдыққан болады. Бұл - аурудың ең қиын формысы.
Дислексияның симптомдары: • • • • Кітапты көзіне өте жақын ұстайды; Сәл қыли қарайды; Оқу барысында кейбір орындарды байқамайды; Оқу барысында бір көзін жауып отырады немесе мүлдем жұмып алады; Бір көзінің жұмыс жасауын басын бұрып отыру арқылы тежейді; Оқу барысында немесе одан кейін басының ауруы сезіледі; Басын алдыға-артқа қозғай береді; Жиі көзін уқалайды; Геометриялық фигураларды ойында сақтау, табу және көрсету қиынға соғады; Тез шаршайды; Оқу барысында сөздерді тастап кетеді; Бес жас шамасында әріптер мен сөздерді артынан алдына қарай жазады; Оқу мен үй тапсырмасын орындаудан қашқақтайды; Жасындағыларға қарағанда ақырын оқиды; Жазуы жаман болады, бірінің үстіне бірі мініп жатады. 10
Дислексияның жіктелуі 11
О. Токарева дислексияны мынадай түрлерге бөліп көрсетті Акустикалық оптикалық моторлы
Фонематика лық Мнестика лық оптикалық М. Е. Хватцев дислексияны бұзылған механизмдері бойынша Семантика лық Оптикалықкеңістіктік
фонематикалық тактильді Р. И. Лалаева оқу үрдісі бұзылған операцияларын ескере отырып дислексияны мынадай түрлерге бөледі оптикалық семантикалық мнестикалық
15
Қазіргі кезде оқу бұзылысы мәселесін талдау бірінші кезектегі қалыптағы оқу үрдісінің күрделі психофизиологиялық құрылымын және осы дағдыны балалардың меңгеру ерекшеліктерін түсінуге негізделеді. Оқу күрделі психофизиологиялық үрдіс, оған түрлі анализаторлар (көру, сөйлеу, қимыл-қозғалыс, сөйлеу-есту) қатысады, сонымен бірге ол жазбаша және ауызша сөйлеу тілінен бөлек қарастырылмайды
өзінің ы сияқты оқу ғд е түрлі Кез келген да сапалы өзінш дісінде н өтеді. қалыптасу үр дер қатарына ең ен және қадамдар, кез алдынғысым айсысы ап бір Олардың әр қ ты, ақырынд айланыс дысының келесісімен б шеді. Оқу дағ іге кө сападан келес ақсатты ы ұзақ және м ды. қалыптасу іске асырыла үрдісінде бағытталған Оқу дағдысын сәтті м еңгерудің негізгі шартына: ауызша сөй леу тілінің фонетикалық-фонемат икалық жағының қалыптасуы (дыбыс ай ту, фонеманің естіп ажыратылу, фонемат икалық талдау мен жинақтау), лексикалы қ-грамматикалық құрылымы, кеңістік тү сініктерінің, көру талдауының, жинақта у және жалпылауының жетк ілікті дамуы жатады.
Т. Г. Егоров оқу дағдысының қалыптасуының келесі деңгейлерін бөліп көрсетеді: q Дыбыстық – әріптік белгілеуін меңгеру; q Буындап оқу; q Оқудың синтетикалық әдісінің қалыптасуы; q Синтетикалық оқу. Бұлардың әр қайсысы түрлілігімен, сапалы ерекшелігімен, белгілі бір психологиялық құрылымымен, өз қиындығы және міндеттерімен, сонымен бірге меңгеру тәсілдерімен сипатталады.
Дислексия қалыпты оқу үрдісін іске асыратын, психикалық функциялардың қалыптасуынан пайда болады (көріп талдау мен жинақтауы, кеңістіктік түсініктері, фонематикалық талдау мен жинақтау, сөйлеу тілінің лексикалық – грамматикалық жетілмеуі).
Дислексияның диагностикасын жасау үшін баланы когнитивті тестіден өткізеді. Тестілеу барысында баланың оқу деңгейі өзінің қатарластарымен салыстырылады. Сонымен қатар, тестілеу барысында баланың есту қабілеті және ауызша айту қабілеті тексеріледі. Дислексия диагностикасының қиындығы соншалық бұл кемістікті мүлдем бұған қатысы жоқ білім сапасы төмен балаларда кездесетін басқа кемістікпен шатастырып алуы мүмкін. Баланың оқуының төмендеп кетуіне басқа себептерді қарастыру қиынға түсетін әлеуметтік қызметкерлерге «дистексия» диагнозын қоя салу оңай.
Дислексия балаға қандай зиян тигізеді? Дислексия кемістігі бар бала өзінің сыныптастарының күлкіге айналдыратын объектісі болып саналады, сонымен қоса, ұстаздардың көңілі толмаушылығы бар. Мектепте мұндай бала өзін жақсы сезінбейді, қатарластарымен және ұстаздарымен қарым-қатынас жасау барысында көп қиындық көреді. Егер бұл оқиғаны шешпесе, бала жасы өсе келе одан да бетер қиындықтар мен мәселелерге тап болады, олардың ішінде: Кеңістікте өз-өзін ұстай алмау; Басқарушылықтың жоғалуы; Координацияның бұзылуы.
Дислексияны түзету ерекшеліктері Дислексия адамның нейробиологиялық ерекшеліктерінің бірі болып табылады және оны қиындықтарды шешу жолдарын іздеу арқылы түзетуге болады, бірақ дислексиядан арылтпайды. Дислексияны түзету кең таралған әдістердің бірі болып табылатын Рональда Д. Дейвистің әдісі арқылы жүргізіледі. Дейвистің негізгі идеясы баспа әріптеріне белгілі бір образ жасау арқылы балаға түсіндіру, себебі дислексия кемістігі барлар екі образдылықты қабылдай алмайды бірақ үш образдылықты жақсы қабылдайды. Үш образы түрде жасалғандардың барлығы дислексия кемістігі барлар үшін түсінікті болып келеді. Арнайы әдістер арқылы баспа әріптер образдық түрге ие болады және осы жағдай дислексиясы барлар үшін ыңғайлы болып табылады. Дейвистің әдісі қарапайым оқу барысында дислексияны түзету үшін пайдалануға ыңғайлы болып келеді. Сол себепті де, баланы оқу барысынан алшақтатудың қажеті де болмайды.
Дислексияны түзету принциптері: Ø Жеке әдіс арқылы оқыту; Ø Жеке оқу барысының бәсең болуы; Ø Жүйелік бақылау; Ø Оқыту әдісінде максималды тұрғыда ойынды пайдалану; Ø Материалды оқу барысында бірінен соң бірі принципін ұстану; Ø Әрбір әрекетті үйренуі ол үшін функционалды базис болып табылуы керек.
Түзету әдістері: q Демалу, көру және артикуляциялық гимнастика; q Кинезиологиялық түзету әдістері; q Ынталандырушы массаж және қол мен қол саусақтарына массаж; q Ритмикалық-сөздік, музыкалық және витаминдік терапия; q Екі қолмен айналық-симметриялық сурет салу; q Көрушілік-моторлық координация үшін даму жаттығулары, оперативті оқу, сөздерді антиципациондық қабылдау; q Федоренко-Пальченконың модифицирленген көру диктанттары; q Интеллектуалды-дамытушы ауызша ойындар: анаграммалар, изографтар, ребустар, криптограммалар, сыйқырлы баулар, сөзбен айтатын шытырмандар, сөз-марешкалар және тағы басқа; q «Фотокөз» сөзіне іздеу кестелері; q «Дауыстап» оқу әдісі; q Ауызша анаграммалар әдісі; q Арнайы мамандандырылған буындық кесте арқылы оперативті бірліктерді оқуды автоматтандыру.
Дислексияны емдеу жолында қолданылатын дәрі-дәрмектер Пирацетам – Ноотропты құрал Нейро-Норм, капс. № 20 – Жүйке жүйесіне әсер етуші құрал Пирацетам. Дарница, табл. 0, 4 г № 30 – Жүйке жүйесіне әсер етуші құрал
Қосымша мәліметтер: Дислексияның математикалық теңдеулерді, жеңілжелпі есептерді шеше алмайтын түрі «дискалькулия» деп аталады. Оның төмендегідей белгілері бар: v. Математика пәніне деген бейімнің жоқтығы, ақшаны дұрыс санай алмау, дүкеннен қайтарымын дұрыс алмау; v «+ = - х» осындай математикалық символдарды бірбірінен ажыратудағы қиындықтар; v. Есептің берілгенін дұрыс түсініп, оны қалай шығаратындығын пайымдай алмау; v. Ориентацияның жоқтығы, картадан мемлекеттің қай жерде орналасқанын анықтай алмау; v. Аталған аурудың баласында бар-жоғын ата-аналар әкелік тесттің көмегімен анықтай алады. Ол үшін ДНҚ пайдаланылады.
Әлемге әйгілі танымал дислексиясы бар тұлғалар
Танымал адамдардың көбісі дислексиямен ауырған – олар дұрыс жазуды және тез оқуды білмеген. Көптеген талантты адамдар бала күндерінде осы ерекшеліктеріне қарай ақымақ деп санаған. Тоқ лампочкасын ойлап табушы Томас Эдисон және белгілі ағылшын физигі Майкл Фарадей дислексия және дисграфиямен ауырған. Эдисонның сауатсыз болғаны соншалық 12 жасында мектептен қуылған. Сонымен қоса, әлемнің құрылуы жайлы өз ойларын айтқан ұлы физик Альберт Эйнштейнді де мектепте ақымақ санаған. Себебі, ол жаман оқып жаман жазған. . . 29
Ганс Христиан Андерсен даттық жазушы, танымал ертегілер мен әңгімелердің авторы. Әлемнің барлық балалары оның жазған шығармаларын тыңдап өсті. Андерсен өзінің ертегілерін түнде жазып, кейін баспаға апаратын. Бірақ редакторлар автордың қаптаған қателіктерін көріп, соңына дейін оқымай қайтарып беретін. Агата Кристи ағылшындық жазушы, детективтің ханшайымы атанған. Ол кішкентай кезінен дұрыс жаза білмеген. Ол жазу барысында көп қате жіберетін және ақырын жазатын. Өмірінің соңына дейін Агата Кристи көптеген орфографиялық қателіктер жіберген. Том Круз анасы және үш әпкесі сияқты кейбір әріптерді керісінше елестеткен. Ол мектеп кезінде әріптерді тез айруды үйрене алмай қойды, сол себепті де оған он шақты мектеп ауыстыруға тура келді. Дегенмен, бұл кедергілер Том Крузға танымал актер болуға кедергі келтірмеді.
Федор Бондарчук Уолт Дисней Мерилин Монро Леонардо Да Винчи Генри Форд Владимир Маяковский Орландо Блум Кира Найтли
Зейін қойып тыңдағандарыңызға РАХМЕТ!
логопедия.pptx