10_БЕ_директ.pptx
- Количество слайдов: 27
Өзіндік құнды шығындарды толық үлестіру бойынша (абзорпшн-костинг) және айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау 10 -тақырып
Анықтама Шығындарды толығымен үлестірілетін калькуляциялау әдісінде (абзорпшнкостинг) барлық өндірістік шығындар, сонымен қатар тұрақты өндірістік үстеме шығындарда, өнімнің өзіндік құнына жатқызылады.
Қолдану саласы Бұл әдіс міндетті түрде сыртқы қаржылық есеп дайындауда қолданылады.
Анықтама Айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау әдісінде (директ-костинг немесе маржинальды калькуляциялау) өнімнің өзіндік құнына тек айнымалы өндірістік шығындар ғана жатқызылады, ал тұрақты өндірістік үстеме шығындар кезең шығындары ретінде қарастырылып, пайда мен зиян шотына есепке алынады.
Қолдану саласы Бұл әдіс көп жағдайда басқаруда шешім қабылдаған кезде қолданылады.
Негізгі айырмашылық Абзорпшн-костинг және директкостинг араларында негізгі ерекшелігі тұрақты өндірістік үстеме шығындар- ды калькуляциялау кезеңдер арасында бөліп тарату тәртібімен қорытындылады. Абзорпшн-костинг әдісінде барлық шығындар сатылған өнім және дайын өнім қорлары арасында бөліп таратылады.
Негізгі айырмашылық Абзорпшн-костинг әдісінде тұрақты өндірістік үстеме шығындар өнімге дейін үлестіріледі және қорларды бағалауда қатысады. Басқа сөзбен, абзорпшн-костинг бұл барлық шығындарды сатылған өнім мен дайын өнім қорының арасында бөліп таратуға негізделген калькуляциялау әдісі
Негізгі айырмашылық Айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау әдісінде немесе директ-костинг әдісінде тек айнымалы шығынды өнімге үлестіреді, ал тұрақты өндірістік үстеме шығынды кезең шығыны деп қарастырады және пайда мен зиян шотына жатқызады. Басқа сөзбен, директ-костинг әдісінде тұрақты шығынды толығымен өнімді өткізуге жатқызады.
Екі әдістің ұқсастығы Олардың ұқсастығы мынада, екі әдісте де өндірістік емес шығындар кезең шығындары болып есептеледі және де өнімнің өзіндік құнына енгізілмейді
Өзіндік құнды шығындарды толық үлестіру бойынша (абзорпшн-костинг): Өнімнің өзіндік құнын есептеу: теңге/бірлікке (+) (=) Негізгі материалдар Тікелей еңбек ақы шығындары Айнымалы өндірістік ҮШ Тұрақты өндірістік ҮШ Бірліктің өндірістік өзіндік құны
Абзорпшн-костинг: Қаржылық нәтижелер туралы есеп беру (теңге): Өнімді сатудан түскен табыс (-) Сатылған өнімнің өндірістік ӨҚ (=) Жалпы табыс (-) Өндірістік емес шығыстар (=) Таза табыс
Директ-костинг: Өнімнің өзіндік құнын есептеу: теңге/бірлікке Негізгі материалдар (+) Тікелей еңбек ақы шығындары (+) Айнымалы өндірістік ҮШ (=) Бірліктің айнымалы өндірістік өзіндік құны
Директ-костинг: Қаржылық нәтижелер туралы есеп беру (теңге) Өнімді сатудан түскен табыс (-) Өндірістік айнымалы шығындар (-) Өндірістік емес айнымалы шығыстар (=) Маржинальды табыс (-) Тұрақты өндірістік шығындар (-) Тұрақты өндірістік емес шығыстар (=) Таза табыс
Маржиналды: жиынтық немесе бірлікке ме? Жиынтық маржиналды (шекті) табыс Ал бірлікке шаққан маржиналды табыс бұл сатылған өнімнен түскен табыспен барлық айнымалы шығындар арасындағы айырмашылық. бұл бірліктің бағасымен бірлікке шаққан айнымалы шығын арасындағы айырмашылық
Маржиналды немесе жалпы ма? Жалпы табыс бұл сатылған өнімнен Маржиналды (шекті) табыс бұл сатылған түскен табыспен толық өндірістік өзіндік құн арасындағы айырмашылық өнімнен түскен табыспен барлық айнымалы шығындар арасындағы айырмашылық.
Мысал Компания өнімді 10$ бағамен сатады. Айнымалы шығындар 4$ құрайды. Жылына тұрақты шығындар 900$ құрайды, сондай-ақ олар 250 бірлікке тең нормалды өндіріс көлемі негізінде бөліп таратылады.
Соңғы 4 жылда шығындар бойынша ауыткылар болған жоқ деп болжасақ, онда компания қызметінің нәтижесі келесідей (бірліктер): 1 -жыл 2 -жыл 3 -жыл 4 -жыл Кезең басындағы қорлар Өндіріс көлемі Кезең аяғындағы қорлар Сатылу көлемі ∑ - 200 300 - 300 250 200 950 300 (200) 450 (300) 500 (200) 950 (200) 100 150 200 300 750
Тапсырма Қаржылық нәтижелер туралы есепті құрастыру талап етіледі: (1) шығындарды толығымен бөліп тарату әдісімен (абзорпшн-костинг) (2) маржиналды калькуляциялаумен (директ-костинг)
Пайда әртүрлі? Екі калькуляциялау әдісінің пайда мөлшеріне әсерін салыстыру келесілерді көрсетеді. (1) Өндіріс көлемі мен сатылу көлемі тең болған уақытта, пайда калькуляциялаудың екі әдісінде де бірдей болады.
Пайда әртүрлі? (2) Егерде өндіріс көлемі сатылу көлемінен артық болса, онда абзорпшн-костингті қолдану директ-костингті қолдануға қарағанда көп пайда мөлшеріне алып келеді
Пайда әртүрлі? (3) Егер өндіріс көлемі сатылу көлемінен кем болса, онда директ-костингті қолдану абзорпшн-костингті қолдануға қарағанда жоғары пайда мөлшеріне алып келеді.
Бірақ… Бірақ та жалпы өндіріс уақытын қарастырғанда, жиынтық пайда екі әдісті қолданғанда да бірдей болады. Айырмашылық тек кезең араларында жатқызылатын пайда мөлшерінде ғана болады.
Айырмашылықтың себебі … Айнымалы шығындар бойынша калькуляциялауда пайда мөлшері сатылу көлемінің функциясы болып табылады ал шығындарды толығымен үлестірілетін калькуляциялауында пайда мөлшері өндіріс көлемі мен сатылу көлеміне тәуелді функция болып табылады.
Директ-костинг артықшылықтары: (1) шешім қабылдау үшін тиімдірек ақпаратпен қамтамасыз етеді (2) пайданы қорлардың өзгеруінің әсерінен арылтады (3) тұрақты үстеме шығынды ликвидтік емес (өтпейтін) қорларда капитализациялаудан (жинақталауынан) арылуға көмек береді
Абзорпшн-костинг артықшылықтары (1) тұрақты шығындардың маңызын төмендетпейді (2) есеп беруде алдамшы зиянды көрсетпейді (3) директ-костингтің алдында теориялық артықшылығы бар
Директ-костингті жақтаушылар Директ-костинг жақтаушыларына сәйкес, тұрақты өндірістік шығын дайын өнімді нақты шығаруға емес, өндіріске жәрдемдесуге тығыз байланыста болады. Сондықтан олар тұрақты шығынды өнімнің өзіндік құнына енгізбей бірден кезең шығындарына жатқызу қажет деп есептейді.
Қарсы ма? Ал директ-костингтің оппоненттері қорларды бағалауда тұрақты өндірістік шығындар компонентін де енгізу қажетті деп есептейді, себебі, бұл шығындарсыз өнімді өндіру мүмкін емес.
10_БЕ_директ.pptx