Өскемен қаласы, 2013 ж. Оқыту —
Өскемен қаласы, 2013 ж.
Оқыту - білім берудің негізгі жолы болып табылады. Оқыту оқытушы мен оқушының біріккен іс-әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты бір текті процесс. Оқытушы оқушыларға білім беріп іскерлікке, дағдыға үйретеді, ал оқушы таным міндеттерін түсініп, дағдыны игереді. Оқыту барысында оқушыларға теориялық білім мен тәрбие беру бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Тәрбие негізін қалайтын, оқушылардың білімін кеңейтіп, өз қабілетін танып білуге үлес қосатын оқытудың түрі – сыныптан тыс оқыту.
Сыныптан тыс оқыту мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігімен іске асады. Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту әртүлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. Сол жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, өз қабілетін танып білуге, қосымша жұмыс жасауға үйретіп, дүниетанымын кеңейтеді. Оқушылармен сабақтан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстары көбіне сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жүргізіледі. Бұл жұмыс мұғалімнің сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыратын және тереңдете отырып, ең алдымен оқушылардың талаптары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады. Сыныптан тыс оқытудағы жұмыстар оқушылардың бос уақыттарын ұйымдастырудың формасы ретінде олардың адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың негізі болып саналады.
«Сыныптан тыс оқудың мақсаты: баланың сыныптан тыс оқуы арқылы барлық пәннен алған білімін тереңдете түсу, кітаптан өзіне қажетті материалды, кітапханадан керекті кітапты іздеп тауып алуға көмектесу; өз бетімен жұмыс істеу дағдысын нығайта түсу; оқуға, білімге ынтасын, құштарлығын арттыра түсу; баланың эстетикалық және дүние тану құмарлығын арттыру. Сыныптан тыс жүргізілетін оқуды ұйымдастырудың ең негізгі принціпі – оның сыныпта жүргізілетін оқумен тығыз байланыста болуы. Оқушының сыныптан тыс оқитын кітаптары сыныпта өтілетін сабақтардың жалғасы түрінде ұсынылады. Оны мұғалім күнделікті оқу, табиғат тану, сурет, ән, еңбек т. б. сабақтарында және оқу бойынша жүргізілетін қорытынды сабақтарда сұрап, сыныпта оқығандарына байланыстырып отырады. . . » .
Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес – ұлттық сананы сақтау күресі. Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез- құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт -дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз. Сынып тыс тәрбие жұмыстарды ұйымдастыру — белгілі бағытта мемлекеттік стандартқа, елдін саясатына сәйкес болуы шарт. Сыныптан тыс жүмыстар - оқушылардың жетістіктерін үнемі жақсартуға, акпаратты білім алуға, тұлғалық дамуға, әлеуметтенуге, өмірде өз орнын табуына бағдарлайды. Сыныптан тыс жүмыстардың негізі — үйірмелер болып табылады. Үйірмелер баланың жас ерекшеліктеріне, қабілетіне негізделіп, өзара сабактастықта жүруі керек.
Сыныптан тыс оқу- сабақтары бағдарламалық талаптар бойынша жүргізіледі. Оған бағдарламада қосымша оқуға және сыныптан тыс оқуға ұсынылған шығармалар негізге алынады. Сыныптан тыс оқуға бөлінген сағат көп емес. Бөлінген уақытты ұтымды пайдалана отырып, оқушылардың әдебиет сабақтарында алған білімдерін сыныптан тыс оқу сабақтарында кеңейту мен тереңдетудің тиімді жолдарын іздестірген жөн.
Мектепте сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстың көлемді түрі - факультативті сабақтар. Оқытудың бұл формасы оқушылардың факультативтік сабақтар арнайы оқу бағдарламалары бойынша жүргізіледі, оқушыларға білім терең беріледі. Сыныптан тыс оқу сияқты факультативтік сабақтарда оқушыларды өз бетімен кітапты пайдалана білуге үйретеді, олардың білімдерін кеңейтіп, әдеби талғамдарын ұшқырлай түседі, тілін байытады. Ең бастысы – кітап оқуға құштарлығын арттырады. Факультатив сабақтары әдебиетке байланысты, жалпы мектеп бағдарламасында қарастырылған мәселелерді қамтуы керек. Қорыта айтқанда, факультатив сабақтарының оқушылардың ауызша, жазбаша тілін дамытуда, өзіндік ой дербестігін қалыптастыруда тигізер әсері мол.
Оқыту барысында оқушылардың сыныпта алған білімін дамытып, оны ары қарай жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Сыныптан тыс жұмыстардың оқушылардың белсенділігін арттыруда, өзіндік көзқарасының қалыптасуында, білімін жетілдіруде бірден – бір маңызды тәрбие құрамы екендігін көреміз. Сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушылар бойында ұйымдастырушылық, белсенділік дамиды. Бағалы моральдық қасиеттер қалыптасады. Белсенді өмір сүру негізі салынады. Әдебиет сабағындағы сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың шығармашылық ойын дамытып, өзіндік іздену жұмыстарына баулиды. Осыған орай оқушы бағдарламада белгіленген білімді игеріп қана қоймай, жан – жақты ізденіп, ой - өрісін дамытады. Сыныптан тыс оқыту оқу мен тәрбие саласындағы барлық жұмыстарды әрі дамытып, жалғастыру мақсатын көздейді.
Бала тәрбиесі – баршаға ортақ. Жас шыбық иілгіш болса, жас адамда сондай жақсыға да, жаманға бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім. Десекте, ата- ана тәрбиесінен кейінгі жас ұрпақ бойында жақсы қасиет, адамдық құндылық, талғам мен талантты жетілдіру – тәрбиеші мен мұғалімнің басты міндеті. Сондықтанда оқытумен тәрбиелеуді бір – бірінен бөлінбейтін бір тұтас процесс ретінде қарастырумыз керек.
Оқушыларға біліммен тәрбие беруде сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар мектептегі оқу – тәрбие үрдісінің бір бөлігі болып табылады. Олардың түрлері өте көп. Тәрбие сағаттары, ертеңгіліктер , әңгімелер , байқаулар, сайыстар, жарыстар т. б. Бұл сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты оқушыларды жан жақты жетілдіру , халықтың дәстүрлерге деген құрмет сезімін дамыту және халық педагогикасы арқылы бойларында адамгершілкке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

