srs_tort.pptx
- Количество слайдов: 14
Өсімдіктердегі гормоналдық индукция сигналдары. Орындаған: Максутова Айдана Каримова. Ляззат Тексерген: Рысбекова А.
Гормондар – эукариоттар организмінің сыртқы ортамен немесе организм құрамындағы мүшелердің өзара қарым-қатынастарын үйлестіруші біріншілік мессенджерлер. Гормондарды өсімдіктер және жануарлар гормондары деп классификациялайды. Жануарлар гормондарын, өз кезегінде, бірнеше топқа бөледі: пептидтер, белоктар, май қышқылдарының туындылары, аминдер және т. б. аминқышқылдарының туындылары, стероидтар, гликопротеидтер.
Өсімдіктер гормондары (фитогормондар) – молекулалық массалары жеңілдеу, 2 к. Да-нан жоғары емес қосылыстар. Қазіргі таңдағы белгілі өсімдік гормондарын мынадай топтарға бөледі: 1) ауксиндер (1880 жылы Англияда ашылған) 2) цитокининдер (1953 жылы АҚШ та ашылған) 3) гиббереллиндер (1926 жылы Жапонияда ашылған) 4) абсцизиндер (АБҚ туындылары; 1965 жылы АҚШ та ашылған) 5) этилен және басқа да газ тәрізді гормондар (1901 жылы Ресейде та ашылған) 6) брассиностероидтар (1968 жылы Жапонияда ашылған) 7) басқа да гормонтәрізді қосылыстар (ақжұпар және салицил қышқылдары, сәйкесінше JA және SA, сонымен қатар пептидтер, фенилпропаноидтер, олигоқанттардың туындылары және т. б. )
Гормондарды бәріне ортақ жалпы қасиеттері: 1) Төменгі концентрацияда белсенділік таныту 2) Ортада реттегіш дискриминатор – белоктарының болуы 3) Төмендегі қасиеттер мен жағдайлардың болуы: 1) гормон синтезделетін учаске ; 2) гормон әсер етуші нысана; 3) гормон тасымалданатын бағыт; 4) физиологтялық эффект; 5) морфогенетикалық эффект және биохимиялық эффект 4) Клетка метобализмінің негізіне қиыншылық тудыртатын әсердің болмауы. Гормон әсер етуші Гормон синтезделетін учаске Физиологиялық жауап Морфогенетикалық жауап тасымалдау нысана Биохимиялық жауап
Гормондарға айтылып кеткен қасиеттері бойынша, альтернативті анықтама беруге болады: гормондар-өсімдіктердің өсу мен дамуды реттеуші, экзогенді және эндогенді әсер етуші, негізінде, белсенді өсі нүктелерінде синтезделетін және морфогенез процестерін ретту үшін басқа мүшелерге тасымалданатын біріншілік мессенджерлері.
Ауксиндер ( грек. auxano – өсемін) – өсімдік жасушаларында түзілетін физиологиялық маңызы зор, өсу процестеріне демеу болатын өсімдіктер гормондары, индол туындылары.
Ауксиндер жасанды және табиғи жолмен түзіледі. Жасанды ауксин – өсімдік өсіру тәжірибесінде қолданылатын кристалды заттардан (мысалы, индолил май қышқылы, нафтил-сірке қышқылы, т. б. ) алынады. Табиғи ауксин барлық жоғары және төмен сатыдағы өсімдіктердің көпшілігінде, сондай-ақ бактерияларда түзіледі. Олар өсіп келе жатқан өркендердің ұштарында, тұқымжарнақта пайда болып, жасушалардың созылуын, сабақтың, жапырақтардың, тамыр кесінділерінің өсуін, олардың иілгіштік қасиеттерінің пайда болуын тудырады, қалемшелердің тамырлану қарқынын тездетеді. Ауксин әсерінен қышқылданған клетка қабығы жұмсарып, оның құрамындағы целлюлоза және пектиндік полимерлері үзіліп, қасиеті өзгереді. Бұл ішкі (тургорлық) қысымның әсерінен өсіп келе жатқан жасушаның созылуын жеңілдетеді. Ауксин қоректік ортада өскен өсімдік ұлпасында (каллус) және қалемшелерде қосалқы тамырлардың пайда болуына ықпал ететіндіктен көбеюі жеделдейді. Ауксин мен өсімдік гормондары (цитокининдердің) біріккен үйлесімді әсері жасанды ортада өскен жасуша ұлпаларының жіктелуін және тамыр түзілуін қамтамасыз етеді.
Гиббереллиндер. 1938 жылы фузар саңырауқұлағының тіршілік өнімі ретінде гиббереллин бөлініп алынады да, кейінірек оның химиялық табиғаты анықталды. Бұл фитогармон кейін жоғарғы сатыдағы өсімдіктерден де табылды. Қазіргі кезде гибберллиннің 30 -ға жуық түрі белгілі. Гибберллиннің ең жақсы зерттелген және ең активті түрі А 3 гиббереллині, оны гиббереллин қышқылы деп атайды. Жоғары сатыдағы өсімдіктерде гибберллиенге ұқсас заттар да кездеседі, тіпті бір өсімдіктің өзінде гиббереллиннің 2 -3 түрі кездеседі.
Өсімдіктердің дамуы барысында ондағы гибберллиеннің жиынтығы өзгеріп отыруы мүмкін. Гибберллин өркендер мен тамырдың ұштарында, жас жапырақтар мен ұрықта түзіледі. Ол өзі синтезделген жерлерден фломаны бойлай отырып қозғалады. Бұл фитогармон жасушаның бөліну және созылу кезеңдеріне әсер етеді. Алайда ауксинге қарағада ол жасуша қабықшасына әсер етпейді, түйіндердің, жапырақтар мен жемістердің түсіп қалуына кедергі жасамайды. Гибберллин қосалқы тамырдың түзілуін тежейді, алайда сабақтың өсуіне жағдай жасайды. Ол тіпті сабағы өте қысқарған жертаған өсімдіктердің негізгі өркендерінің күшті өсуіне себепші болады. Гибберллин жапырақтың өсуі мен тұқымның өсуіне қолайлы әсер етеді. Ол өсімдіктің дамуын тездетеді.
Цитокининдер ( кинетин және оның аналогтары). Клетканың, тыныштық күйдегі бүршіктердің бөлінуінің, тыныс алу саңылауларының ашылуының, каллустардағы сабақтың түзілуінің стимулденуі; жапырақтың солуының тежелуі, бірүйлі өсімдіктер гүлшоғырының феминизациясы.
Абцизиндер. Жапырақтың солуы мен өсуінің, жемістің пісуінің, тыныс алу саңырауқұлақтарының жабылуының, түйнектердің, бадана мен тұқымның тыныштық күйге көшуінің стимулденуі; антагонистік фитогормондардың, индолил сірке қышқылы және гибберел қышқылдары әсерінің фонындағы бүршіктер дамуының үйлесілімділігі.
Этилен Аздаған мөлшерде барлық өсімдіктердің клеткаларында түзіледі. Өсімдіктерге енген этилен де әсер етеді. Өсімдіктің өсуін тежегіштерге жататын қанықпаған көмірлі сутек Н 2 С=СН 2. Этилен ацетиленнің тотығу нәтижесінде де пайда болады. Температураның күрт өзгеруі этиленнің пайда болуын күшейтеді. Үштік жауаптың (апикальді ілгектің, сабақтың және өркендердің жуандауының) стимулденуі, сонымен қатар жапырақтың солуы мен түсуінің, ұлпалардың солуы мен қартаюының және шіруінің, бірүйлі өсімдіктер гүлшоғырларының феминизациясының стимулденуі.
Брассиностероидтар – вегетативті және репродуктивті мүшелердің барлығында кездесетін гормондар. Сабақтың ұзаруының, этилен биосинтезінің стимулденуі; тамыр жүйесінің өсуі мен дамуының тежелуі. Фенолды тежегіштер. Тамырдың түзілуінің (ризогенез), клетканың ұзаруының стимулденуі, ауксиндер мөлшерінің реттелуі.
srs_tort.pptx