daris_10.pptx
- Количество слайдов: 6
Өндiрiстiк токсикологияның негiздерi 10 Дәрістің тақырыбы. Адамзат биоэкотоксикологиясының негіздері
Адам баласы мен жан-жануарлардың өмiр сүруiнде ас тұзының (Na. Сl) алатын роль өте зор, сондықтан оған деген мұқтаждық ерекше, ас тұзы деп натрийдың хлормен қосылған түрiн айтамыз. Организiмнiң натрий химиялық элементiне деген сұранысын қанағаттандыру үшiн хлорлы натрий тұзын белгiлi мөлшерде күнделiктi қоректiк заттар арқылы алып отыруы қажет ( Свамбаев А. , 1980, 82; Свамбаев А. , Свамбаев А. Е. , 2000 -2001; Свамбаев А, Елемесов К. , т. б. , 2002) Жер қыртысында 2, 8 пайызға жуық Na - элементi бар екендiгi дәлелденген ал литосферада кездесуi жөнiнде Na – элементi алтыншы орында тұр. Натрий хи-миялық элементiнiң бiрден бiр белгiлi функциясы денедегi сұиықтың осмостық қысымын, көлемiн реттеп тұрақтандыру болып табылады, сонымен қатар жүи-ке талшықтары арқылы импульстардың берiлу жұмысына қатынасады. Тiптi Na – элементiнiң денедегi клеткаларының митохондринда болуы барлық фермент- тiк жүиелердiң жұмысы натрий элементiнiң тiкелей қатынасуымен болатынды-ғын дәлелдейдi. Денедегi Na – элементiнiң мөлшерi физиологиялық қалыптан асып көбейгенде көптеген ферменттердiң (холинацетилаза, фосфотрансацети-лаза, т. б. ), ацетатбелсендi жүиелердiң жұмыстары төмендеп тоқтайды ( Петру-хин И. В. 1989; Лапшин С. А. т. б. , 1988; Кальницкий Б. Д. , 1985; Мозгов И. Е. , 1983; Чечеткин А. В. , 1982).
Денеге сiңген Na – элементiнiң 90 -нан 95 пайызға шейiнi несеппен бөлiнiп шығады, адамның несебiңдегi орташа мөлшерi шамамен 270 – 290 мвал/л төңi-регiнде болады, жалпы элементтiң қандағы мөлшерi оның сарысуында (Kolb E. B. , 1964) көп болады. Адаммен жануарлар үшiн натрий химиялық элементiнiң маңыздылығы өте зор болғандықтан оны күнделiктi қоспа түрiнде қолданып организiмнiң мұқтаждығын қанағаттандырады. Негiзгi дененi натримен және хлормен қана-ғаттандырып, және рациондағы қоректiк заттарды тепетендiкте ұстау үшiн мiндеттi түрде ас тұзы қосылады. Мал шаруашылығында астауларда болмаса түлiктiң шоғырланатын жерлерiнде жалауға арналған тас болып қатқан ас тұзын қолданады. Қатаң ескере кететiн жағдай тұзды бейпiл қолданудың салда-рынан малдардың арасында тұздан улану жиi кездеседi, ал тұзды астауға салып еркiн бергенде мал өзiне керектiсiн алады, улану болмайды. Зерттеулер нәтиже-сiнде белгiлi болғаны тұздан уланып өлетiн мөлшер; iрi қара мал ұшiн 1500 – 3000 г, жылқыға 1000 – 1500 г, қоймен шошқаға 125 – 250 г, тауықтарға 6 г. , күркетауықтарға 4 г басына. Бiз малдардың Na. Сl - тұзына мұқтаждық қалып-ты мөлшерлерi туралы дерктердi Жаршы басылымының 2001 – 2002 жылғы сандарында және тағы басқа басылымдарда келтiргенбiз (Свамбаев А. и др. , 2001 -2002; Свамбаев А. , Елемесов К. и др. 2002 г. ).
Бiздiң зертханаға 1998 – 2002 жылдардың арасында сараптық талдауға әке -лiнген ас тұзының үлгiлерiнiң зерттеу нәтижесi көрсеткендей көптеген мал шаруашылығы ұжымдарының малдарына жегiзiп отырған сонымен қатар Алма-ты қаласындағы кейбiр жеке сауда орында прокуратура қызметкерлерi мен бiрiгiп арнайы алынған ас тұздары сараптық стандарттарға сай болмады (Диаграмма 2), қолданылатын ас тұзының сапалық сұраныс стандарттық көр-сеткiштерiмен салыстырғанда ондағы Na. Сl – мөлшерi 3, 4 пайз төмен болды. Тiптi стандарттық көрсеткiшнен бұрын ол алынған тұздың құрамында Hg (сы-нап), As (күшәлә) т. б. өте қауiптi заттар табылып үлкен мөлшердегi саудаға ұлықсатсыз түскен ас тұзының әрiқарата сатылуына жол берiлмедi. Зертхана-лық талдау нәтижесiнде прокуратурадан жолдамамен келген түздың үлгiсi тiптi Na. Сl – пайыздық мөлшерiмен, ерiмейтiн қалдығының көрсеткiштерi бойынша техникалық тұз екендiгiн дәлелдедi (2 -диаграмма). Сонымен қатар бұл тұздағы өте қауiптi заттардың болуы Hg (сынап), As (күшәлә) т. б. , тұздың тiптi адам түгiл малға да пайдалануға жарамсыздығын көрсетедi себебi айтыл-ған улы химиялық заттар қалыпты шектеулi мөлшерден бiрнеше пайыз жоғары, бұл заттардың шектеулi мөлшерiн бiз «Жаршы» және басқа басылымдарда жариалағанбыз (Свамбаев А. , Свамбаев Е. А. 2002). Жоғарыда айтылғанға ұқсас тұздың үлгiлерi зертқанада бұданда бұрын зерттеуде болған едi, бiрақ малдың жемiне қосу үшiн, ол жолдары да бiз тиiстi орындарға хабарлап ондай тұздарды малға қолдануға болмайтыны жөнiнде қортынды жасағанбыз.
Жеке шаруашылықтан тексеруге әкелiнген ас тұзының үлгiсiнде зерттеу нәтижесiнде 97, 2 пайыз Na. Сl – қосылысы бар екендiгi дәлелдендi, сонымен қатар бұл тұзда ерiмейтiн қалдық 0, 47%, ылғалдылық 6 пайызды көрсеттi, ал күкiртқышқыл натрийдiң үлесi 0, 52 % - болды яғни бүл тұз малдың жемiне қосуға жарамды қалыпты стандарттағы ұлықсат берiлген тұздың түрi екендiгiн дәлелдедi. Зертханаға сарапқа келiп түскен көптеген ас тұздарының үлгiлерiн зертте-генiмiзде олардың 53 пайызга дейiнгiлерi негiзгi жемге болмаса тамақа қосуға арналған тұздарға деген сұраныстарға сай болмады, мұндай тұздар шаруашылықтың дамуына және тұтынушылардың денсаулығына өзiнiң керi әсерiн тигi-зiп көптеген ауырулар туғызып дененi улайтындығы белгiлi. Тұздардың үлгiле-рiнiң бiразы ұсақ түиiршектi қайнату арқылы алынға тұздар болды. Зертханада тексерiлген йод қосылды деген жоғарғы сорттағы ас тұзының 23үлгiсiнде йод жоқ болып шықты әрине мұның себебi қосылған йодты калии тұзын ас тұзы-ның құрамында тұрақтандырмаудан болып табылады. Құрама жеммен қосып, болмаса таза күиiнде тұтынылған тұзды белгiлi ме-мiлекеттiк қалыптық құжатқа сай ұдайы тексерiп отру қажет себебi тұз малдың, адамның күнделiктi мұқтаждық заты егер ол таза болмаса сол арқылы денеге қауiптi заттар жиналып өзiнiң алыс созылтпалы зардабын тигiзетiндiгiне күмән жоқ екендiгi белгiлi.
Бақылау сұрақтары Биоэкотоксикологиялық зардаптарды таратудағы адамның рольі. Биоэкотоксикологиялық зардаптардың таратудағы ауыр металдардың орны. Ортаны ластаудағы органикалық түрмыс қалдықтарының маңызы. Ластанудан болатын эпидемиалық зардаптардың таралуындағы адамның орны. Тұрмыс тіршілік қалдық уларыңың ерекшеліктері.
daris_10.pptx