
123.pptx
- Количество слайдов: 9
ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯНЫ
МЕТАЛЛУРГИЯ ӨНЕРКӘСІБІ • Өңдеуші өнеркәсіптің бұл саласы күрделі технологиялық сатылардан: кен өндіру, бастапқы металды бөліп алу, алынған металдың сапасын жақсарту және т. б. тұрады. • Қара металлургия өндірістің басқа салаларымен (тау-кен, көмір, энергетика, түсті металлургия, химия) тығыз байланысты. Бұл белгілі дәрежеде оның орналасуына да ықпал етеді. Қазіргі кезде қара металлургия кәсіпорындары: • 1) кокстелетін көмір алаптарына; • 2) темір кен орындарына; • 3) теңіз порттарына жақын орналасуымен ерекшеленеді. АҚШ-тағы, Ресейдегі, Қытай мен Украинадағы, Германиядағы байырғы металлургия орталықтары алғашқы фактордың ықпалымен қалыптасқан. Шойын қорытудағы негізгі отын — таскөмірден алынатын металлургиялық кокстың дүниежүзінде өндірілу көлемі 350 млн т-дан асады. Кокстелетін көмір қоры шектеулі, қазіргі кезде оны өндіруден Қытай алдыңғы орында.
• Қазіргі заманғы түсті металлургия өндірісі кен құрамынан 70 -тен астам түсті металдарды бөліп алады; өнім көлемі жылына 20 млн т-ны құрайды. Олардың арасында өндірілуі жағынан жетекші орын алатыны — алюминий, ол түсті металлургия өнімдерінің жартысына жуығын құрайды. Өнеркәсіптің көптеген салаларында, құрылыста кеңінен қолданылатын ақ металды алудың технологиясы күрделі, сондықтан өндірістің жеке сатылары әртүрлі елдерде, тіпті аймақтарда орналасады. Алюминий өндірісінің алғашқы сатысы — боксит өндіру, негізінен, Аустралия, Гвинея және Ямайка, Бразилияның бай кен орындарына шоғырланған; екінші сатысы (алюминий оксидін алу) отын мен әктас мол аудандарда орналасса, соңғы сатысы (электролиз арқылы металды бөліп алу) арзан электр энергиясына бағдарланады.
МЕТАЛЛУРГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА • Металлургия табиғат кешендерінің барлық құрамдас бөліктеріне әсерін тигізеді. Тау-кен өнеркәсібі топырақ қабатын бұзып, тұтас ландшафттарды «жалмап кояды» . Жер бетінде алып карьерлер мен жер астында ірі үңгірлер пайда болуда. Олар басып қалу мен антропогендік жер сілкінісі қаупін тудырады. Көп жерлерді қалдықтар: бос жыныстар мен байыту қалдықтары, металлургиялық қождар (шлактар) алып жатыр. • Егер осы қалдықтарды тегістеп жайса, еліміздің аумағының қалыңдығы 2 мм болатын қабат жауып кетер еді! Бұзылған жерлерге көп шығынды қажет ететін қалпына келтіру (рекультивация)* шаралары қажет. • Металлургия зиянды заттардың көп мөлшерін атмосфераға шығарады. Әсіресе, қалдық газдар (күкіртті жәнө т. б. ) кұрамында металы бар тозаң және басқа элементтер аса қауіпті. Сонымен, түсті металлургия - Қазақстан өнеркәсібінің негізгі салаларының бірі. Өндірістің аяқталған циклі ауыр металдар металлургиясында қалыптасқан, ал жеңіл түсті металдар арзан энергия кездеріне таяу орналасады
• Металлургия өндірісінің қоршаған ортаға әсері мол, себебі түрлі отындарды жағу нәтижесінде қоршаған ортаға көптеген шығарындылар түседі. Негізгілері: көміртек оксиді, күкіртсутек, құрамында графит бар және түрлі металдар (алюминий, сурьма, мышьяк, қорғасын, сынап, қола) бар шаң.
• Көміртек, күкірт, азот оксидтері зиянды қосылыстар болып табылады. Күкірт оксидінің жыл сайынғы қоршаған ортаға түсуі экологспециалисттердің пайымдауынша 100 -150 млн. т. Қоршаған ортаға үлкен қауіп қатер тигізетін, соның ішінде жан-жануарларға, өсімділікке, ескерткіштерге зиянын келтіретін қышқыл жаңбырлардың түзілуіне күкірт оксиді себеп болады. Қоршаған ортаның металлургия өндірісінен ластануы, өндіріс орнынан шығатын, құрамында түрлі химиялық қосылыстары бар ақаба сулар негіз болады. Ірі металлургиялық центрлерде зиянды заттардың атмосфералық ауада және судағы концентрациясы нормадан жоғары болады. Металлургия өндірісінде суды көп пайдаланады, сондықтан өндіріс орны өзен, теңіздердің қасына салынады немесе арнайы су жинақталатын гидротехникалық құрылғылар орнатады.
• Қоршаған ортаның бұндай ластануынан кейін халықтың денсаулығы нашарлайды, өмір сүру ұзақтығы азайып, өлім қарқындылығы көбейеді. Мәліметтерге сүйене отсақ, тамақ өнімдерінің 20 -50%-ының құрамында улыхимикаттар, нитраттар, адам денсаулығына зиян концентрациядағы ауыр металдар болады. Металлургия өндірісінің аймағында су көздері, яғни ауыз су, жерасты сонымен қатар жерүсті ластанған болып келеді. Әсіресе қышқыл жауын-шашыннан соң.
• Барлық өндіріс орнынан шыққан атмосфералық ауаны ластаушылардың 15 -20 %-ы қара металлургия өндіріс орныннан шығады. Орташа есеппен 1 млн т жылдық өндірісінен бөлінетін шаң 350 т/тәулігіне, күкірт ангидриді – 200, көміртек оксиді – 400, азот оксиді – 40 т/тәулігіне. • Металлургия өндіріс орнында көптеген қалдықтар болады, бірақ олардың тек 34%-ы ғана жойылады және залалсыздандырылады. Ол қалдықтар – доменді газ және кокстық газ.
123.pptx