lektsia_1_kurs_OBZh_OMF.ppt
- Количество слайдов: 17
Өмір сүруді қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негізі Лектор к. м. н. А. А. Козыкенов
Қауіпті жағдай - бұл белгілі бір бағытта дамыса, салдары қайғылы жағдайларға әкелетін оқиғаның ағымы.
Денсаулық сақтау жүйесінде қызмет етуде кездесетін күрделі мәселелер: n n n Түрлі апаттық жағдайлар кезінде тұрғындардың патологиялық зақымдалуы алуан түрлілігін зерттеуге дәрігер кадрларының жеткілікті назар аудармауы; Апат аймақтарында автономды жұмыс жасау үшін қозғалмалы құрылғылардың болмауы; Тиімді тасымалдау мен зардап шеккендерге медициналық көмекті дер кезінде көрсетуге бағытталған, осы аймақта қолданылатын денсаулық сақтау жүйесінің күштері мен құралдарын, жұмыс жасау формасы мен әдістерін жетік білмеу; Оларды жинаумен апат болған иаймаққа жеткізу ұзақтығы; Материалдық – техникалық жабдықталудың әлсіздігі.
n Үкіметтің қаулысы бойынша бекітілді: n Қызметті құрудың ұйымдастырушылық қағидалары. . n Төтенше жағдайлар кезінде қызметтің әрдайым даярлығын ғана емес, сонымен қатар төтенше жағдай болған аймақта оның күші мен құралдарының жоғары икемділігін қамтамасыз ететін материалдық және кадрлық негіз. Төтенше жағдайда көмек көрсететін қызмет барлық денсаулық сақтау жүйесінде тігінен, сонымен қатар көлденеңінен де құрылады. Бұл оны кез келген күтпеген жерде болған экстремальды жағдайда қолдануға, сонымен қатар көршілес жатқан аудандар мен орталықтардың күшін қолдана отырып қажет болған кезде ұзартуға мүмкіндік береді.
n Төтенше жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету қызметі – зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі мен медициналық құрамаларды және медициналық көмек көрсету үшін басқа да ведомстваларды функционалдық біріктіретін, сонымен қатар апат және жаппай сырқаттану кезіндегі санитарлық – профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды өткізетін орталықтандырылған мемлекеттік қызмет.
n n Медициналық мекемелерде және құрамаларда қызмет көрсетудің бригадалық әдісі, оларды көлікпен және медициналық құрал жабдықтармен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейіндегі медициналық көмек көрсететін орталықтардың әрдайым даяр болуы төтенше жағдайлар кезінде күштер мен құралдарды бірден іске қосудың кепілі. Бұл қызметтің маңызды міндеті: Зардап шеккендердің денсаулығын тез арада қалыпқа келтіру; Оларды жұмысына қайтару; Мүгедектік пен өлімді барынша төмендету;
n Бірқатар еуропалық елдерде және АҚШ-нда апаттық аудандардағы жұмысқа әрдайым дайын аймақтық және жергілікті жүйе ведомствааралық күштер қатарына жатады. Оларды «Апатқа тұрақты дайындықтағы орталықтар» түрінде қарастырады. Олар ГО жүйесімен тығыз байланыста болады не оның немесе басқа құрылымдар басшылығымен қызмет етеді. апат аймақтарында бригадалық әдіспен жұмыс істейтін кіші көлемді медициналық қызмет қолданылады. Ірі апат аймақтарында жұмыс жасау және апат жағдайында халықаралық көмек көрсету үшін олар құрамы 29 – 35 адамнан тұратын ірі жылжымалы медициналық құрылымдарды қолданады (2 -3 дәрігер, 14 -16 орта білімді мамандар).
n Зардап шеккендердің өмірі үшін күресуде талаптарды орындау сілейме түрінде жарақаттың асқынуын ескерсек мәні арта түседі. 1 сағат өтіп кетсе, сілеймеден алып қалу мүмкін емес, ал алғашқы 6 сағатта жүргізілген шокқа қарсы шаралар өлімді 2530% -ға төмендетеді. Қаза болғандардың ішінде 1/3 баяу өлетінін және алғашқы 6 сағатта оларды аман алып қалуға болатындағын ескеру керек. Бұдан шығатын қорытынды, дер кезінде көрсетілген медициналық көмек зардап шеккендердің көпшілігін аман алып қалуда аса маңызды.
n n n Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы апаттарды шығу тегі бойынша жіктеуді ұсынады: - метеорологиялық: қатты желдер (дауылдар, құйындар, циклондар, борандар), аяздар, әдеттегідей емес аптық ыстық, құрғақшылық және т. б. ; - топологиялық: су тасқыны, қар көшкіні және т. б. ; - теллургиялық және тектоникалық: жер сілкінуі, жанартаулардың атылуы және т. б. ; - апат: техникалық құрылғыладың істен шығуы (платиналар, құбырлар, ғимараттар, шахталар және т. б. ), өрттер, кемелердің суға батуы, пойыздардың қирауы т. с. с.
n АҚШ-да (Нью-Йоркте) диспетчер 3 жедел жәрдем автокөлігін жіберген кез келген қайғылы жағдай ауқымды апатты жағдай ретінде қарастырылып, төтенше жағдай қызметінің жылжымалы резерві бірден іске қосылады.
Техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың (ҚР) критерилері: зардап шеккендер саны 10 -нан 15 -ке дейін, ал қаза болғандар 2 -ден 4 -ке дейін. n ООИ – мен топтық сырқаттану 50 адамда, себебі анықталмағандар 20 адам және сипаты анықталмаған қызбалық сырқаттар 15 адам. n Егер өлім не сырқаттанушылық орташа статистикаман 3 есе не одан да жоғары болса. n
n Апат негізінде табиғи күштер әсерінен немесе адам әрекетінен туындаған, әртүрлі патологиялы жағдайлармен адамдардың жаппай қырылуымен сипатталатын, медициналық мекемелердің бір бөлігінің істен шығуы және оларды қалпына келтіру үшін апат ошағынан тыс күштер мен құралдарды, ерекше әдіс тәсілдерді қолдануды қажет ететін төтенше жағдай жатыр. Тұрғындар арасында жаппай қырылу –медициналық көмекті қажет ететін зардап шеккендердің саны апат болған аймақтағы денсаулық сақтау жүйесінің күші мен құралдарынан асып түсетін төтенше жағдай.
n n n Табиғи және технологиялық апаттардың зақымдаушы негізгі факторлары: динамикалық (механикалық) әсер (жарылыс толқынының, көшкіннің, ұшқыш әсерлердің, екіншілік зеңбіректердің, биіктіктен құлаудың, құлаған ғимараттар құрылымдарының, шахталардың және тағы басқа ауыр заттардың астында қалудың организмге әсері); термикалық әсер (жоғары немесе төмен температура, сәулелі энергия); радиациялық сәуле; химиялық зиянды заттар ( күшті әсерлі улы заттар – КӘУЗ), негізінен хлор, аммиак және т. б. - биологиялық ( бактериологиялық ) заттар.
ДДҰ мәліметтері бойынша, медициналық көмекті оқиға болған жерде көрсетсе, бейбіт уақытта күтпеген қатерлі жағдайлар нәтижесінде мерт болғандардың ішінде 20% ын аман алып қалуға болуышы еді. n Иванова қаласында оқиға болған жерден әкелінгендердің қайтыс болған 57 адамның ішінде 9 (16%) бекерден бекер көз жұмған (иығы және аяғы сынған кездегі сілейме, қан кетудің тоқтатылмауы және асфиксия). n
5. Әдебиеттер: 1. «Гражданская оборона» . Учебное пособие под редакцией Завьялова В. Н. , Москва «Медицина» , 1989 г. 2. «Основы организации и тактики медицинской службы гражданской обороны» . Учебное пособие под редакцией Михайлова В. И. Москва, 1981 г. 3. Суровцев А. А. , Мельников Е. Н. , Медведева Н. М. и др. Учебное пособие для студентов вузов по курсу «Безопасность жизнедеятельности» . Алматы, 2001. 4. «Безопасность жизнедеятельности» . Под редакцией Н. Приходько, -Алматы, 2000 г. 5. «Организация экстренной медицинской помощи населению при стихийных бедствиях и при других ЧС» . М. , 1992 г. (В. М. Рябочкин). «Руководство по медицинской службе гражданской обороны» . Учебное пособие для врачей под редакцией Бурназяна А. И. Москва «Медицина» , 1983. «Медицина катастроф» . Учебное пособие под редакцией Рябочкина В. М. , Назаренко Г. И. Москва «НИИ ЛТД» , 1996 г. «Учебное пособие по медицинской службе гражданской обороны» .
lektsia_1_kurs_OBZh_OMF.ppt