Дебат алгебра.ppt
- Количество слайдов: 13
Өкінішке орай, қазіргі математиктер алгебра мен геометрияны оқушыға теориялық түрде, барынша абстрактілі пайымда үйреткісі келеді. "Өзіміз де солай үйрендік!"— дейді олар. Бәрекелді! Дарындыларды ғана үйретіп жүре берейік онда! Меніңше, біздің «бұғалтырдан» бастап, «завучтарымызға» дейін периметрді білмей, қарапайым арифметикалық теңдеуді шеше алмағаны да, математиканы бастауыш сыныптан әрі қарай оқудың жалғыз мотиваторы — "ҰБТ тапсыру" болып тұрғаны да — кемінде, біртүрлі жағдай. Соқырдың көзсіз өмір сүре алатындығы, оған көздің қажеті жоқтығын білдірмесе керек-ті. Банк махинацияларын, мысалы, 10 адамның қаншасы түсінеді? Жоғарыдағы кейіпкерлеріміздің жабылып жеткізе алмай отырғаны: — Маған классификацияларың да, теңдеу-теңсіздіктерің де, синус-косинустарың да — «беш» тиын! Маған шынайы әлемдегі, шынайы мәселелерді шешетін математиканы беріңдер! — деген ой сияқты.
Ақиқат неден туады? Ежелгі грек ойшылы Сократша айтсақ, «ақиқат айтыстан туады» . Өз ойын ашық айта білу, өз ұстанымын қорғай білу бүгінгі жастарға да аса қажет қасиет деп білеміз. Сондықтан «Ашық әңгіме алаңы» айдарының аясында оқырмандарымыздың қайшылықты ой-пікірлерін үзбей жариялап тұрмақпыз. Бұл жолы алматылық оқырманымыз Жәнібек Қойтай сендерді пікірталасқа шақырып отыр. Әрине, Жәнібектің уәжімен көпшілік келісе қоймас (бәлкім, келісетіндер табылар). Олай болса, дәлелдеңдер. Қарсы пікір айтыңдар. Хаттарыңды асыға күтеміз.
Дебат алгебра.ppt