
6 лек.pptx
- Количество слайдов: 6
Әр жүктің өзіне тән көлікте тасымалдау ерекшеліктерін анықтайтын физикалық-химиялық көрсеткіштері, көліктікмассалық көрсеткіштері және қауіпсіздік дәрежелері бар. Жүктің құрылымдық қасиеттеріне тара және қаптама көрсеткіштері бірігіп, жүктің көліктік қасиеттері түсінігін құрастырады. ЖКҚ-тері тасымалдау, тиеп-түсіру, сақтау режимін және осы операцияларды орындайтын техникалық құралдарға қойылатын талаптарды анықтайды. Тасымалданатын жүктің сандық есептемесі үшін және жүкті қоймаға, вагонға немесе контейнерға орналастыру бойынша мәселелерді шешкенде, жүктің өлшемі, көлемдік массасы, тығыздығы, салыстырмалы көлемі, салыстырмалы тиелу көлемі, өзінен-өзі сырғанау бұрышы және жүктің гранулометриялық құрамы маңызды рөл ойнайды.
Таралық және дана жүктердің өлшемдері: ұзындығы, ені, биіктігі, диаметрі, массасы, көлемі. Бұл өлшемдер (Сурет 1) вагон сыйымдылығын және жүк көтерімділігін дұрыс қолдануын есептеу кезінде қолданылады.
Көлемдік масса Жүктің тығыздылығы
Салыстырмалы көлемі – 1 тонна жүктің көлемі, м³/т. Салыстырмалы көлем вагондағы 1 тонна жүктің қанша орын алатынын анықтауда қолданылады. Гранулометриялы қ құ рамы – жүктің бөлшектерінің өлшемі бойынша құрамы. Мысалы, көмір болса 100 мм-ден үлкені – 15 тонна, 100 -50 мм аралығындағысы – 44 тонна, 50 мм-ден кіші бөлшектері – 4 тонна деп бөлуге болады. Бұл көрсеткіш бастырмалы және үйінді жүктерді тиептүсірген кезде маңыздылығы зор.
Жүктің өзінен-өзі жату бұрышы (Сурет 2) – жерге немесе платформаға түсірілген жүктің өзінен-өзі жайылу және жату еңісі. Жату және жайылу бұрышы жүктің түріне және дымқылдылық жағдайына байланысты. Дымқылдылық шамасы көбейген сайын, жату бұрышы да өседі.
6 лек.pptx