
Мухтарова.ppt
- Количество слайдов: 7
ӘОЖ 581. 5. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ Мухтарова Б. H. студент БПӘ-11 тобы Ғылыми жетекші: магистр, оқытушы Файзиев Н. С.
Өзектілігі Бүгінгі таңда еліміз өркениетті елдер қатарына қосылып, әлемдік экономикалық кеңістіктен орнықты орнын тапты. Мемлекетіміздің жеткен жетістігі айтарлықтай деңгейге көтерілді. Өкінішке орай, әлемдік поблемаға айналған экология мәселесі, ел дамуына өз әсерін тигізуде. Кез келген ел бірінші кезекте экологиялық мәселесін шешуі тиіс. Экология адам денсаулығына тікелей байланысты. Ал адам кез келген мемлекеттің басты құндылығы болып табылады. Сол адамның экологияға қаншалықты кері залалын, әсерін тигізетіндігін ұғындыру отбасы мен мектептің бастауыш табылдырығында жүзеге асырылуы қажет. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім берудің маңыздылығын айқындау бүгінгі күннің кезек күттірмес өзекті мәселесі болып отыр.
Бастауыш сынып мұғалімнің (тәрбиешінің) басшылығымен іске асырылатын өзара бірлескен іс-әрекет ретіндегі мәні және оның құрылымын (мақсаты, міндеттері, мазмұны, нәтижесі) осылайша тұжырымдадық Экологиялық білім беру Мақсаты: Табиғатты, қоршаған ортаны, өсімдіктер мен жанжануарларды аялайтын, парасатты, ізгі, әділ адамды тәрбиелеу. Міндеттері: Экологиялық білімді дарыту, жанашырлыққа, табиғат пен қоршаған ортаны аялайтын сезімталдыққа, парасаттылыққа үйрету, адамгершілік мінезқұлық дағдыларын қалыптастыру, қоғамдық өмірге және еңбекке дайындау.
Мазмұны: - табиғат, дүниетану, қошаған орта туралы білім жүйесі; - өсімдіктер мен жанжануарлард ы қорғау біліктері мен дағдының жүйесі; - мектеп, сынып, үй өсімдіктерін е деген қызығушыл ығын арттыру жүйесі; - әлемдік экологиялық проблема және оның зардаптары.
Нәтиже Табиғатты аялайтын, елін, жерін сүйетін текті, парасатты, ізгі, жанашыр кісі
Қорытынды Қорыта келгенде табиғаттағы барлык жер, су, ауа, орман, кұстар, көлдер, жануарлар барлығыда адамзаттың ажырылмас бөлігі. Оларсыз адам баласының тіршілігі мәнсіз. Біз табиғатты аялап баптап өзімізден киінгі өскелең ұрпаққа жеткізіп беруміз әр бір адам баласының борышы. Содай-ақ бастауыш сынып оқушыларына экологияны таза ұстауды үйретсек келешекте экологиялық зардаптарды жоюымызға болады. Экологиялық білім беру әрқашан да жеке адамның тәрбиесін экологиялық мәдениетін дамытудан бастап көпшілікке экологиялық білім беру деңгейіне көтерілді. Сондықтан, экологиялық білім беру өте күрделі процесс. Оны «дайын» күйінде ұсынуға болмайды. Ол үшін оқушылардың санасына, ой-өрісіне, дүниеге деген көзқарасына қоршаған табиғи ортаның өзі мен қоғам үшін қажеттілігін сезіндіре отырып беру керек.
Назарларыңызға рақмет!
Мухтарова.ppt