Lecture - 8.ppt
- Количество слайдов: 16
Ән Халық Педагогикасынының құралы
1. Әннің танымдық рөлі. 2. Ән халықтық тәрбиенің құралы. 3. Әннің жеке тұлға дамуына әсері. 4. Ән мұраларының жинақталуы.
Халық творчествосы соның ішінде қазақ халқының ән өнері ұлттық мәдениетіміздің, рухани қазынамыздың ауқымды бөлігі. Қазақ әндерінің халықтың өмірімен, тарихымен тығыз байланыстылығы, көркем образдылығы, философиялық ой тереңдігі, сан-алуан жанрлылығы мен варианттылығы оқушылардың түйсік -талғамын шарықтатып, көркемдік қажеттілігін, әсемдікті қабылдай білуін, адамгершілікті-эстетикалық идеалын қалыптастыруға ерекше қолайлы жағдай жасайды.
Қазақ халқының ән өнері ұлттық мәдениетіміздің ауқымды бөлігі. Ән мұраларының тәрбиелік мүмкіндіктері мен әдіс –амалы ұшан-теңіз, халықтың болмыс тіршілігімен, өмір тынысымен сабақтас бағалы қазына. Ұлттық әншілік өнердің дамуы Х!Х ғасырда сал, серіліктің қалыптасып, қанат жаюымен тығыз байланысты. Атақты Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Естай сал т. б. ән шығармаларын өздері шығарумен бірге, жоғары деңгейде орындай біліп, қазақи әншіліккәсіпкерлік дәстүрді дамытушылар болды.
Қазақ халқының ән және әншілік өнерінің зерттелуі. Қазақтың халық өнерін тұңғыш жазып, зерттеушілер Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдерде Қазақстанға қызмет бабымен келген ғалымдар, чиновниктер, әскери адамдар, жазушылар, сауда қызметкердері болды. Олардың қатарындағы И. Г. Георгий (1729 -1802), И. Г. Андреев, С. Большой, И. Д. Добровольский, А. И. Левшин, (1799 -1879), М. В. Готовицкий, Р. А. Пфенниг (1823 -1898), А. Эйхгорн (1844 -1909), С. Г. Рыбаков (1867 -1922), т. б. еңбектерінде қазақ әндері мен әншілік өнері айтарлықтай көрініс тапты. Осы кезеңдерде қазақ халқының асқақ ойлы зиялы азаматтары Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарын рухани қазынамыздың қоғамдағы тәрбиелік роліне айрықша мән берді.
В. Затаевич халық әндерін мазмұнына, көркемдік ерекшеліктеріне қарай тақырыптық жіктеулер жасады. Оның қазақ әндерін аңызертегі, тарихи, тұрмыстық ( қыз ұзату, бесік жыры, жоқтау), айтыс, юморлық, әзіл әндер деп тақырыптарға ажыратуын біздер педагогикалық классификасия дайындауда негізге аламыз. Белгілі өнер қайраткерлері Р. Роллан, М. Горький, Б. В. Асафьев, К. В. Квитка, А. В. Затаевичтің « 1000 әні» арқылы қазақтың ән фольклорымен танысып, оларға аса жоғары баға берді. М. Горький: «Міне, менің алдымда «қазақ-қырғыздардың мың әні» атты жинақ жатыр, ол нотаға түсірілген, олардың асыл әуендері болашақтың Моцарттары, Бетховендері, Шопендері үшін бай материал» -деп үміттенсе, К. В. Квитка. «Қазақтардың музыкасытаңғажайып бай және көп түрлі әлдеқайда ілгері басқан музыка. . . Ол көптеген зерттеушілердің өз өмірін, еңбек жолын арнауға тұрарлық проблема екенін өзі-ақ дәлелдеп беріп отыр» , ал Б. В. Асафьев «Ғасырлық, мүмкін мың жылдық мәдениеттің аса бағалы ескерткіші» ретінде таныды.
Қазақ әндерінің ерекшеліктері. Қазақ әндерінің поэтикалық құрылымының күрделілігі, жас буынның ой-сезімі мен танымдылығына әсер етуші күштерінің сан қилы болып келуі осы өнер түрінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Қазақ әндерінің өзіндік бітім тұлғасын, мазмұнын, көркемдік мәнерлілігін жете білу, ән мұрасын оқушылардың музыкалық -эстетикалық тәрбиесінде нәтижелі пайдалануға септігін тигізеді. Қазақтың халық әндерінің басты ерекшеліктерінің біріхалықтылығы, оны жасаушы халықтың өзі және фольклордың өзге түрлері сияқты сол халықтың ұжымдық ісәрекетінің жемісі болып табылады. Сөйтіп әндердің ең құндысы, ең озық үлгілері халықтың жанында сақталып бүгінгі біздерге жетіп отыр.
Белгілі фольклорист В. П. Аникиннің. « Барлық халық ертегісі, аңыз әңгімелері, мақал-мәтелдері, жұмбақтары бір сөзбен айтқанда халықтың бұқаралық творчествосының барлығы осы фольклоризация процесінен өтті» - деп тұжырымдауы қазақтың халық әнінің даму, жетілу ерекшеліетеріне де қатысты. Халық әндері халықтың туындысы бола отырып елдің түпкір-түпкіріне хабардар жаршысы болды. Ән салмаған, әнді естімеген адам жоқ, оның тыңдаушысы да, орындаушысы да – халық. Халық әнінің тағы бір ерекшелігі – оның өмірі мен жас буынның тәлім –тәрбиесімен тығыз байланыстылығы. Халық әнінің келесі ерекшелігі - оның тарихилық сипаты. Ән мазмұнынан елдің әдетғұрпын, салт-санасын, эстетикалық-адамгершілікті сезімдерін танумен бірге сол елдің басынан кешкен оқиғасын, тұрмыс-тіршілігін танып білуге болады. Адам баласының өмірінде өнер саласы үлкен орын алады. Жас сәби жарық дүниеге келген күннен бастап оның өмірі өнердің ортасында өседі. Әсіресе музыка өнері адамға эстетикалық тәрбие берудің ең тиімді құралы болып табылады. Құлақтан кіріп бойды алар Жақсы ән мен тәтті күй, Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй, - деп Абай атамыз айтқандай, жақсы ән мен тәтті күй адамның рухани шабытын арттырып, сергітіп, арман асуына жетелеп, ерлікке , батырлыққа бағыттайды.
Абайдың ән мұрасы, композиторлық шығармашылығы қазақ музыкасына енген баға жетпес тың жаңалығы болып табылады. Абай ауылында әрқашан ән-күй үзілмеген. Тіпті атақты Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сынды өнерпаздар Абай ауылының қонағы болып, олармен бетпе-бет жүздесіп отырған. Сондықтан да Абайдың өзі де: « Өзгеге көңілім тоярсың, Өлеңді қайтып қоярсың. Оны айтқанда толғанып, Іштегі дертті жоярсың » , - деп тамаша жырлаған еді.
Бақытжан Байқадамов «күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарған» ақын М. Мақатаев сияқты қазақтың әндерімен күйлерін өзіне өңдеп қайтарған композиторлардың бірі. Ол ежелден жалғыз дауыспен айтылып келген халық әуендеріне айрықша реңк беріп, гармония жүйесін, полифония әдісін, өзіндік үндестіктегі құрылысын тауып, көп дауысты хор шығармаларының деңгейіне көтеріп, кәсіби профессионал дәрежеге жеткізуге ат салысты. Композитор негізгі әуенді сақтай отырып, халық әндерін өңдеп хорға түсіреді ән мәдениетін шыңына жеткізеді. Сөйтіп творчестволық сәтті сапар басталып, жеке дауысты халық әндері көп дауысты хорға ұласты. «Тойбазар» , «Майра» , « 16 қыз» , «Ахау Семей» , «Жар жар біздің жаңаша» т. б. ән хорлары осылай шықты. Б. Байқадамовтың жеткіншектерге арналған «Айгөлек» , » Пионерлер әні» , » Костер жыры» , «Ақ көгершін» , « Бесік жыры» , «Досыма» , «Бөбегім» , « Менің папам» т. б. әндері сиқырлы әуені, тілінің айщықтылығы мен оқушыларды өзіне баурап , эмоциялық күш –қуат береді, еңбекке құштарлығын, болашаққа сенімін арттырады, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады.
Патриоттық рухқа толы «Ант» , «Панфиловшыл батырлар» , «Біз жеңеміз» , «Біз батырдың ұрпағымыз» , «Күзетте» , «Мәнсия» т. б. шығармаларының көркемдік қасиеті, музыкалық тілінің жаңашылдығы, өткірлігі, батылдығы арқылы алапат майдан төрінде жауға деген халықтың ерлік ісін жырға қосып, жеңіске зор сенім білдірді. Оның Отан туралы шығармалары «Біз Отанды сүйеміз» , «Отаныма рахмет» , «Біз Отанның бөбегі» т. б. Отанға деген аялы көзқарасты қалыптастыра отырып, жеткіншек жас ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелейді. Мысалы: Б. Ысқақовтың сөзіне жазылған «Шекарашы әні» болашақ жас ұрпақты елінің, жерінің бейбіт өміріндегі тыныштығын күзетуге, әрбір жас ер азаматтың ел алдындағы борышын абыроймен өтеуіне ерекше күш береді. Бақытжанның «Алатау баурайында» , «Саяхатта» , «Алма ағаштар жайнайды» , » Жаз» , т. б. табиғат туралы шығармаларында көрініс тапқан туған жердің сұлу табиғаты, қазақ ауылының көріністері де адамдардың көңіл-күйі, сан-алуан сезімдермен ұласа келе табиғатқа деген эстетикалықадамгершіліе көзқарасты қалыптастырады. Мәселен С. Мауленовтың сөзіне жазған «Жайлау» әні жас ұрпақты табиғаттың әсем көрінісін қызықтауға, содан әсер алуға, лаззаттануға туған жердің табиғатын аялай , қорғай білуге тәрбиелейді. Сонымен Бақытжанның қай шығармасын алмайық, барлығы да қазіргі өмір тынысымен тығыз байланысты.
Қазақтың ән фольклорының жанрлық сипатталуы көрнекті әдебиет қайраткерлері Ә. Қоңыратбаев, Қ. Жұмалиев, Б. Уахатов, Р. Бердіқұлов, Н. Төреқұлов т. б. ғалымдардың зерттеулерінде айқын көрініс тапқан. Ән мұрасының әдебиет саласындағы жанрлық сипаты. Ә. Қоңыратбаев ән фольклорын тұрмыс –салт жырлары: а). бақташылық жырлары (төрт түлік мал туралы); б). діни әдет-ғұрып тудырған жырлар (жарапазан, бәдік); б) үйлену жырлары (той бастар, жар-жар, сыңсу, жұбату, беташар); в). ұлыс жырлары ; г). бөбек жырлары; д). жаназалау жырлары ( естірту, қоштасу, жұбату), сондай -ақ аңыздар, ертегілер, қазақ эпосы, тарихи жырлар, айтыс поэзиясы деп топтастырған. Қ. Жұмалиев пен Т. Ақшолақов тұрмыс-салт жырларының басты түрін былайша саралады. 1. Еңбек және шаруашылық кәсібіне байланысты туған өлең-жырлар. 2. Әдетғұрыпқа байланысты туған өлең-жырлар
Н. Төреқұлов халық өлеңдерін ерекше жанр ретінде төмендегіше классификациялады: Ауыз әдебиеті лирикасы: а). әлеуметтік саяси лирика: арнау, мадақтау, тарихи өлең, қара өлең, хат өлең, ән-өлең, желдірме; б). Тұрмыс-салт лирикасы: той бастар, той тарқар, жар-жар, беташар, бесік жыры, қоштасу, жоқтау, естірту, көңіл айту, жұбату. Еңбек кәсіпкерлік әндері: түлік өлеңдері, егіншілік әндері, аңшылық-саяткерлік өлеңдері, жұмысшы жыры. Нақлият әндер: алғыс , бата, тілек өлеңдер, жарапазан, тақпақ, жұмбақ өлеңдер, мысал өлеңдер. Қиял әндер: аңыз өлеңдер, өтырык өлеңдер. Сатиралық-юморлық әндер
Ән мұраларының музыка саласындағы жанрлық сипаты. Қазақ музыка өнерінің зерттелуіне өлшеусіз үлес қосқан А. В. Затаевич қазақтың халық әндерін аңыз әндер, тарихи әндер, тұрмыстық әндер, (үйлену, бесік жырлары, жаназалау); айтыс әндері, сықақ және күлдіргі әндер деп жанрлық классификация жасады. А. Темірбекова «Қазақтың халық әндері» еңбегінде ән мұрасын жылау - әндер, тұрмыстық әндер, қалжың әндер, лирикалық әндер, нақыл, моральдық әндер, Отан туралы әндер, колхоз әндері т. б. деп жіктесе, музыка зерттеушілері М. М. Ахметова, З. Қоспақов т. б. қазақтың ән мәдениетінің дәстүрлерін жан-жақты зерттеп, оның музыкалықстилистикалық ерекшеліктерін, қалыптасу кезеңдерін, замана ағымында жаңа жанрлардың пайда болуын зерделеп айтарлықтай ғылыми ізденістер жасап, ән творчествосының зерттелуіне өз үлестерін қосты.
Ән жанрының педагогикалық классификациясы. Балалар мен жастарды қазақтың халық әні және әншілік өнерімен кеңінен таныстыру үшін жоғарыда аталған зерттеушілердің ән мұрасына берген жанрлық сипаттамалары негізінде педагогика ғылымдарының докторы, доцент Дүйсембінова Р. К. төмендегідей педагогикалық классификация ұсынады: тұрмыс-салт әндері ( бесік жырлары, балалар мен жастар әндері, еңбек, шаруашылық, кәсіп әндері (бақташылық, төрт түлік мал туралы, дихан, егіншілік әндері, аңшылық-саяткерлік әндер, жұмысшы әндері); үйлену әндері – той бастар, той тарқар, жар-жар, беташар, қоштасу, сыңсу, құдалар әндері; Ұлыс әндері (жарапазан); діни әдет-ғұрыптар тудырған әндері ( бәдік әндер, бақсы сарыны); жаназалау әндері ( естірту, жұбату, жоқтау, көңіл айту); нақлият әндері: ( нақлият әндер, алғыс, бата, тілек әндер, жұмбақ әндер, мысал әжуа әндер, күлдіргі-мысқыл әндер); қиял ғажайып әндер ( аңыз әндер, өтірік өлеңдер); сатира-юморлық әндер ( әзіл-қалжың, мысқыл, күлдіргі әндер); эпикалық жырлар ( терме, толғаулар); айтыс әндері; лирикалық әндер; тарихи уақиғаларды суреттеу.
1. Қазақтың халық әндерінің жанрлары 2. Үйлену тойларында қандай әндер айтылады? 3. Наурыз мейрамында қандай жанрдағы әндер айтылып жүр? 4. Бесік жырларын білесіз бе? 5. Жаназалау әндерінің қандай түрлерін білесің? 6. Халықтың аяулы ұл-қыздары туралы қандай жоқтау әндері бар? 7. Жәнібек хан Жиреншеге оның әйелі Қарашаш сұлудың қайғылы қазасын естірткенде не деген? 8. «Қозы-Көрпеш, Баян-сұлу» эпосындағы Таңсықтың туған жермен қоштасуының мазмұнын әңгімелеп беріңдер? 9. Жарапазанның мазмұны не туралы? 10. Атақты әншілердің өмірі мен өнер жолдары 11. Жұмбақ-концерт. » Тыңдаған әннің атын және орындаушысының кім екенін табу» .
Lecture - 8.ppt