1240_n__1257_neri.pptx
- Количество слайдов: 11
Ән өнері: қазіргі және дәстүрлі УИА-12 МУСУРГАЛИЕВА А. , ШЕВЦОВА Т.
Ән өнері, әр түрлі музыкалық шығармалардағы композитордың көңіл күйі, ішкі сезім толғанысын көркемдікпен мәнерлеп жеткізетін өнердің бір формасы. Ән өнері тұтас тыңдаушы қауымның эстетикалық талғамына жарап, тәрбиесіне арналуға тиіс.
Қазақ әндерінің жанрлық сипаттамасы ретінде оқыту тәжірибесінде этномузыкатанушы – Б. Ерзаковичтің тұжырымдамасы қолданылып келеді. Ғалым өзінің «Қазақ халқының ән мәдениеті» еңбегінде мынадай жанрлық анықтамаларды келтіреді:
1. Тұрмыс-салт әндері. Күнтізбелік әндер- жыл өлеңдері, емдік-жоралық әндер – «Бәдік» , «Күлапсан» , жан-жануарларға арналған әндер; 2. Әулеттік-жоралық әндер. Той әндері – «Жар-жар» , «Беташар» , «Той бастар» , «Сыңсу» , «Қоштасу» , қазаға (өлімге) байланысты әндер – «Естірту» , «Жоқтау» , «Көрісу» ; 3. Тұрмыстық-отбасылық әндер. Насихат өлеңдер, балаларға арналған «Бесік жырлары» , тұсау кесу, бесікке салу тақпақтары;
4. Еңбек әндері. Киіз үй құрғанда, көрпе тігу, киіз басу кезінде айтылатын әндер; 5. Лирикалық әндер. Туған жер, махаббат әндері. 6. Әлеуметтік қарсылық әндері. «Көкшолақ» , «Сараның әні» , «Ақбөбек» т. б. 7. Тарихи әндер. «Елім-ай» , «Құты қатты патшаның» т. б.
Эстрада, эстрада өнері (франц. estrade, исп. estrado – тақтайша үстел) – көп жанрлы сахналық өнердің бір түрі. Эстрада өнері әр алуан артистердің (әншілер мен бишілер, көркем сөз оқушылар мен акробаттар, конферансье мен музыканттар, т. б. ) ойын-сауығынан құралады.
Әрбір халықтың өз жұлдыздары бар. Қазақстанның ақылды, дарынды жұлдыздары көп.
КЕМАЛОВ ЖАҚСЫКЕЛДІ Кемалов Жақсыкелді (1960). Әнші, Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (1992). Ресей – Қазақстан гуманитарлық университетін бітірген. Бірінші республикалық «Жігер» (Алматы, 1985), республикалық «Жастар дауысы» (Алматы, 1987), фестивалінің лауреаты 1988 жылдан бері Қ. Байжанов атындағы коцерттік бірлестік әншісі. Үкілі Ыбырайдың «Қызыл асық» , Біржан салдың «Айбозым» , Ақан серінің «Жамал қыз» әндерін ешкімге ұқсамайтын өзіндік мәнерімен орындайды. Көптеген шет елдерде өнер көрсетті. Тәттімбет атындағы өнер колледжінің оқытушысы.
КЕРМЕНБАЕВ НҰРЖАН Керменбаев Нұржан 1989 жылы Қарағанды облысы, Сәтпаев қаласында дүниеге келген. Ән айтуды кішкентай кезінен бастаған. № 19 мектепте 9 - сыныпқа дейін білім алған. Жезқазған музыкалық колледжін тәмәмдаған. (2009). 2006 жылғы «Super Star. Kz» мегажобасының жеңімпазы. 2009 жылы Юрмала қаласында өткен халықаралық «Жаңа толқын» байқауына қатысқан. Қазір «Арнау» дуэтінің әншісі.
КИМ РОМАН Ким Роман Николаевич 1985 жылы Теміртау қаласында дүниеге келген. Әкесі Николай Романович-кәріс, анасы Гүлнәр Мәжкенқызы-қазақ. Роман қазақ тілін жақсы біледі. Репертуарындағы біраз өлеңдері қазақ тілінде. Теміртау қаласындағы № 24 орта мектепті бітіріп, Тәттімбет атындағы өнер колледжін аяқтаған. 4 жасынан музыкалық мектептің скрипка класына барған. 2001 жылы жас талант «Жас қанат» байқауынан екінші орын алған. 2003 жылы Super Star. Kz тележобасына қатысып екінші орын алған.
ХАМИТОВА ЖАНАР Хамитова Жанар 1989 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. 5 жасында бірінші сыныпқа барған. Кішкентай кезінен спортпен шұғылданған, бес жыл домбыра үйірмесіне қатысқан. 8 - сыныптан бастап, үлкен сахналарға шыға бастады. 2006 жылы «Super Star» мегажобасына қатысқан. Бұған дейін де «Жас сұңқар» , «Замана бұлбұлдары» сияқты көптеген байқауларда бақ сынаған. «Super Starдан» кейін «Superstar shou» деген 8 адамнан тұратын топта, одан кейін қыздардан тұратын «China Town» құрамында болды. Кейін Нұржан Керменбаевпен бірге «Арнау» дуэтінің әншісі болды. 2009 жылы «Арнау» дуэтінің құрамынан бөлініп кетті.
1240_n__1257_neri.pptx