ӘМРИН МЕЙРАМ ҚАЗИҰЛЫ М. Ғ. К. , ДОЦЕНТ
Гигиенаның зерттеу әдістері. Санитарлық заңнама және санэпидбақылаудың құрылымы.
Негiзгi төрт гигиеналық зерттеу әдiстерi бар: 1. Санитарлық тексеру 2. Эпидемиологиялық 3. Гигиеналық- эксперимент 4. Санитарлық экспертиза № 7
Санитарлық тексерудің негiзгi екі тәсілi бар: 1. Санитарлық бейнелеп жазу (санит. описание)зерттелетін нысанның сыртқы белгiлерi бойынша бағалау, ешқандай қиындығы жоқ барлық уақытта орындауға болады, бiрақ субьективтi сипатта. № 8
2. Зертханалық-аспаптық зерттеулердi қолдана отырып, қоршаған ортаның факторларына тереңдетiлген санитарлық тексеру жүргiзу. Бұл тәсіл санитарлық бейнелеп жазу тәсілімен объективтi аналитикалық мәлiметтермен толықтырылады.
Эпидемиологиялық әдіс — әртүрлi факторлардьң әсер етуi кезiндегi халықтьң денсаулық жағдайын зерттеу. Бұл әдiс, гигиенада қолданылатын ең басты әдiстiң бiрi, негiзгi екi кезеңнен тұрады: № 9
u Қандай да бiр фактордың әсерiне ұшыраған халықтьң денсаулық жағдайын санитарлық-статистикалық зерттеу. Бұл үшiн денсаулық сақтау министрлігi бекiткен ресми медициналық есеп-тiркеу кұжаттарын пайдаланады. Халық арасындағы ауру саны, кейбiр демографиялык мәлiметтер, физикалық даму, мүгедектiк. Алған мәлiметтердiң негiзiнде арнайы статистикалық көрсеткiштердi есептеп шығарады. Мысалы, халық арасында кездесетiн кейбір патологияньң жиiлiгiн, ауру санының құрылымын т. б.
§ Кейбiр факторлардың әсерiне ұшыраған халықты медицинальқ тексеруден өткiзу. Бұны мамандәрiгерлер тобы жүргiзедi, бұл халық арасындағы нағыз ауру санын анықтауға мүмкiндiк бередi, сондай-ақ, патологияның алғашқы белгілерiн (нышанын) анықтауға мүмкiндiк бередi. № 10
№ 11 Зауыт зауыт Салыстырып тексеру үшін алынған (контрольдық) елді мекен Зерттеу үшін алынатын (тәжірибелік) елді мекен
Эпидемиологиялық әдiс пен санитарлық тексеру әдiсінде негiзiнен үш зерттеу түрі қолданылады 1. Ретроспективтiк зерттеу — мұнда өткен жылдардың статистикалық материалдарын жинап өңдейдi. 2. Көлденеңiнен кию (поперечный срез) — бір рет осы уақыттағы мәселе жағдайын зерттеу, басқа сөзбен айтқанда, белгілi елдi мекенде бiр рет бүгiнгi күнгi халықтың денсаулық жағдайын зерттеу. 3. Проспективтiк зерттеу - бұл узақ уақыт бойына динамикалық бақылау жүргiзу, бұл келешектi болжау үшін қажет. № 12
Санитарлық сараптау (экспертиза) әдiсi - бұл әдiстi санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес келе ме, сол мәселерді шешу үшiн қолданады. Сараптаманы санитарлық дәрiгерлер екі кезеңде жүргізедi: № 13
• Сақтық санитарлық бақылаудың мәні әртүрлi нысандарды жобалау және салу сатысында гигиеналық нормалар мен ережелердiң сақталуын тексеру, сондай-ақ, әртүрлi өнiм (зат) түрлерiн шығару (жасау) кезiнде бақылау жүргiзу.
• Күнделiктi санитарлық бақылау нысандарды пайдалану кезiнде олардың санитарльқ жағдайына жүйелi түрде бақылау жүргiзу болып табылады.
Санитарлық сараптауға жататындар: n елдi мекендердiң жоспары мен құрылыс жобалары; n коммуналдық, тұрғын үй, өндiрістік құрылыстардың жобалары; n барлық құрылыс түрлерiне жер участкесін бөлу; n сумен жабдықтау және канализация жобалары; n пайдалану процессiндегi (үрдiсi), обьектілердiң өзi; n ауыз суы мен тағамдық азықтар; n ыдыс-аяқтардың, қорабтайтын ыдыстардың, жабдықтардың жаңа түрлерi; n балалардың ойыншықтары, кiтаптар. киiмдер т. б. № 14
Санитарлық сараптаманы жүргiзiп бiткеннен кейiн негiзделген қорытынды жасалады: жер участкесiн құрылыска бөлу жөнiндегi қорытынды, жоба бойынша қорытынды тағамдық азықтарда, балалардың ойыншықтарына т. б. санитарлық сараптама жүргiзу актi.
Санитарлық заңдылықтар № 15 Санитарлық дәрігер санитарлық бақылау жүргiзу кезiнде санитарлық заңдылықтарды пайдаланады, оған кiретiндер: мемлекеттiк стандарттар (ГОСТ); n санитарлық ережелер мен нормалар (Сан. Пи. Н); n нұсқаулар; n құрылыс нормалары мен ережелерi (СНи. П); n методикалар нұсқаулар; n денсаулық сақтау министрлiгi мен т. б. құрылысы мен қарарлары (распоряжение). n
Санитарлық дәрiгердiң жұмысындағы негiзгi басшылыққа алатын құжаты “Мемлекеттiк санитарлық 6 ақылау жөнiндегi ережелердің жиынтығы“ (положение о гос. сан. надзор). Санитарлық эпидемиологиялық қызмет Қ Р денсаулық сақтау министрлігінің санэпид бақылау комитетінен, оған кіретін ұйымдастыру- әдістемелік және санэпид бақылау Департаменттерінің қызметін бақылаушы орган ретіндегі Республикалық санэпид қызметтен және облыс, қала, аудан деңгейіндегі мем. санэпид қадағалау Департаменттерінен тұрады. Әр СЭС негiзгi үш бөлімнен тұрады: санитарлық-гигиеналық, эпидемиологиялық және дезинфекциялық.
№ 17 Гигиена бiрқатар бөлiмдерден тұрады, оның әрқайсысы гигиена ғылымы мен практикасының өз алдына жеке салаларын қамтиды. n n n Коммуналдық гигиена. Елдi мекендердегi табиғи және әлеуметтiк факторлардың организмге әсерiн зерттейдi және қолайлы өмiр сүру жағдайын жасау үшiн гигиеналық нормативтер мен шараларды даярлайды. Тамақтану гигиенасы - құрамында әртурлi қоректiк заттары бар тағам рационының организмге әсерiн, тамақтық заттардың саны мен сапа жағынан ағзаға қажеттiлiгiн, жұмыс және тұрмыс жағдайына байланысты олардың организм үшiн үйлесімді арақатынастарын зерттейдi, алиментарльқ аурулардың алдын алу шараларын даярлайды. Еңбек гигиенасы — адамның жұмыс iс-әрекеттерi мен өндiрiстiк ортаның организмге әсер ету мүмкiндiгi тұрғысынан зерттейдi, жұмыс жағдайын сауықтыруға кәсiби аурулардың алдын алуға бағытталған гигиеналық шаралар мен нормативтердi даярлайды. Балалар мен жасөспiрiмдер гигиенасы. ҚО факторларының, оқу тәрбиелеу процесстерiнiң балалар организмiне әсерiн зерттейдi және балалардың дене құрылысы мен ой-өрiсiнiң дамуын қамтамасыз ететін, гигиеналық жағдайын жасау мақсатында гигиеналық талаптар мен нормативтерді даярлайды. Радиациялық гигиена - иондағыш сәулеленудiң, радиациялық заттардьң адам организмiне әсерiн зерттейдi және осы заттармен жұмыс iстейтiн адамдардың радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыздау жөнiнде санитарлық гигиеналық шаралар мен нормативтерді даярлайды.
Гигиенаның даму тарихын шартты түрде ұзақтығы бiр-бiрiне тең емес негiзгi екi кезеңге бөлуге болады: n n Эмпириялық гигиена (тәжірибеге негiзделген) көп ғасырлар бойына дамыған. Ғылыми - эксперименталдық гигиена, салыстырмалы түрде қысқа кезеңді қамтиды. № 16