1240_mir_Temirdi_1187__1179_olkhaty.pptx
- Количество слайдов: 12
Әмір Темірдің қолхаты
Қолхатта қорға тиесілі жерлер ауқымы белгіленіп, одан түскен табысты қалай пайдалану керек екендігі айтылған. Кіріс, табыстың бір бөлігін Әмір Темір Әзірет Сұлтанға, яғни Ахмет Йасауиге арнап бейсенбі, дүйсенбі күндері Құран оқитын екі қарыға беруге бұйырса, ал ғимараттың іс жүргізушісі етіп ұлы ақынның өз ұрапқтарының бірі Мір Әлі Қожа шайқыны тағайындаған. Көреген қолбасшы ғимараттың су тасушысы, сыпырушысы, бағбан, шырақшыларының міндеттері туралы да айтуды естен шығармаған.
Ахмет Йассауи сәулет ғимараты киелі жер болғадықтан, мұнда келетін, яки жол-жөнекей түстеніп аттанатын мінажат етушілер жергілікті пақырлар мен кембағалдар, жетімдер мен мүсәпірлерге “халим”-бидай ботқа атты ас әзірлетіп, нан пісіріп отыруды да Әмір Темір көреген өзі берген қолхатты қадап ескерткен. Ұлағатты да қасиетті бір Алладан басқа, -деп жазылған қолхатта, құлшылық етуге лайық құдай жоқ. Мұхаммед-оның елшісі. Пайғамбарымыздың өзі мен пәк әулетін, қостаушылары мен барлық ізбасарларын, хақ жолмен келе жатқандардың күллісін Аллатағалам жарылқай көрсін! Қолхаттың қалай табылғаны жайлы Ә. Диваев ешқандай мағлұмат бермеген. Тек қолхат түпнұсқасының бас жағында Әмір. Темір мөрінің алтын жалатылған көшірмесі мен уақыт тезі әсерінен бе құжаттың үш жеріне ақау түсіп желімделгенін, ол сөйлемнің қалпына келтірілгенін ескерткен.
Тәңірге мадақ, елшісіне батадан соң, Жарылқағыш, күллі халықтардың панасы, шексіз ұлағатты, құлдардың бәріне бірдей қамқор Ұллы АЛЛА егер өз құлдарының біріне аса мейірімділік жасап, қайырымдылық қазынасының есігін ашса, таусылмас байлыққа кенелтсе, ондай байлықты құрту үшін көтерілер қолдың табылмайтыны мәлім болсын. Егер ОЛ – ұлы АЛЛА өз қалаулысының мәртебесін көтерсе, онда оның байлығын құртпақ болған адамның өкшесі қалаулының етегіне де жете алмайды. Өйткені ұлы Жаратушы оған байлықты сыйлай отырып, өз қалаулысын жоғары қойғандығын адамзатқа білдірді.
Қорыққа тиісті жерлер “Қожа тұмасы” бұлағынан басталған “Жіңішке” деп аталатын бір арық су мен оның екі жағындағы алқаптан тұрады. Ол жерлердің аяқ жағы Ақжар жолы арқылы өтіп “Әзірет Құлхайыр атаға” барып тіреледі.
1) Осында айтылып, белгіленген, шекарасы айқындалған жерлерден түскен кіріс тиісінше ғана бөлінуі ләзім, өйткені бұл жер һәм одан түскен табыс айқын да дәлелді, бекітілген қор. Оның түсімі – “дайымы сарқылмайтын берекенің” нақ өзі. Өйткені бұл қор мәңгілік, таусылмайтын, бұзуға болмайтын болып, шариғат күшіне иек арта, ұлы Жаратушы рақымына бөленуге үміт етіп құрылды. Оны ешқандай жағдайда сатуға, жекеменшік секілді ұрпақтан ұрпаққа қалдыруға, қандай да болсын сылтаумен баз біреуге сый ретінде уақытша немесе түбегейлі беруге де болмайды. Бұл қор бастапқы қалпындағыдай тұтас сақталып, белгілі бір тармақтарға сай пайдаланылуға тиіс. Өзінің қасиетті де айқын шартымен ол қорды пайдаланатындардың бәрінің басын Қосуға көмектеседі. “қасиетті боп жаратылғанның” жаны жаннатта болуын сұрап ұлы АЛЛА атына дұға оқиды. Қор сөйтіп, осындағы тармақтарда көрсетілген мол шартқа негізделе құрылған. Жарық күн таусылғанша ол сол тармақтар бойынша әрекет етеді.
• 2) Айтылған қор қанша табысқа ие болса да, оның бір бөлігі ұлы АЛЛАның қасиетті Құранда баяндалған қасиетті нақылдарын жаттап, оны бейсенбі, дүйсенбі күндері дін ислам туының иесі, әулиелердің пәгі, бата алған, әлеуетті Әзірет Сұлтан Қожа Ахмет Йасауидің аса таза рухының рақат табуы үшін зиратының басында оқитын екі қарыны риза ету үшін жұмсалсын. Оған патшалық еткендер патшасының кешірімшіл мейірімі жаусын! қасиетті Құранның осы нақылдары өзінің нұрымен оның қараңғы зиратын жарық етсін! Құран оқушылар осында жақын жерленгендер рухының ләззат табуы үшін де дұға бағыштасын! • 3) Дін тәртібін ұстаушы аса тақуа Мір Әлі Қожа шайқы Хасан шайқының баласы, ұлы Садыр шайқы ұрпақтарының бірі еді. Садыр шайқының “хәлуати шайх” деген лақап аты болған. Ол ұлы Әзірет Қожа Ахмет Йасауидің бауыры. Аталмыш Мір Әлі Қожа шайқының маңдайы мен жүзінде оның қасиетті ой пікірлері мен күллі жамағат үшін жасаған дұғасының айқын ізі болған: Сол себепті оның ұлы Әзірет Қожа Ахмет Йасауидің қасиетті де қош иісті зиратының мутауаллиі лауазымын лайықтылардың бірі боп иемденген айқын болған соң, оны мен мутауалли етіп тағайындадым. • 4) «Қожа тұмасы» маңындағы қорға қарайтын бақ ішінде бағбан ісін білетін екі бақшашы болсын. Бұл кісілер әрқашан ос ында болып, бақшашылық қызметіне қарап, бау ішін гүлдендіруге міндетті. Олар өз уазипасын бағбандардың өсиет, нұсқауына сай атқарып, бақты күтімге алады. Олардың біліктерінің мығымдылығы – бағбан ісін жетік білетін жұрт құптап, мақұлдайтындай дәрежеде болсын.
5) Қор қарауындағы жерге себілген астық түсімін көздің қарашығындай сақтап, оны қатаң түрде, тиісінше ғана бөлуі ләзім. Ал ондай түсімдердің көлемі кемітіліп, залал етілмей мутауалли қолына табыс етілуі керек. Барлық табыстың түсуіне орай, айтылмыш мутауалли түсімді қордың мұқтажына қарай бөліп, аз да, көп те емес, тек тиісті мөлшерде ғана жұмасауға міндетті. Әр аптаның дүйсенбі және жұма күндері екі батман бидай мен бір батман ет және соған лайық мөлшердегі тұз және оған қажетті отын жұмсалып, рухын ұлы АЛЛА жарық еткір, әулиелердің айбынды сұлтаны – Әзірет Сұлтан ғимаратындағы қасиетті қалам шарифты жаттап алған құран оқушы қарылар, зікір салушылар, яғни ұлы Жаратуышының есімін паш етушілер, сондай-ақ жергілікті пақырлар, кембағалдар, жетімдер мен мүсәпірлер үшін “халим аба” атты ас әзірленсін. Айтылған қорларды ешнәрсеге айырбастауға болмайды, әрі олар әрдайым өз орнында болуы керек. Ешкімнің де ешқандай сылтауымен қорды айырбастауына жол берілмесін, ал үкімет орындары қорды бұрынғы қалпынша өзгеріссіз қалдыратын шешім шығарып, бекітіуі тиіс.
• Шарт бойынша қорды айтылмыш шайқы мұқият және мүлтіксіз басқарып, екі қарының күн көрісі үшін жыл сайын астық өнімінен 150 батман бидайлық азық-түлік сушы, бағбан, сыпырушының әрқайсысының күнкөрісі үшін бөлсін. • Патшалық пен қарапайым халықтың қолхатқа қайсыбір өзгеріс жасауға немесе оны басқа нәрсеге айырбастауға батылы бармасын. Ондай қылық жасауға тыйым салынатынын білсін олар.
Әмір Темірдің қолхаты осындай салиқалы ой, парасатты пікір, байсалды ұсыныстармен аяқталған. Осы ретте құжат соңында кейінірек өзге біреу жазған деген төрттаған да бар екенін айта кеткен жөн. Онда былай делінген: Темір Көреген секілді патша болған жоқ, бұл дүниеге ол 735 (1334) жылы келді. 771 (1368) жылы ол күллі әлемді жаулап алды, ал 807 (1404) жылы ол бұл жалғаннан аттанып кетті.
Назар қойып тыңдағандары ңызға рақмет!!!
KZ 3 ЖҰМАЖАНОВА АЙСҰЛУ
1240_mir_Temirdi_1187__1179_olkhaty.pptx