КОНФЛИПКТ нов.PPT
- Количество слайдов: 40
ӘЛЕУМЕТТІК ШИЕЛЕНІСТЕР
ШИЕЛЕНІС- оппоненттердің түрлі мақсат, мүдде, бағдар, пікір, көзқарастарының қақтығысы. • Шиеленіс үнемі адамдардың өз мүдделерінің қарамақайшылығын сезіну барысымен байланысты.
Қайнар көзі: • Қоғам мүшелері арасында, қауымдастықтар арасында өмірлік ресурстардың әділетсіз бөлінуі
Түрлі анықтамалар: Қарама. Күрделенген қарамақайшылықтардың қайшылықтар ашық бір уақытта ушығуы қоғамның бүкіл немесе жабық дағдарыс зонасын шиеленіске әкеледі. сфераларына әсер етеді. құрайды Қоғам үнемі Шиеленіс- қоғамның шиеленіссіз рационалды құралдар өмір сүруі Қоғамда дағдарыстың арқылы шешуге болатын мүмкін емес. Қалыптасуына әкеледі уақытша күйі Қысқа уақыт ішінде әлеуметтік қысымның күшеюі Шиеленіс әлеуметтік Шиеленіс қоғамдағы қатнастарды нәтижесінде қоғам жаңарып, өзгерістердің мобильдендіре қайта құрылады. бастауы. түседі.
Шиеленісті қарастырған ғалымдар:
А. Смит “Халықтардың байлығының табиғаты мен себептері”: Тапқа бөліну және экономикалық бәсеке кезінде шиеленіс қоғамның қозғаушы күш болып табылады.
Ф. ГЕГЕЛЬ “ҚҰҚЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫ”: Шиеленістің себебіазшылықтың қолына байлықтың шоғырлануы және көпшіліктің ауыр кедейшілікте өмір сүруі. ДАЛЕЕ
19 -20ғ. ойшылдары (Вебер, Гумплович): Шиеленіс-ол шындық, одан адамзат қашып құтыла алмайтын құбылыс және даму стимулы болып табылады.
Маркс пен Энгельс бойынша: Тарихи материализм тұрғысынан шиеленіс әлеуметтік (мүліктік) теңсіздік нәтижесінде пайда болады және тап күресі барысында көрініс береді. Тап күресі қажет үрдіс.
Г. Зиммель: Шиеленіс- пікірлер сәйкессіздігі, ол қарама-қарсы күштерді біріктіруші , әлеуметтендіруші күш болып табылады. “Шиеленіс ауаны тазартады”
ҚОҒАМНЫҢ ШИЕЛЕНІССІЗ ҮЛГІСІ: Бұл бағытты жақтаушылар шиеленістің тек негативті жақтарын атайды. Олар тең, шиеленіссіз қоғамға шақырады. . Қоғам өзін құрайтын элементтер бірлігі негізінде өмір сүреді. Құндылықтар маңызды. Тұрақтылық. ДАЛЕЕ
Қоғамның шиеленісті үлгісі Авторы- Р. Дарендорф. Шиеленіс қоғамның органикалық негізі ретінде қаралды: кез-келген қоғам үнемі әлеуметтік өзгерістерге ұшырайды, соның нәтижесінде әлеуметтік шиеленіс жүзеге асады. Кез-келген қоғам өз мүшелерінің бір-бірін мәжбүрлеуіне негізделеді. Қоғам субъектілеріне әлеуметтік теңсіздік тән. (билік пен байлықты бөлісу. ) Осы әлеуметтік теңсіздік пен оның нәтижесінде қалыптасқан қайшылықтар шиеленіске әкеледі. Субъекттердің мүдделері шиеленіс пайда болуға әкеледі. Сондықтан шиеленісті шешу үшін оның табиғатын білу керек. НАЗАД
Дарендорф бойынша шиеленіс кезеңдері: : Ашық және латентті мүдделер. Квазитоп. Мүддеге сәйкес бірігу, ұйымдасу Қақтығыстың іске асуы.
1. Әлеуметтік шиеленістер негізі-саяси факторлар болып табылады. (БИЛІК, АТАҚ, БЕДЕЛ) 2. Бағындырушы мен бағынушы бар қоғамда шиеленіс міндетті түрде болады. 3. Биліктің өзі теңсіздікті дәлелдейді. 4. Шиеленіс қарама-қайшылықты шешу үшін қажет. 5. Шиеленіс-инноваципя мен өзгерістер бастауы. 6. Шиеленісті кешеуілдету немесе НАЗАД тоқтату дағдарысқа әкеледі.
Льюис Козердің позитивтіфункционалдық шиеленіс теориясы “Әлеуметтік шиеленіс қызметтері” “Әлеуметтік шиеленісті зерттеу жалғасы” Әлеуметтік шиеленіс-қарсыластардың құндылықтар үшін күрес және наразылық. Онда қарсыластар бір-бірін жоюға, зиян келтіруге және тоқтатуға ұмтылады. Кез-келген қоғамда теңсіздік пен наразылық болады, ол қысым тудырады. Қысым шиеленіс арқылы шешіледі. Ашық және жабық қоғам.
Шиеленістің бастау көздері: I Биліктің тең бөлінбеуі. II Мүдделер мен пікірлер сәйкессіздігі. III Жеке және қоғамдық құндылықтар сәйкессіздігі. IV Әлеуметтік теңсіздік.
Ақпараттықтанымдық Қызметтері Интегративтік Динамикалық
Қызметтері: • Ақпараттық-танымдық яғни әлеуметтік қайшылықтар қоғам өміріндегі шешілуші қажет түйінді мәселелер туралы, қалыптасқан қайшылықтар туралы ақпарат • Интегративтіктің мәні-қайшылық пайда болуы, дамуы және оның дұрыс шешімін табуы барысында адамдардың белгілі бір әлеуметтік тобының тығыз топтала түсінумен түсіндіріледі. Соның нәтижесінде қоғамдық қатынастар үйлесімге келіп, қоғамда белгілі бір деңғейде тепе -теңдіктің орнауы қамтамасыз етіледі. • Динамкалық деп яғни, даулы мәселелерді шешу нәтижесінде әлеуметтік жүйенің, жалпы қоғамның сапалы, мәнді өзгерістерге қарай дамуына жол ашылады. Қақтығыстар неғұрлым көлемді, тереңірек болса, олардың әлеуметтік процестерге тигізетін ықпалы да соғұрлым күштірек болады.
ҚЫЗМЕТТЕРІ 1. Қарсыластардың психологиялық қысым жағдайын тоқтату. СЕЗІНУ. 2. Қатынастық-байланыстырушы. БЕЙІМДЕЛУ. 3. Консолидациялаушы. КЕЛІСІМГЕ КЕЛУ. 4. .
Шиеленіс көлемі, түрі, құрамы, себебі, салдарына байланысты жіктеледі: ТҰЛҒАЛЫҚ ТОПАРАЛЫҚ СЫРТҚЫ ОРТАМЕН ТҰЛҒААРАЛЫҚ ЖІКТЕЛУІ. КОНФРОНТАЦИЯ БӘСЕКЕЛЕСТІК БАҚТАЛАСТЫҚ ДАЛЕЕ
Формасына байланысты: • Ішкі • Сыртқы
Қоғам дамуына әсер етуіне байланысты: • Прогрессивті • Регрессивті
Даму сипатына байланысты: • Әдейі ұйымдастырылған • Бытыраңқы
Қоғамдық өмірдің салаларына байланысты: • Экономикалық • Саяси • Этникалық • Жанұялық-тұрмыстық
• • • Ұзақтығына байланысты: Ұзақ кезеңді Қысқа кезеңді Бір реттік Созылмалы Қайталанбалы
Көлеміне байланысты: • • • Жахандық Локалдық Аймақтық Топтық Тұлғалық
Шығу көзіне байланысты: • Объективті • Субъективті • Алдамшы
Қолданылған құралдарға байланысты: • Күштеу арқылы • Күштеусіз
Т. Шеллингтің жіктеуі: ОЙЫН ҰРЫС ДЕБАТ
Қайшылықтың басты элементтері 1) Қайшылық қарама-қарсы жақтардың арасында болады. Олар кем дегенде екі жақ болуы мүмкін. Бұларды қайшылықтың Субъектілері деп атайды, оларға жекелеген индивидтер, әлеуметтік топтар, әлеуметтік жіктер, саяси партиялар, т. с. с. жатады. 2) 2) Әлеуметтік және психологиялық сипаттамлары болады. 3) Әлеуметтік сипаттамасы дегенміз олардың әлеуметтік жағдайдары, қызмет жағдайлары, атқаратын кәсіптері, беделдері, т. б. 4) Психологиялық сипаттамсы жекелеген адамдарың мінез-құлықтарының ерекшеліктері. Мысалы; өмірде басқа адамдармен келісімге келе бермейтін, бар мәселелерді ұрыс-таласпен шешуді қалайтын “қиын” мінезді адамдардың болатыны белгілі
Шиеленіс субъектілері: • Мүше-қатысады, бірақ салдарын ойламайды. Аяқастынан. • Субъект-осындай жағдай тууына ықпал етеді. • Делдал-екі жақ ортасында жүреді.
Р. Дарендорф бойынша шиеленіс субъектілері: • Бірінші топ- тікелей қатысушылар • Екінші топ-тікелей қатысқысы келмейді, бірақ үлес қосады. • Үшінші топ-шиеленіс шешілуіне мүдделілер.
ШИЕЛЕНІС ФОРМАЛАРЫ: • • • МИТИНГ ДЕМОНСТРАЦИЯ АШТЫҚ ЖАРИЯЛАУ КӨТЕРІЛІС Т. Б РЕВОЛЮЦИЯ РЕФОРМА
Әлеуметтік шиеленіс механизмі: 1. Шиеленіс алдындағы жағдай: • Екі жақ өз мүмкіндіктерін стратегияларын жасайды. бағалайды, жақтас іздейді, 2. Шиеленіс басталуы: • Екі жақта қарсыласты, оның күшін сезінеді, толқу. 3. Шиеленістің өзі: • Екі жақтың белсенді әрекеті (физикалық, психологиялық, идеологиялық). 4. Шиеленістің шешімін табуы: Инцидент аяқталуы. Инцидент жойылуы. Түпкілікті тоқтауы: жағдай өзгеруі. Жартылай шешімін табуы: қайта өршуі мүмкін. Толық шешімін табуы: “жау образы” “серіктес образына” айналады.
Шиеленіс табысты шешіледі, егер: • Себебі уақытында және нақты анықталса • Екі жақта қайшылықты жоюға ұмтылса. Күдіктен арылу. • Екі жақ бірігіп шығар жол іздесе
ШИЕЛЕНІСТІ шешу: • 1. Өршуі және негативті салдарының алдын алу • Реттелуіне мүдделі 2 жақ немесе 3 -ші жақта болуы мүмкін • Әдісі мен жолын анықтау қажет.
Шиеленісті шешу жолдары: • • • Шиеленістен қашу. Себеп қалады. Келіссөз. Пікір алмасу. Делдал қолдану. “Шебер делдал”. Кейінге қалдыру. Күш жинау. Арбитраж. Заңға бағыну.
Қайшылықтардың алдын алу шаралары: Қақтығыстарды толық шешімі табылып нәтижелі аяқталуы үшін: 1) оны туғызған басты себепті уақытында және дәл анықтау қажет. 2) қайшылықты алауыздықты жоюға қарсыласушы екі жақ та мүдделі болуы шарт 3) қақтығыстың асқынуына жол бермеу және оның кері келтіретін нәтижелерін кеміте түсуге ұмтылу. 4) әлеуметтік қайшылықтарды шешудің тиімді жолдары-үшінші жақтың көмегін пайдалану. Әрине, бұл жерде үшінші жақтың ұстайтын позициясына көп нәрсе байланысты. Мәселен, кейде үшінші жақ қақтығысушылардың бір жағын қолдап, солардың басымдылығына мүдделі болса, қақтығыстың күштеу арқылы немесе әлеуметтік қысым жасау арқылы аяқталады. Субъектілерге байланысты бейтарап позиция ұстайтын – сот, арбитраж және меднация сияқты келіссөз процестерінің ерекше түрлеріне жататын үшінші жақтың көмегімен шешу.
Кеңес: • Келіссөз барысында шиеленіске тікелей қатысты мәселелер қаралуы • Екі жақ психологиялық және әлеуметтік қысымды жоюға тырысуы • Сыйластық таныту • Өз позицияларын ашық, нақты білдіруі • Консенсусқа ұмтылуға ТИІС.
• «Соғыс туралы ой адамның санасында пайда болады, сондықтан адамның санасына бейбітшілікті сақтау идеясын сіңіру қажет. БҰҰ жарғысынан.
КОНФЛИПКТ нов.PPT