Абдраманова Айгерим ФФП 2 курс СОЖ.doc.pptx
- Количество слайдов: 16
“Әлеуметтік педагогика” А. В. Мудрик
Әлеуметтік педагогика білім саласы ретінде
Әлеуметтік педагогиканың анықтамасы, нысаны және пәні. Әлеуметтік педагогиканың әртүрлі анықтамалары бар. «Әлеуметтік педагогика – бұл ғылыми сабақ, жалпы педагогиканың әлеуметтік фукциясын айқындаушы және барлық жастағы тәрбие үрдісін зерттеуші» (Х. Мискес, Германия). «Әлеуметтік педагогиканың мәні – әлеуметтік жүйеге тез бейімделуге жастарға көмек, нормадан тыс тәртіпке тежеу қоя білу» (Е. Молленхауер, Германия). «Әлеуметтік педагогика – бұл әлеуметтік ортаның тәрбиеге әсері туралы ғылым» (В. Д. Семенов).
Берілген оқулықтағы тәрбие анықтамасы әлеуметтену бөлігімен және әлеуметтік тәрбиедегі әлеуметтік тәжірибенің бес түрінің бірі ретінде әлеуметтік педагогика мен оның пәніне өзге анықтама береді. Әлеуметтік педагогика – жеке тұлғаның тәрбиесі мен қалыптасуына әлеуметтік ортаның әсерін зерделейтін, әлеуметтік ораның нақты шарттарын есепке ала отырып жеке тұлғаға тәрбие беруін оңтайландыру бойынша ісшаралар жүйесін әзірлейтін педагогиканың бір саласы. Әлеуметтік педагогиканың мұндай анықтамасы оны қоғамды тәрбиелеудің зерттеу пәні мен актуализация тәсілі, қоғамдық, мемлекеттік және жекеменшік ұйымның интеграциялық жағдайын құруға адамның өзінөзі дамытуға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік педагогика бөлімдері Әлеуметтік тәрбие философиясы Әлеуметтенудегі әлеуметтік тәрбие Әлеуметтікпедагогикалық виктимология Әлеуметтік тәрбие теориясы Әлеуметтік тәрбие психологиясы Әлеуметтік тәрбие әдіснамасы Әлеуметтік тәрбие менеджменті мен экономикасы
q Әлеуметтік тәрбие философиясы философия, этика, әлеуметтану және педагогика салаларының тоғысқандығынан пайда болады. Әдістемелік және дүниежүзілік сұрақтар қарастырылады. Көбінесе, әлеуметтік тәрбиенің негізі мен оның қызметіне анықтама: әлеуметтену мен тәрбие, әлеуметтік тәрбиенің құндылығы мен ұстанымдары айқындалады және т. б. q Әлеуметтенудегі әлеуметтік тәрбие әлеуметтенудегі әлеуметтік тәрбиенің контексті ретінде және әлеуметтік тәрбиені әлеуметтенудің бір бөлімі ретінде. Алынған білім олардың тәрбиелік потенциалының іздеу жолдары мен қолдану тәсілдерін тудырады. q Әлеуметтік- педагогикалық виктимология әлеуметтенуде нашар жағдайға душар болған және соған жақын қалған адамдар категориясын зерттейді. Мұнда соларға арналған әлеуметтік және педагогикалық көмек анықталады. q Әлеуметтік тәрбие теориясы әлеуметтік тәрбиені сипаттайды, түсіндіреді және функциялық қасиеттерін болжайды. Әлеуметтік тәрбие теориясы жеке, топтық және әлеуметтік тәрбиенің әлеуметтік субъектілерін зерттеп және олардың өзара қарым-қатынасын айқындайды.
q Әлеуметтік тәрбие психологиясы әлеуметтік психология негізінде топ пен адам мінезіне, олардың ерекшелігіне және әртүрлі жас аралықтарына қарап әлеуметтік тәрбие субъектілерінің қарымқатынасының психологиялық эффектісінің жағдайын айқындайды. q Әлеуметтік тәрбие әдіснамасы тәжірибеден алынып әлеуметтік тәрбиенің жаңаша тәсілдерін құрады. q Әлеуметтік тәрбие менеджменті мен экономикасы бір қырынан қоғамдағы «адам капиталына» қажетті қасиеттерді, екінші қырынан әлеуметтік тәрбиені ұйымдастыруға қажетті қоғамдағы экономикалық ресурстарды зерттейді. Сонымен қоса бұл бөлімде әлеуметтік тәрбиені басқару жөнінде сұрақтар қарастырылады.
Әлеуметтік педагогика білімнің интегративті саласы. Берілген оқулықта әлеуметтік педагогика анықтамаларында, оның нысаны, пәні және авторлық бөлімдер педагогиканың ХХ ғасырдағы интегративті білімнің бір саласы болып қарастырылады. Бұл ХХ ғасырдағы адам және қоғам, психология, этнология, әлеуметтену және т. б. білім салаларының айтарлықтай дамуымен байланысты. Бұл берілген салалар адам мен қоғамның дамуын кеңейтті.
Әлеуметтік педагогика және пефдагогиканың басқада салалары. Әлеуметтік педагогика мәселелерін айқындай отырып педагогика тарихына, тәрбие тарихына, салыстырмалы педагогикаға және дидастологияға сүйену қажет. Әлеуметтік педагогиканың отбасы, коррекциялық педагогикамен өзара теориялық және зерттеушілік қарым-қатынасы өте маңызды. Әлеуметтік педагогикалық салалардың әр типті тәрбиелік ұйымдармен тығыз байланысты. Яғни, мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, кәсіптік білім беру педагогикасы, жабық мектеп педагогикасы, бала және жасөспірім педагогикасы, орта педагогикасы, әскери педагогика, әлеуметтік жұмыс педагогикасы және т. б.
Әлеуметтік педагогика және адам мен қоғамтанудың басқа да салалары. Философия және әлеуметтік педагогика Этика және әлеуметтік педагогика Әлеуметтану мен әлеуметтік педагогика. Этнография, этнопсихология және әлеуметтік педагогика. Әлеуметтік және жасерекшелік психологиясы және әлеуметтік педагогика.
Философия және әлеуметтік педагогика. Адам тұрмысынан сұрақтар қойып, соған жауап беруге, дүниеге деген жалпы көзқарас жүйесі мен сол жердегі адам орнын айқындау. Әлеуметтік педагогика нақтырақ «Әлеуметтік тәрбие және философия» бөлімі өз мәселелерін зерттей отырып, адам мен оның тәрбиесі көзқарасынан туындайды. Бұл көзқарас әрдайым осындай және басқада философиялық негіздеме байқауға болады. Этика және әлеуметтік педагогика. Этика моральдық даму мен қарым-қатынастын жалпы заңын, адамның моральдық қызметін анализдайды. Әлеуметтік педагогика этика ұстанымдарына сүйене отырып, тәрбие әдістерін қарастырып және мақсатын анықтайды.
Әлеуметтану мен әлеуметтік педагогика. Әлеуметтану қоғамның дамуы мен функциялық, әлеуметтік қарым-қатынас және әлеуметтік қоғам туралы ғылым. Әлеуметтанудағы әлеуметтік тәрбие әлеуметтік мәселелерді зерттей отырып берілген әлеуметтік білім салаларын қолданад: жас әлеуметтануы, қала мен ауыл әлеуметтануы, қарым-қатынас әлеуметтануы, жасөспірімдер әлеуметтануы, білім әлеуметтануы, қылмыстық әлеуметтану, отбасы әлеуметтануы, дін әлеуметтану.
Этнография, этнопсихология және әлеуметтік педагогика. Этнография – адамның дәстүр және тұрмыстық ерекшеліктерін зерттейді. Этнопсихология- адам психикасының этникалық ерекшелігін, ұлттық мінез-құлқын, ұлттық функциялары мен этникалық тұғырларын зерттейтін білім саласы. Әлеуметтік тәрбие теориясын құрастыра отырып этнография мен этнопсихология негізге алынады. Әлеуметтік тәрбие жүйесін құрастырғанда, нақты мәселе анықтағанда және тәрбие мазмұнының этникалық ерекшеліктеріне назар аудару қажет.
Әлеуметтік және жасерекшелік психологиясы және әлеуметтік педагогика. Әлеуметтік педагогика адамның іс-әрекеті мен қызметін, әлеуметтік топтарын және сол топтын мінез -құлқын зерттейді. Жасерекшелік психологиясы адамның жасерекшелігімен, психикалық, динамикалық сонымен қоса тұлғаның жасерекшелік фокторын дамуын зерттейді. Әлеуметтік педагогика берілген әлеуметтік және жасерекшелік психологиясын қолдана отырып, әлеуметтену мен виктимология, әлеуметтік тәрбие әдістемелерін құрастыруды зерттейді.
Теория-танымдық функция Қолданбалы функция Гуманитарлық функция Әлеуметтік педагогиканың функциялары
Теориятанымдық функциясы • әлеуметтік педагогика өнер білімді жинақтайды, олардан синтез жасайды, қазіргі қоғамда зерттелетін үрдісті толық суреттеп, тиімді жетілдіруге ұмтылады, оларды сипаттап, түсіндіріп, түпкі негізін ашады. Қолданбалы функция • іздестіру жолдары мен тәсілдері, әлеуметтік педагогикалық шарттардың әлеуметтену үрдісіне ұйымдастырушылық-педагогикалық және психология-педагогикалық аспектілеріне байланысты. Гуманитарлық функция • әлеуметтік- педагогикалық үрдісті жетілдіру мақсатында байқалады. Тұлғаны дамуы мен өзін-өзі жетілдіру үшін қолайлы жағдайлар жасау.