1241_leumettik__1179_auipter_kami.pptx
- Количество слайдов: 7
ӘЛЕУМЕТТІК ҚАУІПТЕР Орындаған: Сейдахмет Кәмила Топ: Материалтану – 207
Әлеуметтік саладағы қауіп-қатер: Жұмыссыздықтың өсуі Жұмысбастыларға еңбек жүктемесің арттыру Тұрғындардың өмір сүру сапасынның, деңгейінің төмендеуі
Жұмыссыздық
Жұмыссыздық - еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғам даму барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған. Осы көзқарастарға қысқаша тоқталып назар аударайық. Мальтузиандық мектептін ірі өкілі Т. Р. Мальтус жұмыссыздықтың пайда болуын халық санының артып кетуімен байланыстырды. Халықтың саны геометриялық прогрессиямен өседі (яғни 1, 2, 4, 8, 16…), ал өмір сүру жабдықтар тек арифметикалық прогрессиямен өседі (яғни 1, 2, 3, 4…). Сондықтан тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі жұмыссыздықтың себебі болып табылады. Батыс мектептің өкілдері жұмыссыздықты жұмысшының еркін таңдауы деп есептеді. А. Пигу жұмысшылар шектен тыс жоғары жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраныс төмендейді. Бірақ XX ғасырдың 30 жылдарындағы жаппай жұмыссыздық бұл теорияның дұрыс еместігін дәлелдеді. Кейнстік мектеп жұмыссыздықты тауарға сұраныстың төлем қабілеттілігінің жеткілісіздігімен және жалақының жоғары деңгейімен түсіндіреді. Жұмыспен қамтудың негізгі параметрлері тауарлар мен қызметтердің тұтынулық және инвестициялық нарығындағы сұраныстың көлемімен белгіленеді. Еңбек нарығындағы сұранысты жиынтық сұраныс, инвестициялар және өндірістің көлемдері реттеп отырады. Жұмыссыздықтың болуы жиынтық сұраныстың жеткіліксіз болуымен байланысты, яғни жұмыссыздықтың төмендеуіне жиынтық сұраныстың өсуі және жиынтық сұраныстың құрылымы әсер етеді. Жұмыссыздықтың деңгейі мемлекеттің инвестициялық ісәрекеттерінің молаюы және экономикалық дамуы арқылы реттеледі. Монетарлық теорияны жақтаушылар жұмыссыздықтың себебі мемлекеттің ақша саясатын дұрыс жүргізбеуінде деп түсіндіреді. Ақша массасын дұрыс басқара отырып өндіріс процессін реттеуге болады. Жұмыссыздық пен инфляцияның өсу қарқыны арасында тұрақты өзара байланыс болады. Экономикалық теорияда бұл құбылыс Филлипс қисық сызығы деп аталады (ағылшын экономисі А. Филлипстің атымен аталған және жұмыссыздықты қысқарту салдарынан болатын бағаның жедел өсуінің «заңдылығын» ол алғаш рет 1958 жылы график түрінде бейнелеген болатын). А. Филлипс 1881 -1957 жж. арасындағы Ұлыбританиядағы жұмыссыздық деңгейі мен жалақының ақшалай мөлшерінің арасындағы тәуелділіктің қисық сызығын тұрғызған.
Еңбек бөлінісі Еңбек бөлінісі – еңбек қызметі түрлерінің ара жігін ажырату. Еңбек бөлінісі еңбекті ұйымдастыру жүйесінде қалыптасады. Өндірістің тиімділігін арттырудың тұрақты қолданыстағы факторы болып табылады. Негізгі 3 түрге бөлінеді: жалпы қоғамдық өндіріс ауқымында қалыптасатын жалпы еңбек бөлінісі; түрлі салалар мен өндірістер арасында орын алатын жеке еңбек бөлінісі; жекелеген кәсіпорындар мен бірлестіктер, қызметкерлер арасында орын алатын жеке-дара еңбек бөлінісі Сонымен қатар аумақтық, халықаралық еңбек бөлінісі де болады. Кәсіпорындарда: қызметкерлердің өндірістік-шаруашылық қызметтерге қатысуына, орындалатын міндеттердің сипатына, өндірістік үдеріске қатысуына қарай атқарымдық еңбек бөлінісі; еңбек үдерісінің технологиялық жағынан бір текті жұмыс түрлері бойынша саралануына негізделген технологиялық еңбек бөлінісі; қызметкерлерді кәсібі (мамандығы) және біліктілік деңгейі (разрядтар, санаттар) бойынша бөлетін кәсіптік-біліктілік еңбек бөлінісі.
Елдің экономикасын және тұрғын халықтың өмір сүру сапасын дамыту мәселелері Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан жаһандық экономикада әлемдік тауар нарығына мұнай, газ, қара түсті, сирек кездесетін және асыл металдар мен уран өнімдерін шығаратын ел ретінде қарастырылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінен астық экспортының келешегі бар екені дәлелденді. Қазақстанда пайдалы қазбалардың ірі қорларының болуы оның салыстырмалы экономикалық артықшылығы болып табылатындықтан, ол қазіргі уақытта классикалық экономикалық сценарий бойынша дамуда. Өндірістің және шикізат ресурстарыны экспортқа шығарудың қарқынды дамуы экономикалық дағдарыстан шығуға ықпал жасап соңғы жеті жылда экономикалық өсудің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Өнеркәсіптің шикізат салаларына шетелдік инвестицияларды тарту және қаржы саласында құрылымдық – институттық өзгерістерді жүзеге асыру жөнінде мемлекеттік саясаттың жүргізілуіне байланысты Қазақстан экономикасының дамуында ілгерлеулер байқалуда, елде өмір сүру деңгейі жоғарылауда және ұзақ мерзімді кезеңде индустриялық сервистік – технологиялық даму сатысына өтуге мүмкіндік беретін қаржы ресурстары жинақталуда. Бүгінгі таңда Қазақстанды әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикаға сай мемлекет ретінде мойындап отырғанын атап өту керек, ол ТМД елдерінің ішінде бірінші ел болып инвестициялық рейтингіне ие болды. Дүнижүзілік банк Қазақстанды әлемдегі инвестиция салуға ең тартымды 20 елдің қатарына қосты. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан экономикасына 50 млрд. астам АҚШ долл. тартылды. Стратегиялық тұрғыдан алғанда қабылданған үлгіге сәйкес Қазақстан бәсекелестікке және әлемнің барлық елдерімен өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға негізделген тауарларды, қызметтерді, капиталды және жұмыс күшін экспорттауға бағдарланған ашық экономикалы ел ретінде қалыптасып келеді.
Стратегия-2030 қабылданғаннан бері 15 жыл ішінде мемлекетіміз әлемдегі ең серпінді дамушы елдер бестігіне енді. Нәтижесінде, 2012 жылдың қорытындысы бойынша ІЖӨ -нің көлемі жағынан біз әлемнің 50 ірі экономикасының қатарына кіреміз. Сонымен қатар Қазақстан отын және минерал шикізатының ірі әлеуетін шоғырландырған шағын экономика ретінде өндірістің өңдеуші салаларына инвестициялар үшін қолайлы емес. Бұл шикізат ресурстарына жағдаяттың өзгеруіне қатысты ел экономикасын осал әрі тәуелді етеді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шикізат ресурстарына бай кейбір дамуышы елдер тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізбей, шикізаттың әлемдік тауар нарықтарында жағдаяттың өзгерістеріне тым тәуелді болып қала береді.
1241_leumettik__1179_auipter_kami.pptx