
Асхат Ислам Социология.pptx
- Количество слайдов: 20
ӘЛЕУМЕТТАНУҒА ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҒАЛЫМДАР: М. ВЕБЕР, У. УОРНЕР, Б. БАРБЕР
Макс Вебер (нем. Max Weber; 21 сәуір 1864, Эрфурт — 14 маусым 1920, Мюнхен) — неміс әлеуметтанушысы, әлеуметтік философ, тарихшы. Вебер 1864 жылы 21 сәуірде Эрфурт қаласында дүниеге келген. 1893— 1896 жж. Фрайбург университетін, 1896— 1898, 1902— 1918 жж. Гейдельберг университетін, 1919— 1920 жж. Мюнхен университеттерінде дәріс берген. Теориялық әлеуметтану, әлеуметтік дін, саяси әлеуметтану, ұйымдастыру әлеуметіне арналған еңбектері бар.
М. Вебердің әлеуметтанулық ілімдері және маркстік әлеуметтану. Әлеуметтанудың дамуына ХІХ ғасырдың соңы мен ХХғасырдың басында маңызды үлес қосқан немістің ойшылы Макс Вебер (1864 -1920) болды. Оның әлеуметтануы қазіргі кезде қайта өркендеуде. М. Вебердің әлеуметтанулық көзқарастары мен пайымдаулары қайтадан ой елегінен өткізіліп тұжырымдалуда. Оның дайындаған таным методологиясы, түсіну концепциясы, идеалдық типтер тұжырымдамасы, мәдениет, этика мен дін әлеуметтануы туралы ілімдері өмірде қолданылып жүр. М. Вебердің әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына Г. Риккерт, К. Маркс, Н. Макиавелли, Т. Гоббс, Ф. Ницше сияқты ойшылдар ықпал етті. Вебер кӛптеген ғылыми еңбектер жазды, соның ішінде «Протестанттық этика және капитализм рухы» , «Шаруашылық және қоғам» , «Әлеуметтік-ғылыми және әлеуметтік-саяси танымның объективтілігі» , «Түсінуші әлеуметтанудың кейбір категориялары туралы» , «Негізгі әлеуметтанулық ұғымдар» сияқты. М. Вебердің көзқарасы тұрғысынан қарасақ, әлеуметтану ең алдымен адамның топтарының мінез-құлқын және әлеуметтік қызметін зерттеуі тиіс.
М. Вебер түсінуші әлеуметтану концепциясын жасап дамытты. Оның міндеттеріне біріншіден, адамдардың өз талаптарына ұмтылуы қандай ойластырылған әрекеттер арқылы іске асатынын және қандай дәрежеде, қандай себептермен бұларды жүзеге асыра алатынын немесе асыра алмауын ұғынып түсіндіру; екіншіден, әлеуметтанушыға түсінікті болған олардың талаптарының салдарлары басқа адамдардың мінез-құлқына қалай әсер ететінін ұғындыру негізге алынды. К. Маркс пен Ф. Энгельс те әлеуметтану ғылымының дамуына өзіндік үлес қосқан ғалымдар. Маркстік әлеуметтану тарихи процесті зерттеуді өмірдегі адамдарды, олардың қажеттіліктері мен мүдделерін, адамдардың өзара қарым-қатынастарын және өзара әрекеттерін алғышарт етіп қарастырудан бастады. Қоғам өзіне тән қоғамдық қатынастар жүйесі, материалдық өндіріс, саясат және өзге де әлеуметтік институттар арқылы адамдар қызметінің мазмұнын дұрыс арнаға бағыттайды, белгілі бір дәрежеде оны анықтайды, әрбір адамның қалыптасуы мен дамуына ықпал жасайды. Индивидуалдылықты әлеуметтікке жеткізу маркстік әлеуметтанудың маңызды принципіне айналды. Сөйтіп, ол адамдардың қызметі мен мінез-құлқының объективтік әлеуметтік негіздерін анықтаудың және пайымдаудың алғашқы маңызды қадамына айналды. Бұдан тарихты материалистік тұрғыда түсіну келіп шықты.
Макс Вебердің әлеуметтік құрылым туралы концепциялары М. Вебердің бұл мәселе туралы көзқарасы К. Маркстің көзқарасына өте жақан деуге болады. М. Вебер де К. Маркс сияқты таптың экономикалық негізіне көбірек көңіл бөліп, тапты экономикалық категория деп түсінген. Бірақ та М. Вебердің К. Маркстен бұл мәселе бойынша айырмашылықтары бар. Біріншіден, М. Вебердің пікірі бойынша таптың белгілерін тек қана, К. Маркс сияқты, меншікпен доғаруға болмайды. Таптың көптеген әлеуметтік белгілері бар. Оның ішінде, мамандық, білім деңгейі, қызметкердің қабілеті, дипломы, т. б. белгілері бар. Екіншіден, әлеуметтік құрылымдағы маңызды мәселенің бірі статус деп аталады. Статус, престиж деген категориялар қоғамды тапқа бөлуде аса маңызды роль атқарады. Ал ондай категориялар К. Маркстың таптық құрылым теориясында орын алмайды. Жалпы осы статус деген ұғым М. Вебердің социологиясында үлкен орын алады. Әлеуметтік стратификация проблемасына қазіргі заманғы көзқарастың негізін Макс Вебер қалаған болатын, ол әлеуметтік құрылымды таптармен жҽне оларды тудырушы меншік қатынастарымен қатар ҽлеуметтік мәртебе мен билік те маңызды орын алатын көп өлшемді жүйе ретінде қараған.
М. Вебердің К. Маркстен айырмашылығы, ол экономиканы ұйымдастыруды стратификацияның негізі деп санамай, экономикалық сипаттамалардың бастапқылығы тезисінен бас тартты және ―стратификацияның үш автономды өлшемдері туралы өз ұғымын тұжырымдады. Оның ойынша стартификациялаудың үш өлшемі бар. Олар: 1. Байлық – экономикалық статус. 2. Билік - саяси статус. 3. Мәртебе - әлеуметтік статус. Осы үш өлшем арқылы қоғамды стратификациялауға болатындығы айтылады. Әлеуметтік тап - өте үлкен топ. Сол топқа кіретін адамдардың бәрінің де бірдейге жақын материалдық, әлеуметтік және т. б. жағдайлары болуы міндет. М. Вебер айтқандай бір тапқа жату, не жатпау, адамның өмірлік мүмкіндіктеріне байланысты. Өмірлік мүмкіндіктері бірыңғай адамдар бір тапқа жатады. М. Вебердің түсіндіруінде тап деген адамдардың тек қана нарықтық экономикаға байланысты топтары. Ал нарықтық экономика тек капитализм дәуірінде пайда болады. Жалпы М. Вебер адамзат қоғамында тек қана екі типтік қоғам болады дейді. Бірі нарықтық емес, екіншісі нарықтық қоғам. Сонымен тап деген әлеуметтік топ тек қана капитализм қоғамында пайда болады. Осы қоғамда нарықтық экономиканың ең маңызды тірегі капитал. Бірақ та нарықтық экономиканың басқа да тіректері болады. Олар – мамандық, білім, жұмыс істеу қабілеті, т. б.
Капитализмнен бұрынғы қоғамда таптар орын алмаған. Ол қоғамдардағы стратификациялау процестерін сословие, каста, статус деген бөлінулерге байланысты делінеді. М. Вебердің түсіндіруі бойынша капиталистік қоғамда таптардан басқа, таптық деңгейге жетпейтін біраз статустық топтар да орын алады. Ол теңсіздіктің негізгі үш құрамдас бөлігін бөліп қарап, оларды өзара байланысты, бірақ сонымен бірге елеулі қатынастарда тәуелсіз деп есептеді: мүліктік теңсіздік, мәртебелік мерей және билік. Билік деп адамның (немесе адамдар тобының) жоспарларды іске асыру, іс-қимыл жасау немесе белгілі бір саясатты, тіпті басқа адамдар мен топтар тарапынан болған келіспеушілікке қарамастан, жүргізу қабілетін айтады. Стратификацияның үш тобы да бір қоғамның ішінде, бір адам материалында болады, әр түрлі конфигурацияларда, бір қоғамнан бір қоғамға және бір тарихи кезеңнен басқа бір тарихи кезеңге көшіп жүре береді. Капитализмдегі таптарды, топтарды М. Вебер мынадай ретпен белгілейді: 1. Меншік иелері (тап); 2. Интеллектуалдар, менеджерлер, әкімшілік қызметтегі адамдар тобы (тап); 3. Ұсақ буржуазиялық тап, ұсақ бизнесмендер, т. б. ; 4. Жұмысшы табы.
М. Вебер осындай қорытындыны XIX ғасыр аяғы жҽне XX ғасыр басындағы европалық капитализмнің шындығына байланысты жасаған. Сонымен, тап дегеніміз М. Вебердің анықтамасы бойынша, нарықтық экономикаға байланысты адамдардың үлкен топтары. Олардың негізгі белгілері: тапқа кіретін адамдардың белгілі бір мөлшерде материалдық ресурстарға ие болуы; олардың белгілі өмір жағдайы; олардың айрықша өмір жолы. М. Вебер статустық топтарға аса үлкен көңіл бөлген. Бірақ та оларда таптық та, статустық та белгілері бар. Статустық тап деп, М. Вебер бюрократияны атаған. Нарықтық экономикаға, не болмаса товар, ақша, капитал деген категорияларға тікелей қатынасы жоқ топтарды ол статустық топтарға жатқызған. Чиновниктер қоғамының байлығына иелік етіп, өндірісті бақылауға алады, ал бірақ та олар меншіктің иелері бола алмайды. Сондықтан олар әлеуметтік тап емес. Қоғамда статустық топтардың саны өте кҿп болуы мүмкін, ал таптардың саны аз келеді. Әлеуметтік статус мәселесін қарастырғанда оның негізгі белгілері әлеуметтік сыйлау, мәртебе, бедел, партиялық сыйпат, саяси бағыт кеңірек талдауды талап етеді. Әлеуметтік статустық топтардың өзіндік өмірі, тұрмысы қоғамда алатын орны, мақсаты, тіпті діні, саяси бағыттары бар.
У. Уорнер
У. Уорнердің стратификация теориясы. Стратификация туралы көзқарасы У. Уорнердің ―бедел теориясында баяндалған. Ол американ қоғамындағы бөліп қаралған страталарды ―әлеуметтік тап деп атаған. Бірақ бұл біздің тарихи материализмнен білетін тап емес: маркстік тап меншікке қатысты берілген, ал Уорнер тапты әлеуметтік беделі бойынша, яғни осы қоғамдағы оның мүшелеріне қатысты бөледі. Алғашында ол қандай да бір тапқа көзқарас ең алдымен экономикалық өлшемдермен (өндіріс пен бҿліністегі кірістер мен функциялар) анықталады деп ұйғарған, яғни, түптеп келгенде, маркстік негізгі тезистерді басшылыққа алған. Алайда, бірінші кезеңдегі зерттеу нәтижелері оның болжамдарын теріске шығарды. Ол шамамен бірдей табыс табатын бір кҽсіптің өкілдері ―әлеуметтік беделінің сипаттамасы бойынша әр түрлі деңгейде болатынын аңғарған. Беделдің адамның қоғамдағы экономикалық өлшемдерге негізделген жағдайымен қандай да бір байланысы болғанымен, әлеуметтік бедел сонда да болса бәрінен де күшті адамның өндіріс пен игілік бөлінісіндегі орнымен емес, оның осы игілікті тұтыну құрылымымен, яғни өмір салтымен, мінез-құлқымен және, түптеп келгенде, оның ұстанымдарымен байланысты.
―Өмір салтының негізінде жатқан мұндай тұрақты, қайталанатын мінезқұлықтың негізінде осы әлеуметтік жиынтықтың мәдениетінде немесе кіші мәдениетінде бекітілген үлгілер болатыны айқын. Осылайша эмпирикалық материалдың көмегімен У. Л. Уорнер іс жүзінде Макс Вебердің ―мәртебелік топ деп сипаттаған стратасын ашты. Сол кезден бастап ғылыми терминологияда адамның қоғамдағы көзқарасымен өлшенетін орнын анықтайтын ―әлеуметтік мәртебе ұғымы берік қалыптасты, оның өлшемін өз кезегінде ―әлеуметтік рөл деп санау қалыптасты. У. Л. Уорнер ―тап ұғымының анықтамасын береді: ―Тап дегенді әлеуметтік жағынан неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен жағдайда болады деп ұйғарылатын және сол қоғамның мүшелері оларды тура осылай дәрежелейтін адамдардың екі немесе одан да көп жіктері деп түсінген жөн. Осы таптың мүшелері жұбайларын өз табының ішінен таңдауға тырысады, бірақ та қоғамның құндылықтары жоғары не тҿмен орналасқан топтан жұбай таңдауға жол береді. Сонымен таптық жүйе балалардың ата-аналары жеткен мәртебеге ие болатынына кепілдік береді. Таптық қоғам құқықтар мен артықшылықтарды, сондай-ақ борыштар мен міндеттерді неғұрлым жоғары және неғұрлым төмен жағдайларға қатысты бірқалыпты бөлмейді. Таптық жүйенің касталықтан айырмашылығы - ол әлеуметтік саты бойынша жоғары және төмен қозғалыстарды құндылық деп қарастырады.
У. Л. Уорнер өзінің әлеуметтік стратификация теориясының жалпы тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, адамдардың қандай да бір таптық тектерін олардың мәртебелеріне қоғамның басқа мүшелері беретін бағаларын, яғни олардың беделін басшылыққа ала отырып анықтаған. Американдық социолог У. Уорнер осы елде 7 таптық жүйе бар екендігін айтады. Бірақ та білгілі бір тапқа жату адамның статусына байланысты деп түсіндіреді. Әрине әрбір таптың өзіндік кіріс-табысы, мамандығы, білімі, мәдениеті, т. б. белгілері бар. Осы көрсетілген таптарға кімдер, қандай мамандық топтары кіреді? Осы сұрақтарға У. Уорнер жауап береді. Бірінші тап – ол ең жоғарғы тап. Олар, мысалы, ірі корпорациялардың иелері, ірі байлар, ірі мемлекет қызметкерлері, жоғары әскери шені бар адамдар, архиепископ, ірі ғалымдар, т. б. Екінші тап –жоғарғы тап. Оған жататындар: орта деңгейдегі фирма иелері, газет шығарушылар, мемлекет қызметкерлері, жеке практикасы бар дәрігерлер, заңгерлер, колледждің оқытушылары, т. б. Үшінші тап - жоғарғы орта тап. Мысалы: банк қызметкерлері /қатардағы/, колледждің оқытушысы, орта буын дәрежедегі менеджерлер, орта мектептің оқытушысы. .
Төртінші тап –орта таптың орта буыны. Олар: қатардағы банк қызметкері, тіс ауруының дәрігері, бастауыш мектептің оқытушысы, өндірістегі цехтың бастығы. Компанияның қатардағы қызметкері, т. б. Бесінші тап – орта таптың төменгі буыны. Олар: автомеханик, парикмахер, бармен, мамандығы бар жұмысшы, полиция қызметкері /қатардағы/, ірі жүк тасушы машинаның жүргізушісі, сауда қызметкері, т. б. Алтыншы тап – төменгі таптың жоғарғысы. Бұларға жататындар көбінесе орта мамандығы бар жұмысшылар, машина жүргізушілер, официант, швейцар, т б. қызмет атқаратын адамдар. Жетінші тап – төменгі таптың төмені. Бұған кірітіндер жұмысы бар, бірақта жалақылары, американдық өлшеммен алғанда, төмен адамдар. Олар, мысалы, ыдыс-аяқ жуушылар, үй қызметіндегі жалшылар, көше сыпыратындар, қоқыс жинайтындар, т. б. осындай қара жұмыс істейтін адамдар. У. Уорнер бұл жерде Американың әлеуметтік құрылымын толық беріп отырған жоқ. Бірақ та, осы елде осындай таптар бар екендігі, олардың шамамен алғанда осы айтылған топтардан, мамандықтардан тұратындығының дҽлелі бар сияқты. Кейбір социологтер осы Америкада 5 таптық жүйе бар деп көрсетеді. Осы көзқарастың авторы А. Россидес. Ал Д. Ротмэн өзінің «Неравенства и стратификация в Соединенных Штатах» деген еңбегінде бұл елде 8 таптың бар екендігін көрсетеді.
Бернард Барбер
Бернард Барбердің стратификация теориясы. Бернард Барбер мселені ежелгі дүниеден біздің заманымызға дейінгі тарихи тұрғыдан қарай отырып, батыс қоғамы әлеуметтік стратификациясының әр түрлі алты өлшемін бөліп қараған: 1. Кәсіп рөлі. Отағасы - барлық қоғамда да өзінің азды-көпті толық жұмыс уақытын арнайтын ―өндіруші рөлде қоғамға қосатын функционалдық үлесі тұрғысынан жіктеліп бағаланып келген. Осы сияқты рөлдер әрқашан олардың функционалдық үлесінің шамасы бойынша әр түрлі болады және тиісінше сараланып бағаланады, яғни әр түрлі беделге ие болады. 2. Билік пен күш-қуат деңгейі бойынша дәрежелеу. Билікті әлеуметтік жүйелерде мақсатқа жетудің заңды қабілеті деп, ал күш-қуатты оның заңсыз ұқсастығы деп анықтауға болады. Кез келген қоғамда кейбір рөлдер басқа рөлдерге қарағанда үлкен билік пен күш-қуатты қамтиды, нәтижесінде олардың құрылымдары осы өлшем бойынша стратификацияланады.
3. Кіріс немесе байлық. Қоғамдағы әр түрлі кәсіптік рөлдердің пайда табу мен байлық жинауға қабілеттері әр түрлі болады, отбасылық байланыстарға орай мұраға ие болу жолымен байлыққа ие болу мүмкіншіліктері де дәл осындай әр түрлі. Бұрын да, қазір де ақша бірқатар икемділік процестерінде үлкен орын алады. Бұл ретте М. Вебердің ізін ала Б. Барбер беделдің, биліктің және табыстың арасында сәйкессіздік болуы мүмкін екендігін айтады. Кейбір рөлдер (мысалы, Рим Папасы) жоғары бедел мен билікке ие, ал табысы төмен, немесе, керісінше, әлеуметтік беделі онша жоғары емес. Бұл орайда табыс әрқашан да одан әрі дамудың және ақшамен жоғары бағаланатын рөлдерге қол жеткізу (мысалы, білімді, атақты сатып алу, неғұрлым жоғары саналатын әлеуметтік топтың өкіліне үйлену жҽне т. б. ) құралы болған. 4. Білім беру немесе білім алу. Адамдардың қоғамда оқу-білімге және білім алуға әрқашан қолдары бірдей жете бермейді, мұның олардың өздеріне туғаннан берілген әр түрлі рөлдерін атқаруы үшін ғана емес, бір рөлден екінші рөлге өту мүмкіншілігі үшін де маңызы зор.
5. Діни немесе салттық тазалық. Қандай да бір қоғамдағы үстемдік ететін функционалдық маңызды діни идеялар санатына адамдар азды-көпті дәрежеде жоғары бағаланатын діни немесе салттық тазалыққа ие болуы мүмкін. 6. Туыстық және этникалық топтар бойынша дҽрежелеу. Туыстық жҽне этникалық топтар барлық қоғам үшін және өздері өмір сүретін жергілікті қауымдастықтардағы өздерінің функцияларын қалай орындайтындықтары тұрғысында әр түрлі, атап айтқанда олардың кҽсіптік беделінен, билік пен күш-қуаты дәрежесінен, табысы мен байлығы деңгейінен бҿлек туыстық және этникалық топтар ретінде бағаланады. Б. Барбер икемділікке қатысты қоғамда үстемдік ететін институцияланған нормалар жоғарыда тізбеленген алты мағынада стратификациялық құрылымның өздігінен тәуелсіз өлшемі бола алмайтындықтан, осы қоғамда жасалып жатқан икемділіктің көлемі мен дҽрежесіне маңызды тәуелсіз ықпал ете алмады деп есептейді.
Б. Барбер теориясы әлеуметтік стратификацияны геометриялық фигуралар терминімен сипаттайды, бұл әлеуметтік икемділіктің өтіп жатқан процестерін көзге елестетуге және әлеуметтік стратификацияның қазіргі заманғы батыстық жүйесін түсінікті баяндауға мүмкіндік береді. Иерархия факторын қарастырғанда стратификациялық дәрежелерді бөлген кезде пайда болатын негізгі екі фигура, Б. Барбердің ойынша, пирамида мен ромб болып табылады. Бұл екі фигура әрқашан төбесіне жақын дәрежелерді иеленетін азшылықтың ―элита немесе ―элиталар жиынтығы болатынын көрсетеді, бұл төбені Б. Барбер осылай атайды. Пирамидалық фигурада, бұдан басқа, салыстырмалы түрде аздаған адамдар орта дәрежені иеленеді, ал бұқара халық төменгі дәрежеде болады. Мұның керісінше ромб тәріздес фигура адамдардың төменгі дәрежеге қарағанда орта дәрежеде бірдей мөлшерде көп шоғырлануымен сипатталады, әйтсе де фигураның төменгі бөлігін өткірлей түсу үшін едәуір адамдар қалып қояды.
Назарларыңызға рахмет!!!
Орындағандар: Әлдибек Асхат Асылбеков Исламбек
Асхат Ислам Социология.pptx