
Генри Форд.pptx
- Количество слайдов: 21
ӘЛЕМ ЖАНАШЫРЫ Ынта болса, адамның қолынан келмейтіні жоқ. . . Генри Форд
Биография Генри Форд (ағылш. Henry Ford; 30 шілде 1863 жыл — 7 сәуір 1947 жыл) –ең алғаш қоғамға жаңа дербес жаңалық ашушы бірегей тұлға. Ол отбасында алты ағайынды болды. Отбасы өмірі өте қарапайым болатын. Оны көбіне құрылғылар мен механизмдер көп қызықтыратын. Ұл бала үнемі бірдеңені бұрап, құрастырып, үйде кездесетін, қарапайым аспаптар құрылғысын зерттейтін, ағалары мен апаларының механикалық ойыншықтарын бұзып отыратын.
1879 жылы Форд 16 жасқа толғанда, ешкімге бір сөз айтпастан тағдырын сынау үшін Детройтқа жол тартты. Алдымен ол ағайынды Флауэрлердің кеме салу зауытына көмекші шебер болып орналасты, ал түнде сағат жөндеушінің көмекшісі болып, қосымша ақша табатын. Ақша тамаққа әзер жетуші еді, әйтсе де Генри мұнда бағасыз сабақ алды. Бірде зауыт инженері жас жігіттің аса ауыр арбаны әзер тартып келе жатқанын көріп: «аяқтарыңның саусақтарына тіреліп тырмыс, сонда бәрі де жақсы болады» деп айқайлады. Форд үлкен жолдасының оған кездейсоқ аяқ астында айтқан сөзін өмір бойы есінде сақтап қалды. Соңынан, ол Американың ірі авто өнеркәсіпшісі болғанда, ол бұл сөзді өзінің инженерлік зертханасының қабырғасына ойып жазады. Яғни, өскін келе өмірін қыл қаламмен сызбақ болды.
Ол әкесінің фермасын тастап кетеді. «Вестингауз» фирмасының локомобильдерінде механик болып жұмыс істеп, велосипед дөңгелектеріндегі алғашқы арбаны құрастырып, жас жігіт тыныш ауыл өмірімен бірге оған 40 акр жер ұсынған әкесінің кеңесіне мойынсынып, фермаға қайта оралады.
Бәрiнен де Форд автокөлiктерге қызықты. Ол бәріне қолжетімді автокөлік құрастыру идеясымен күнітүні ізденіп, жаңа көлік құрастыруға талпынды, бірақ, сол уақыттың автокөлiк өндiрiс технологиясы үлкен уақыт пен маңдай терді талап еттi. «Мен барлық адамдарға арналған көлік жасаймын, оны түсiнiктi сызбалар арқылы жақсы материалдардан білікті мамандар жасайды. Оның бағасын барлық адам сатып алатындай қолжетімді етемін» -деді Генри. Дегенмен, оның алғашқы үлгілері сәтсiз болды. 1893 жылы жасалған Фордмобиль атсыз арбаға ұқсады, ал бұл үлгі адамдардың қызығушылығын оята алмады. Бірақ, бұл сәтсіздік Фордты шыңдамаса, тауын қайтара алмады. Ол өзінің бiрiншi қозғалтқышын жинаумен бiрнеше аймен айналысты. Көбісі оның бұл талпынысын уақытты зая кетіру деп санады. Детройт тұрғындары оны «Беглистрит көшесіндегі есалаң» деп атады, бiрақ, Форд өзінің дөңгелекке байланған арманын жүзеге асыру жолындағы күресін тоқтатпады. 1893 жылы Генри Форд жоғарыда айтылған квадроциклді жасап шығарды, бірақ, ол да сұранысқа ие болмады.
Ол басынан көптеген тағдыр тауқыметін өткерген адам. Оның пікірінше, адамның істегенін, адам істей алады, ешкімнен кем емес, яғни, жаңалық ашу әрбір пенденің қолынан келеді делінген. Өзінің бұраң жолдарға толы өмірінде небір қиыншылыққа қарамай, алдына мақсат қоя отырып, мұңға, қайғыға мойымады. Әр бір жасаған, шығарған құнды затына шүкіршілік етіп, қуанып отырған.
XX ғасырдың басында пайда болған автобәйге жүздеген темір тұлпар иелерінің бәсекелестігін тудырды. Бұл спорттың түрi үлкен қызығушылыққа ие боп, бәйгеге қатысуға ниет білдіргендер саны күн санап өсе берді. 1902 жылы Генри жекпе-жекке Америка чемпионы Александр Уинтонды шақырып, қаптаған қалың көрерменнің көз алдында жеңіске жетеді. Ал 1903 жылы жалданған жүргiзушi – Ольдфильд бәйгеге Фордтың « 999» жарыс үлгiсiмен қатысып, ол да озып шығады. Бұл жеңiс Фордқа атақ әкелдi. 1903 жылы 16 маусымда он екі инвестор Ford Motor Company компаниясын құрып, $28 000 салады. Бұл фирманың бастығы болып Генри Форд тағайындалады.
Жақсы машина - жаңа машина! Генри Форд
Экономика, компания жағына келер болсақ, оның серіктестері Бразилиядағы каучук плантациясын, әуежай, баспахана, киностудияларды өз меншіктеріне алды. Өзiнің өндiрiсін қажеттi шикiзатпен қамтамасыз ете алғандықтан, Форд жасаған империя сыртқы саудаға тәуелді болмады Бүгiнгi доллар курсына қайта есептегенде Генри Фордтың байлығы Forbes журналы айтуынша $188 миллиардпен бағаланады, бұл Билл Гейтстiң байлығына қарағанда, төрт есе көп. Тілшілер Генри Фордқа мынадай сұрақ қойған екен: «Сіз сияқты шылқыған бай адамның ендігі тілегі қандай? » Сонда Форд: «Мен ақшаға сатып алатын заттарға құмартпаймын, жай ғана өзім өмір сүріп жатқан әлемді жақсартқым келедi» , - деп жауап береді.
Генри Фордтың 1914 жылы қабылдаған шешiмі оның бірден-бір дұрыс қадамы десек қателеспейміз. Ол күніне жұмысшыларына $5 (бүгiнгi курсқа шаққанда шамамен $112) төлейтінін хабарлады. Тiптi бүгiнгi күн үшiн де бұл біршама үлкен ақша сомасы. Бұдан басқа шылым тартпайтын, iшiмдiк iшпейтiн жұмысшыларға қосымша үстеме төлейтін болған. Форд жұмыс күнiн 8 сағатқа, жұмыс аптасын 6 күнге қысқартты. Мұндай еңбек жағдайы XX ғасырдағы Америка үшiн таңғажайыптың нақ өзі болды. Елдің түкпірінен келген халық Ford Motor Company-ға жұмысқа тұру үшiн кезекке тұрды.
Адамдарды жұмыс iстеуге екі түрлі жолмен қызықтыруға болады: еңбекақы мен одан айырылып қалу қорқынышын туғызу Генри Форд
Оның өз қолымен жазған көптеген туындылары бар:
Основатель Ford Motor Company и изобретатель конвейера Генри Форд (Henry Ford) был на самом деле абсолютно нетрадиционным бизнес-лидером. Именно он придумал выпускать доступные широким массам автомобили (чем очень удивил инвесторов). Работникам завода мистер Форд платил гораздо больше, чем было принято в те времена, и называл свое изобретение поощрительной системой заработной платы. Так он планировал привлекать и удерживать умелых рабочих. Жизнь сотрудников всегда волновала Форда, он был сторонником капитализма и всеобщего благосостояния.
БАҚ: Форд компаниясының әлемдік сауда қорытындылары инвестрларын аландатып отыр. Биыл сәуір мен маусым аралығында түскен түсімді есептегенде, былтырғы жылға қарағанда 1, 5 есеге кеміген. Яғни, бұл мәселе Еуропа елінен түскен дағдарыстың салдарынан деп есептеген. Осыған байланысты компания табысы азайып кеткен. Еуропа елдеріне 350 000 машина өткізілген. Ал бұл көрсеткіш бірінші тоқсанға қарағанда 63 000 есеге кем.
Сонымен қатар, оның шығындары бірде молая түссе, ал бірде азая түсті. Ал оның есімі экономика саласында орны зор. Шығарған өнімдері әлемге тараған деп есептеуге болады.
Генри Форд осылайша дөңгелекке байланған арманын жүзеге асырды. Жыл сайын ол барлық күшін көліктің барынша арзан болуына жұмсады. Өз серiктестерiнiң үлгiнiң сыртқы пiшiнi және техникалық параметрлерін жақсарту жайлы барлық ұсыныстарын қабылдамай, орынды айтылған пікірлерін жоққа шығарды. Ол автокөлiкті сән үшін емес, жылжу құралы ретінде пайдаланды. Фордтың толық күйреуіне бір қадам қалған болатын.
Сiз келген "Фордты" сатып аласыз, бірақ, оның түсі қара болады. Генри Форд
Орындағандар: Төлеген Эльмира Турсунова Индира Әліпбай Аяулым
Назарларыңызға рахмет!!!
Генри Форд.pptx