СЛАИД (Казакстан когамдагы орта тап).pptx
- Количество слайдов: 18
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 2 – КУРС ГИМУ БІЛІМГЕРІ ЖАЙДАРБЕКОВА АНЕЛЬ
Тақырыбы: Қазіргі Қазақстандық қоғамдағы орта тап.
Жоспар: Қазақстан Руспубликасы қоғамындағы орта тап. 2. 1 Орта тап көрсеткіші ресми есеп бойынша. 2. 2 Н. Ә. Назарбаевтің бағалауындағы орта тап қандай? 2. 3 Орта тап өкілдері кімдер? 2. 4 Жаңғырту үдерістерінде тәуекел бар ма? 2. 5 Әлеуметтік жаңғырту: мақсаты, міндеттері, қағидаттары.
Елбасымыз баршамызд ы ел игілігі жолындағы еңбекке шақырады Әлемнің әміршісі еңбек. Тек еңб екпен ғана же міс өнбек, тек еңбек қ ана бар қиынды қты жеңбек. Қазақстан 20 жылдық шепті еңсерді. Еліміз үшін еңбек етейік, ардақты ағайын!
Қазақстандағы орта таптың пайыздық көрсеткіші ресми және ресми емес жіктеуге байланысты құбылып отырады. Президент Назарбаев Қазақстанда мықты орта тап қалыптастырдық дейді. Ал тәуелсіз социолог қоғамда төменгі топ - кедейлердің үлесі 80 пайызға жуықтайды дегенді алға тартады. Азаттық радиосының орта тап деңгейіне коррупция факторын қоса есептеп жүргізген зерттеуінің нәтижесі тіпті басқаша болып шықты.
Н. Ә. НАЗАРБАЕВТЫ БАҒАЛАУЫНДАҒЫ ОРТА ТАП ҚАНДАЙ? «Демократиялық құндылықтарды, заң билігін, транспаренттілікті, толеранттылықты және сауда еркіндігін ұстанудың арқасында біз тұрақты мемлекет құрып, мықты әрі білімді орта тап қалыптастырдық» деп жазды президент Назарбаев. Тимур Айсауытов, «Damu» маркетингтік және социологиялық зерттеулер агенттігінің директоры. Алматы, 1 қазан 2009 жыл. Қазақстандық социологтар елдегі орта таптың үлесін 65 пайыздан бастап 20 пайызға дейінгі аралықта қарастырады. Мамандар осы аралықтағы меженің бірін орта тап көрсеткіші деп анықтау үшін өзінің әртүрлі критерийлерін ұсынып келеді. Олардың қайсысы қоғамның объективті көрінісі екендігін дөп басып айту оңай емес. Бірақ осы есептеулердің өзінің бір заңдылығы бар екен. «Damu» маркетингтік және социологиялық зерттеулер агенттігінің директоры Тимур Айсауытовтың пікірінше, «Қазақстанда орта тапты бағалаудың критерийлерін анықтау ісінде қос стандарт қалыптасқан: біріншісі – ресми биліктің мүддесін көздейді; екіншісі – оған балама болатын нұсқа. Яғни, біздің орта тапқа қатысты зерттеуіміз де осы екі стандарттардың ара қатынасына құралады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылы «Файнэншл Таймс» газетіне берген бір сұхбатында орта тапқа ерекше ден қойғандығын былайша сипаттапты: «Біз қазір жоғарыда 10 -15 % байлар, төменде, мүмкін, 10 -15% кедейлер, мына жерінде (ортасы) орта тап (60 -70%) болатын қоғам құрғымыз келеді» .
Қазақстанда ресми стандарт бойынша орта тап мынадай критериймен анықталады: тамақ, киім-кешек, жеке меншік үй немесе пәтер, көлік, сондай-ақ білім дәрежесі, медициналық қызмет. Яғни, ресми стандартқа сай келетін орта таптың осы қажеттіліктерді кез-келген уақытта шешуге мүмкіндігі бар болуы керек.
Социологтың айтуынша, мұндай айлық табыстың негізінде құралған орта тап тұрғындардың басқа да көптеген қажеттіліктерін шеше алмайды. Өйткені, оның тапқан табысының ауқымды бөлігі тамақ пен тұрмысқа қажетті ұзақ мерзімдік тауарларға жұмсалады – шамамен 75% (2 диаграмманы қараңыз).
Батыстың дамыған елдері қолданатын бірқатар критерийлерге негізделген ресми емес стандарттар бойынша Қазақстанның орта табының үлесі, ресми стандартқа қарағанда, бірнеше есе қысқарады. Есесіне, төменгі таптың үлесі 80% сәл жетпей тоқтайды екен (3 диаграмманы қараңыз).
Қостанай, Павлодар, Семей тұрғындарының 70 -80% осылай деп атап көрсеткен екен. Сонымен қатар, тұрғындар медициналық қызмет, білім, экологиялық жағдай, адам құқығының сақталуы деген мәселелерге аса бас ауыртпайтындығын байқатқан.
“Қазақстанда орта тап әлі ұзақ уақыт бойы қалыптасу кезеңінде болады”. “. . . Қалыптасқан тарихи жағдайға орай Батыс елдерінде орта тап мемлекеттік басқарумен байланысты мәселелерде өз отандастарының мүддесін қорғайтын елеулі күшке айналды.
Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар: а) касталар; ә) сословиелер; б) таптар. Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе ашық және жабық жүйелерге бөлінеді. Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп алады да, ал, мұндай мүмкіндік балмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады. Жабық жүйеге Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға болады.
«Каста» - латын тілінде castus (таза) деген мағынаны береді. Бұл жүйе 1900 -шы жылға дейін сақталып келген. Үнді қоғамында қалытасқан дәстур бойынша қоғам мүшелері касталарға жіктелген және соған байланысты әлеуметтік статус атааналарынан балаларына беріліп, ол өмірлік статусқа айналып отырған. Бұл қоғамда касталардың 4 тобы болған: а) брахмандар (діни иелері, абыздар), олар халықтың 3%-ын құрайтын; ә) кшатрийлер (әскери адамдар); б) вайшьтер (саудагерлер), бұл екі топ халықтың 7% -ын құрайтын; в) шудралар (шаруалар мен қолөнершілер) – 70%-ға жуық; г) хариджандар – қоғамдағы ең төменгі, ауыр жұмыстарды (ауланы сыпыру, қоқыстарды жинау, тері илеу, шошқа бағу) атқаратын адамдар.
Мәртебе – адамның жоғары статусына қоғам тарапынан көрсетілетін сый немесе құрмет. Соңғы кезде әлеуметтанушылар жоғарыда айтылған өлшемдерді ескере отырып, қоғамды 3, 4, 6 және одан да көп жіктерге бөліп қарайтын стратификациялық модельдерді ұсынуда. Біз соның 4 жіктен тұратын моделіне тоқталсақ, олар мыналар: жоғары тап; орта тап; жұмысшы табы; төменгі тап.
Бұл жерде айта кететін бір жағдай – орта тапатың да өз ішінде жіктелетіндігі. Олар: а) жоғары орта тап; ә) орта таптың орташасы; в) төменгі орта тап;
Қолданылған әдебиеттер: 1. Платон. Собр. соч. 6 4 томах. Т. 3. 2. Аристотель. Собр. соч. в 4 томах. Т. 4. 3. Гумбольдт В. Язык и философия культуры. — М 1985. 4. Фихте О. соч. в 2 -х. томах т. 2 -СПб/ 1993 г. 5. Хеффе О. Политика. Право. Справедливость/ Основоположения критической философии права и государства. Москва/1994. 6. Социальные ориентиры обновления: общество и человек / Под ред. Т. И. Заславской. – М. : Политиздат, 1990.
Зер салып, назар аударып тыңдағандарыңызға рахмет!!!
СЛАИД (Казакстан когамдагы орта тап).pptx