онтогенез слайд ррл.pptx
- Количество слайдов: 12
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Тақырыбы: Адамның жеке дамуы – онтогенез Тексерген: Ахметова. Г Орындаған: Сайранбекова. Н Жиенәлі Аружан, Нурсолтанова Акгуль, Ошқбай Үміт, Медетова Алуа Факультет: Биология және Биотехнология Мамандық: Биотехнология Группа: 17 - 10(1 курс)
Жоспары: 1. Кіріспе • Онтогенез туралы қысқаша түсінік 2. Негізгі бөлім • Онтогенездің ашылу тарихы • Ұрықтың даму сатылары • Онтогенездің бөлінуі 3. Қорытынды 4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
• Онтогенез (грек. on – табыс септігінің жалғауы, ontos – нағыз, нақты және генез) – организмнің жеке дара дамуы. Жыныстық жолмен түзілетін ағзалар үшін ұрықтану онтогенездің басталуы болып табылады. Яғни онтогенездің алғашқы сатысы ұрықтанған жұмыртқа жасуша — зигота. Біржасушалы өсімдіктердің де, сондай-ақ жануарлардың да митоз жолымен бөліну нәтижесінде туындаған жаңа жасушаның пайда болуын онтогенез деп есептеуге болады. Онтогенез үдерісі ағзаның өлуімен аяқталады. Онтогенез – ағзаның туғаннан бастап өлгенге дейінгі даму кезеңі. Онтогенез дербес ұғым болып саналады.
• терминін неміс биологы Э. Геккель үсынған (1866). Онтогенез барысында дамып келе жатқан организмнің жеке мүшелері өсіп, жіктеледі және бірігеді. Осы күнгі көзқарастар бойынша онтогенезге бастау болатын жасушаның ішінде организмнің одан әрі дамуын анықтайтын белгілі бір тұқым қуалаушылық бағдарламасы – код түріндегі мағлұмат сақталады. Бұл бағдарлама бойынша онтогенез барысында ұрықтың әрбір жасушасындағы ядро мен цитоплазманың әсерлесуі; сондай-ақ, ұрықтың әр түрлі жасушалары мен жасуша кешендерінің өзара әрекеттесулері жүзеге асады. Тұқым қуалау аппараты өзіндік белок молекулаларының синтезделуін кодтау (белгілеу) арқылы морфогенетикалық процестердің жалпы бағытын ғана анықтайды, ал олардың нақтылы жүзеге асырылуы белгілі дәрежеде (тұқым қуалаушылық нормасы шеңберінде) сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді болады.
Бластула Тура даму Гаструла Түрленіп даму Нейрула
Бүкіл онтогенез үдерісін 2 үлкен кезеңге бөлуге болады: 1. Эмбриондық – ұрықтың дамуы (немесе көптеген омыртқасыздар, балықтар және қосмекенділердің дернәсілдерінің сатылары) 2. Постэмбриондық – туу соңынан дамуы, яғни дернәсілдердің немесе ұрықтық сатылардан соң даму.
онтогенез слайд ррл.pptx