
АЙДАНА ЛЯЗЗАТ.pptx
- Количество слайдов: 18
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ФОТОСИНТЕЗ ӨСІМДІКТЕР ӨНІМДІЛІГІНІҢ НЕГІЗІ ТЕКСЕРГЕН: АТАБАЕВА С. ОРЫНДАҒАН: МАҚСҰТОВА А. КАРИМОВА Л.
ЖОСПАР: • Кіріспе • Негізгі бөлім: • 1. Зерттеу жұмыстарының негізгі міндеттері; • 2. Жұмыста қолданылғын материалдар мен зерттеу әдістері; • 3. Зерттеу нәтижелерін талқылау жұмыстары; • 4. Қорытынды: • 5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
АННОТАЦИЯ • Мақалада Солтүстік Қазақстанның құрғақ жазықты аймақ жағдайларында егу мерзіміне, тұқымдарды егу нормаларына және минералды тыңайтқыштар аясына байланысты өсімдіктердің фотосинтетикалық қызметі мен мақсыр тұқымдарының өнімділігі жайлы мәліметтер келтірілген.
ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ • Зерттеу жұмыстары алғаш рет Солтүстік Қазақстанның қызғылт топырақтарында жүргізілді. • Зерттеу жүргізілген жылдар ішінде фотосинтетикалық қызмет пен өнімділіктің жоғары көрсеткіштерін 1 гектар тұқым шығымына егу нормасы 0, 25 млн. себінді болатындай 10 мамыр күнгі егінді қамтамасыз етті, сонымен қатар, өсімдіктердің жапырақтық аппаратының қарқынды қызметі мен мақсыр тұқымдары өнімділігінің қалыптасуына егу барысында минералды тыңайтқыштарды енгізудің оң әсері анықталды.
КІРІСПЕ • Республиканың солтүстік облыстарындағы перспективті майлы дақылдардың бірі мақсыр болып табылады. Мақсырды оңтүстікте (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары), оңтүстік-батыста (Алматы облысы) өсіреді, алғаш рет шығыста, батыста, солтүстікте дақылдай бастаған. Мақсыр құрғақ жазықты аудандарда майлы дақыл ретінде күнбағысты алмастыра алады, онымен қоса, ол елдің негізгі дақылы болып табылатын бидай дәнінен қымбаттырақ. Егер бұрынғы кезде мақсырды көбінесе Қазақстанның оңтүстік аймақтарында өсірсе, ал қазір құрғаққа төзімділік және кірпияздық секілді қасиеттерінің арқасында бұл өсімдікті солтүстік және батыс аймақтарда да өсіру қолға алынды.
• Мақсыр егінділерін арттырудың перспективті бағыты дақылдың биологиялық мүмкіндігін кешенді пайдалану болып табылады. Мақсырдың артықшылықтары мен атақты болуының себебі – ол климаттың бірден континенталды жағдайларына бейім және ылғалдылықты қажет етуіне байланысты құрғаққа жоғары төзімді өсімдіктерге жатады. Сондықтан мақсырды майтұқымға өңдеу жұмыстарын Солтүстік Қазақстан аймағында жүргізу аса өзекті. Осыған байланысты Ақмола облысы Астрахан ауданында орналасқан «Фермер 2002» ЖШС тәжірибелік аймағында мақсырды майтұқымға өңдеу технологиясын құрастыру бойынша алғашқы кешенді зерттеулер жасалған болатын. Бізбен жасалған зерттеулер мақсаттарының бірі – Солтүстік Қазақстанның құрғақ жазықты аймақ жағдайларында мақсыр өсімдігінің фотосинтетикалық қызметін зерттеу болып табылды.
ЗЕРТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ • Бұл зерттеулердің негізгі міндеттеріне жапырақтардың ауданы мен құрғақ масса өнімділігін анықтау, мақсыр өсімдігінің фотосинтетикалық мүмкіндігі мен фотосинтездің таза өнімін есептеу, сонымен қатар, егу мерзімі мен себінді нормасының мақсыр өнімділігіне әсерін зерттеу кірді. Өсімдіктердің қоректену мәселесі ең өзекті болғандықтан, оны шешу жолдарының бірі ретінде ауылшаруашылықты дақылдар көмегімен күн энергиясын мақсималды және қарқынды пайдалану болып табылады.
МАТЕРИАЛ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ: • Зерттеу объектісі ретінде мақсырдың сорты-Ақмай болды. Біздің зерттеулер бойынша, мақсырдың жапырақ усті көлемі Қазақ Ұлттық университетінің ғалымы (Нургасенов Т. Н. ) ұсынылған формуласы бойынша жасалды. • S=A*B*K • S-жапырақ үсті көлемі, мм 2; • А-жапырақ ұзындығы, мм; • В-жапырақтың ең үлкен ені, мм; • К-түзету коэффициент.
• Жапырақтың үстіңгі бөлігінің фотосинтетикалық потенциалы А. А. Ничипоровичтің методикасымен орындалады. ФП=Л*Т • Л-жапырақ үсті, • Т-периодтың ұзақтығы.
• Фотосинтездің өнiмдiлiгi бір тәулікте 1 м 2 аумақты жапырақ бетінде қанша таза кұрғақ зат жиналатынын сипаттайды. Фотосинтездің таза өнiмдiлiгi Киддом, Вестом және Брингсоммен ұсынылған формуласымен саналады. - фотосинтез таза өнiмдiлiгi - келесі анықтаудағы өнiм/егiс массасы - алдынғы анықтаудағы егiс массасы - сол мерзімдегі жапырақтар аумағы - тәулiктер, кезеңнiң жалғасуы
ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ • Жасалған зерттеулер нәтижесінде Солтүстік Қазақстанның құрғақ жазықты аймақ жағдайларында мақсырдың жапырақтық беткейінің қалыптасуына өсімдіктің өсу және даму кезеңінде қалыптасқан ауарайының жағдайы үлкен әсерін тигізеді. • Тәжірибе жүргізу аймағындағы негізгі шектеуші факторлардың бірі ылғал болып табылады. Вегетация кезеңінде (мамыр айынан тамыз айына дейін) 2012 жылы 157 мм жаңбыр түсті (18, 0; 30, 0; 81, 0; 28, 0), бұл көрсеткіш орташа көпжылдық жауын-шашын мөлшерінен аз.
Вегетационды кезең бойы жауын-шашынның реттелуі біртекті болмады. Олардың негізгі мөлшері шілденің аяғы мен тамыз айының басына тура келді. Ылғалдылыққа қажеттілік арту кезеңінде (бутонизация-гүлдеу) –шілде айының алғашқы онкүндігінде – жауыншашын мүлдем болмады. Ылғалмен қамтамасыз ету бойынша мүлдем қарама-қарсы кезең 2013 жыл болды.
• Масқыр өсуінің алғашқы кезеңінде температураның жалпы сомасы жеткілікті болатын. Ауа температурасының келуін талдауға сәйкес, біз, масқыр өсімдігінің вегетативті және генеративті өсу кезеңіндегі температуралық тәртіп қолайсыз болды, нақтырақ жылу жеткіліксіз болды, нәтижесінде масқырдың жапырақтық аппараты қызметі мен өнім қалыптасуына зиян келді деген қорытындыға келдік. Өсімдіктің белсенді мүшелерінің бірі жапырақ болып табылады. Өсімдікте жасыл жапырақтық беткей ауданы үлкен болған сайын, өсімдіктің органикалық заттарының жинақталуы қарқынды жүреді және соңғы өнім сапасы жоғарылайды.
• Біздің тәжірибелерде жапырақтық беткейдің ауданы орташа есеппен зерттеу жылдары ішінде – 9, 37 - 17, 04 мың м 2/га деңгейіне жетті. Бұл көрсеткіш 1 гектарға 0, 25 млн. дейін қалыпты егінділерді көбейту барысында егу мерзіміне тәуелсіз жоғарылайды, ал әрі қарай 1 гектарға 0, 3 млн. дейін қалыпты егіндіге көбейткен кезде төмендейді. Минералды тыңайтқыштарды жапырақ ауданына енгізгеннен кейін тыңайтқыш енгізбеген нұсқамен салыстырғанда 0, 17 -1, 13 мың м 2/га жоғары болған.
• Жапырақтық аппараттың мөлшері мен оның жұмыс жасау ұзақтығын айқындайтын егінділердің фотосинтетикалық көрсеткіштерінің бірі құрғақ биомасса өнімділігімен тығыз корреляцияда орналасқан фотосинтетикалық потенцияал (ФП) болып табылады. Біздің тәжірибелерде фотосинтетикалық потенциалдың орташа көрсеткіші 239, 5 – 468, 7 мың м 2 тәул. /га деңгейінде болды. ФП=Л*Т
• Мақсырдың өнімділігіне көп жылдар бойы жасалған зерттеулер факторларының ішінен ауа райы жағдайы, тұқымдарды егу нормасы, себу мерзімі әсер етеді. Мақсыр өнімділігінің себу сипатының нормасына тәуелділігіне байланысты жалпы бейне белгілі бір шекке дейін біртіндеп жоғарылағандығы анықталды. Осылайша, егудің барлық мерзімдерінде мақсыр өнімділігінің зерттеудәі барлық жылдарында өсуге бейім, бұл ретте егінді нормасы 0, 15 -дан 0, 25 млн тұқым/га құрайды. • Алайда егінді нормасын әрі қарай жоғарылату барысында өнім беру деңгейі төмендеген. • 2012 -2013 жылдары тұқымдардың орташа өнімділігі 10 мамыр егу мерзімі және 1 гектарға 0, 25 млн. қалыпты егінді бар нұсқаларда жоғары болған. Берілген нұсқада минералды тыңайтқыштарды енгізу барысында өнімділік • 0, 25 ц/га жоғарылайды. Минералды тыңайтқыштар енгізу аясында өнімділік 0, 03 -0, 8 ц/га жоғарылады. Тыңайтылмаған нұсқаларда бақылау нұсқасымен салыстырғанда мақсырдың өнімділігі 0, 12 -2, 75 ц/га дейін жоғарылайды, ал тыңайтқышты енгізген кезде 0, 26 -2, 87 ц/га ұлғаяды. Алайда кешеуіл егінді кезінде 1 гектарға 0, 25 млн. қалыпты егінді бар нұсқадан басқа барлық егінді нормаларында өнімділік төмендейді.
ҚОРЫТЫНДЫ • Мақалада Солтүстік Қазақстанның құрғақ дала аймағында әр түрлі себу мерзімдеріне, себу мөлшерлеріне және минералды тыңайтқыш еңгізу аясына байланысты мақсырдың фотосинтетикалық қызметі мен тұқым өнімділігі туралы зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеу жұмыстары Солтүстік Қазақстанның қара-қоңыр топырағы жағдайында алғашқы рет жүргізілді. Зерттеу жылдарында орташа есеппен фотосинтетикалық қызметтің және тұқым өнімділігінің жоғары көрсеткіштерін гектарына 0, 25 млн. өңгіш тұқым себу мөлшерінде 10 мамырда себілген нұсқалар қалыптастырған, ал себумен бірге танапқа минералды тыңайтқыш еңгізу мақсарының жапырақ бетінің жұмысы тиімділігіне оң әсер еткен.
• 1. Каскарбаев Ж. А. Масличные культуры и нулевая технология • возделывания в северном Казахстане//Диверсификация культур и нулевые • технологии в засушливых регионах. Материалы международной • конференции. -Астана-Шортанды, 2013 г. С. 109 -113. • 2. Сафлор: выгодно, нетрудно, разумно// «Агро. Инфо» , • рекламно-информационная аграрная газета. 24. 07. 2012 • http: //kostanay. asia/biz/news/agroinfo? node=13081. • 3. Аринов К. К. , Мусынов К. М. и др. Растениеводство. Учебник. • Ассоциация ВУЗов МОН РК. Алматы. 2011. • 4. Каюмов М. К. Справочник по программированию урожаев. – М: • Россельхозиздат, 1977. • 5. Предварительный патент № 18357 на изобретение: способ • определения площади листьев сафлора в полевых условиях / Нургасенов • Т. Н. и др. Заяв. : 19. 09. 2005. • 6. Можаев Н. И. , Аринов К. К. и др. Практикум по растениеводсту. – • Астана, 2004. • 7. Ничипорович А. А. , Строганов Л. Е. , Чмора С. Н. Фотосинтетическая • деятельность растений в посевах. –М. : Издательство АН СССР , 1961. –
АЙДАНА ЛЯЗЗАТ.pptx