алтынгул 'экон каз.pptx
- Количество слайдов: 14
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ , ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ Орындаған: Нагимова А. А Оспанкулова Ж Нұрсұлтан А Баймұханбетова Алибеков Ж (экономика 2 курс) Тексерген: Садуллаева А
Кіріспе Негізгі бөлім • Солтүстік-Батыс Қазақстан экономикалық ауданының төлқұжаты • Аумақтың территориясы • Негізгі өнеркәсіп салалары: тау-кен, химия, қара металлургия, мұнай шығару. • Ауыл шаруашылығы • Көлік жүйесі • Солтүстік-Батыс Қазақстанның Қорытынды шаруашылық жағдайын жақсартудағы ұсыныстар.
Солтүстік – Батыс қазақстан экономикалық ауданының төлқұжаты 1 2 3 • Солтүстік- Батыс экономикалық ауданы Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары жерлерінде қалыстасып дамуда. • Жерінің көлемі 452 мың шаршы км. • Халқының саны 1 420 мың адам. Оның 49% қала тұрғындары, 51 % ауыл тұрғындары. • Халықтың орташа тығыздығы 1 шаршы км-ге 3 адамнан.
СОЛТҮСТІК-БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНЫНЫҢ ТЕРРИТОРИЯСЫ
НЕГІЗГІ ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫ Мұнай мен газ Машина жасау өнеркәсібі Химия өнеркәсібі: Минералды тыңайтқыштар, күкірт және бор, фосфорит Тау-кен өндірісі: хром, никель, мрамор, асбест, ферроқорытпа
ДАМЫҒАН ӨНДІРІС САЛАЛАРЫ Ақтөбе облысындағы хром кені базасында қара және түсті металлургия салалары дамыған. Кен орнында Хром қосылыстары және ферроқорытпа зауыттары жұмыс істейді. Хром кенінің және хром қосылыстарының негізгі бөлігі жақын және алыс шетелдерге экспортқа шығарылады. Облыс аумағында никель де өндіріледі. Химия өнеркәсібі негізінен Ақтөбе облысында шоғырланған. Ақтөбе лакбояу зауыты және күкірт-бор қышқылы мен минералды тыңайтқыш шығаратын Алға химкомбинаты бар. Машина жасау өнеркәсібі көбінесе қосымша сала ретінде дамыған. Орал және Ақтөбе қалаларындағы зауыттарда жетекші өнеркәсіп салаларына арналған машина және құралжабдықтар шығарады. Орал қаласында Зенит кеме жасау зауыты, Ақтөбеде рентген құрал-жабдықтарын шығаратын зауыт жұмыс істейді.
2 ІРІ ӨНЕРКӘСІП ТОРАБЫ ОСЫ АУМАҚТА ОРНАЛАСҚАН Ақтөбе өнеркәсіп торабы • никель, хром өндірісіне маманданған, хромды өндіретін және байытатын кәсіпорны Хромтау қаласында орналаскан. • Сонымен бірге маманданған салаларына ферроқорытпа , минералды тыңайтқыштар, суперфосфат, мұнай құрал-жабдықтары мен рентген жабдықтары өндірісі жатады (Ақтөбе). Орал өнеркәсіп торабы • Өндірістік торабының құрамы: механикалық жөндеу, аспап жасау, құрылысмонтаж құралдарын дайындайтын зауыт, кеме жөндеу кәсіпорыны, металл бұйымдары зауыты, байпақ киіз фабрикасы, ет консервісі және ұн тарту - жарма комбинаты мен мия зауыты және тб. бар
АҚТӨБЕ ӨНЕРКӘСІП ТОРАБЫ Ақтөбе облысы теңдессіз минералды-шикізат базасын иеленіп жатыр. Оның территориясында көмірсутекті шикізатының, (мұнай, газ және газ конденсаты) Қазақстан территориясындағы барланған қорының 10 % және болжамды ресурстарының 30 %, сондай-ақ, республикадағы жалпы қордан отандық хромның барлық қоры, никель — 55 %, титан — 40 %, фосфор — 34 %, мырыш — 4, 7 %, мыс — 3, 6 % , алюминий— 2 %, көмірдің 1, 4 % жинақталған. Облыс әлемде хром рудасы қорының — 400 млн. тн. шамасымен бірінші орынды, Қазақстанда мыс рудасынан — 100 млн. тн. (құрамында таза мыс-1, 5 млн. тн. ) және өндірістік мұнай қоры — 900 млн. тоннасымен үшінші орынды, газ қоры бойынша Республика бойынша төртінші орынды иеленеді. Облыс Қазақстандағы ірі өнеркәсібі дамыған аймақтардың бірі болып саналады. Облыстағы экспортқа бағытталған ірі кәсіпорындары — «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» ААҚ, «Казхром» ТҰҚ ААҚ-ның құрамындағы Ақтөбе ферроқорытпа зауыты және Дөң тау-кен байыту комбинаты, «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» ААҚ, «№ 406 ГА авиажөндеу зауыты» , «Ақтөберентген» ААҚ-ның өнімдері таяу және алыс шетел рыноктарында кеңінен танымал. Облыс тау-металлургия, химия, мұнай өнеркәсібі және аспаптық жабдықтаудың қуатты базасы саналады. Қазақстанның барлық хром рудасы, хром тұздары өндірісі, рентгенаппаратура және республика бойынша өндірілетін ферроқорытпаның 45 % шығаруды топтастырды. Өнеркәсіп өндірісінде түрлі меншіктегі 686 шамасында кәсіпорын істейді, оның 545 -і Ақтөбе қаласында орналасқан. 2002 жылы олардың шығарған өнімдері 139, 3 млрд. теңгені құрады.
КӨЛІК ЖҮЙЕСІ Аймақтың көлік жүйесінін теміржол, әуе, тас жол және құбыр жолдары жақсы дамыған. Көлік жүйесінің бұл түрлерінің дамуы көршілес жаткан Ресей және Орта Азия республикаларымен қарымқатынас жасауға мүмкіншілік береді. Аймақтың аумағы арқылы жоғары деңгейде механикаландырылған және автоматтандырылған магистральды құбыр жолдары салынған. Олардың бірнешеуі мемлекетаралық маңызға ие: Ақтау- Атырау-Самара (Ресей), Орта Азия-Орталық, Бұқара-Орал (Ресей), Атырау-Ор (Ресей), Қарашығанақ-Орынбор (Ресей) және Жаңаөзен-Атырау-Самара (Ресей). Құрлық көліктері арасындағы маңыздысы - темір жол.
ТРАНСПОРТ ИНФРАСТРУКТУРАСЫ Географиялық жағынан қолайлы орналасқан Ақтөбе облысында транспорт байланысы желісі жақсы дамыған. Орал және Маңғыстау, Орта Азия және Еуропаға қарай маңызды бағыттағы теміржолдар 1000 -нан астам шақырымға созылып жатыр. Облыс территориясы арқылы Шымкент. Самара трансконтинентальді автокөлік магистралі өтеді. Ақтөбе халықаралық әуежайы Қазақстанның батыс өңірі бойынша әуе қозғалысын басқаруда қазіргі заманғы автоматтандырылған жүйемен жарақтандырылған.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ Еліміздің бұл аймағында ауыл шаруашылығынан мал шаруашылығы басым, әсіресе оның ірі қара, қой, түйе, жылқы шаруашылық салалары дамыған. Батыс Қазақстан облысында дәнді- дақыл, қой және ірі қара мал негізінде ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Өз аймағын жеңіл және тамақ өнеркәсібінің шикізаттарымен толық қамтамасыз етіп қана қоймай, республиканың басқа аймақтарына де жібереді. Солтүстік-Батыс экономикалық ауданы республикада өндірілетін астықтың 5%, еттің 12%, сүттің 8%, жұмыртқаның 6% береді. Және ірі қара малдың 15% астамы, қой мен ешкінің 15%, жылқының 13% шоғырланған.
Қорытындылай келе айтарымыз, Солтүстік – Батыс Қазақстан экономикалық ауданы қазіргі кезде еліміздің экономикасының дамуына өзінің айтарлықтай үлесін қосып отқан бірден-бір аумақ. Табиғи байлықтардың молдығы және оларды игеру негізінде өндіргіш күштерін дамытуға мол мүмкіндік береді. Біз бұл ауданның экономикасын әрі қарай дамыту үшін мынадай ұсыныстар айтқымыз келеді: 1. Ең маңыздысы бұл аумақты энергиямен және сумен қамтамасыз ету. 2. Газ қоры мол болғанымен газ өңдейтін зауыт жоқ, соған орай жаңадан газ өңдейтін зауыт салу қолға алынса. 3. Халық шаруашылық салалары кенжелеп қалған, соларды дамыту үшін инвестиция салынса. 4. Бұл аумақты білікті мамандармен және де транспорт жүйесімен қамтамасыз етсе. Осы аталған ұсыныстар орындалса нұр үстіне нұр болар еді деген қорытындыға келеміз!
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИТЕТТЕР: 1. Нұрғалиев “Қазақстан экономикасы” 2. google. kz 3. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының 2009 жылғы халыққа арнаған жолдауы 4. http: //www. akimataktobe. kz/
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
алтынгул 'экон каз.pptx