
экономика казакстана.pptx
- Количество слайдов: 22
әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Экономика және Бизнес жоғары мектебі СӨЖ тақырыбы: Түсті металлургия жалпы жағдайы мен болашағы Орындағандар: Нагимова А Оспанкулова Ж Баймуханбетова Н Нұрсұлтан Әділ Алибеков Ж Тексерген: Садуллаева А. Алматы 2012 ж
Жоспар: Кіріспе 1. Түсті металлургия және оның қысқаша даму тарихы Негізгі бөлім 1. Қазақстандағы түсті металлургияның жалпы жағдайы 2. Қазақстанның металлургиялық базалары 3. Түсті металдардың негізгі түрлері, оларға сипаттама 4. Түсті металлургия болашағы Қорытынды
Түсті металлургия кешені Тусті металлургия өнеркәсібі – темірден басқа барлық металдарды кентастық шикізатты байытудан дайын өнім алуға дейінгі өндіріс сатысын қамтитын кешен. Дүние жүзінде 70 тен астам түсті металл балқытылады. Оларды 14 сала өндіреді. Олардың барлығы қосылып, түсті металлургияны құрайды.
Түсті металлургияның қысқаша тарихы 1717 жылы Алтайда (Томск уезінде) қорғасын мен мырыштың бар екендігі анықталды. Осыдан кейін Қазақстанда түсті металлургия дами бастады. Бірақта 1928 жыл 19 қазан ел тарихында Қазақстан түсті металлургиясының туған күні болып есептелінеді.
Қазақстанның металлургиялық базалары Ортақ шикізат немесе отын қорларын пайдаланатын зауыттар тобын металлургиялық база деп атайды. Қазакстанда үш металлургиялық база бар. Ең «көнесі» Шығыс базасы. Ол үшін кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз етіп, «өндірістің жоғарғы қабаттарын» «тұрғызып» қалыптастыруды қамтамасыз ету, яғни прокат, қорытпа, түсті металдардан дайын өнімдер шығару маңызды. Қалыптасқан екінші Орталық базасының мамандануы кеңейіп келеді. Бұл жерде мырыш өндірісі де пайда болды. Жаңа зауыттардың қорғасын, ферроқорытпа және болат балқыту зауыттарының құрылыс жобалары зерттелуде. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың шикізат мәселелерін шешуді қажет етеді. Ондай өткір мәселе Балқаш КБК да қалыптасқан. Ең жас, жаңадан қалыптасып келе жатқан Солтүстік металлургия базасының болашағы зор. Қазір Ақтөбе облысында алюминий зауыты мен жаңа мыс КБК салынуда. Қалайының, никельдің, сапалы болаттың домна процесінсіз өндіріс құруды қолға алуда.
Түсті металдар қасиеттері: Түсті металлдардың әр түрлі қасиеттері бар. Мысалы: Қорғасын, никель және қалайы жемірілмейді , титан ыстыққа төзімді келеді, ал күміс, мыс және алюминий жоғары электр өткізгіштігімен ерекшеленеді.
Көптеген түсті металдардан сапасы жөнінен бастапқы материалдардан да асып түсетін қорытпалар жасалады: Мыс + Қалайы = Қола Мыс + Мырыш = Жез Мыс + Никель = Мельхиор
Дүние жүзіндегі Қазақстанның пайдалы казбалардың орны
Түсті металлдар түрлері Ауыр Мыс, қалайы, қорғасын, мырыш, никель Жеңіл Қымбат Баяу Сирек Балқитын Кездесетін Алюминий, Алтын, магний, күміс, титан платина Вольфрам, Уран, молибден германий, тантал, галлий, ванадий
Ауыр металдар Ауыр металды кендердің қурамы өте көп болып келеді. Оларды тиімді пайдалану үшін шикізатты кешенді өңдейтін комбинаттар құрылған. Шымкентте қорғасыннан баска 14 түрлі өнім алынады. Ауыр металдардың тағы бір ерекшелігі құрамында пайдалы компоненттердің аз болуы. Сондықтан балқыту зауыттары шикізат көзіне таяу орналасады. Бұл оларды орналастырудағы негізгі принцип. Біздің елімізде ауыр түсті металдарды мыс жөне қорғасын мырыш (полиметалл) өндірісі салалары шығарады. Мыс қоры Қазақстанның барлық аудандарында бар, ең үлкендері Орталық пен Шығыста.
Мыс – сары түсті ауыр металл. Қазақстан мыс қоры бойынша 9, өндіруден 10, тазартылған мыс өндіруден 7, экспорттаудан 4 орын. Мыс кен орындары: Жезқазған, Саяқ, Қоңырат, Бозшакөл, Жылынды, Ұлытау. Мыс кенін тағы да мыс колчеданы(халькопирит) деп атайды.
Қорғасын Алғашқы қорғасын 1927 жылы 1 қарашада Риддерде құйылған. Шымкент қорғасын зауытында бұл металл 1934 жылы 20 қаңтарда Кентау кенінен қорытылған. Зауыт өте қарқынды жұмыс істеп, 1937 жылы Совет Одағында өндірілетін қорғасынның 75, 3% ын берген. Ұлы Отан соғысы жылдары жауға атыл ған он оқтың тоғызы Қазақстан қорғасынынан құйылған еді. 1955 жылы Өскеменде тағы бір қорғасын зауыты іс ке қосылды, кейін бұл өндіріс орны Өс кемен қорғасын мырыш комбинаты құрамына енді.
Мырыш зауыты соғыс жылдары көшірілген «Электроцинк» жә не контрибуция бойынша әкелінген Германиядағы Магдебург мырыш зауы ты негізінде іске қосылды. Алғашқы мы рыш 1947 жылғы 25 қазанда алынды. Өскемен комбинаты Қазақстан түс ті металлургиясының көшбасшысы болды. Ол шығаратын қорғасын, мырыш, кадмий өнімдері сапасы жағынан Одақта «стандарт» ретінде қабылданып, Лондон биржасында «эталон» ретінде ба ғаланған болатын.
Поллиметалл кені Қорғасын және мырыш өнеркәсібінің ортақ шикізат базасы полиметалл кендері бар. Ұзақ уақыт бойы олардың қоры жөнінен Шығыс пен Оңтүстік алда болды. Шығыстың кенінде қорғасынға қарағанда мырыш көп. Керісінше, Оңтүстіктің кенінде мырышқа қарағанда, қорғасын көп. Біздің еліміздегі полиметалл өндірісінің басты ауданы Кенді Алтай. Мұнда 3 ірі орталық бар Зырян, Риддер жөне Өскемен. Риддерде қорғасын мен мырыш өнеркәсібінің барлық кезеңдері— кенді өндіруден бастап, металл жөне қорытпа алуға дейінгі кезеңдер түгел бар. Еліміздің оңтүстігіндегі полиметалл өнеркәсібінің ірі орталығы Шымкент. Мұнда да Өскемендегі сияқты «өндірістің жоғарғы қабаттары» жолға қойылған.
Жеңіл металлдар Ауыр металдарға Қарағанда жеңіл металдар кендерінде пайдалы компоненттер көп болады. Бұл тасымалдауға қолайлы шикізат. Бірақ оны өңдеуге орасан көп мөлшерде электр қуаты қажет. Мысалы, 1 т алюминий мен магнийге 15 мың к. Вт/caғ электр қуаты жұмсалса, титанға 40 мың к. Вт/сағ энергия керек. Сондықтан жеңіл металдар шығаратын зауыттар арзан энергия көздеріне жақын орналасады. Бұл оларды орналастырудың негізгі принциптері. Біздің елімізде жеңіл металдарды 1960 жылдан бастап алюминий мен титан магний өнеркәсіптері өндіреді.
Алюминий өндіру 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бокситтен алюминий оксидін алу. Ол көп мөлшерде су мен жылу қуатын қажет етеді. Сондықтан алюминий оксиді зауыты Павлодарда салынған. Павлодар алюминий зауыты (ПАЗ) әлемдегі ірі зауыттардың бірі. Екінші қуатты көп қажет ететін кезең алюминий оксидінен алюминий алу. Павлодарда Ақсу МАЭС інің арзан электр қуатына бағытталып алюминий зауыты салынған. Титан жеңіл, өте берік, жемірілмейтін металл. 10 жыл бойы теңіз суында жатып, ешбір өзгеріссіз қалған. Титаннан реактивті ұшақтардың двигательдері, кемелер мен сүңгуір қайықтардың кораптары мен химиялык құрал жабдықтар шығарады. Магниймен басқа металдарды (мысалы, хром, берилий) тотықсыздандырады. Оның жеңіл әрі берік қорытпаларын зымыран, ұшақ және аспап жасауда қолданады. Магнийді күшті жасанды жарық көзі ретінде фотография мен аспап жасауга (фейерверктер мен «бенгал шамдарына» және т. б. ) пайдаланады.
Қымбат металлдар Дүние жүзінде Қазақстан алтын қорынан алдыңғы он елдің қатарына кіреді. Ал ТМД елдерінде Ресей мен Өзбекстаннан кейінгі 3 орында. Жылына 15 т алтын өндіріледі. Алтын өндірудің кен орындары: Ақбақай, Ақсу, Жолымбет, Бестөбе, Майқайың, Бақыршық. Күміс Кенді Алтайда өндіріледі.
Баяу балқитын металлдар Қазақстан дүние жүзі бойынша вольфрам қоры жөнінен 1 орын алады. Ол табиғатта аз тараған. Вольфрам ашық сұр түсті, баяу балқитын металл. Вольфрам кен орындары: Қараоба, Ақшатау, Жоғарғы Қайрақты, Бөгеті – басқа металлдармен кездеседі; Солтүстік Қайнар, Баян, Көктіңкөл жақсы барланған. Қазіргі кезде вольфрам концентраты Жамбыл кенішінде “Қараоба 2005” шығарылады.
Сирек кездесетін металлдардың кемшілігі: аз мөлшерде кездеседі, металлдарды кеннен айыру үшін жүздеген тонна кен, су, электр қажет және аз зерттелген. Олар: уран, германий, тантал, галлий, ванадий, т. б.
Уран қабiлетi анағұрлым жоғары энергия көзi болып табылады. Оның басқа отын көздерiнен басты айырмашылығы ол жоғары концентрацияланған энергия көзi. Яғни, әрi жеңiл, әрi арзан тасымалданатын энергия көзiнен саналады. Мәселен, 1 кг уран дәл осы мөлшердегi көмiрден бөлiнетiн энергиядан 20 мың есе жоғары электр қуатын бөледi. 2009 жылы Қазақстан уран өндіру жөнінен 1 орынға шықты. Жалпы жылына 9 мың тонна уран өндіріледі. Уран кен орындары: Оңтүстік Қазақстан облысының Іңкәр, Ақмола, Маңғыстау облыстары, Алматы облысының Іле маңында кездеседі.
экономика казакстана.pptx