БЕКЕН АТА..pptx
- Количество слайдов: 76
Әкені аңсау Асылбаев Бекен Бекбосынұлы (1941 - 1988)
Әкені аңсау Адамгершілігімен, азаматтық іс-әрекетімен айналасына қадірлі болған, кісілік пен кішілік нұры тұла бойынан төгіліп тұрған сіздей ардақты әкемізді әрдайым мақтаныш етеміз! Өмір жолында адаспау үшін білімді болуға, еңбексүйгіштікке үйреткен, жамандықтан сақтандырып, пана болған, әкешім, біз сізді сағындық.
1980 Методист 1964 ж Студент 1985 Ғалым
• 1962 ж 1973 ж
Анама Қалмасын деп сабақтан, Арқалап судан өткізген, Қызғыштай қорғап баласын, Жетелеп жүріп жеткізген. Сондықтан анам құрметті, Еңбекті маған көп етті. Тілегімен ана, бауырдың Ғалымдыққа да қол жетті.
09. 05. 1989 жыл
Інім Бекетаиға мерекелік тілек! Тірі адамға тағыда май жетті деп, Құттықтаймын мейрамыңмен бауырым. Астанаға өзі көшіп кетті де, Сен ойлама тастады деп ауырын. Мейрамымен құттықтаймын дәл бүгін, Әкпе менен Үриләдай келінді. Сыйлап өтсем әрқашанда мен өзім, Туысқанмен байтақ жатқан елімді. Құттықтаймын Рахат, Сұлтан баламды, Жадыра, Бота, кіші қызым Баянды. Білімді боп өсе берсін барлығы, Болсын деймін бақыттары баянды. Жақсы тілек көкем бізге тілейтін, Деп балалар өскеніңде еске алар. Ел силайтын адам болса балалар, Сонда біздің сеніміміз ақталар. Бұл тілекті Бекетайым сақтап қой, Оқып бергін келешекте, отырыс және болса той. Өлеңменен тілек айтсам, деген болды менде ой. 23. 04. 1987 жыл.
Құтты болсын тұлпарың! (Бекетай ініме) Соңымнан ерген бауырым, Құтты болсын тұлпарың. Абыройлы бол әрқашан, Ақ көңілім, сұңқарым Көлеңкесі аз болар, Жапырақсыз өссе тал. Көрімдігіне жигулидің Сары биенің тайын ал. Қортындысы емеспе, Ат қою деген көп ойдың. Бекетай деген атыңды, Жеті жаста мен қойдым. Алтынбас және Бекеннің, Соңынан келіп өрдіңдер. Бізге деген Жәкемнің Көңіл күйін көрдіңдер. Сондықтан деймін сыйласар, Баламыздың баласы. Менің осы ойыма Ешкімнің болмас таласы. 07. 04. 1987 жыл
Құрманбек ініме Құттықтаймын барлығыңды, Мейрам күні құрмашым. Әрқашанда абыройлы Бола бергін сен жаным. Райкүл, Ләйлә, Ілескүл де, Бақытты болса деймін мен. Немерелерін ертіп жүрер Шал болғын кейін өзің де сен.
1981 жыл 1980 жыл
1984 жыл
1984 жыл
Әзімхан ініме Құтты болсын мерекелер, Әзімхан атты төреміз. Балаларымыз аман болса, Көп қызықты көреміз. Талғат, Ләззат, Гаухарлардың Өмірлері ұзақ болсын. Азамат болып өскеніне, Халық көріп көңілі толсын. Мерекесімен құттықтап қой, Дүйсенкүл мен анамды. Тәрбиелеп бізді өсірген Жел жақта тұрған панамды. Силайтұғын көке деп мені, Өздеріңсің деймін жарқыным. Ұзақ өмір мен тіледім Өзіне тартсын ақыным. 23. 04. 1987 жыл
Өсиет Өсірсем ұл-қызымды адам етіп, Өмірден армансыз боп өтер едім. Ат қойған Орынбек деп әкеміздің, Жетпеген мұратына жетер едім. Келді ғой кәмелетке алды жетіп, Жетімдік, кедейлікте өтер кетіп. Өсіру ұрпағымды дұрыс жолмен, Өмірдегі қойғаным мақсат етіп 1980 жыл
1985 жыл
Қайратқа Туған күнің құтты болсын, Өзіңе бақыт тіледім. Абырой, атақ, еңбекте деп, Әрқашан өзім білемін. Еңбек етсең тер төгіп, Өмір сүрмей, тауып ебін. Еңбеккеш ұл-қыз өсірдім деп, Мақтаныш етіп жүремін. Бәріңе айтар өсиетім, Адал еңбек елдің досы, Кенен ақын айтқанындай, Бақ іздеудің жолы осы. Осы отырған достарың мен құрбыңа, Сиымды бол, силап сені жақтаса. Ұстамды бол әрқашанда Қайратым. Тайраңдама қалың елің мақтаса.
Фархатқа Аңыздағыдай сірә болсын деп, Атыңды мен Фархат қойдым. Халыққа мәлім азамат болсын Қортындысы шығар ойдың. Туған күніңмен құттықтаймын мен сен, Қуантқан қатты балам мені. Денсаулық болып, өмір сүр ұзақ. Денсауылқ деген өмірдің кені. Жасыңнан өзің еңбеккеш едің, Обы бір тәуір болама дедім. Ойланып істе әрқашан істі, Он сегіз жасқа мінеки келдің. Тілегім менің қалмасын жолда, Ыстыққа күйіп, суыққа тоңба Тілегім саған бақытты болсаң Бақытты болу еңбекте, қолда. 1985 жыл
Ұлым Думанға. Әскерге барар Думаным, Сәтті болсын сапарың. Жақсы деген амандық Естіліп тұрсын хабарың. Өмір сүріп келеміз, Жеткізсек деп баланы. Тәрбие алсын, көрсін деп. Мекен еттік қаланы. Жолың болсын қарағым, Үмітпен саған қарадым. Тәуір болсаң өмірде, Кенже ұлым онда жарадың. Шаңырағыңды құрметтер, Үлкен үй деп басқалар. Ізетпен кіріп үлкендер, Кішілер сенен жасқанар.
Роаға тілек. Бүгін туған күніңмен құттықтаймын, Қызымды Роза атты сенім артқан. Құштарлығы білімге өз алдына, Әкесіне кескіні аумай тартқан. Бола беріп шат күлкі өміріңде, Әрқашанда алтыным бақытты ьол, Қызмет етемін деп Отаныңа, Таңдай біл өмір жолын қызығы ьол. Әрқашан қызым жүйрік бол, Жарысатындай киікпен Орындалар әке тілегі, Сені көріп биіктен. 11 тамыз 1983 жыл
Лаураға тілек Сүйікті қызым Лаура менің, Туған күнің құтты болсын. Жақсы болып өскеніңде, Ата анаңның көңілі толсын. Үмітпенен қойдым қалқам, Лаура деп атыңды, Абыройлы болып әрқашанда, Өмірің болсын татымды. 19 май 1935 жыл
Майраға тілек. Әнші апаңдай болсын деп Атыңды мен Майра қойдым. Кенжетайым ерке өскен Туған күніңмен құттықтаймын. Күлкіңді мен көргенде, Елжірейді жүрегім. Туған күніңмен өзіңді Қуаныш бақыт тіледім. 22қараша 1985 жыл
1974 жыл Қаратау совхозы
1980 ж Райхан-абитуриент 1982 ж Қайрат-абитуриент
1978 жыл Москва Ғылыми жет. М. Құдайқұлов
1985 жыл Райхан диплом алғанда
1986 ж Бекетай тәте АЗВИ-дің студенті
Зейнешке. Құтты болсын туған күнің, Ұзақ болсын өмірің! Сен дегенде балқып кетер, Мен емеспе темірің. Жақсы болса ата-анасы, Құрметтейтін баласын, Сені артық санаймын мен Көп балалы анасың. Сен өмірлік жолдасымсың, Ұл мен қызды өсірген, Өмір бойы мен сыилаймын Білместікті кешірген. Кемпір болып немерелі, Қызығын көр балалардың, Ана-бұлақ деген сөзі Артық емес даналардың. 17 мамыр 1985 жыл
Ерікті беріп көз жасқа, Атыңды жаздым мен тасқа Ағайын, бауыр болғанмен, Әкемнің орны бір басқа.
1987 жыл
Абдрахман Райымбек 1992 жыл
Бекенова Жансая 1993 жыл
Бекенов Бекжан 1995 жыл
Керімқұлова Дана 1996 жыл
Бекенова Айнұр 1997 жыл
Бекенова Меруерт 1997 жыл
Керімқұлова Арай 1998 жыл
Апа мен су әкелемін, пока! Бекен Бибарыс 2001 жыл
Керімқұлов Асқар 2002 жыл
Бекен Алуа 2003 жыл
Жұмадилов Санжар 2005 жыл
Бекен Айгерім 2006 жыл
Жұмадилов Қасым 2008
Абдибатырова Ақниет Ерланқызы 2010 жыл
• Жүрегім менің cезеді, Көп қуаныш боларын. Бауырмал өскен балаларым, Мұрагер болып қаларын. Ұл мен қызды өсіруді, Ниет қып өзім қаладым. Жақсы атым шықса сендермен, Бақытты өзім боламын. Мен силасқан адаммен Силасар деп білемін, Әдепті болсаң барлығың, Мақтан етіп жүремін. Абыройлы бол алтыным, Жаңа жылдық тілегім. Сүйгендіктен шығады, Өлең сөз деп білемін. • 1988 жыл
. . . Не амал бар, тағдырдың салғанына, Салауат дейміз біздер қалғанына, Болсын деп алдың-жарық, артың кеніш, Ас беріп, қатым құран түсіреміз Бекендей әкеміздің әруағына.
Қайғыны артып көп күнге, Кеттің бе, бауырым, кеттіңбе? Қойнына алар құндақтап, Кйелі жерге жеттіңбе. Бір емес едім жасықтың, Жүректі барады басып мұң. Төмпешік болып қалуға, Төтенше неге асықтың. Бақұл бол, бауырым амал жоқ, Боп тұрсың мәңгі маған жоқ. Төртеуден қалған екеу ек, Еркелер енді ағам жоқ. Жұмақта жырым дем беріп, Пейіштен соқсын самал боп. Дүние-ай неткен мұнша кермек едің, Аллада алады екен ең керегін. Мен сені мақтан тұтып, жүруші едім Барма деп нақ осындай жеңгелерің Бал күлкі, дархан мінез, арай жүзің. Жіберер жадыратып қоңыр күзін. Жымиып тұрған кезің күлімсіреп, Елестеп көз алдыма келді бүгін. Көре алмай көптен бері бұл күнді мен, Сағынып жүр екенмін күлкіңді мен. Қолыма қалам қағаз алған едім, Осынау жыр жолдары жұлқынды кеп. Әзімхан Аяпбергенов.
Назарларыңызға рахмет! Бекенов Б. Ф.
БЕКЕН АТА..pptx