
1241_bu_l_1241_ys.pptx
- Количество слайдов: 15
ӘБУ ЛӘЙС ӘС-САМАРҚАНДИ ЖӘНЕ КИТАБ МУҚАДДИМА
Әбу Ләйс Наср бин Мухаммед бин Ахмед бин Ибрахим әс. Самарқанди Х ғасырда екі өзен аралығы – Мәуренаһр өлкесінде, Самарқантта дүниеге келген. Ислами ілімдердің өркендеуіне зор үлес қосқан әс. Самарқанди, Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзхабының ұлы фикыһ ғалымдарының бірі болған.
Ғалымның «Хизанет әл-фикһ» және «Уйун әл-Месаил» атты еңбектерін зерттеген Салахаддин ән-Нахи мынадай пікір білдіреді: «Әбу Ләйстің өмір жолы жайында жазылған еңбектердің ешбірінде оның араб ұлтынан екендігі жөнінде нақты ешнәрсе айтылмаған. Алайда мұндай еңбектерде арабтардан шыққан ғұламалардың ұлты айтылады. Менің ойымша Әбу Ләйс араб емес, түрік болған. Себебі Мәуеренаһрдан шыққан. Самарқантта туып, Бәлхта оқыған. Сонда қызмет етіп, сол жерде қайтыс болған. Бұл өңірдің тұрғындарының көпшілігі парсы және араб көшпелілерімен көрші отырса да түркі тілінде сөйлеген» .
Әбу Ләйс әс-Самарқандидің фикыһ, кәләм, ахлақ, тасаууф салаларында жазған еңбектері: Тәфсир-ул Қуран Хазинету-л фикыһ әл-Муқаддимату фис-салат Умдәтү-л ақайыд Шәрхү-л Жамиус-Сағир ән-Нәуазил минәл-Фәтәуа Сәру-л Ислам
Китаб Муқаддима исламдағы «ғылымхал» дәстүрінің алғашқы үлгісі болып табылады. Китаб Муқаддима (кіріспе кітап) Самарқанди шығармаларының ішінде мәмлүк қыпшақтары тіліне аударылған жалғыз еңбегі. Қолжазба мәмлүктер мемлекетінің соңғы дәуірінде, яғни ХV ғасырдың аяғында қыпшақ тіліне аударылып, сол кездегі Сұлтан әл-Әшіраф Әбу Нәсір Қансуқ әл-Гуруға сыйға тартылған.
Мәмлүктер тілінде жасалған аударманың түпнұсқасы Ыстамбулдың Айа – София музейі кітапханасының түрік манускриптері каталогында 1451 -ші манускрипте сақтаулы. Қолжазбаның жалпы көлемі – 47 парақ. Әр бетте 6 жол арапша мәтін және астында қыпшақша жолма-жол аудармасы берілген.
Ескерткіштің фонетикалық сипаты Қолжазба тілінде мынадай дыбыстар өзара алмасып қолданылады: ы//у: доғры//доғру – доғры йолдур сәбитдүр (тура жол, тұрақты); қыл//қул – намаз қылмақ (намаз оқу); ислам нур қулды (исламды нұр қылды). а//ы: вар//выр (бару) – ғазалыға вармақ киби (соғысқа бару секілді); вырмақ саңадур (бару саған). е//и: иер//йир – дөшенмиш йир үстине (төселген жер үстінде); Бәжәл йеринден (Бәжәл жерінен); кел//кил – келди бир хабар да нәбиден (бір хабар пайғамбардан келді); нәбилерүң килдүгине (пайғамбарлардың келгендігіне).
а//у: қайтар//қайтур (қайтару, тыю) – сәләм қайтурмақ (сәлем қайтару); йаманлықдан қайтармақ (жамандықтан қайтару). у//а: оқу//оқа – қуран оқумақ (құран оқу); ду᾽алар оқарлар (дуалар оқиды). о//у: йол//йул – сүннәт ишлемек доғру йолдур (сүннет істеу тура жол); йул көстерүр (жол көрсетеді). и//ø: ичүн//чүн – шул кишилерүң олды сәфәри Аллаһ ичүн дахы нәбичүн (сол кісілердің сапары Алла үшін және пайғамбар үшін болды). е//ү: ебчи//үбчи – хаиз ебчи дахы оғлан доғурқан (хайз және бала туған әйел); ануң сәфәри дүниа ичүн илишүр йа ебчи евленмеге олды (оның сапары дүние үшін немесе әйелге үйлену үшін болды).
Түбір сөздер Тарихи туынды түбірлер Туынды түбірлер Біріккен сөздер Қос сөздер Ағыз (ауыз) Бойун (мойын) Тануқлуқ (куәлік) Абдуллаһ (абд және аллаһ сөздерінің бірігуі) Қаты-қаты Өлү намазы (қатты(жаназа) қатты) Дил (тіл) Авуч (уыс) Авдазлу (дәреті бар) Әбибәкир (Тайлақтың әкесі) су әви (әжетхана) Ев (үй) Қуйу (құдық) Арысуз (тазалықсыз) Мес᾽удоғлы( Месудұлы) Сару йағ (сары май) Киши (кісі) Қайт (қайту) От (от) Вар (бару) Күрделі сөздер Чықар сықмалығла р (жеміс сықпалары)
Септік жалғаулары Атау септігінің арнайы грамматикалық көрсеткіші жоқ. Ілік септігі жалғауы дауыссыз дыбысқа аяқталған сөздерге –уң, -үң, дауыстылардан кейін –нуң, -нүң түрінде жалғанады: намаз-уң, дин-үң. Барыс септігі қолжазба тілінде жай септеуде де, тәуелдік септеуде –а, -е түрінде жалғанады: мүминлер-е, ғазалығ-а. Табыс септігі жалғауы –ы, -и түрінде екі фонетикалық формада кездеседі: зекет-и, йүзүң-и, йахшылығ-ы т. б. Сөздің соңы дауысты дыбысқа аяқталса түбір мен жұрнақ арасын –й дәнекері байланыстырады: өйле-й-и, а᾽за-й-ы. Тәуелдік жалғауының ІІІ жақ жекеше және көпше түрлерінен кейін табыс септігі жалғауы –ны, -ни және –н формаларында жалғанады: айағы-н, көңүлү-ни.
Жатыс септігі буын үндестігіне қарай –да, -де болып 2 түрлі фонетикалық вариантта қолданылған: көклер-де дахы йиер-де, башым-да. ІІІ жақ тәуелдік жалғаулы сөздерге –н қыстырма дыбысы арқылы жалғанады: базары-н-да. Көмектес септігі мәні қолжазба тілінде бирле, биле шылаулары арқылы және осы шылаудың редукцияланып, қосымшаға айналған –иле, -ле жалғаулары арқылы жасалады: ады бирле, тәртиб биле. Шығыс септігі жалғауы тек ашық дауысты және ұяң дауыссызға басталатын – дан, -ден формасында ғана жұмсалған: тән-ден, бәрәкәтүң-ден. Қатаң дауыссызға біткен сөздерге де ұяң дауысты формалар жалғанады: көк-ден. ІІІ жақ тәуелдік жалғауынан кейін түбір мен қосымша арасына -н жалғастырушы дыбысы кіреді: икиси-нден.
Омонимдер. Муқаддима тілінде омоним Лексикалық сөздердің қатары сирек. Омонимдік қатар түзген сөздердің екі сыңары да түркі сөздері сипаты болады: • І. Бурун – мұрын; бурнына су вирмек; ІІ. Бурун-бұрын; нәбилерүң уақтыдур сенден бурун. • І. Сач – шаш; йүз сач дибинден һанал алтына дегин; ІІ. Сач – шашу; су сачмақ уйатлығына. • І. Дил – көңіл, рухани жүрек; парсы тілінен енген кірме сөз. ІІ. Дил – тіл;
Синонимдер А) синонимдік қатар бірыңғай түркі сөздерінен тұрады: киже – йатсу (түн); жинлер иман кетүрген киже (Жындар иман келтірген түні); йатсу олғанда (түн/құптан уақыты). Башқа – өзге (басқа); иллә ду᾿алардан башқа (және сөйлемесін тек дұғалардан басқа); сенден өзге теңри йоқ (сенен басқа тәңір жоқ); Ә) бірыңғай кірме сөздерден, яғни араб, парсы сөздерінен жасалады: рижс – никс – нәжис (лас, ластық); рижс дахы никс деген бир ма᾽надур (рижс және никс бір мағына /екеуі де ластық/); сығынурмен саңа рижсден нәжисден (сиынамын саған рижстен, нәжістен). Саваб – әжир (сауап); артуқ олур әжирде (артық болады сауапта); илик йыллық қылмыш сәвабы (елу жылдық қылған сауапты).
Оры ндағ ан: Жұм абек ова Н kz-3 азир тобы а
1241_bu_l_1241_ys.pptx