
1240_bu_Abd_ALLA__1241_l-Balasa_1171__1201_ni.pptx
- Количество слайдов: 8
Әбу Абд АЛЛА әл. Баласағұни
Ғалымның өз аты – Әбу Абд АЛЛА Мухаммад. Әкесінің ныспысы – Мұса. Баласағұни – оның Баласағұн қаласында туылғандығын білдіреді. Бірақ қай жылы туылғандығы белгісіз. Оны тек Сирия астанасы Дамаскіде 1112 жылы қайтыс болды деумен шектелген. соған қарағанда, баласағұндық ғалымның кіндігі 1040 -1050 жылдар арасында кесілген сияқты.
Сол кездегі халқымыздың тарихына үңілсек, 11 ғасыр басында Қазақстан жерінде Қыпшақ мемелекеттік бірлестігі құрылғанын, қалалар мен қоныстар қайта жаңығырып, рухани өсіп, сауда-саттық артқанын, сыртқы жұртпен байланыс күшейгенін көреміз. Бұл әулетінің тақ үшін таласып, қырық-пышақ боп өзара алауыздасып, жауласып жатқан кезі.
Әбу Абд АЛЛА алғашқы білімді туған мекенінде алған деуге болады. соңыра ол сол кездері бүкіл Шығыс жұртының рухани орталығы болған Бағдадқа сапар шегеді. Онда ол араб тілі мен әдебиеті, тарихы мен фәлсафасын жақсы меңгерген. Йақұт ар-Руми оның араб жұртында “ат. Түрік” деген атпен белгілі болғанына назар аударған. “Ол мұсылман хұқығы бойынша Бағдадтағы Әбу Абд АЛЛА ад-Дамғани әл-Ханафи атты қазыдан дәріс алды”, -деп жазады белгілі тарихшы.
Баласағұнда туған азаматтың парсы текті ад-Дамғани атты оқымыстыдан қалай һәм қанша тағлым алғаны немесе бұрынғы араб халифаты астанасында оның неше жыл тұрғаны жайлы Йақұт ештеңе айтпаған, тек соңыра ол “Шамға аттанды Байт әл-Мұқаддастың сот мекемесіне қызметке жіберілді. Сонан соң Дамаскінің сот мекемесінде істеді”, деп қысқа қайырады.
Әбу Ханифа өзінің тұжырым, толғамдары мен ойпікірлерінде белгілі бір мәселе бойынша үкім шығарып, билік айтуда ақыл мен аналогияға иек артып, хадистерге сенімсіздік білдірген. Мұсылман хұқығы бойынша Әбу Ханифа, Малик бин Анас, Аш. Шафиғи, Ибн Ханбал негізін салған төрт имам мазһабының ілім, білімі ары қарай дамытылды. Йақұттың жазуына қарағанда Әбу Абд АЛЛА әсіресе Әбу Ханифа мазһабын ерекше қуаттап, аш. Шафиғи мектебінің өкілдеріне қатты шүйліккен. Баласағұн перзенті де осы бағытты ұстана отырып, Мұхаммед пайғамбар жайлы аңыз-әңгіме мендәстүрді ғана мойындап, ақыл мен аналогияны теріске шығармағанымен, қуаттай қоймайтын аш-Шафиғи мазһабына қарсы шыққан. Йақұт Әбу Абд АЛЛАның тіпті аш-Шафиғи мектебі өкілдерін тілдейотырып жерлес ғалымымыздың “ егер менің өз уалайатым болса, онда мен аш. Шафиғи ізбасарларынан салық алар едім”, -дегенін айтады.
Әбу Абд АЛЛА әл-Баласағұнидің қандай шығармалары бар, ол әлемнің қандай кітапханаларында, зерттелу дәрежесі қандай деген мәселелр жайлы мағлұматтар жоқтың қасы. Ол туған мекені Шу өңіріне қайтып оралып, жусанды даланың саф ауасымен кеудесін кере дем алды ма, жоқ па, ол жайлы да деректер қолға түспей келеді.
KZ 3 ЖҰМАЖАНОВА АЙСҰЛУ
1240_bu_Abd_ALLA__1241_l-Balasa_1171__1201_ni.pptx