default.pptx
- Количество слайдов: 28
Әбілғазы Баһадүрдің «Түркі шежіресі» және оның тілі
Түркі шежіресі XVII ғасырдың түркі жазба ескерткіштерінің ішінен Әбілғазы Баһадүрханның «Шежіре-и түркі» атты кітабы елеулі орын алады. Шыңғыс ұрпақтарынан болған хандардың өздері ұстанған саясаттарына сай келетін тарихтарын жаздырып қалдыруы ертеден дәстүрге айналған болатын ( «Шыңғыснаме» , «Бабурнаме» , «Жамиғ-ат тауарих» т. б. ) Бұлардан «Шежіре-и түркінің» екі ерекшелігі бар: біріншіден, автор Шыңғыс ұрпағынан шыққан хан бола тұрып, өз тарихын өзі жазған, екіншіден, кітап тарихи, әдеби және тілдік жағынан аса құнды. Бұл туралы автор өз кітабының кіріспесінде айтады. «Шежіре-и туркінің» тағы бір жерінде автор бұл кітапты жазуда өзінен бұрын жазылған Рашид ад-Диннің «Жамиғ-ат тауарих» атты шежіресіне, сондай-ақ Шыңғыс хан ұрпақтары тарихы түзелген өзге де 20 -30 шежіренің нұсқасына сүйенгенін айтады. [1, 71 бет]
Әбілғазы 1603 жылы Хиуа хандығының орталығы Үргеніш қаласында туған. Шыңғыс ханның ұрпағы, Шыңғыс ханға дейін 14 ата. Ол әкесі салдырған «Арасхан» медресесінде оқып, ғұлама ғалымдардан дәріс алады. 16 жасында әкесі оны үйлендіріп, Үргеніштің жартысын еншіге беріп, билетіп қояды. Араб Мұхамедтің (әкесі) қартайған шағында балалары билікке таласады. 17 жасынан бастап Әбілғазы да билікке таласып сан рет ұрысқа түседі. 1621 жылы ауыр жараланып, Амударияны өзі жалғыз жүзіп өтіп қашады. Бұл жылдары ол Маңғышлақта түрікмендерді, Есім және Тұрсын ханды паналайды. 1628 жылы ұсталып, Иранға жер аударылады. 10 жыл бойы Исфахан қаласында тұтқында, бақылауда болады. Бұл жылдары ол көптеген тарихи медециналық, әдеби кітаптарды оқиды, араб, парсы тілдерін үйренеді. 1638 жылы Исфаханнан қашып шығып, Маңышлақтағы Ерсары, Теке, Жәуміт деген түрікмен руларының арасында жасырынып жүреді. 1640 -41 жылдары Жем (Ембі) өзенінің бойын жайлаған қалмақ ханы Хо-Орлектің ордасында тұрады. Арал өзбектері көп сыйлық беріп, Әбілғазыны алып қайтады. [1, 72 бет]
Илияс би бастаған арал қазақтары Хиуа ханы Асфандиярға қарсы көтеріліс жасағанда, Әбілғазы соған қосылады, бірақ жеңіліс табады. 1643 жылы Әбілғазы Аралға хан болып жарияланады. Екі жыл бойы Хиуаға шабуыл жасап жүріп, ақыры қазақ, өзбек қарақалпақтардың күшімен 1645 жылы Хиуаны алып, хан болып жарияланады. Хан болғаннан кейін де көршілес хандықтармен көптеген ұрыстар жүргізеді, тек 1661 жылы ғана хандықтың билігін ұлына беріп, өзі «бейбіт» істермен айналысуға кіріседі. Осы 1663 жылы ол «Шежіре-и түркі» кітабын жазуға отырады, бірақ оны аяқтай алмай 1664 жылы қайтыс болады. Кітапты әкесінің тапсыруы бойынша Ануш Мухаммед аяқтайды. [1, 72 бет] Әбілғазы Баһадүрдің «Шежіре-и түркі» атты кітабы ғылым дүниесіне ХVІІІ ғасырдың бас кезінде мәлім болған. Бұл кітаптың қолжазбасын Россияда тұтқында жүрген швед офицерлері Тоболь қаласынан кездестіріп, оны Бухар ахунына орысша аудартады. Бұл жұмысты басқарған – Филипп Табберт Страленберг деген швед офицері. Одан швед Шенстрем неміс тіліне аударады, бірақ бұл аударма көп жылдардан кейін, 1780 жылы ғана кітап болып басылып шығады. [1, 73 бет]
Түркологиялық еңбектердің кейбіреулерінде Әбілғазы шежіресі татар диалектісінде жазылған десе, екінші біреулерінде көне өзбек тілінде жазылған дегенді айтады. Ал Әбілғазының өзі жалпы түрік халықтарына түсінікті тілде жазуға тырыстым дегенді айтады. «Шежіре түрікмен» деген алғашқы еңбегінің кіріспесінде шығарманың тілі туралы былай жазады: «Шежіре түрікмен» деп ат қойдық. Барлықтарыңызға мағлұм болсын: бізден бұрын түркі тарихын айтушылар өздерінің өнерліліктерін, дарындылықтарын халыққа байқату мақсатымен араб, парсы тіл сөздерін қосып, түркі тақпаққа, ырғаққа, қара сөзге айналдырған. Біз бұлардың ешқайсысын істемедік, өйткені бұл кітапты оқушы немесе оқығанды тыңдаушылар түрік болмақ, олай болса, олардың баршасы түсінетіндей етіп, түріктерге түрікше айту керек. Біздің айтқан сөзімізді түсінбесе, одан не пайда? Егер олардың ішінде оқыған, ақыл иесі, бір я екі кісі болған күнде де ол – түсінбеген көптің қайсыбіріне айтып жеткізер, міне, сондықтан жақсы да жаман да – бәрі түсініп, көңілдеріне ұялайтындай етіп айту керек. [2, 54 бет]
Фонетикалық ерекшелігі Барча, ант ічді, ш/ч Не айтарлыр еркен теб д/т, р Әкар менің бу сөзімде йалған болса. Чыққалы йер. ж/й, Иарашмақлықдын үмід узгенден соң атланды. т/д Башы уа малы көб болды. Құлақ салыб тұрды. п/б Аш алдыны койар ерді аны йүзіні уа көзүні түтуб аңа баш ұрды. с/ш Түркілер аны қабул қылыб сақладылар. Бір кішіні падшаһ көтеріб аның ағызына бақмас ерділер. о/а, у/ғ
«Түркі шежіресінің» грамматикалық құрылысы Есімнен есім сөз тудыратын Сөз тудырушы Етістіктен есім сөз тудыратын Қосымшалар Көптік жалғау Септік жалғау Сөз байланыстырушы Тәуелдік жалғау Жіктік жалғау
Есімдер а) есімнен есім тудыратын жұрнақтар Жұрнақтар Мысал Мағынасы -лық/-лік, -лұқ/-лүк Йарлық, ачлық, игітілік, үйлүк, ашлық, достлық, харамлық. Йеті арқадын бері йарлық йүзін көргенім йоқ. Есім түбірден дерексіз зат есім жасайды. -сыз/-сіз Ғайратсыз, намұссыз. Чынғыс хан сансыз черік бірлән келіб Хытайның бір ұлұғ шаһарыны алды. Жалғанған сөзіне белгілі бір қасиеттің (болмыстың, сапаның) жоқ екенін көрсетеді. -чы/-чі Етүкчі, мылтықчы, елчі, темірчі. Керейт Бөке жирен текеннің йылқычысы. . . Өзі жалғанған есім сөзіне мамандық, кәсіп иесі мағынасын берген. -даш/-таш Қарындаш, йолдаш. Барча өзінің қарындашы Чынғыс ханны йаш білділер. «Шежіреде» бұл жұрнақ өнімсіз жұрнақ қатарына жатады -рақ/-рек Ілгірірек, көбірек, йахшырақ, қарарақ. Көбірегі менің нөкерім ерді. Өзі жалғанған сөздегі сапа шамасының көптігін білдірген (көп қолданылған).
ә) етістіктен есім тудыратын жұрнақтар Жұрнақтар Мысал Мағынасы -ын/-ін, -н сауын, егін, боран. Тағларының ічінде йұрт қылыб олтұрдылар егін егелер ерді. Етістіктен жұрнақ. -ық/-ік, -ұқ/-үк, -қ йұмұқ, йүкүрүк, тірік. Бір қолы йұмұқ ерді. Етістік түбіріне жалғанып, бірде зат есім, бірде заттанған сын есім туғызады. -үш/-ұш, -ыш/іш, -ш Ұрұш, көрүнүш, батыш, талаш. Әбусағид мырзаға көрініш қалдырды. Етістік түбірнен дерексіз зат есім жасайды. (өнімді жұрнақ) -ғучы/-гучі Йахшы болұр. темек Тұйық етістік тұлғалы сөздерге жалғанып , қимыл иесін білдіреді. -уыл/-уіл, -ағұл/-ұғұл Йортуыл, чапағұл, сұрауыл. Бір күні йігірма кіші Һазарсыбқа йортағұл йібердім. Белгілі бір мамандық иелерін не қызмет түрлерін білдірген. іш қылғучы зат есім жасайтын
Жалғаулар Там үйлер салды уа кендлер қылдұрды. Көптік жалғау -лар/-лер
Ілік септігі • -ның/-нің • Өғыз ханның алты ұғлы бар ерді. • Хан уағаз мәжілісіге барды. (І. с. түсіп қалуы) Барыс септігі • -ға/-ге, -қа/-ке • Атамға кеңеш бере тұрған ердіңіз. • Аднын соң мені беш алты кіші бірлән Хиұқ келдім. (Б. с. Түсіп қалуы) Табыс септігі • -ны/ -ні/-н • Ол Мұхаммед жөкіні өлтүрмеді әмма. . . бәнд қылыб қойды. Жатыс септігі • -да/-де • Имді үчіңіз үч йұртда тұрұң. Шығыс септігі • -дын/-дін, -тын/-тін • Алтыңыздан бащқа барчасы иігірма төрт патшаһзада болұб тұрұрсыз.
Тәуелдік жалғау жекеше көпше І жақ ым/ім/м, ұм/үм ымыз/міз, ұмұз/үмүз ІІ жақ ың/ің/ң, ұң/үң ыңыз/іңіз, ұңыз/үңіз ІІІ жақ ы/і, сы/сі лары/лері Қазіргі қазақ тілінен айырмашылығы – қосымшалардағы еріндік ұ, ү дыбыстары бар варианттардың жиі кездесуі. Иманқұлы ханның қатында йүрмекке иүзүм болмады. Жіктік жалғау жекеше көпше І жақ мын/мін мыз/міз ІІ жақ (сыпайы түрі) сың/сің сыз/сіз сыңдар/сіңдер сыздар/сіздер ІІІ жақ түбір тұлға Кім сен теб сұрадым Сейдмін теді. Ел барчасы кетді біз тақы кете тұрұрмыз.
Сөз таптарындағы ерекшелік Сан есім Есептік сан есім Реттік сан есім Бір, екі, үч, төрт(дөрт), беш, алты, йеті, секіз, тоғұз, он, йырма, елік, алтмыш, т. б. (ы) нчы/ (і) нчі жұрнақтарымен қатар ланчы/ ленчі формалары да бар. Ал күрделі с. е. ондыққа бірліктердің тіркелуі арқылы жасалады. Мыс. сексен екі Ұлығының аты Күн хан екінчі Ай хан үчінчі йұлдұз. . . 3 -4 құрамды сан есімдер келгенде арасына тағы сөзі қосылып беріледі. Мыс. Мың тағы он төрт
Жинақтық сан есім Болжалды сан есім Есептік сан есімге -сы/-сі жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Есептік сан есімдерді қатар қою арқылы жасалған. Кейде арасында уа, иа жалғаулықтары келген. Бу алтысының Һйр қайсысының төрт ұғлы бар ерді. Иманқұлы хандын екі үч керрет рұқсат тіледүк. Жинақтық мағынасы тәуелдік жалғаулы есептік с. е. арқылы да берілген. мыс. Сіз үчіңіздін өзге кіші қалмады. Болжалды мағынаны көп, аз, бірнече сияқты сөздер береді.
Бөлшектік сан есімдер Йарым, йарты деген сөздер арқылы жасалған Үчтен бірін иа йарымыны ғаләт қылыб тұрүрлар.
Есімдік Жіктеу есімдіктері - мен, сен(сіз) ол, біз, сендер(сіздер), алар Барыс септігінде маңа, саңа, аңа және менға, сенға, анке. Мыс. Мені теген маңа келің атамны теген атамға барың. Мен есімдігі септелгенде ілік септігінің қосымшасы –нің мен қатар –ім қосымшасы қосылып, менім түрінде келетін тұстары бар. Мыс. Менім ләшкерім екіге бөлінді. Шығыс септігінің қосымшасы бірыңғай -дын/-дін тұлғасында кездеседі, тек кейбір жерлерде -дан/-тен түрінде келеді.
Сілтеу есімдігі Бу, шол, үшбу, тона Үшбу йерде барчамыз қыралы дебзар қылдылар. Жалпылау есімдігі Барча, бәрі, барлығы, бүкіл, күллі, Мұндағ нәмәрселерінің барчасын отқа йақды. Өздік, сұрау есімдіктері Қазіргі қ. т. айрмашылығы жоқ. Өлтрүмін тесе өздері білүр. Бу сөзлерні кімдін үгрені келің. Белгісіздік, болымсыздық есімдіктері Болымсыздық: Һечкім, һечбір. Белгісіздік: бір, бірнече, һәрбір. Һеч кімдін үгіренгім йоқ тедім. . бірнечесін өлтұрүб. . .
Етістік «Түркі шежіресінде» етістіктердің дара-күрделі, салт-сабақты, болымды-болымсыз түрлерінің қазіргі түркі тілдерінен, оның ішінде қазақ тілінен ерекшеленетіндей айырмашылықтары кездеспейді. Өзге сөз таптарынан етістік жасайтын жұрнақтардың «Шежіреде» кездесетін өнімділері –ла/-ле, -ар/-ер, -а/-е (ау+ла, баш+ла, йаш+ар, көш+е+тін, көз+ле). Мысалы: Суда балық уа қырда киік жанда нәмерселерінің барчасын ауларлар ерді. Бұғдайны орған уақытда ачарлар ерді.
Етістер Өздік етіс- қимылдың ісәрекеттің тікелей орындаушыға қатысын білдіреді. Мыс. Хан бу сөзге инанмады. Ол түн ерте ойандым. Ырықсыз етіс –ыл/-іл/-л аффикстері арқылы жасалған. Мыс. Өзінің офат болғаны мұнды төменрекде айтылыб тұрұр. Өзгелік етіс –дыр/-дүр, -тыр/-түр, -т, -ғұр/-гүр жұрнақтары арқылы жасалған. Мыс. Андын соң Оғыз қылдырған алтұн үйүні тітүрді. Ортақ етіс –үш/-ш түрінде кездеседі. Мыс. Екі күн ұрұштылар. Тағы ханымға кіші йіберішті.
Етістіктің рай категориясы Бұйрық рай І жағы етістік түбіріне йын/-йін (жекеше), -йық/-йік ж/е -лы/лі (көпше) жұрнақтарының жалғану арқылы жасалған. Атаң не йерге барайын теб ниет қылған болса. . . ІІ жағының жекеше түрі ІІІ жағы етістік түбіріне – етістік түбіріне -ыңің, -ұң/сын/сін, -сұн/сүн жұрнақ-ы үң, -ғыл/-гіл, -ғын/-гін жалғану арқылы жасалады. жұрнақ-ы жалғану арқылы мыс. Қара хан елге кіші жасалады. йіберді тез келсүнлер ауға Мыс. Елге хүкім қылды чығармаң деб. егің кендлер салың. Қазіргі қазақ тілінде қалау рай жасайтын –қай/-кей, - ғай/-гей жұрнақтары «Шежіреде» ашық райдың І жағының мағынасын береді. Қайда барсам бу өчімні алғаймын (аламын). Дұшмандын қоқұб тағ ічінде қабалыб олтұрғаймыз (отырамыз).
Етістіктің шақ категориясы Болжалды келер шақ • -ұр/-үр/-р • Йырық йер тұрұр аның растын йалғанын тәңрі йахшы білүр. Өткен шақ • -қан/-кен, -ған/-ген • Алтысындын башқа садақ бағлағаны йана алты болұб ерді.
Үстеулер Ø Қазіргі тіліміздегі үстеудің мағыналық түрлерінің барлығын да «Шежіреде» кездестіруге болады, бірақ олардың тұлғаларында кейбір фонетикалық өзгешеліктер кездеседі. мысалы. Атадын ұғұл тұғұб шондағ туғсын. Мұндағ ұрұшсақ бізден кіші қалмас. Ø Қазіргі бүгін, биыл мезгіл үстеулері «Шежіреде» бу күн, бу йыл түрінде жеке сөздер болып кездеседі. Ø Кешке мезгілдік үстеуі – «Шежіреде» үнемі кече түрінде кездеседі. Мысалы. Үшбу кеченің ічінде келіб меңға жауаб бер теділер. Шылаулар Ø Қазіргі тілдерден өзгешелеу болып келетін форма че, та шылаулары. Барыс септікте кейін келіп, мерзімді білдіретін дейін/ шейін шылауарының орнына «Шежіреде» бірыңғай че тұлғасы кездеседі, оның алдында шығыс септікті сөз орнында та шылауы қабаттаса жүреді. Мысалы, Жошы еліні өзбек елі теділер та қиаметға че. Ұлұғ ұрұш болды та үч айға че.
Ø Жалғаулық шылаулар жүйесіндегі ерекшелік – қазіргі мен (бен, пен), да/де, және сияқты ыңғайластық қатынастағы шылаулардың орнына «Шежіреде» бірыңғай өзге тілдік уа, һәм жалғаулықтарының келуі. Сонымен қатар мен орнына бірлән, білән кездеседі. Мысалы, Олтұрұр йұртың ақам Алчын бірлән менің арамызда болсұн. Татар білән мұғұл саф тартыб ұрұштылар. Мұсұлманлықның тарих уа әдебні сұрады. Тоқай темүрге бу сырны аңа һәм айтды. Ø Қарсылық қатынасты білдіретін бірақ жалғаулығы сирек кездеседі. Көп жағдайда бұл қызметте әмма сөзі қолданылады. Мысалы. Үшбу уақытда көрелнің падшаһлары Щибан хан нәсіліндін емеш бірақ йырық йер тұрұр аның растын йалғаннын тәңрі йахшы білүр. Сөзінің мағқұл екенін білді әмма өз елінң бәнд қылыб қойды. Ø Себеп-салдырлық мағынада сондықтан жалғаулық шылауының орнына «Шежіреде» көп жағдайда аның үчүн, ол (сол) себебдін сөз тіркестері пайдаланылған. Мысалы. Ол ғажайыб баһадүр уа туғұшлық уа ғақыллық ерді ол себебдін аны күлүк мың Темүр хан дер ерділер. Бу йерде екісін бір қошұб бір айтмақ зарұрерді аның үчүн айтылды. Ø Қазіргі ма/ме сұраулық шылауы «Шежіреде» му формасында келеді. Мысалы. Біз сізні мұндай ілгерірек кіші йіберүр му еркен теб көңілүмізге келүр ерді.
«Шежіренің» синтаксистік құрылысы Жай сөйлем – бұл еңбекте ең негізгі және ең жиі кездесетін сөйлем түрі. Ол – құрылысы жағынан да, мағынасы жағынан да алуан түрлі болып келеді. Қазіргі тілде кездесетін жай сөйлемнің барлық түрі кездеседі. Оның құрылысы жағынан өзгеріп отыруы оның құрамына енетін қатынас тәсілдеріне байланысты. Құрамалас сөйлемдердің жасалу амалдары да, компоненттерінің мағыналық қатынастары да «Шежіреде» алуан түрлі. Құрмалас сөйлемнің кездесетін негізгі түрі – салалас құрмалас сөйлем. Оның жалғаулықты, іргелес түрлері де кездеседі.
«Шежіре» лексикасының тақырыптық топтары Қауымдастық атаулары мен лауазым, атақ-дәрежеге байланысты сөздер Йұрт - жұрт Жүре келе қауымдастықтың атауларынан гөрі орналасқан жер, мекен аңғайында қолданылған. Имді үчүңіз үч йұртда тұрұң ол йерні йұрт қылыб олтұрұң. Уәләиат Шыңғыс ханның Хытай уа қара хытай уа чүрчіт уәлаиатларыны алған зікірі - қазіргі мемлекет орнында қолданылған. Хажымұхамед қолында Хорасандын өзге уәләйат қалмады – қала немесе аймақ мағынасында қолданылған. Сұлтан Шыңғыс хан заманынан бастап хан балаларының әкесі орнына хан сайланбағандарына немесе әлі хан болмағандарына берілген ат тәрізді. Сондықтан хан балаларының біреуі не-се екеуі ғана хан лауазымына ие болып, қалғандарының атына сұлтан лауазымы қосылып отырған. Үкідай хан нәсіліндін Ғали сұлтан текен Чағатай әуледіға ғалыб болды.
Туыстыққа байланысты атаулар Ата (әке), ана (шеше), ава (баба), ұғыл (ұлы), ұғлан (жасөспірім), бала, фәрзәнд (сәби), ақа (үлкен ағасы), іні (кіші), қарындаш (ағайын), келән(келін), небере (немере), анда (өгей, туыс), хатұн, көш (әйелдер), ука (кіші туыс), йеңече (жеңге) т. б. Қ. т. кездеспейтін : аба-аба (ата-баба), аждад, әнеке (кіндік шеше). Ұғыл, бала – нақты біреудің баласы. Фәрзәнд-сәби, ұғлан – жасөспірім. Жаным тірікде ерге брман ұғланларым игіт болғұна елге баш болұб тұрамын. Хам алты айдын соң бір еркек ұғыл тапды. Хатұн сөзі екі-үш мағынада қолданылады. Хатұны иүклүк ерді тұтғағы тұтды. Қара барча көчлерін уа келінлерін чақырыб аш берді тақы сөзлешіб олтұрғанда хатұныдын сұрады. Падшаһның нече хатұны болса бір хатұны өзкелеріке хәкім қылұр ерділер. 1. мағынасы: әйел, балалардың анасы 2. мағынасы: үй қожасы, бәйбішесі 3. мағынасы: лауазым иесі.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 1. Әбілқасымов Б. , Сейтбекова А. Қазақ тілі тарихына қатысты түркологиялқ ізденістер. Ғылыми-танымдық зерттеу. – Алматы, 2011. – 212 бет. 2. Г. Ж. Сапарбекова - Әбілғазының «түрік шежіресі» және оның тілі. «Орталық Азия және Қазақстан: түркі өркениетінің бастауы» атты халықаралық ғылымипрактикалық – конференциясының еңбектері: 25 -26 мамыр. – Тараз, 2006. 53 -56 б. Орындаған: Даирбек Мақпал
default.pptx